Ұлттық ТƏрбие бас редактор с. Ж. Пірəлиев



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,16 Mb.
#6956
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Ж.Қ.Орынтаев –
заң ғылымдарының кандидаты, доцент,  
Халықаралық қатынастар жəне құқықтану 
факультетінің азаматттық құқық жəне азаматтық
 іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі, 
Абай атындағы ҚазҰПУ
ҚАЗАҚ ƏДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ЖЕР ДАУЫН ШЕШУДІҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Əдет-ғұрып  құқығы    нормалары  бой-
ынша  жер  даулары  атақты  адамдардың 
немесе ақсүйектердің пайдасына шешіліп 
отырды. «Ол  нормаларға  байланысты  бір 
жерге  бір  мезгілде  көшіп  келген  ру  ба-
сылары  арасында  дау  туса:  егер  олардың 
біреуі  сұлтан,  екіншісі  жай  адам  болса, 
онда  даулы  жер  сұлтанға  берілді;  егер 
бір  тұлға  би,  ал  екіншісі  руға  танымал 
ақсақал  болса,  жер  екіншісіне  берілді; 
егер бір жағы би, екіншісі жай адам болса 
онда  бидің  пайдасына  шешілді,  ал  егер-
де  даулаушылардың  екеуі  де  жай  адам-
дар  болса,  онда  қайсысының  жасы  үлкен 
соның пайдасына шешілді».
XVІІ  ғасырдың  ортасынан XVІІІ 
ғасырдың басына дейін қазақ хандығында 
ішкі жəне сыртқы саяси жағдай дағдарыста 
болды. 
XVІІІ  ғасырдың 20-30 жылдарында 
қазақ  халқының  тағдырында  аса  күрделі 
бетбұрыс  оқиғалар  орын  алды.  Біртұтас 
қазақ  хандығы  Ұлы  жүз,  Орта  жүз,  Кіші 
жүз  атты  қазақ  хандықтарына  бөлінді. 
Бытыраңқы 
мемлекетке 
жоңғарлар 
шапқыншылық  жасап,  қазақ  халқының 
жарымына жуығы қырылды.
Ресеймен 
арада 
болған 
сау-
да 
қатынастары 
жабық 
көшпелі 
қатынастарды өзгертті, оларды тауар-ақша 
қатынастарына тартты; алдыңғы қатарлы 
экономиканың  əсерінен  жер  өңдеу,  шөп 
шабу  шаруашылықтары  дами  баста-
ды.  Қазақстанның  саяси  құрылымында 
да  бірқатар  өзгерістер  болды.  ХVІІІ 
ғасырда Кіші жүзде хандар патша үкіметі 
билігінің келісімімен сайлана бастады, ал 
ХІХ ғасырдың басында Кіші жүзбен Орта 
жүзде хан билігі жойылды [3. 145 б]. 
Бірақ ХVІІІ ғасырда жəне ХІХ ғасырдың 
алғашқы 
жартысында 
Қазақстанның 
əлеуметтік-экономикалық 
өмірінде 
айтарлықтай  өзгерістер  бола  қойған  жоқ. 
Қазақстанның 
Ресейге 
қосылуының 
экономикалық  нəтижелері  ХІХ  ғасырдың 
екінші  жартысында  жəне  ХХ  ғасырдың 
басында айқындала бастады. 
Қазақстанның 
жер 
қатынастарын 
толығырақ  ашуда  қазақтың  əдет-ғұрып 
нормаларының 
материалдары 
үлкен 
орын  алады.  Ол  нормалар  қоғамдағы 
жоғарғы үстем тап өкілдерінің құқықтық 
көзқарастарын 
көрсетеді. 
Оларда 
қоғамдағы  үстем  таптың  рөлі  берік 
орныққан  жəне  қоғамдық  қатынастарды 
реттеудегі  олардың  алатын  орны  жақсы 
баяндалады. 
Қазақтардың 
қоғамдық 
құрылысына,  соның  ішінде  құқықтық 
өміріне  патша  үкіметі  қызығушылық  та-
ныта  бастады.  Себебі,  Қазақстанды  өз 
қоғамдасына айналдыру маңызды еді. ХІХ 
ғасырдың бірінші жартысында «Орынбор 
қырғыздарын  басқару  туралы  ереженің» 
бекітілуінен (1844 жылы 14 шілдеде) 
Орынбор  губерниясында  қазақтың  əдет-
ғұрып  құқығы  бойынша  материал  жинау 
тапсырылды. 
Қазақтың  əдет-ғұрып  құқығы  бойын-
ша  жиналған  материалдары    қазақтың 
қоғамдық  өмірі  туралы  сұрақтарды  зерт-
теу  үшін  қажетті  материалдар  болып  та-
былады. 
Бұл  қаралған  кезеңдерде  хандар  мен 
сұлтандар  жерге  феодалдық  меншік 

95
C
M
Y
K
құқығының басты иелері болып саналды. 
Ірі феодалдық жер иеліктерінде жерді бөлу 
солардың қолында болды. Қазақ феодалдық 
қоғамының  басындағылар  ұлыстарды 
басқара 
отырып, 
өздеріне 
қарасты 
рулардағы  жер  қатынастарын  реттеді. 
Қазақ феодалдары, орыс деректемелерінде 
жер иелері ретінде танылды. 
ХV-ХVІІІ  ғасырлардағы  жайылымдар-
ды  бөлудегі  хандар  мен  сұлтандардың 
билігі ХVІІІ ғасырда жəне ХІХ ғасырдың 
алғашқы  жартысына  дейін  сақталып  от-
ырды.  Мысалы,  И.И.Крафтың  айтуын-
ша,  ХVІІІ  ғасырдың  екінші  жартысының 
басында  Абылай  сұлтан  тек  өзіне  тиесілі 
руды ғана басқарды [5. 78-79 бб]. Ол бүкіл 
орданың  ханы  болған  кезде  жағдай  күрт 
өзгерді.  Оның  билігіне  бүкіл  орта  Жүз 
сұлтандарының  иеліктері  кіре  бастады. 
Қазақ дағдарысындағы жер қатынастарын 
реттеудегі  ханның  билігі  туралы  мысал-
ды  Тəуке  ханның  əрекеттерінен  көруге 
болады.  Тəуке  хан  өз  бетінше  «Рулар 
арасындағы  жерлерді  белгілеп,  оларды 
пайдаланудың  тəртібін  бекітті».  Əр  орда-
ны басқаратын басшыларды сайлады. Ұлы 
жүзге  Төлені, Орта жүзге Қазыбекті жəне 
Кіші жүзге  Айтықты. Олар өз иелегіндегі 
жерлерді  бөлу  қажет  болған  жағдайларда 
жерді  пайдалану  тəртіптерін  қарап  отыр-
ды. 
Қазақтың  хандары  мен  сұлтандарында 
жеке  меншіктегі  жер  көп  болғандығын 
дəлелдейтін деректер жеткілікті. 
Абылай  сұлтанның  өзінің  көшпелі  ау-
ылдары  болғандығы  жөнінде  əдебиетте 
деректер  бар.  Мысалы,  Абылайдың  пат-
ша  əкімшілігімен  алысқан  хаттарында  өз 
иеліктерін «Менің жерлерім» деп көрсетеді. 
Абылайдың ұлы Уəли сұлтан 1780 жылы 24 
шілдеде Ұлы Петр қамалының комендан-
ты Сумароковқа жазған хатында: «Абылай 
хан үйінің қыстауы Көкшетау тауларының 
бойында орналасқан», – деп жазды. 
Хандар 
мен 
сұлтандардың 
өз 
меншіктерінде 
көшпелі 
жерлер 
болғандығын  дəлелдейтін  факті  ретінде, 
көптеген  шұрайлы  жерлердің  аттары 
олардың иелерінің атымен аталғандығынан 
да көруге болады. Мысалы, Көшен Туған 
(Шоқан  Уəлихановтың  бейіті  орналасқан 
жер), жердің меншік иесінің атына байла-
нысты Ералы Көшен деп аталады. 
Ірі  феодалдық  жер  иеліктері  туралы 
деректер  ХІХ  ғасырдың  бірінші  жарты-
сында  жақсы  байқалған.  Бұл  кезеңдегі 
ханмен  сұлтандардың  жер  иеліктері 
дамыған  жер  қатынастары  нысанындағы 
мұрагерлік  феодалдық  жерлер  ретінде 
кездеседі.  Бөкей  ордасында  да  осындай 
кең дамыған феодалдық жер қатынастары 
кездеседі. Бұл орданың ханы Жəңгір өзіне 
жақын адамдармен бірге отырып, халыққа 
саяси  үстемдікпен  қоса  жерге  иелікті  өз 
қолына алды. Өз хандығы жерінде ол тек 
саяси билікке территориясындағы барлық 
жер  бөліктеріне,  оның  өзі 7 млн.  десяти-
надан  астам  жерлерге  жалғыз  өзі  билік 
жүргізді. 1830-1845 жылдар арасында жер 
бөліктеріне  иелік  беретін 1517 құжат  та-
ратып  берді.  Соның  салдарынан 7 млн. 
десятина  жердің 400570 мың  десятинасы 
Бөкей ордасындағы 20 шақты семьяға та-
ратылды,  ал  қалған  ондаған  мың  шаруа-
лар үлесіне 2,5 млн. десятина жер тиді [3. 
145 б].
Феодалдар  тобының  қорына  ірі  жер 
меншіктерінің шоғырлануы орда жерлерін 
Жəңгір ханның өзі билегендігінің нəтижесі 
еді. 
Өзіне  сый  көрсеткен  жəне  өзін 
мойындаған 
адамдарға 
үлкен 
жер 
бөліктерін  беріп  отырды,  дəл  осындай 
жеке  басының  шешімімен  өзіне  жақпай 
қалғандардан  жерді  алып  қойып  отырды. 
Жерді беру жəне оны алуды хан жазбаша 
бұйрық беру арқылы жүзеге асырды. 
Жəңгір  ханның  жазбаша  бұйрығы 
көшпенділерге жер бөліктерін  пайдалануға 
құқық берді жəне шаруашылықта кең пай-
далану үшінде құқықтық негіз болды, со-
нымен қатар басқа да көшпенділермен ара-
да туындайтын дау-таластан қорғау үшін 
де негіз болды. 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

96
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ƏДЕБИЕТТЕР:
1.Валиханов Ч.В. Ногай//Собрание сочинений: В 5 т. – Алма-Ата: АН КазССР, 1961. – Т.1. - 777 
с. 
2.История государства и права Казахской ССР: Учебное пособие для юрид. фак-тов вузов/Л.В. 
Дюков, А.Н. Таукелев, Г.С. Сапаргалиев, К.А. Жиренчин. – Алма-Ата: Мектеп, 1982. – Ч.1. - 182 с. 
Осындай  деректерге  сүйене  отырып, 
мынадай  қорытынды  жасауға  болады, 
жайылым  жерлерге  меншік  екі  негізгі 
бөліктен тұрады: а) ханның жеке жерлері, 
б) сұлтандар мен ру басыларына берілген 
жерлер.  Ханның  жайылым  жерлерінің 
көлемі 400 мың  десятинаға  дейін  болды, 
ал  ордадағы  əр  шаңыраққа  орта  есеппен 
176  десятина  жер  тиіп  отырды,  оның  өзі 
өмір сүруге қиын, құмдауыт жерлерді қоса 
есептегенде. 
ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы 
Бөкей  ордасында  қалыптасқан  жер 
қатынастары  туралы  жазбаша  деректеме-
лер  мен  архивтік  материалдарды  зерттеу 
сол кездегі жер қатынастарын феодалдық 
қоғамдық  қатынастар  деп  есептеуге 
мүмкіндік  береді.  Жер  иелену  өзінің  ны-
саны  жағынан  да,  мазмұны  жағынан  да 
отырықшы  елдердегідей  өңделмелі  жер 
ретінде  емес,  жайылымды  жер  ретінде 
пайдалану обьектісі болып табылады. 
Бұған  дейін  феодалдық  биліктің 
басындағы хандар мен сұлтандар туралы 
айтсақ,  ендігі  жерде  ру  басшыларының 
қоғамдық жағдайы туралы айтамыз. 
Ру  басыларының  құрамында  басты 
орынды  билер  алды,  орыс  деректерінде 
олар  «старшындар»  деп  аталды.  Бұл 
топқа  тархандар,  байлар  мен  батырлар 
жатқызылды. 
Билер  тек  рулардағы  емес,  сонымен 
қатар  бүкіл  феодалдық  қоғамдағы  ең 
көп  топты  құрады.  Уəли  Абылайханов 
сұлтандығының  иелігіне  барған  патша 
əкімшілігі өкілінің баяндамасына сай қазақ 
феодалдығының басында əр сұлтанға 100 
биден келеді деп көрсетілген. 
Бұл  кезеңдерде  хан  мен  сұлтандардың 
мүдделеріне қарсы ру басылары өкілдерінің 
əсері  күшейе  түскен  еді.  Қазақстанның 
феодалдық ұсақталуының себебінен жəне 
хандар  мен  сұлтандардың  билігін  бөліп 
алуға  тырысқан  билердің  əрекеті  салда-
рынан  хан-сұлтандардың  билігі  едəуір 
төмендеді. 
Сонымен  хан  мен  сұлтандардың 
бұрынғы  саяси  мүмкіндігі  кеміп,  қазақ 
қоғамы  өмірінде  билердің  маңызы  мен 
салмағы арта түсті.
Жоғарыда  айтылғандардан,  біз  ауыл 
шаруашылығы 
жəне 
қауымдардағы 
жер  пайдалануды  реттеу  мүмкіндіктері 
кімдердің  қолында  болғанын  айқын  көре 
аламыз. 
Қазақ  хандары  жердің  меншік  иесі 
ретінде  саналып,  өз  хандықтары  шегінде 
жайылым жерлерді анықтап отырды жəне 
ірі жер иеліктерінің шектерін анықтады.
Кейбір  жер  иеліктерінің  ішіндегі  көшу 
жолдарын  анықтау  сұлтандар  мен  би-
лер  тобының  қолында  болды.  Ауыл 
қауымдастықтарының  көшу  жолдарын 
билер  мен  старшындар  шешті  немесе 
кеңестер мен съездерде шешіп отырды. 
Бұл  деректер  қазақтардың  көшіп-
қонуының  əдет-ғұрып  құқықтық  норма-
лармен реттеу жағдайында дамығандығын 
көрсетеді. 
Көшпелі  қазақ  ауылдары  үшін  жердің 
рөлінің  үлкенділігі  қазақ  халық  мақал-
мəтелдерінде  анық  көрсетілген.  Қазақтар 
былай  дейді: «Байлықтың  атасы – еңбек, 
анасы – жер». Мұнда бірінші кезекте еңбек 
қойылады, еңбек арқылы адамдардың жерді 
игеруі туралы айтылады. Келесі бір қанатты 
тіркесте «Жері байдың, елі бай» делінген, 
мұнда  да  алғашқы  жағдайдағыдай, 
көшпелілердің  экономикалық  тұрмыс 
деңгейі  жайылымның  құнарымен  байла-
ныстырылады.

97
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
3.Материалы по казахскому обычному праву: Сборник / Сост.: Т.М. Культелеев, М.Г. Масевич, 
Г.Б. Шакаев. – Алматы: Жалын, 1998. - 464 с. 
4.Еренов А.Е. Очерки феодальных земельных отношений у казахов. – Алма-Ата: АН КазССР, 
1961. -158 с. 
5.Зиманов  С.З.  Общественный  строй  казахов  в  первой  половине  ХІХ  века. – Алма-Ата:  АН 
КазССР, 1958. - 296 с. 
Резюме
   В статье рассматривается роль и значение проблемы провавых-земельных отношения, которое 
присутсвовала с древних времен, и для казахов земля является самым  ценным которое нам буду-
щем оставленно нашими предками.
Summary 
  The article considers the role and importance of problem  law earth at titude which be present  ancient 
time and for Kazakh  earth appeak the very evaluable who us in the future leave ours ancestor.
Р.С.Бакаиев – 
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің көркем сурет факультетінің
«Академиялық сурет» кафедрасының аға оқытушысы  
КӨРКЕМ СУРЕТ ФАКУЛЬТЕТІ СТУДЕНТТЕРІН ҰЛТТЫҚ ТҰРҒЫДА 
ТƏРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Егемен  еліміздің  болашағы  үшін 
жастарға  өркениеттің  даму  деңгейіне 
лайықты  білім  жəне  тəрбие  беруді  қазақ 
этнопедагогикасы  негізінде  жүзеге  асы-
ру  қажеттілігі  айқын  сезіліп  отыр.  Қазақ 
этнопедагогикасы 
республикамыздағы 
саяси,  əлеуметтік,  экономикалық  қайта 
құрудың  шеңберінде  білім  беру  жүйесін 
ұлттық талап тұрғысынан өзгертуге негіз 
болуы  керектігі  қарастырылуда.  Бүгінгі 
жоғары  мектеп  түлектерін  ұлттық  си-
патта  тəрбиелеудегі  құралдар  жүйесі 
этнопедагогикалық тұрғыдан сұрыпталып, 
педагогикалық 
тəжірибеге 
енгізілуі 
керектігі баса назарға алынуда [5. 6 б].
Тəрбиенің  негізгі  бағыттары  (эсте-
тика, 
еңбек, 
ақыл-ой, 
экологиялық 
т.б.)  халқымыздың  ғасырлар  бойы-
на 
жинақтаған 
құнды 
қасиеттерін 
жастардың  бойына    өнер  мен  мəдениетті 
сіңіру,  көркем  шығармашылық      іс-
əрекетіне баулуды жүзеге асырып келуде. 
Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы» 
заңы,  Қазақстан  Республикасында  білім 
беруді  дамытудың 2015 жылға  дейінгі 
білім  беруді  тұжырымдамасында «....
терең  білім  мен  тəрбие,  кəсіби  дағдылар 
негізінде  еркін  бағдарлай  білуге,  өзін-
өзі  іске  асыруға,  өзін-өзі  дамытуға  жəне 
өз  бетінше  дұрыс  шешім  қабылдауға 
қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру» 
деп  көрсетілген [1. 2 б]. Cебебі,  білімді, 
ғылыми тұрғыда ізденімпаз, эстетикалық 
тұрғыда  жан-жақты  дамыған  болашақ 
маман  ғана  бəсекелестікке  қабілетті  бола 
алады, қоғамның үнемі динамикалық алға 
жылжуын  қамтамасыз  етіп,  өз  ұлтының 
өсіп-өркендеуін  негізгі  мұратына  айнал-
дыра алады. Бұл мəселе бойынша жастары-
мызды  жоғары мектептің бейнелеу өнері 

98
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
пəні  бойынша  кəсіби  мамандыққа  даяр-
лау бағытында қазіргі таңда да жеткілікті 
шешімін  таппай  жатуы,  осы  бағытта 
ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізуді 
қажет етеді.
Қоғамның 
рухани-адамгершілік 
тұрғыдан  жандануы,  ұлтымыздың  ішкі 
əлеуеттік  мүмкіндігі  ұлттық  мəдени 
дəстүрлерді, ұлттық өнерімізді зерделеп за-
ман талабына қарай пайдалануға, болашақ 
жас  маманға  əлемдік  көркем  өнер  мен 
мəдениет  тарапынан  этнопедагогикалық 
білім  беруді  нəтижелі  ұштастыруды 
жүзеге  асыруға  байланысты,  елбасы 
Н.Ə.Назарбаев “Қазақстан – 2030” страте-
гиясында: “Ұлт  мəселесіне  қатысты  жал-
пы  үрдісті  танып-түсіну,  сөз  жоқ,  қажет. 
Мұнсыз  мемлекеттік  дамудың  жалпы 
логикасын  болжау  мүмкін  емес”, – деп 
тұжырым  айтқан [7]. Осыған  байланы-
сты  еліміздің  егемендігін  өміршең  етуде, 
өнерлі  ұрпақ  тəрбиесінде  сабақтастықты 
сақтауда көптеген жұмыстар атқарылуда.
Халықтың  өнерін,  тəлім-тəрбиелік 
тəжірибелерін, 
өміршең 
идеяла-
рын  жəне  өнегелі  дəстүрлерін  жоғары 
мектептің  оқу-тəрбие  үдерісінде  пайда-
лану  арқылы  жастарымыздың  бойында 
ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды 
жүзеге  асыру  бүгінгі  күннің  мақсаты. 
Халықтың  рухани  мəдениетінің  мөлдір 
бастау  бұлағынан  жас  кезден  нəр  алып 
өсу  сан  ғасырлық  қалыптасу,  даму  та-
рихы  бар  қазақ  этнопедагогикасы  идея-
ларын  ертерек  бойға  сіңіруге,  ондағы 
жалпы  адамдық  құндылықтар  мен 
əдемілікке 
құштарлықтарын 
артты-
рып,  оны  көре  білуге  үйретеді.  Ұлттық 
тəрбие 
тағылымдары 
материалдарын 
халық  даналығының  сарқылмас  қайнары 
ретінде  жеке  адамды  қалыптастыру 
ісінде  пайдаланудың  қажеттілігін  қазақ 
даласының  ойшылдары  (Қорқыт  ата, 
əл-Фараби,  Жүсіп  Баласағұн,  Махмұт 
Қашқари, 
Ахмет 
Яссауи, 
педагог-
тар  мен  ағартушылары  (Ш.Уəлиханов, 
Ы.Алтынсарин, 
А.Құнанбаев, 
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, 
Ж.Аймауытов т.б.) өз еңбектерінде дəлелді 
сипаттама бергені мəлім.
Қазіргі  таңда  жас  ұрпаққа  ұлттық 
тəрбие беру міндеті уақыт талабы екендігі 
жəне  білім  беруде  басшылыққа  алатын 
нормативтік  құжаттар  арқылы  қолдау  та-
буы  заңдылық.  Қазақстан  Республикасы 
“Білім  туралы”  заңында: “...азаматтық 
пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан 
Республикасына 
сүйіспеншілікке, 
мемлекеттік 
рəміздерді 
құрметтеуге, 
халық  дəстүрлерін  қастерлеуге,  əлемдік 
жəне отандық мəдениеттің жетістіктеріне 
баулу,  қазақ  халқы  мен  республиканың 
басқа  халықтарының  тарихын,  əдет-
ғұрпы мен дəстүрін зерделеу, мемлекеттік 
тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру”, – деп 
көрсетілген [1]. Аталған міндет білім беру 
жүйесінде  халық  дəстүрлерін,  халықтық 
өнерін,  дəстүрлі  мəдениетін  өнерлі 
жастарға зерделетуді жəне оларға баулуды 
меңзейді. 
Қазақ бейнелеу өнеріндегі ерекшеліктің 
негізін құрайтын белгі – ол, ұлттық өнерге 
көзқарас  пен  ұлттық  дəстүр.  Қазақстан 
бейнелеу  өнерінің  рухани  ерекшелігі  мен 
кəсіби көркемдік өзгешеліктің қалыптасуы 
халықтың  санасы  мен  ішкі  сырының 
əрдайым қатынаста болуына байланысты.
Осының  нəтижесінде,  шамамен  жүз 
жыл  ішінде  өзінің  ерекшелігі,  өзіндік 
ұлттық  өнері,  тілі,  мəдениеті  жəне  идея-
сы бар ұлттық өнер мектептері құрылды. 
Ұлттық  өнер – бұл  мəдениет  өзегі,  бұл 
арқылы  дүниетанымның  негізі  ұрпақтан-
ұрпаққа  қалып,  ғасырдан-ғасырға  дамып 
отырды.
Ерте  заманда  тəңір  шындық  сияқты 
іліми  сенім  болған,  бұл  дүние  танымдық 
көзқараста  көк  аспан,  жер,  су,  тау,  өзен, 
төбе,  ағаш  сияқты  қасиетті  де  киелі 
заттарды  құрметтеп,  əспеттеген.  Осы 
киелі  дүниелерді  əспеттеп  құрметтеу, 
біздің 
ұлттық 
болмысымыз 
бен 
дүниетанымымызға  негіз  болу    филосо-
фиясын қалыптастырған [6].

99
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Өткенге  көз  салсақ,  қай  ғасырда  да 
философтар,  ойшылдар,  педагогтар  мен 
социологтар  ұлттық  өнердің    пайда  болу 
табиғатын ашуға аз көңіл бөлмеген. Атап 
айтқанда,  олар  жеке  адамның  өнерге, 
қоғамға,  табиғатқа  деген  қатынасын 
қарастырды. Ал, бейнелеу өнері қоғамның, 
мəдениеттің, жалпы өнердің дамуына əсер 
ететін  жандандырушы  фактор,  əрі  өте 
қажетті  көз  болып  табылады.  Əр  кездері 
қоғамда ұлттық өнер мен мəдениеттің да-
муына байланысты адамдардың  бейнелеу 
өнеріне  деген    оң  көзқарасы  артып  отыр-
ды.
Өнертану 
ғылымы 
саласын-
да  “ұлттық  өнер”  бағытының  тарихи 
ерекшеліктерінің    қалыптасуының    мəні 
зор.  Мысалы,  айналадағы  ортаны  танып-
білудегі  əсерін  орта  ғасырдағы  Шығыс 
ойшылдары  да  зерттеп,  дамыта  отырып  
қалыптастырудың мəніне назар аударған. 
Олар:  Əбу  Насыр  Ибн  Мұхаммед  əл-
Фараби (870-950 ж.ж.),  Əбуғали  Ибн-
Сина (980-1037 ж.)  т.б.  жастарды  ұжымда 
тəрбиелеп,  олардың  білімге,  өнерге 
қызығушылығын  қалыптастырудың  жол-
дарын қарастырды. Орта ғасырдың ойшы-
лы  əл-Фараби – дидактика,  оқыту  тео-
риясы  мен  білім  берудің  психологиялық 
негізін  қамтитын  мəселелерге  көңіл 
бөлді.  Көрнекті  философ  Əбуғали  Ибн-
Сина  жастарды  тəрбиелеуде  ақыл-ой, 
эстетикалық, 
адамгершілік 
тəрбиені 
тұтас пайдаланудың, оларды ұлттық өнер 
кəсібіне  үйретудің  маңыздылығын  баса 
айтқан. Оның дидактикалық принциптері 
былайша  құрылды:  жастардың  қабілеті 
мен  бейімділігін  ескере  отырып  оқытса, 
«...егер  баланы  ұжымда  оқытса,  ол  онда 
зерікпей,  қайта  оқытып  жатқан  пəнге 
қызығушылығы пайда болып, басқалардан 
қалып кетпеуге тырысып, жарысқа түседі» 
деген болатын.
Қазақ 
халқының 
материалдық 
мəдениетіне,  кəсібіне,  ұлттық  өнеріне 
қатысты деректерді ХІХ ғасырда жазылған 
Ш.Уəлихановтың, 
А.И.Левшиннің, 
Ə.Диваевтың, 
Х.Қостанаевтың 
т.б. 
еңбектерінен 
кездестіреміз. 
Ш.Уəлихановтың  эстетикалық  көзқарасы 
қоғамдық-саяси 
жəне 
философиялық 
көзқарастармен тығыз байланысты болды. 
Өзінің  зерттеу  жұмыстарында  ол  қазақ 
халқы  мен  Орта  Азия  халықтарының 
тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық əдет-ғұрпына, 
салт-дəстүрлеріне  баса  көңіл  бөледі. 
Сөйтіп,  өз  халқының  ауызекі    əдебиеті, 
əсемдік  танымы,  көзқарасы  арқылы 
эстетикалық талғамын ашуға ұмтылады.
Сол 
секілді, 
қазақтың 
біртуар 
ағартушысы  Ы.Алтынсарин  халықтың 
көркем  шығарма  туындыларын  өте 
жоғары  бағалап,  өнердегі  жəне  өмірдегі 
барлық  əдемі  нəрселердің  құндылығын 
түсінуге тек қана білім берудің арқасында 
жетуімізге 
болады 
деп 
есептеген. 
Ы.Алтынсарин 
өзінің 
педагогикалық 
еңбектерінде,  тек  білімділікке  ғана  емес, 
мектеп  мəдениетілікке  де  үндейді.  Қазақ 
қыздарына  арналған  тұңғыш  əйелдер 
сəнді қол өнері мектебінің ұйымдастыруы 
да  Ы.Алтынсариннің  қажырлы  еңбегі 
болып  табылады.  Оның  педагогикалық 
еңбектері эстетикалық көзқараспен тығыз 
байланысты. Ол: «Мектеп қазақ халқының 
арасында  жаңаша  мектеп  мəдениетінде 
өмір  сүрудің – жаңа  əдет-ғұрып,  тəртіп, 
тазалық,  қолөнер  мен  өнердің  үлгісі  бо-
луы  қажет», – деп  атап  көрсетті.  Абай 
Құнанбаевтың эстетикалық көзқарастарын 
көптеген  қазақ  ақын-жазушылары  мен 
өнер зерттеушілері (М.Əуезов, С.Мұқанов, 
М.Сильченко,  А.Жұбанов,  М.Қаратаев, 
З.Ахметов, Б.Ерзакович жəне т.б.) өздерінің 
еңбектерінде  жан-жақты  қарастырған. 
Абай  өзінің  педагогикалық  идеялары 
мен  эстетикалық,  көркемдік  тұрғысында 
тəрбиелеу ой-тұжырымдарын өрбіте келіп, 
27-ші  қара  сөзіне  былай  деп  атап  айта-
ды: «Сократ пен Аристотельдің пікірлері: 
«Əуелі  көзді  көрсін  деп  беріпті,  егер  көз 
жоқ  болса,  дүниедегі  көрікті  нəрселердің 

100
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
көркінен қайтып лəззат алар едік... Құлақ 
болмаса  қаңғыр,  не  дүңгір  дауыс,  жақсы 
үн, күй, əн – ешбірінен лəззат алмас едік». 
Осы ойды Абай қырық үшінші қара сөзінде 
ары қарай толықтырады. «Ол хабарлардың 
ұнамдысы – ұнамды қалыппен, ұнамсызы 
– ұнамсыз қалыппен, əрнешік өз суретімен 
көңілге түседі... Жан қуатыменен адам ха-
сия  қылған  өнерлері  де  күнде  тексерсең 
күнде  асады.  Көп  заманнан  тексермесең, 
тауып  алған  өнердің  жоғалғандығын 
жəне  өзіңнің  ол  мезгілдерден  бір  басқа 
адам  боп  кеткендігін  білмей  қаласың» 
–  деп,  Абай  мұнда  адамның  көркемдік 
шығармашылығының 
негізінде 
эстетикалық  сезімді  жатқызады.  Абай 
өзінің  шығармаларында  эстетикалық 
түсініктерге,  əсемдік,  сұлулық,  талғам 
жəне  т.б.  эстетикалық  категорияларға 
арнайы  талдау  жасамағанымен  оның 
өлеңдерінде  осы  түсініктерді  қамтитын 
мазмұнды шумақтар аз емес.
ХХ  ғасырдың  басындағы  төңкерістен 
кейінгі  дəуірден  бастап  қазіргі  уақытқа 
дейінгі аралықта қазақ зерттеушілері тара-
пынан ұлттық өнерге байланысты тарихи-
этнографиялық,  өнертану,  мəдениеттану 
тұрғысынан жазылған еңбектер де аз емес. 
Атап  айтқанда,  ғалымдар:  Ə.Х.Марғұлан, 
Э.А.Масанов, И.В.Захарова, Р.Д.Ходжаева, 
Т.Бəсенов, 
С.Мұқанов, 
М.С.Мұқанов, 
С.Қасиманов,  Х.Арғынбаев,  Ө.Жəнібеков, 
Ə .Т ə ж і м ұ р а т о в , Н . А . О р а з б а е в а , 
Б.Сарыбаев,  Д.Шоқпарұлы,  Ж.Бабалықов, 
А .С е й д і м б е к о в ,О. Б е й с е н б е к ұ л ы , 
М.Нығмет,  Б.Кəмалашұлы,  А.Нəлібаев, 
Қ.Ахметжановтың 
т.б. 
еңбектерінен 
этностың 
рухани-материалдық 
мəдениетіне  қатысты  құнды  деректерді 
кездестіруге болады. Дегенмен, солардың 
ішіндегі 
елеулісі 
Ə.Х.Марғұлан, 
М.С.Мұқанов, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, 
Ə.Тəжімұратов, 
Ө.Жəнібеков,           
Қ.С.Ахметжановтың 
еңбектері 
бо-
лып 
табылады. 
Қазақ 
халқының 
материалдық  мəдениеті,  өнері  жөнінде 
жазылған  жоғарыдағы  зерттеушілердің 
еңбектерінде айтылған ой-пікірлер, дерек-
тер,  қарастырылған  мəселелер  осы  күнге 
дейін өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ.
Сондай-ақ, халықтық тəрбиелік мəндегі 
өнерге, білімге, иманжүзділікке баулитын 
мақал-мəтелдерін, қанатты сөздерін, аңыз-
əңгімелерін,  көркем  сурет  факультетінің 
студенттеріне əр сабақ жүргізу процесінде 
жеткізіп  отыру – берілетін  көркем 
пəндерден білімді жандандыра түседі.   
Олай  болса,  студенттердің  санасы-
на 
ұлттық 
адамгершілік-имандылық 
қасиеттерді 
сіңіріп, 
ұлттық 
салт-
дəстүрлерді, ұлттық өнерді сақтауға, əдет-
ғұрыптарды  күнделікті  өмірде  қолдануға 
баулып,  үйрету  үшін  ЖОО-да  жүргізетін 
əр  пəндерде  тиісті  əдіс-тəсілдер  пайда-
ланып,  студенттердің  ұлттық  сезімдерін 
оятатын,  көркемдік,  ұлттық  тəрбиесін 
жетілдіретін  іс-шаралар  əр  кездері  жан-
дандырып,  жүргізіліп  отыруы  қажет.  Ол 
үшін ұл балаларды сəнді-қолданбалы өнері 
пəнінде  жүргізілетін:  металл,  тері,  ағаш 
өңдеу, тері илеу, өрім өру өнерлеріне бау-
лу, ал қыздарды ұлттық киім тігу, сырмақ 
сыру, ою-өрнек ою, киіз басу, текемет тігу, 
кесте  тігу  өнерлеріне  үйретіп,  ісмерлікке 
баулуымыз қажет.
Əрине,  бұл  жұмысты  жүзеге  асы-
ру  үшін  жаңашыл  əдіс-тəсілдерді  сабақ 
процесінде қолдануымыз қажет. Жаңашыл 
əдістер оқытушы мен студент арасындағы 
түсіністікті жəне араласа, бірегей белсенді 
жұмыс  жасауды  қажет  етеді.  Студенттер 
сабақ  барысында  тыңдаушы  ғана  емес, 
сабақ барысына белсене араласушы да бо-
луы шарт. 
Қазіргі  көркем  білім  беру  жүйесінде 
белсенді  оқыту  əдісі  кеңінен  пайдала-
нылады.  Ол  студенттің,  бір  жағынан, 
білімінің  жоғары  болуын,  өз  ойын 
еркін  жеткізе  білуін  қажет  етсе,  екінші 
жағынан, ойлау қабілетінің ұшқырлығын, 
көркем  шығармашылық  мүмкіндігінің 
жоғарылығын, шешім қабылдау барысын-

101
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
да өз ойын үлгілей білуін қажет қылады. 
Міне, бұл жағдайлар студенттің өз білімін 
əр  уақыт  көтеріп,  жетілдіріп  отыруына 
жəне өзінің кəсіптік деңгейінің жоғары бо-
луын қадағалауға итермелейді деп ойлай-
мыз. 
ƏДЕБИЕТТЕР:
1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы: (2007 ж., шілде). Егемен Қазақстан 
газеті.
2.  Назарбаев Н.Ə. Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті  50 елдің қатарына кіру 
стратегиясы. Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана. 1 наурыз 2006 ж. Егемен Қазақстан.
3.  Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының 
жобасы. – Астана, 2003 ж.
4.  Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың тəлiм-тəрбиесi, – Алматы, 1995.  - 352 б.
5.  Байжiгiтов  Б.К.  Бейнелеу  өнерiнiң  философиялық  мəселелерi:  Кеңiстiк  пен  уақыт 
ырғағындағы тұрақты сурет үлгiлерi. – Алматы, 1998. -192 б.
6.  Егемен  Қазақстан  газеті. “Қазақстан – 2030” Стратегиясы:  өркендеудің  өрелі  өрісі, 29 
қаңтар, 2010//пікір жазу.
Резюме
В данной статье рассматриваются некоторые вопросы национального воспитания, а так же  его 
роль и значение  в обучении изобразительному искусству высшей школе.
Summary
This article discusses some of the issues of education, as well as its role and value in teaching fi ne arts 
high school.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет