Н.Кенжеғараев –
филология ғылымдарының кандидаты,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Абайтану» ғылыми-зерттеу
орталығының аға ғылыми қызметкері
ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ҰЛТЫ
(профессор Мекемтас Мырзахметұлының «Қазақ қалай
орыстандырылды» еңбегі хақында)
Қазіргі қоғамдық ғылымдарда, идеоло-
гия мен саясатта ұлттық, жаһандық жəне
адамзаттық деген ұғым-түсініктердің,
концепциялардың маңыздылығы арта
түсуде. Себебі, қайбір мемлекет болмасын
оның қазіргі таңдағы ұстанған даму үрдісі
осы үш тұғырға соқпай өтпейді. Əлемдегі
ең өткір тұрған мəселелердің негізгілері
да осылар. Мемлекеттік даму страте-
гиясы қай бағытты ұстанса, қоғамдағы
барлық базис пен қондырма сол арнада
дамитындығы белгілі. Демек, мемлекеттің
ұстанған қағидатына қоғамдағы ғылым
мен мəдениет, саясат пен идеология, эконо-
мика т.б. мойын бұрып, бой түзейтіні анық.
Əлемдегі азуын айға білеген алпауыт мем-
лекеттер жаһандану үдерісін толық қолдап,
оның кең қанат жайғанын қалайтыны, сол
102
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
жолға жанқиярлық жұмыстар атқарып
жатқандығы мəлім. Қазіргі таңдағы белгілі
саясаткерлер мен экономистердің сөзінен
аңғаратынымыз, «суық соғыс», «қарулану
жарысы» үдерістері жаңа арнаға ұласып,
«энергетикалық соғыс» түрін алып, жаңа
тартыстар мен шиеленістерге ауыздық бо-
луда.
Біздің қоғамда ғылым мен мəдениет
жаһанда болып отырған өзгерістерден,
айтыс-тартыстардан тыс, томаға-тұйық
өмір сүру керек деген көзқарастар бар.
Ғылым өз саласы бойынша қоңырқай күй
кешсе, əдебиет пен өнер де өз қазанында
бұрқырап қайнай беру керек сынды
көрінеді. Өкінішке орай, қазіргі əлемде он-
дай томаға-тұйықтық, мамыражай өмірге
орын жоқ. Біз қаласақ та, қаламасақ та,
əлем дамудың жаңа сатысына өтіп кетті. Ол
мобильді коммуникация заманына қадам
басты. Ы.Алтынсарин айтатын «Айшылық
алыс жерлерден, жылдам хабар алғызды»,
– дегеннің нағыз шарықтаған кезеңіне
келдік. Жер шары, ондағы адамзат қоғамы
алақандағыдай болып қалды.
«Əлем азаматы», «шекарасыз əлем»,
«ұлтсыз əлем», «адамзаттық тұлға»,
«жер шарының азаматы» деген сынды
тұжырымдар, модельдер ұсынылып, идео-
логия жүргізіле бастады. Əсіресе, бұл сая-
сат дамушы елдерге жүргізілуде. Қазақстан
Кеңестік жүйеден санасы, ділі, діні əлсіреп
шыққан, отаршылдық саясатқа жүйелі
түрде ұшыратылған, мəңгүрттенген мем-
лекет болғандықтан, посткеңестік кезеңде
жаһандану үдерісі етене енуде. Оған
қазіргі мемлекетіміздің ұстанған ішкі жəне
сыртқы саяси-экономикалық ұстанымы
пəрмен беріп отыр.
Таза
гуманистік-философиялық,
моральдық тұрғыдан келер болсақ, «əлем
азаматы», «адамзаттық тұлға» деген кон-
цепциялар жеме-жемге келгенде өте жақсы
тұжырымдамалар [1]. Діни-этикалық
тұрғыдан да адамның əр уақытта адам бо-
лып қалуы жəне Адам болуға ұмтылуы
құптарлық іс. Түріміз ұлттық болғанымен,
мазмұнымыз адамзаттық болғаны аб-
зал құндылық. Қазақ халқы болмысынан
«адамзаттық тұлғаны» қалыптастыруға
тырысатын, бейбітсүйгіш, адамсүйгіш,
жат
ұстанымдардан,
нəсілшілдіктен
ада халық. Ғасырлар бойына халықтың
санасына
сіңген
дəстүрлі
түркілік
дүниетаным, ислам діні, сопылық ілім
барлығы ұштасып, нағыз кемел, толық
адамды қалыптастыруға, тəрбиелеуге
тырысқан ел. Алайда жаһанданған ал-
пауыт мемлекеттердің «адамзаттық» де-
ген моделінің астарында, мүлдем басқа
дүние жатқаны ақиқат. Европа мен Амери-
ка моральдық, гуманитарлық тұрғыдағы
жетілген кемел тұлға концепциясынан гөрі,
жаһандық экономика дегенге басты на-
зар аударады. Соңғы кезеңдері Европа мен
Америка Құрама Штаттары энергетикалық
күйзелістерге
ұшырап
отырғандығы,
болашақта да энергетикалық тапшылық
тартатыны белгілі. Мұнай өнімдеріне
тəуелділікті жою үшін, бұл елдер түрлі зы-
миян саясатқа баратыны анық. Əлемдегі
қаншама елдердің отқа оранып, қанға
бөгіп отырғаны да сол батыс елдерінің
саясатының жемісі. Мұнайлы деп сана-
латын мұсылман елдерінде тоқтаусыз
соғыстар мен нақақ қандар төгілудің
себебі, мұнай көздерін қолды ету, баға
саясатын қадағалау, пайда көзіне айнал-
дырып, табыс табу. Тіпті, алпауыт Европа
мен АҚШ-та мұнайлы мемлекеттерді бүге-
шүгесіне дейін зерттеп, осал тұсын дəл
тауып, от үрлеп, кикілжің тудырып, оны
үдетіп, жанжал, соғыс тудырумен арнайы
щұғылданатын мекемелер бары да жасы-
рын емес. Қазіргі таңда орын алып отырған
осындай өрескел əрекеттерді көре оты-
рып, бақайшағына дейін қаруланған бай
мемлекеттердің адамзатта тыныштықтық
орнасын, адам адамға дос, туыс, бауыр де-
ген қағидаттардың желсөз екендігіне сен-
беске амалын қалмайтындай.
Зерттеуші
ретінде
адамзаттық
құндылықтар
жəне
ұлттық
діл
мəселесесіне келген кезде екі ұдай ойда
103
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
болатындығымыз жасырын емес. Жалған
ұстанымдардан бойды аулақ салсақ (пред-
рассудоктан), ұлт, саясат, мемлекет деген
ұғымдардан жоғары шықсақ, түптеп кел-
генде, адамзаттық деңгейге жетпейміз бе?
Əлемдегі адамдардың барлығының жара-
тылысы, болмысы бір емес пе деген ойлар
туындайтыны шындық. Барлығымыз бір
атаның баласы екенбіз, неге ұлт дегенді
ұмытпасқа, шекара дегенді жоймасқа, əлем
азаматы неге болмасқа деген пікірлер қылаң
беретіні де бар. Жер бетінде тыныштық пен
келісім болу үшін əрбір азамат – адамдығы
жетілген тұлға, толық адам болуы керек,
не осы толықтық жолына түсуі керек. Алай-
да, бұл субъективті, абстрактілі дүние.
Əлемдік, адамзаттық деген дүниелерді
жиі айтататын Батыс мемлекеттері шын
қаласа неге сөздері мен істерінен жер
мен көктей айырмашылық шығады. Қой
терісін жамылған қасқыр тəрізді, тыныш
жатқан елдерді қан қақсатады, зорлық жа-
сап, үстемдік көрсетеді.
М.Мырзахметұлының «Қазақ қалай
орыстандырылды» еңбегі тұңғыш рет 1993
жылы жарық көрген болатын. Кеңестік
бұғаудан енді құтылып, Тəуелсіздік алған
жас қазақ елінің мемлекеттік саясатының
негізгі ұстанымдарын айқындап беретін
бұл еңбек – зиялы, ұлтшыл қауым арасында
зор құрметке ие болып, сілкініс тудырды.
Кеңестік құлдық саясаттың қоғамда сөбесі
сөгілмей тұрған уақытта коммунистік шек-
пеннен шыққандар тосырқай қарағаны да
жалған емес. Ұлттық принципті алдыңғы
қатарға қоятын санасы сау азаматтар
үшін тың дүние болып, санадағы дүмпу
жасады. Алайда, мемлекеттік органдар
күйреген экономиканы қалпына келтіреміз
деп сол арнаға көбірек бет ұрып, ұлттық
саясатқа келгенде бұқпантайлай берді.
Мемлекеттік стратегияның темірқазығы
болуы керек деген ойлар елеп-ескерілмей,
тұжырым шығарылмай қалды. Зерттеудің
негізгі бөлімі «Ел қалай орыстандырыл-
ды», «Жер қалай орыстандырылды», «Сана
қалай орыстандырылды» деген тарауларға
бөлініп, тарихи құжаттар мен деректер
арқылы Ресей империясының, одан кейінгі
оның мұрагері саналған Кеңес өкіметінің
түркі халықтарына, оның ішінде қазақ
халқына жүргізген отаршылдық саясаты
аяусыз əшкереленеді. Дегенмен, қазақ елі
мен жері кешегі отаршылдық салқынынан,
сол саясат қалыптастырған құлдық сана-
дан айырыла алған жоқ. Ғалымның 2011
жылы бұл тақырыпқа қайта келуінің де
сыры сонда болса керек. «Баяғы жар-
тас – бір жартас», – демекші, жеткен
жетістіктеріміз болғанымен, ұлттық сана,
діл тұрғысында ілгері дамығандығымыз
шамалы.
М.Мырзахметұлының 1993
жылғы шыққан еңбегінің мемлекеттік
саясатта ескерілмей қалғандығына бір
дəлел, ғалым «Ел қалай орыстандырыл-
ды» тарауындағы миссионерлік қозғалыс
туралы айтқандарын келтірсек болады [2].
Миссионерлік қозғалыстардың түпкі сая-
саты, оның салдары, нəтижесі толығымен
дəлелді түрді беріледі. Тіпті, сол тұста
үкімет «Дін туралы» Заңда, не еліміздің
Ата Заңындағы дін туралы тармағында
ескеріп, нəтиже шығару керек еді, олай
етілмеді. 90-шы жылдары еліміз түрлі
діндер мен секталардың жын ойнағына
айналды. Нəтижесінде қаншама ойран
болған тағдырлар, отбасылар, төгілген
қандар, уланған саналар. Кейде Пре-
зидент əкімшілігі, аппараты қоғамдық
ой-пікірлерге
байланысты
айтылған
ғалымдардың
ұстанымдарын
елеп-
ескермейтін, олармен жұмыс жасамай-
тын сияқты пікір қалдырады. Ғалымның
миссионерлер туралы тұжырымдарын
ескергенде, еліміз мұндай зардап шегіп,
іштей ірімес еді. Өкінішке орай, енді сол
жіберілген кемшіліктердің зардаптарымен
күресуге тура келіп отырған жағдайы бар.
Абайтанушы ғалым бұл отаршылдық
саясатқа бірден келіп отырған жоқ, Абайдың
Шығысқа қатынасын зерттеу арқылы
дəстүрлі діндермен толық танысты, шығыс,
батыс ойшылдарының, теологтарының
еңбектерін оқыды. Ұлттық тұрғыдағы
104
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
електен өткізіп, ел ертеңі үшін пікірлерімен
дабыл қағып, əлеумет талқысына сал-
ды.
Ғалым
М.Мырзахметұлының
шығармашылығының басты ерекшелігі
ғылымға да, қоғамдық ой-санаға да
қатысты пікірлерін білдіргенде, ұлттық
мүдде,
ұлттық
сана
тұрғысынан
пайымдайтындығы. Ол үшін ғалымды
жазғырып жататындар да бар. Ғылыми
тұжырым ұлттық деңгейден жоғары тұру
керек, ғылым əлеуметтік мəселелер мен са-
ясаттан жоғары болуы абзал деп санайтын
«нағыз ғалымдардың» əрқашан шоқтығы
биік, ауыздары майлы, жылы орынтақта.
Ұлт мəселесіне, ел ертеңіне салмақты,
самарқау көзқарастың орға жығып жатқан
тұстары жоқ емес. Шындықты айтайықшы,
Қазақ қоғамын кемел қоғам деп айта ала-
мыз ба? Ел ішінде жан түршігерлік түрлі
қылмыстар, азғындық, ата-баба дəстүрінен,
дінінен безу, зорлық-зомбылық, жемқорлық,
таныс-тамыршылдық, т.б. тізе берсең, ұшы-
қиыры көрінбейтін түрлі пəлекеттердің
салтанат құрып отырғандығы ақиқат.
Бұл да болса, «дамыған», «адамзат-
шыл», «адамгершілікшіл», «ұстамды»,
«обьективті» «ғылымның», «саясаттың»
жемісі.
Ғалымның үнемі Абайға оралып, «толық
адам» ілімін насихаттауы тектен-тек туып
отырған дүние емес, Абайдай ұлтын сүю,
Абайдай ұлтшыл болу, Абайдай адам-
затты сүю, Абайдай адамзаттық тұлғаны
тəрбиелеу ісінің өмірлік маңызды екендігін
тоқып, əлемдік деңгейдегі ойшылдың
адамзат баласына ортақ идея көтергендігін
талдап
зерттеп,
əлемнің
құлағына
жеткізуге тырысуы – ұлтшылдық қана
ма? Жоқ əрине, М.Мырзахметұлы тек
сыңаршақ ұлтшыл ғалым ғана емес, нағыз
адамзаттық деңгейде Абайша ой толғайтын
тұлға. Жарты əлемді қан қақсатқан, талай
ұлттар мен ұлыстардың тамырына балта
шапқан Ресей империясының зұлым сая-
саты тарихта болған іс, ғалымның мақсаты
соны ашып айтып, айқын дəлелдеу болды.
Жалған, жасырын дүние емес, тұтас бір
ортаң қолдай қауқарлы ұлтты жоюға сəл-
ақ қалмады ма? Қаншама көтерілістерден,
жазалаулардан,
түрмеден,
аштықтан,
соғыстан, репрессиядан жаны қиылған
бауырың аз ба сенің қазақ? Жоқ, біз қазір
оны еске алғымыз да келмейді. Бізді бүгін
мен болашақ қана алаңдатады. Тарих-
тан сабақ алмай қандай болашақтың бо-
латынын қайталап жату ағаттық шығар.
Тарихқа көз жіберсек, тек Ресей ғана емес,
алпауыт мемлекеттердің бəрі даму тари-
хында басқа қаншама мемлекеттерді қан
қақсатқан мемлекеттер. Адамгершілік идея
бір басқа да, өмір, саясат бір басқа болып
тұр. Идеядағы адамгершілік, идеядағы
адамзаттық бірлік, адамзаттық тұлға,
шекарасыз əлем, əлем азаматы – жақсы
адамдардың жақсы ойлары болып қана
қалатындай. Өмірден мұның нағыз керісін
көреміз. Қарамағындағы ұлттар мен ре-
спубликаларды шырқыратып отырған Ре-
сей, мұнайлы араб-ислам мемлекеттерін
қанға бөктіріп отырған Европа мен АҚШ,
тіпті, күні бүгін тағы да соғыс ошақтары
пайда болып отыр.
Сондықтан да, ғалым М.Мырзахметұлы
саясат мəселесіне де адамгершілік биіктен
ой жүгіртеді. Əбден азап тартқан ұлтының
өткені мен бүгінінің биігінен қарайды.
Ресей мен Батыстан əлемге бейбітшілік
келетін болса, жер беті ұжмаққа айна-
лар еді. Соғыс отын шашып отырған
осы мемлекеттер ғой. Ресей мен Батыс
мемлекеттерінің саясаты, философия-
сы байлыққа, пайдаға, билікке, күшке
құрылған.
Ғылыми-техникалық
про-
цесс бір бөлек, сол жетістікті, зұлымдық
бағытта пайдаланып, пайда табудың, бір
мемлекетті
бағындырудың
құралына
айналдыру
əрекеттері
еш
толастар
емес. Əлемді, адамзатты бейбітшілікке,
татулыққа,
мейірімділікке
бастайтын
шынайы жол – мұсылман-түркі данала-
ры қалыптастырған [3], Абай жетілдірген
«толық адам» жолы екендігін көз жеткізе
айтып, барша адамзаттың назарына
ұсынады.
105
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Алла тағала адамзаттың бəрін бір
ұлт қылып, бір тілде сөйлейтін қылып
жаратпағандықтан, қай тілде сөйлейсің,
қай ұлттың өкілісің, қай мемлекеттің
азаматысың – сол позицияны ұстап тұру
да қазіргі заманда қиынға соғып отыр.
Мүмкін, болып жатқан жəне болашақта
болуы ықтимал табиғаттағы, санадағы ка-
таклизмдер адамзат санасын мүлдем басқа
арнаға бұрар. Ал, ол күнге дейін қазіргі
өмір сүріп отырған форма сақталады.
Қазақстан мемлекетіне де алпауыттар тара-
пынан сыртқы жəне ішкі іріткілер жасалуы
əбден мүмкін. Идеологиялық экспанцияға
əзірге
қауқар
көрсете
алмаудамыз.
Болашақ бұлыңғыр. Адамзаттық тұрғыда
дамуымыздың түрі – ұлттық болғанымен,
мазмұны – адамзаттық болатындығын
ескерсек, ғылым мен мəдениетімізде де, са-
ясатымыз бен экономикамызда қорытынды
шығаратын дүниелеріміз жоқ емес. Ме-
кемтас Мырзахметұлының соңғы шыққан
«Қазақ қалай орыстандырылды» еңбегінде
түрік халықтарының интеграциясына
көп көңіл бөледі, түрік халықтарының
интеграциялануының бірден-бір құралы ла-
тын əліпбиіне көшу мəселесіне тоқталады,
ұлттық санамыздың оянуына кедергі бо-
лып отырған мемлекеттік тіл, аралас мек-
тептер жайына арнайы талдайды. Аралас
мектептердің ендірілу тарихына, саясаты-
на талдау жүргізіп, қазіргі қоғамда тый-
ым салынуын көтеруі ұлт тағдырына
алаңдаушылықтан
туған
дүниелер.
Ұлттық сана тұрғысынан осал түсіп
жатқанымызды терең білгендіктен ғалым
қазақтың жанды да ең өткір мəселелерін
баса айтуға көңіл бөледі. Жаһанданып
жатқан дүниедегі аласапыран арпалы-
ста ойшыл қабылдаған соңғы шешімі
– ұлттық позиция. Ұлтымызды сақтау
арқылы ғана біз бармыз, ұлттығымызды
сақтау арқылы ғана біз адамзаттық асқар
ойдың заңғар биігіне көтеріле аламыз.
Мекемтас Мырзахметұлының қорытқан
тұжырымдамасы, ұсынар кредосы –
«Ұлтым бар жерде мен бармын, ұлтым
жоқ жерде мен жоқпын», – деген қағидаға
тірелетіндей. Ғалымның ұлтшылдығы
адамзаттық деңгейден келген, адамзат та-
рихын зерттеп, қорытып барып келген шы-
найы ұлтшылдық. Шынайы ұлтшылдық
өз бойына адамзаттық идеяларды, толық
адам ілімін де сіңіреді.
«Мұнан да талай бұрын сөз айтқанмын»,
– демекші ғалым бұл тақырыпты
түлетіп, қайта соғып, қайта кітап етіп
жариялауындағы да мақсат, ел басында
елдің тұтқасын ұстап отырған құзіретті
мекемелер,
жекелеген
қызметкерлер
айтылған мəселелерден ой түйіп, ұлт пен
мемлекет болашағы үшін алда іске асы-
рылатын стратегиялардың жүзеге асу-
ын армандаудан туса керек. Ғалым ойла-
ры діттеген жерлеріне жетіп, саналарды
сілкінтіп, дұрыс шешімдер қабылдануына
септік болар деп сенеміз.
ƏДЕБИЕТТЕР:
1. Мадиев Х.Р. Созидательное поведение Человека Планеты Земля. – Астана, 2011.
2. Мырзахметұлы М. Қазақ қалай орыстандырылды. – Алматы: Penton Hill, 2011.
3. Мутаххари М. Совершенный человек в исламе. – Сантк-Петербург: Петербургское Вос-
токоведение, 2008.
Резюме
В данной статье рассматриваются проблемы процесса глаболизации и его влияния в самоиден-
тификации казахского народа.
Summary
This article discusses the problems of glabolizatsii and its infl uense in the identity of the Kazakh
people.
106
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Б.Бекенова –
живопись кафедрасының аға оқытушысы,
Абай атындағы ҚазҰПУ
ЖАСТАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ МƏДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
ХАЛЫҚ ДƏСТҮРІНІҢ ОРНЫ
Егемендігімізді алып, тəуелсіз мемле-
кетке айналған кезде мəдениетіміздің шы-
найы, рухани қазыналарын ашып көрсетуге
негіз қаланды. Сандаған ғасырлар бұрын
қазақ жерінде түркі тектес халықтардың
ортақ мəдениеттің ошағы болған қалалары,
ата-бабаларымыз жасаған əдебиеті мен
мəдениеті, философиялық, психологиялық,
педагогикалық тұрғыдан ой мен жазба
мұраларымыздың болғандығы дəлелденді.
Білім, ғылым, мəдениет саласындағы
осы ақтаңдақтардың бетін ашып, көне
мəдениетімізге тереңірек үңілу, өткен
уақыттың рухани мұрасын саралау, тал-
дау, оны бүгінгі ұрпақтың рухани жемісіне,
қажеттілігіне айналдыру мəселесі қазіргі
уақыттың талабы.
Біздің халқымыз – əсемшіл халық,
рухани мəдениет жасауды басты
міндеттердің бірі деп санайтын халық.
Сол үшін де жаңа өмірдің жарқын си-
патын, сұлу сымбатын, жаңа қоғамның
моральдық қасиетін уағыздауымыз керек.
«Əлеуметтік, шаруашылық тіршілігіне
сай қазақ руларының əр кезде өзіндік
мəдениеті болған. Бұл заңды да. Өйткені,
тарихта ешқандай мəдениеті болмайтын,
түрлі өнер, мəдени, əдеби шығарма жа-
самайтын адам қоғамы, ру-тайпалары
мен халық болған емес. Тарих, археоло-
гия ғылымдарының бүгінгі табыстары
ертедегі қазақ рулары мекендеген жер-
лерде əр түрлі қалалар, басқа да мəдениет
ошақтары болғандығын дəлелдеп отыр»
[1. 5 б]. Қазақтар ағаштан түйін түйіп, ер
шауып, уық кесіп, шаңырақ жасады. Киіз
басып, алуан өрнекті кілемдер, алашалар
тоқыған. Бармағынан бал тамған шеберлер
ернеуі жұқа шара, алтын білезік, сақина,
балдақ, алқа, шолпы соқты. Ұсталар ел
қорғаны – батырларға сауыт-сайман, оқ
өтпейтін дулыға, шашақты найза, алмас
қылыш, шоқпар жасаған. Осы əр түрлі
бұйымдарды оқушыларға жақынырақ та-
ныстыру үшін, оларды мұражайларға не-
месе шеберханаларға апарып таныстырған
жөн. Бұйымдардың қандай заттардан жа-
салатынын, оны не үшін қолданғандығын
толығымен мұғалім түсіндіргені дұрыс.
Кітаптардан көргеннен гөрі өз көзімен
көріп, қолмен ұстағаны балаға үлкен əсер
қалдырады.
Қазақ арасына кең тараған өлең-
жыр, толғау, əн мен күй жəне зергерлік,
сəулеттік өнері қазақ халқының көркемдік
талғамының жоғары болғанын, өмірдің
асқақ мұраттарына сəйкес əсемдік
əлеміне үнемі ұмтылып отырғандығын
дəлелдейді. «Сонау ерте кезеңдердегі
көркем сөз тіркестері, мақалды, мəтелді
сөз өрнегі, ру таңбалары, жазу-сызулар,
сөздіктерде ұшырасатын өлеңдер, аңыздар
халқымыздың бейнелі ойға, шешендік
өнерге көне заманда-ақ шебер болғанын
көрсетеді» [1. 4 б]. Осы тұрғыдан қарасақ,
қазақ халқының өнерге бай, ой-өрісі кең,
суреткерлік қабілеті мол, эстетикалық
сезімінің жетілгенін аңғара аламыз.
Ерте кезден-ақ бізде өнердің үш түрі:
поэзия, музыка, қол өнері кеңінен өріс
алған. Ғасырлар бойы əсемдікті өнер
арқылы бейнелеп, шынайы асылдарын
елге тарта білген халық жырдағы əуезділік
пен үнділікті, музыкадағы нəзіктік пен
ойлылықты, қол өнердегі жарастық пен
көріктілікті негізгі сипат деп бағалаған.
Қазақ халқының көне заманнан бергі
өнертану жолын, эстетикалық ойла-
107
C
M
Y
K
рын, табиғат пен қоғамдық құбылысқа
қатысын, əсемдік жайлы көзқарасын қалай
білуге болады десек, ең алдымен, өнердің
көне соқпақ іздерін тау үңгіріндегі су-
реттер мен өрнектер, тастағы таңба жа-
зулар, жерден қазылып табылған көне
бұйымдарды айтамыз. Қазақстан жері
тарихи ескерткіштерге өте бай. Мұнда
материалдық мəдениеттің көне белгілері,
архитектуралық ескерткіштер, тастан
қашалған мүсіндер, құлпы тастар айрықша
көп.
Ерте ғасырда сақтармен бірге үйсіндер,
қаңлы тайпалары қатар өмір сүрді. Олар
Хорезм, Сырдария өңірін жайлады. Бұл
тайпалардың
мəдениетінде
темірден,
ағаштан жасалған түрлі бұйымдар бол-
ды. Қарапайым тоқу станоктарын жасап
шығарып, үйге тұтынатын кілем, алаша,
киіз жасай бастады. Мыстан, қоладан, ал-
тыннан жасалған бұйымдардың беттеріне
аңдардың суреттерін салумен бірге,
өсімдікке ұқсас оюлар жасады. 1939
жылы Қарғалы өзенінің бойынан қос
өркешті түйенің жəне таутекенің мүсіндері
табылды. Осы бұйымдардың алтыннан
жасалған бөліктерінде аңның, құстың,
адамның бейнелері, өсімдік суреттері
кездеседі. Сол оюлардың кейбір түрлерінің
кейінгі уақыттағы қазақ халқының ою-
өрнектеріне көп ұқсастығы бар. Көбінесе,
оларда тылсым табиғат күштері,
жыртқыш аңның іздері мен мүйіздері бей-
неленген. Осындағы ою-өрнектің үлгілері
эстетикалық ұғым туғызады. Жарасым-
ды дөңгелек оюлар мен ширатылған
сызықтар өзара сəнді жалғасып, қызылды-
жасылды бояумен астасып көмкеріліп
тұрады. Əрбір өрнектің түрлі пішіні, сан
алуан бояуы бар. Егер де терең үңіліп, ою-
өрнектің көне тарихына қарасақ, халықтың
қарапайым өнерінің де эстетикалық терең
сыры бар екенін байқаймыз.
Ғасырлар бойы халық туғызған
мəдениет, өнер, салт-сана қоғамдық
құбылысқа сай өсіп, жетіліп отыратындығы
анық. Əрбір қоғамдық сатыда өнердің
барлық
саласы
бірдей
қалыптасып
жетілмесе де, кей түрлері айрықша дамып,
халықтың ізгі тілектері мен мұраттарын
бейнелеп отырады.
Қазақ халқының тұрмысынан қай
өнердің болсын ізгі соқпағын көру қиын
емес. Тас қашап, ағаш жону, темір қақтап
өрнек салу, тас қалап үй соғу, ертеден
етене өнерге айналған. Шеберлер сол
тастан аңдардың, адамдардың мүсінін
жасады, киіз үйдің басқұр, бауларын ою-
өрнектермен безендірді.
Қазақ тілінде өнер сөзінің мағынасы
кең, ол əдеби тілде көп қолданылады.
Қазақтар өнердің қоғамдағы орнын,
күнделікті тұрмысқа қажеттігін, адам
өміріне ықпалын жақсы білген. Жəне
өнерді бірінен-бірін бөліп ажыратпаған.
Атқа шабу, кілем тоқу, күміспен қаптау, ер
шабу, əн салу, күй шерту, ою ою, жыр жыр-
лау жəне т.б. өнер деп санаған. «Жігіт сегіз
қырлы, бір сырлы болу керек» деген сөздің
мағынасы өнердің көп қырлы екендігін
байқатады. Халық өнерлі адамдарды –
ұста, шебер, ақын, жырау, сал-серілерді
қатты құрметтеген. Отбасында да əкелері
немесе аталары өз өнерлерін балаларына
үйретіп, олардың өзіндей мерген, аңшы,
құсбегі, қолөнер шебері, əнші, күйші ақын
етіп тəрбиелеуге көп көңіл бөлген. Ата
өнерін баласының қууы, оны мирас етуі
ежелгі ел дəстүрі болған.
Қазақ ауылында бала тəрбиесіне бүкіл
ауылдың үлкендері болып, əсіресе қарттары
араласқан. Олар өз ауылдастарының ба-
лалары мен өскелең жастарының мінез-
құлықтарында өрескел кемшіліктерін
байқап қалса, тыйып тастап, ақыл айтып
отыру дəстүрі де орын алған. Сондықтан
да үлкенді сыйлау – біздің халқымыздың
ежелгі дəстүрі. Бұл дəстүр бойынша жа-
стар үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, сыпайы
болуға, үлкенмен сөз жарыстырмауға, тіпті
үлкендердің алдында қатты күлмеуге тиіс.
Осындай ата дəстүрімізді бүгінгі жастар
жадында сақтап, жалғастыра білуі қажет.
Ата дəстүр бойынша əрбір ұрпақ, олардың
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
108
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
жақсы қасиеттерін, өсиет-өнегелерін өзіне
үлгі тұтып, өзінен кейінгі келе жатқан
жас ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке
тəрбиелейді.
Адамның эстетикалық мəдениеті –
оның жалпы мəдениетінің жарқын бір
көрсеткіші. Бұнда туған, өскен ортаға,
табиғат құбылыстарына, алған білімге,
тəлім-тəрбиеге,
қоғамда
атқаратын
қызметке, тұрмыс жағдайына жəне тағы
басқа толып жатқан себеп, факторларға
байланысты қалыптасады.
Қазіргі қоғамды жаңарту жағдайында
жастарымызда
батыстың
жағымсыз
үлгілеріне еліктеушілік, өз халқының та-
рихын, мəдениетін əлі де жетік білмеушілік
басым. Соның негізінде талғамсыздық
пен тұрпайылыққа жастарымыздың бой
алдыруы, сырт бейнесі, жүріс-тұрысы,
киім кию үлгісі көзге тіпті оғаш көрінеді.
Осыған орай, қандай мемлекеттің болса да
бейнесі мен келешегі жастарға байланы-
сты болмақ. Жастар болғанда да талант-
ты жастар, себебі ұлттық тəлім-тəрбие
алмаған жастың ұлттық рухы болмайды.
Хангелді немересі Райымбек он алты
жасқа толғанда Төле биге сəлем беріп, ба-
тасын алуға барады. Қонақ болған Райым-
бек аттанар алдында дана қартқа мынадай
сауалдар қойыпты:
Жер деген немене?
Ел деген немене?
Жер сəні деген немене?
Ел сəні деген немене?
Сонда Төле би:
Жер дегенің – тіршілік,
Ел дегенің – қара халқың.
Жер сəні – ұшқан құс пен жүгірген
аңы, аққан суы, жайқалған шалғыны, ну
орманы.
Ел сəні – өркендеп өскен ұл мен қызы,
– деген жауабынан, жастар тəрбиесінің
қоғамның қай кезеңінде болса да үлкен
маңызға ие болғанын көреміз [2].
Біз келешекте қуатты мемлекет, зи-
ялы қауым құрамыз десек, жастар-
ды
инабаттылыққа,
мəдениеттілікке
тəрбиелеуді үнемі қолға алуымыз керек.
Ал, ол тəрбиенің негізі – «Ата-баба жолы»
(Араб жазбаларында (ибн Хаукал, Əбу-
Фарас, əл-Мұқаддаси, Əбу Дулаф т.б.) ата-
бабаларымыздың əдет-ғұрып заңдары:
«Төрелік», «Ереже», «Жарлық», «Ата-
баба жолы», «Жол-жоба», «Жол-жора»
деп аталған), ұлттық салт-дəстүрлері
мен ұлттық қасиеттері болуға тиіс [3].
Осы талап-тілектерді орындаудың ең бір
пəрменді құралы ретінде – оқу-тəрбие
жұмыстарында халықтың қымбат рухани-
мəдени қазынасын пайдалану, қаншама
уақыт өтсе де тот баспайтын бабалар
өсиетіне сүйену. Өйткені, алға қарай
аяқ басқанда, өткеннен нұр алмай, ру-
хани азық алмай болашаққа қадам басу
мүмкін емес. Адам өмірінің гүлденіп,
адам табиғатының əбден көркейетін шағы
– оның жастық кезеңі. Барлық жастарға
эстетикалық тəрбие берумен қатар,
эстетикалық талғамын қалыптастыру мен
мəдениетін көтеру қаншалықты игі міндет
болса, соншалықты қиын əрі күрделі
міндет. Оның орындалуы бір күннің немесе
бір жылдың жұмысы емес [4]. Сондықтан
да, адамзат мəдениетінің өткендегі жақсы
дəстүріне сүйене отырып, жаңа заман
шындығын шынайы бейнелеу жөнінде
еркін ізденіс, батыл жаңалықтар табуға
толық мүмкіндік туғызу бүгінгі қоғамның
өзекті мəселесіне айналу қажеттігі туын-
дап отыр.
Қорыта айтқанда, бұрынғы өткен
бабалардың мəдени-рухани мұрасындағы
олардың өсиеті мен өнегесін дұрыс пай-
даланып, ұлттық мəдениет пен руха-
ни мұраны жастарымыздың қажетіне
жаратқанда ғана салауатты өмір сүріп,
жалпыадамзаттық өркениет дəрежесіне
көтерілуге мүмкіншілік пайда бола-
ды. Жастардың эстетикалық мəдениетін
қалыптастыру
мəселесі
мемлекеттік
саясатқа айналуы қажет. Болашағымыздың
жарқындығына қатысты бұл мəселе руха-
ни өміріміздің өзегі болуы тиіс.
109
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
ƏДЕБИЕТТЕР:
1. Ертедегі əдебиет нұсқалары. – Алматы: Мектеп, 1967. - 215б.
2. Мемлекеттік тіл жəне рухани мəдениет. – Алматы: Арыс, 2001. – 184 б.
3 . Өсерұлы Н. Қазақ əдебиеті. №8, 1997, 25 ақпан.
4. Əбенбаев С. Эстетикалық мəдениет негіздері. – Алматы: Дарын, 2005. - 290 б.
Резюме
В статье приводятся казахские народные традиции, формировавшие многие века эстетику,
культуру нации. Указываются пути использования их в психолого-педагогическом процессе фор-
мирования эстетики и культуры у школьников.
Summary
The kazakh public tradition happen to in article, formed many ages aesthetics, culture nation. They Are
indicated way of the use them in psychology-pedagogical process of the shaping the aesthetics and cultures
beside training.
Достарыңызбен бөлісу: |