«Ұлттық спорт түрлері» сипаттама беру



бет3/3
Дата21.04.2023
өлшемі1,26 Mb.
#85148
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-130311

Аламан бәйге ертеректе өте алыс қашықтыққа өткізілетін болған. Қазіргі уақытта аламан бәйге жарыс ережесі бойынша 25 шақырымдық қашықтықта өткізіледі. Жарысқа 7 мен 14 жас аралығындағы шабандоз балалар қатысады, дегенмен майталман жокейлердің қатысуларына да болады. Әдетте мұнда бәйгелер үшін жеңіл салмақты, тырмысқақ және амалшыл балалар таңдалып алынады.Бәйге мен аламан бәйге табандылыққа, батылдыққа, тапқырлыққа үйрететін ұлттық спорттың бағалы түрі болып табылады.

Көкпар – қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Дәстүрлі қазақ қоғамында көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Бұл жарыста салт аттыларға оңай тимейді. Өйткені салмағы 30-40 кг немесе 50-60 кг болатын бассыз серкені (ешкі) спортшылар жерден көтерулері немесе қарсылас команда ойыншысынан тартып алып «мәре салым» қарсыласының қазандығына салулары керек.

Қазақша күрес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен палуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді. Қазақ күресі бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді.

Тоғызқұмалақ. Ұлттық спортымыздың iшiндегi шоқтығы биiк, қалыптасып орныққан спорт түрi, бұл – тоғызқұмалақ. Бұл спорт түрi – әлемдiк мәдениеттiң озық үлгiлерiмен бой теңестiре алатын, қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани, логикалық ойлау өнерi.Жарыс командалық. Команда құрамы 2 ер, 2 әйел. Жарыс Қазақстан Спорт істері жөніндегі комитет бекіткен қолданыстағы жарыс ережелері бойынша өткізіледі. Команда жеребе тарту бойынша 2 кіші топқа бөлінеді. 1 орын алған команда өз кіші тобында финалдық топ құрып, 1- 2 орындар үшін ойнайды, 3-4 орын алғандар 5-8 орындарға және т.б. ойнайды. Кіші топтағы ойын нәтижелері финалда есепке алынады.Топшалардағы және финалдағы ойындар айналу жүйесі бойынша бір айналымда өткізіледі. Жеңімпаз команда жиналған ұпай саны бойынша анықталады, жеңісі үшін – 2 ұпай, тепе-тең үшін – 1, жеңіліс үшін – 0 ұпай.

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы
2004 жылдың қазан айының 29 күні жиналып Заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығын» құрды. Оған Ұлттық спорттың жеті Қоғамдық бірлестіктерінің президенттері қатысты. Қауымдастықтың алғашқы Президенті болып Қайрат Сатыбалдыұлы, бірінші вице-президент болып Сәдібек Түгел төрт жылға сайланды. Осы жиналыста Қауымдастықтың Жарғысы бекітіліп, Құрылтайшылардың келісімшарты жасалды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының құрамындағы федерациялар:

  • «Көкпар»федерациясы. Федерация президенті- ОспановЕрленӘбілханұлы

  • «Бәйге» федерациясы. Федерация президенті

  • «Асық ату» федерациясы. Федерация президенті Абенов Мурат Абдуламитұлы

  • «Бүркітші» федерациясы. Федерация президенті- Рақышев Кеңес

  • «Тоғызқұмалақ» Федерациясы. Федерация президенті-Ыдырысов Құттықожа

Ұлттық спорт түрлерінің қазіргі кездегі мәселелері.


Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам.
1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.
2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.
3.Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ
4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес.
5.Соңғы кезде қалып-тасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ.
Қазақ халқының сан ғасырдан бері аңсаған арманы: тәуелсіз, егемен, қуатты мемлекет құру болған еді. Осы мақсатқа жету жолында қазақтың хандары, билері мен батырлары ғұмырын сарп етіп ұзақ жылдар бойы аянбай күресіп келді. «Мың өліп мың тірілген» халық осы арманға жетер жолда басынан сан қилы заманды, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаны», бодандықты, жойылып кетуге аз-ақ қалған қырғын мен сүргінді басынан өткізсе де, еш уақытта мойымады, өрлігін, ер мінезін, батылдығы мен батырлығын жоғалтпай келді.
Қазақ халқы – тек қана өздеріне тән: дәстүрі, салты, ділі, бай тілі бар, шебер, өнерлі халық. Осы өнерін қызғыштай қорып артындағы ұрпағына жеткізуге тырысты. Аталарымыздың арманы Елбасымыз Н.Назарбаевтың сындарлы көреген саясатының арқасында, бүгінгі таңда жүзеге асып, қазақ халқы тәуелсіз, егемен, әлемдік қауымдастықтың ортасынан ойып орын тепкен, дүниежүзі таныған қуатты мемлекетке айналды.
Осы уақыт ішінде еліміз қай салада болмасын айтарлықтай зор табыстарға қол жеткізді. Қазақстанды әлем мойындады. Сонымен қатар, тәуелсіздік жылдары халқымыздың өшкені жанып, өлгені тірілді, ұмыт болған өнері, ежелгі салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық ойындары мен спорттары қалпына келе бастады.
Қазақ халқының ұлттық спорты өткен ғасырда ұмытыла бастаған еді. Қазіргі ел арасына кеңінен тараған ойындары: ат жарыстары, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, саяткерлік, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, жамбы атуды ұлттық спортқа жатқызылып, дамыту, әлемдік деңгейге көтеру тек еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде ғана мүмкін болды.
Әсіресе, ұлттық спорттың еркін дамып кең қанат жаюы «Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы» құрылған күннен басталды.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары еліміздің болашағын ойлаған озық ойлы, ұлтжанды азаматтар бас қосып, ұлтымызды әлемге танытудың маңызды жолдарының бірі спорт болса, соның ішінде біздің халық үшін ұлттық спортты өркендетіп, дамытып, биікке көтеру болып табылады деп шешті. Алдыға нақтылы мақсат қойып, оны жүзеге асыруға кірісті. Олардың қатарында: Қайрат Сатыбалдыұлы, Кеңес Рақышев, Бекболат Тілеухан, сынды азаматтар болды.Осы азаматтар Астана қаласына 2004 жылдың қазан айының 29 күні жиналып Заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығын» құрды. Қауымдастықтың алғашқы Президенті болып Қайрат Сатыбалдыұлы сайланды. Осы жиналы ста Қауымдастықтың Жарғысы бекітіліп, жұмысы басталды.Құрылтайшылардың Қауымдасты ты құрудағы алға қойған мақсаты: Қазақстан Республикасында Ұлттық спорт түрлерін жандандырып, насихаттап, әлемдік деңгейге көтеру болды.
Соңғы жылдары көкпар, аударыспақ, бүркітшілік, қазақ күресі, тоғызқұмалақтан халықаралық жарыстар өткізу жолға қойылды. Қазақ қүресі мен тоғызқұмалақтан әлем чемпионаттары өтсе, бүркітшіліктен халықаралық фестиваль, көкпар мен аударыспақтан ашық Азия чемпионатын өткізілді. Яғни Ұлттық спорт – спорт саласындағы әлемдік қауымдастыққа кіре бастады. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығын құрған азаматтардың алдыға қойған мақсаты жүзеге асып келеді деп айтуға болады. Бүгінгі таңда біздің әлемде теңдесі жоқ ұлттық спорттарымызды Олимпиадалық ойындар деңгейіне көтеріп, әлем халықтары сүйіп ойнайтын ойын деңгейіне жеткізу мақсаты тұр. Мысалы көкпар ойынын алайық. Жантебірентер, жанкүйерді бейжай қалдырмайтын, жан алып, жан беріскен көкпаршының іс қимылынан көз алмай қобалжып, жанын шүберекке түйіп отыруға мәжбүр ететін ойын. Әккі көкпаршылардың жанқиярлық тартысы, үйретілген көкпар аттарының тайталасы, көкпарды алғаш көрген көрерменнің жүрегін демде жаулап алатын қасиеті бар.
Біздің көкпарды алғаш көрген шетелдіктердің таңдай қағып, регби мен коррида көкпардың жанында ойыншық екен деген сөздерін естіп жүрміз. Біз осы ғажап ойынымызды шетелдік көрермендерге әлі кең көлемде насихаттап тарата алмай келеміз.
Өйткені, біздің ойындарымыз футбол, хоккей секілді бір допты қолтыққа қысып алып немесе шайбаны қалтаға салып алып кез келген көлікпен жетіп ойнай беретін ойын емес. Ұлттық ойындарымыз ат пен бүркіттің қатысуымен ойналатын, көптеген шығындарды талап ететін ойын. Сонымен қатар ат ойындары көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату ойындарын өткізетін арнайы салынған көрерменге жайлы стадиондар керек.
Ойындарымыз қаланың шетіндегі, аудандар мен ауылдардағы көремендердің к е л у і н е
қ и ы н д ы қ т у д ы р а т ы н атшабарларда өтеді. Егер қаланың ішінде халық еркін келе алатын көліктер қатынап жатқан жерде көкпар мен футбол қатар өтіп жатса, көкпар көремендерді өзіне тартып алып, мыңдаған, миллиондаған жанкүйерлердің қошеметіне бөленген болар еді.
Көптеген елдер ұлттық ойындары на ерекше мән беріп, олимпиадалық ойындардан кем көңіл бөлмейді. Көршіміз Қырғызстанда Ұлттық спорт Қырғызстанның ПремьерМинистрінің қарамағында және жеке Ұлттық спорты туралы заңдары бар. Біздің елде соңғы жылдары Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына президент болып Бекболат Тілеуханның келуінен бастап ұлттық спорттың тамырларына қан жүгіріп, жаңа сапалық деңгейге көтеріле бастады. Бірнеше халықаралық жарыстар мен фестивальдар өткізіліп, ұлттық спорттың аясы кеңейіп Азия мен Еуропа елдеріне тарай бастады. Сонымен қатар, ұлттық ойындарымыз 2017 жылы өтетін ЭКСПО2017 халықаралық көрменің бағдарламасына кіріп отыр. Бұл ұлттық спортты насихаттау үшін өте тиімді шара. Болашақта біздің ұлттық спорттарымыз әлемге тарап, әлем халықтары ынтығып ойнайтын, жанкүйерлерінің саны жөнінен алдыңғы қатарда тұратын ойынға айналатынына сенуге болады.
Жүргізіліп жатқан іс-шаралар. Негізінен, ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлттық құндылықтармызды ұлықтап, ұлттық ойындарымызды шекарамыздан сыртқа шығарып, басқа халықтарға үйретіп, Елбасымыз айтқандай «21-ші ғасырдың төріне оздыруымыз керек». Осы орайда Ұлттық спортымызды төрге шығару үшін «Ұлттық спортты дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасын» белгілеген жөн. Бағдарламада ұлттық спорт түрлеріне жалпыхалықтық сипат беру, оған қажетті материалдық базаны қалыптастыру, яғни, әр облыста футбол алаңдарынан артық болмаса кем қылмай көкпар алаңдарын салу, көкпар клубтарын ашу қажет.
Тағы бір айта кететін жәйт, Халықаралық «Көкбөрі» федерациясының штаб-пәтері Қырғызстанның Бішкек қаласынан Астанаға ауыстырылып, оның президенті болып Бекболат Тілеухан сайланды. Өткен жылы Астана қаласында «Түркі тілдес халықтардың ұлттық спорт қауымдастығы» құрылып, оған біздің елмен қатар, Өзбек, Түрік, Қырғыз, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан елдері кірді. Ең бастысы, Астана қаласында Көкпар ойынынан 2017 жылы әлем чемпионаты өткізіліп, Халықаралық көрмеге келетін қонақтарға көрсетілмек. Қазір соған дайындық жүріп жатыр. Өткен жылы өткен Азия чемпионатының алдында Көкпар ойынын өткізу ережеі қайта қаралды.Талқылауға барлық ардагер көкпаршылар мен ұлттық спорт түрлерінен еліміздің намысын қорғап жүрген азаматтар, жаттықтырушылар, ғалымдар және төрешілер қатысты.
Көкпар ойынын кеңінен насихаттауды «Қазақстан», «KazSport» телеарналары қолға алды. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен «Дода» көркемсуретті фильмі шығарылды. Дегенмен, бұл шаралар бізді қанағаттандырмай отыр. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жаңа пезиденті Б.Тілеухан әр ауылда, әр ауданда көкпар командаларын құрып, көкпар клубтарын ашып, әр елді мекенде көкпар алаңдарын, ал үлкен қалаларда көкпар стадионын салу қажет,- деп есептейді. Ал осы мақсатқа жеткізер жолдың Тұжырымдамасы Үкімет басшысына ұсынуға дайындалуда. Осы уақытқа дейін «Ұлттық спорт түрлері туралы» Заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінде қаралуда.

Пайдаланылған әдебиет:



  • Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

  • https://ulttyqsport.kz/?cat=15

  • https://egemen.kz/article/159573-ulttyq-sport-degenimiz-ne

  • https://kk.wikipedia.org/wiki


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет