Ұлттық ТƏрбие бас редактор с. Ж. Пірəлиев



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,16 Mb.
#6956
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Г.Б.Мейірбекова –
Халықаралық қатынастар жəне құқықтану
 факультетінің азаматттық құқық жəне азаматтық іс жүргізу 
            кафедрасының аға оқытушысы, Абай атындағы ҚазҰПУ 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  АУЫЗША СОТТЫҚ ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ 
ДАМУЫ
Батырдың атын жау шығарады,
Шешеннің атын дау шығарады.
Шешендік – ұлы  өнер.  Оны  игеру, 
оған  ие  болу  оңай  іс  емес.  Сондықтан 
да  шешендерге  артылар  жауапкершілік 
пен  қойылатын  талап  та  үлкен. «Қазақ 
тілінің  түсіндірме  сөздігінде»  шешенге 
төмендегідей анықтама берілген:
1. Тілмар, тапқыр.
2.  Ресми  жиындарда  шығып  сөйлеуші 
(оратор) [1. 55 б].  Шешендік  өнерді  «тіл 
өнері  мен  сөйлеу  мəдениетінің  шыңы» 
деп  бағалай  отырып,  ғалым  М.Балақаев: 
«Шешендік – дарындылық.  Ол  тілі  ғана 
емес,  ойы  да  жүйрік  кісілерге,  тілдік 
сезімі күшті адамдарға тəн қасиет», – деп 
бағалайды [2. 34 б]. 
Егер  Рим  ораторларында  белгілі  бір 
ережені,  қағиданы    есте  ұстау  қабілеті 
болса, қазақ шешендерінде тіл мен ойдың 
тоғысқан  жүйріктігі,  табиғи  тапқырлық 
фəлсафасы,  табан  астынан  суырыпсалу, 
қысқалығы, нұсқаулығы басым келетіндей 
еді.  Дала  демосфендерінде  арнайы  ау-
дитория,  сенат  алаңы  болған  жоқ-ты. 
Көктөбенің басында күнде жиын демекші, 
қазақтың  кең  даласының  өзі  ұланғайыр 
ұлы аудиторияның өзі еді.
Жалпы, ауызша шешендік сөйлеу өнері – 
өмірдің сəулесі, қоғамдық құбылыстардың 
айнасы іспетті нəрсе.
Қоғамда  болып  жатқан  неше  алуан 
өзгеріс,  жаңалық  атаулының  бəрі  осы 
шешендік сөйлеу өнерінен орын тебеді де, 
содан соң халық мұрасына айналады.
Қазақ халқының басынан өткен тарихи 
дəуірлер  ізі  əрдайым  тілімізде  сақталып, 
бізге жетіп отырған. Əсіресе, билердің ау-
ызша соттық шешендік сөздерінің көптеп 
табылуы  зерттеушілерді  осындай  ойға 
жетелейді.
Шешен  бір  уақытта  өзімен  өзі  не-
месе  бір  адаммен  сөйлесіп  тұрғандай 
сыр  аңғартады.  Бұл  əдіс  əр  шешеннің  өз 
тəсіліне, оралымына байланысты жай. Сөзі 
кезінде салмақтап, кезінде жеңілденіп ой-
ната білу, ойлата білу қас ісмердің қолынан 
келмек.  Қазақ  халқында  шешендіктің  ар-
найы мектебі, оқулығы, ұстаздары болған 
жоқ,  қазақ  шешендері  мен  билерінің 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

120
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
сөздері  нағыз  табиғи  таланттан  туған  ту-
ынды  құбылыс  еді.  Сондай-ақ,  билердің 
шешендік  сөздері  жазбаша  түрде  айты-
лып, жазылып отырылған жоқ, оны қазақ 
халқы  көкірегінде  сақтап,  келер  ұрпаққа 
бере, тарата білді. 
Соттық  шешендік  сөйлеу  өнері  осы 
халықтың  тілімен,  шешендік  негізінде 
пайда  болды.  Өйткені,  қазақ  халқының 
тілі сұлу, қонымды да тілімді тіл. Осы тіл 
арқылы кестеленіп өрнектелген, өшпейтін, 
өлмейтін ғажайыптар туындап, асыл мұра 
сарқылмас  алтын  сандық – шешендік 
сөздер ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыр...
Қазақ қоғамында би боламын деген адам 
жеке қасиеттерімен танылып қана қоймай, 
бірқатар сатылардан өтетінін С.З.Зиманов 
саралай  келе, «Далада  əділеттің  ақ 
туын  желбіретер  биге  табиғат  берген 
қасиеттерден басқа шешендік, сөзуарлық, 
ақыл-парасат,  қызыл  тілде  ешкімге  дес 
бермеу  жəне  де  «Қасым  ханның  қасқа 
жолында», «Есім  ханның  ескі  жолында», 
«Əз Тəукенің «Жеті жарғысында» көрініс 
тапқан «Дала заңының» негізгі қағидалары 
мен нормаларын жатқа білуі, өзіне дейінгі 
атақты  билердің  үлгілі  сөзінен  нəр  алуы 
секілді  талаптар  қойылатынын  айтады» 
[3. 32 б]. 
Тегінде  «Жеті  жарғы»  заңы  Төле  би, 
Қаз  дауысты  Қазыбек,  Əйтеке,  Əз  Тəуке 
ханнан ғана басталмаған сияқты, негізінде 
Майқы би заманынан бастау алып, «Қасым 
ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жо-
лымен» ұласып, бір хан, үш бидің тұсында 
іргеленіп,  шаңырағын  биік  көтергенге 
ұқсайды. Төле бидің, сол сияқты Қазыбек, 
Əйтеке билердің кемеңгер ойшылдығы мен 
сұңғыла  шешендігін  дəлелдейтін  мысал-
дарды  жинастырып,  кітап  етіп  шығарған 
əдебиетші  ғалымдар  көп.  Атақты  осы 
үш  бидің  ауызбіршілігі,  бірін-бірі  қадір 
тұтқан  асыл  достығы  тарихтан  тарихқа 
жетіп, олардың ұрпақтары бізге өнеге бо-
луда.  Билер  тарихында  аттары  қатар  ата-
латын осы үшеуін өз дəуірінде елін, жерін 
шапқыншы  жаудан  бірлесіп  қорғаған 
қолбасшы билер ретінде, халықтың бірлігі 
мен  ынтымағын  сақтауда  өздері  ісімен 
де,  сөзімен  де  үлгі  бола  алған  көсем  би-
лер  ретінде,  адамгершілік,  парасаттылық 
келбетін  өзара  жəне  өзгелермен  болған 
сөз  сайыстарында  таныта  алған  ұлы  би-
лер  ретінде,  хандарға  ата-баба  намысын, 
дəстүр-салтын  сақтаған  заң  шығартуда 
бір  ауыздан  келісілген  ақыл-кеңес  берген 
көреген  билер  ретінде  дəріптеуге  бола-
ды. Қазақ халқының бұл үш биі ел басы-
на  күн  туған  қысылтаяң  кездерде,  билер 
кеңесі кезінде де, ел жиналған айт, ас, той 
тұсында  да,  жер  дауы,  жесір  дауы,  құн 
дауы  көтерілген  жерлерде  де  бірге  бас 
қосып, бірге шешісіп келген. 
Өйткені «Қазақ шежіресі» атты кітапта 
Майқы  бидің  уақытындағы  заң  жобасы 
өлең түрінде беріліпті:
Барымта туралы
Біреудің малын алса барымталап,
Жұмысы тура болса барынша нақ.
Ыңғайымен тоқтам қып түзеткен жөн,
Жүйесі кім таласар табылса нақ.
Барымта алар бітім ала алмаған,
Келмес-ау деп ойланып залал маған.
Жалған болса себепсіз о да ұрлық,
Өз обалы өзіне арандаған.
Куəлік туралы
Халықта əрбір түрлі дау болады,
Шешпесе даудың арты жау болады.
Əр біреуі өз ісін тура, – дейді,
Таластан қалай адам сау қалады?!
Таразы сөзді өлшейтін шындық керек,
Кейбіреу дауға шебер нау болады.
Кезінде ушықтырмай шешпеген іс,
Үйіліп бара-бара тау болады.
Би керек осыларды шешетұғын,
Туралап əділ билік ететұғын.
Зұлымдыққа жол беріп кеңдік етсек,
Көзінің ноғаласы өсетұғын.
Зəр жұтқанын біле алмай, бал жұттым 
деп,
Құрсағын бара-бара тесе тұғын [4. 3 б].
Əділдік  туын  нық  ұстаған  билер,  өз 
амал-əрекеттерін 
халық 
мүддесімен 
ұштастыра  білді.  Осының  нəтижесінде 

121
C
M
Y
K
«сот  билігі  далалықтардың  мемлекеттік 
өмірінің символы іспеттес еді жəне ондағы 
мемлекеттік биліктің жалпы көрінісі, оның 
қолданылуының  жəне  іске  асуының  ең 
қолайлы да ұтымды, жедел де арзан, тіпті 
əмбебап десе болғандай нысаны (құралы) 
еді. Сондықтан да, қоғамдағы мемлекеттік 
органдардың барлығы дерлік өз алдарында 
тұрған  мақсат-міндеттерді  шешуге  жəне 
өз  қызметтерін  атқару  барысында  соны 
пайдалануға тырысатын немесе соған арқа 
сүйеп бағатын» [5. 99 б] еді.
Халық  қамын  ойлаған  хандармен 
билердің терезесі тең болған. «Қара халыққа 
хан ие, қара жерге халық ие, Хандығыңды 
бер де, жерді ал, хандығыңды қимасаң жер-
де нең бар!» деп билік шығарған билердің 
төрелігіне ханның өзі құлдық ұрған [6. 46 
б]. 
Бір  ауыз  сөзге  тоқтаған, «Сөз  қадірін 
өз қадірім» деп түсінген  елдікті сақтаған, 
ерлікті тудырған Əз Жəнібек, Əз Тəукеден, 
Абылайдан  жеткен  билік  жүйесі,  сондай-
ақ,  қазақ  билерінің  сөз  сайысын  «Ердің 
құнын  екі  ауыз  сөзбен  бітіретін»  деп 
сипаттаған  поляк  А.Янушкевич,  даңқты 
дала Демосфендері мен Цицерондары деп 
таныған  қазақтың  атақты  билері  Төле, 
Қаз  дауысты  Қазыбек,  Əйтекенің  атақ-
даңқтары  сол  кезде  шыққан,  олардан 
қалған сөз дəстүрі ғасырлар бойы үзілген 
емес. Олар бүгінгі ұрпақ, біздерге өңделе, 
жаңара  жетіп  отыр, – дейді  шешендікті 
зерттеген ғалым Б.Адамбаев.
Билер 
ешқандай 
атақ 
дəрежесіз, 
байлықсыз,  бойларына  біткен  дарынды 
шешендік  сөйлеу  өнерлерімен  билік  айта 
отырып, қазақ даласына зыңдан, ешқандай 
түрме атауларын кіргізбеген.
Өздерінің  билік-кесім-шешімдерімен, 
екі  жақты  татуластырып,  бітімгершілік 
келісімге  келтіріп  отырған.  Олардың  бұл 
қасиеті ұрпақ тəрбиелеу қызметінде де ролі 
зор болған. Билердің осы қасиетінен үлгі-
өнеге алсақ, бүгінгі таңда парықсыздық өріс 
алып,  күннен-қүнге,  əсіресе  жастар  ара-
сында қылмыс пен бұзақылық етек жайып 
тұрған уақытта ауылдық жерлерде, аудан 
орталықтарында  көнекөз,  ауыл-аймаққа 
сөзі өтетін, беделді қарт ардагерлерімізден 
билер тобын ұйымдастырсақ жастарымыз-
да  жөн-жосығы  жоқ,  жаман  əрекеттерге 
бармас па еді. Жастық қателіктерінен ерте 
бастан колониялар мен бас бостандығынан 
айыру мекемелеріне түспес еді. Сондықтан, 
өткен 
тарихымыздан 
сабақ 
алып, 
оны  ұрпақ  тəрбиесіне  жұмылдырсақ, 
болашақта  ұлағатты  да  парасатты  ұрпақ 
қана  емес,  өшіп  бара  жатқан,  қанымызда 
бар  шешендік  сөйлеу  өнерімізді  қалпына 
келтірер  едік  деген  замандастарымыздың 
жанайқайына менде қосылар едім...
Бұл  тек  заңгерлердің  ғана  емес,  бүкіл 
жоғарыда  отырған  игі  жақсылардың  да 
бірінші  кезектегі  көтерер  мəселесі  болу 
керек.
Оның  үстіне  осы  кезге  дейін  бірде 
бір  жоғарғы  оқу  орындарында  сот,  ад-
вокат,  прокурорлардың    сот  отырысын-
да  шешендік  өнерін    дамытатын  пəн  де 
тиісті  дəрежеде  өтілмейді.  Соттық  рито-
рика деген пəн негізі теориялық пəн емес, 
практикалық  пəн  ретінде  өтуілі  керек. 
Негізі, заң факультеттерінің студенттеріне 
казіргі  кездегі  кредиттік  жүйе  зиянын 
тигізбесе, пайдасы жоқ. Өйткені мектептен 
бастап, жоғарғы оқу орындарындағы сынақ, 
емтихандардың  барлығы  тест  түрінде 
өтеді.  Бұл  олардың  сөйлеу  қабілетін  ғана 
емес,  ойлау  қабілеттерін  де  жояды.  Бара-
бара бала жаттанды компьютер тəрізді бір 
ғана сөзді айта алады да, сөйлеуді ұмытады. 
Бұл  дегеніміз  өзіміздің  ата-бабаларымыз 
сияқты  болашақ  ұрпақтарға  қалдыратын 
шешендік  өнер  мен  тəлім-тəрбиелік  үлгі-
өнегеден артымызда ешнəрсе қалдыра ал-
маймыз деген сөз. Яғни, тарихта тек жазу-
шылар мен ақындардың ғана айтқандары 
мен аты қалады да, ал заңгерлердің  «тек 
қана  осындай  заңгерлер  болған»  де-
ген  аттары  ғана  қалатын  сияқты,  егер 
қалса... Сондықтан бүкіл оқу орындарын-
да  кіргізілген  кредиттік  жүйе  тек  қана 
техникалық, медициналық, экономикалық 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

122
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
мамандар  əзірлейтін  оқу  орындарына 
қажет болғанымен, заңгерлерге түк қажеті 
жоқ  жүйе.  Заңгерлерге  сөйлеу,  ойлау 
өнерлері ең басты керек  те қажет нəрсе.
Сондықтан,  ежелден  келе  жатқан  ата-
лы  дəстүріміз – шешендік  өнерді  қайта 
қалпына  келтіріп,  оны  жаңа  талап,  жаңа 
мақсат-мұратқа    сай  игілігімізге  айнал-
дырып,  ұрпақ  тəрбиелеу  ісіне,  болашақ 
мүддесіне  пайдалану  лəзім.  Шешендік 
дау  Б.Адамбаевтың  айтқанындай,  қазақ 
қауымының  материалдық  жəне  рухани 
даулы  мəселелерін,  қылмысты  істерді 
шешетін  ежелгі  əдет  заңы.  Мұндай  дау-
ларда  ұту  үшін  жүйрік  ой,  жүйелі  сөздің 
маңызы зор болған.
Халқымыздың  біртуар  ұлдарының 
бірі,  ұлы  ғалым  Шоқан  Уəлихановтың 
сөзімен  айтсақ: «Халық  үшін  жоғарыдан 
бекітілген заңдарға қарағанда өзіне таныс, 
өзімен  бірге  жасасып,  соның  ықпалымен 
өсіп, тəрбиеленіп келе жатқан заң қашанда 
жақсы,  тиімді  болатындығына  ешбір 
күмəн жоқ» [7. 152 б].
ƏДЕБИЕТТЕР:
1.«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі». – Алматы,1966. - 240 б.
2.Балақаев М. Қазақ тілі мəдениетінің мəселелері. – Алматы, 1965. - 187 б.
3.Зиманов С.З. Қазақтың Ата Заңдары жəне оның бастаулары.//Қазақтың Ата Заңдары, І-том, А., 
2005, - 35 б.
4.Дəуітұлы С. Төле би.//Жетісу, № 36, 03.09.1992. - 3 б.
5.Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дəстүрлі құқықтық мəдениет. – Алматы, 1997. 
- 240 б.
6.Адамбаев Б. Алтын сандық. – Алматы, 189. - 196 б.
7.Уəлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы, 1985. - 560 б.
Резюме
В статье  рассматривается роль  и значение ораторского исскуства речи будущих юристов Ка-
захстана в суде, в период   который долгое время развивался за счет наших предков Толе би, Казы-
бек би, Айтеке би.  
Summary
The article considers the role  and importance  of  aratory  art and speeches of Kazakhstan  next  lowyers 
in court, in the period  who a long   time developed  for account  ours Tole bi, Aiteke bi, Kazbek bi. 
Ү.Қ.Олжабаева –
қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі
БАЛАҒА ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУ БƏРІМІЗГЕ ОРТАҚ ҚАСИЕТ
Жылдағы оқу жылы мектеп оқушылары 
үшін  өте  жауапкершілігі  мол,  қиын  да 
қызықты  сəттермен  басталды.  Бастауыш 
мектептен кейінгі жоғары сынып оқушысы 
атанып, тек бір-ақ мұғалімнің қарамағында 
оқып  келген  оларға 15 пəн  жүретін  бол-
са, 15 мұғалім  оқытып,  əр  пəннің  өзінің 
кабинеттеріне  барып  оқу  жəне  жоғарғы 
сынып  оқушыларымен  аралас  жүру  олар 
үшін  үлкен  жаңалық,  əрі  қызық  болды. 
Бұл кезеңде олардың мінез-құлқы, барлық 
жағдайы өзгеріске ұшырайды десек бола-

123
C
M
Y
K
ды.  Дəл  осы  кезеңде  ұстаздардың  үлкен 
көмегін қажет ететін оқушылар пайда бо-
лады.  Бұл  кезеңде  ұлттық  тəрбиеге  баса 
көңіл бөлу керек. 
«Балаға  ең  бірінші  білім  емес,  тəрбие 
берілу  керек,  тəрбиесіз  берілген  білім 
–  адамзаттың  қас  жауы,  ол  келешекте 
оның барлық өміріне апат əкеледі» деп əл-
Фараби атамыз айтқандай, тəрбиесіз білім 
алу мүмкін емес. 
Қазақта «Адам ұрпағымен мың жасай-
ды»  деген  қасиетті  сөз  бар.  Бала  өмірдің 
жалғасы,  жанұяның  жемісі,  берер  гүлі, 
алтын  діңгегі.  Үйде  ата-ана,  мектепте 
ұстаз бала жүрегіне жол табатындай көзге 
көрінбейтін нəзік жіпті үзбей жандандыра 
байланыс жасау керек. 
Халқымыз «Ұстазға қарап, шəкірт өсер» 
деп ұстаз қауымына үлкен жүк артады. Ал, 
ұстаз үшін ең үлкен бақыт – өз еңбегінің 
жемісін жақсы жақтарынан көру болып та-
былады. 
Сондықтан,  ата-ана  да  баласына  білім 
беріп,  өмірге  дұрыс  нұсқау  беретін  ұстаз 
еңбегін бағалайды. 
Бүгінгі күннің негізгі мəслелерінің бірі 
балаға  ұлттық  негізде  тəрбие  беру.  Əр 
ата-ана  өз  баласына  тəрбие  бере  отырып, 
өзінің  қоғам  алдындағы  жауапкершілігін 
ұмытпау керек. Ұлы Абай атамыз айтқандай 
«Үш-ақ нəрсе адамның Қасиеті ол: ыстық 
қайрат,  нұрлы  ақыл,  жылы  жүрек». 
Бала,  ата-ана,  мектеп  болып  бірлесіп 
жұмыс  атқарсақ,  үлкен  нəтижеге  қол 
жеткізеріміз анық. Осы істің терең тамыр-
лануына сіз бен біз себепшіміз. Əдептілік, 
кішіпейілділік,  сезімталдықты  жүрегіне 
ұялататын  жас  ұрпақ,  болашағымыздың 
ертеңі  алдымызда  отыр.  Сондықтан  ата-
аналарды  қатыстыра  отырып,  үлкендерді 
құрметтеуге, сыйлауға тəрбиелеу жəне ата-
ана,  ұстаз,  бала  арасындағы  ынтымақты 
нығайту,  туған  жерге,  елге,  Отанға  деген 
сүйіспеншіліктерін  арттыру  мақсатында 
«Туған  жерім – менің  Қазақстаным», 
«Ата-баба  дəстүрін  ұмытпайық», «Бала-
біздің  болашағымыз», «Салт-дəстүрді 
үйренейік»  т.б.  көптеген  тақырыптарды 
сынып  сағаттарын,  ата-ана  жиындарын 
өткізіп,  пікір  алысып,  салт-дəстүр,  əдет-
ғұрыпты насихаттаудың маңызы зор. 
Халқымыздың  тағылымына  ден  қоя 
отырып, ұлттық дəстүрді дəріптеу, үйрету 
міндетіміз. Ынтымақ бар жерде тəрбие де 
бар, береке де болады.
Балаларымыздың  жарқын  болашағы 
үшін, оның мəнді болуына, ерінбей еңбек 
етіп,  шаршамай  ат  салысуымыз  керек. 
Көздеген  мақсатымызға  жету  ата-ана, 
ұстаз қауымының төл міндеті деп білемін. 
«Жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл»  демекші, 
бала  тəрбиесі  жөнінде,  əсіресе,  ұлттық 
тəрбиені нақты берсек, еңбегіміз зая бол-
мас.  
Ш.Т.Шангереева –
Шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы,
Абай атындағы ҚазҰПУ
 
ҚАЗІРГІ ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕНІҢ КӨРІНІСІ
Бүгінгі  таңда  ғасырлар  қойнауында 
қалыптасқан ұлттық тəрбиені, озық өнегелі 
дəстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді 
жастар бойына қалыптастыру, оны ұтымды 
пайдалану  аса  маңызды  міндеттердің 
біріне айналып отырғаны даусыз. Сондай-
ақ,  ұлттық  мəдениеттің,  əдебиеттің, 
тілдің,  халықтық  педагогиканың  тағдыры 
мен  болашағы  да  мектептегі  жас  ұрпақ 
тəрбиесіне байланысты. 
Яғни, отбасы – қоғамның маңызды буы-
ны  жəне  өзінше  бір  кішігірім  ұжым.  Көп 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

124
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ұлтты  мемлекетіміздің  негізі  осы  шағын 
ұжымдардан  қаланады.  Осы  жағынан  кез 
келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп 
түсінеді. Тəрбиедегі басты бағыт делінген 
тəлім-тəрбие  тұжырымдамасында: “Əрбір 
адам  ең  алдымен,  өз  халқының  перзенті, 
өз  Отанының  азаматы  болу  керек  екенін, 
ұлттық  болашағы  тек  өзіне  байланысты 
болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осын-
дай  тұжырымға  тоқталуына  ұлттық  əдет-
ғұрыптар мен дəстүрлер көмектеседі, солар 
арқылы ол жалпы азаматтық мəдениетке аяқ 
басып, өз халқының мəдени игілігін басқа 
халықтарға жақын да түсінікті ете алады. 
Сондықтан, əрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің 
тағдыры мен талаптарын, объективті фак-
торлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты 
өмірге  даярлап,  оларды  жинақталған  бай 
тəжірибе  негізінде  тəрбиелей  отырып, 
өзінің  ата-аналарының  рухани  мұрасын 
игере түсуі керек” екені айтылған. Қазіргі 
кезеңдегі саяси, экономикалық жағдайдың 
тұрақсыздығы, 
тұрмыстағы 
күйзеліс, 
ұлтаралық қатынастардың шиеленісе түсуі, 
адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, 
білімге,  адал  еңбекке  деген  ынтасының 
азаюы,  отбасын  құруға  жауапкершілікпен 
белсенді қарамауы, зорлық-зомбылық пен 
қатыгездіктің  бел  алуы  т.б.  мəселелері 
жастар  тəрбиесіне  жаңаша  қарауды  талап 
етіп отыр. Сонымен қатар, қазақ халқының 
əріден келе жатқан мəдениетін жəне білім, 
тəлім-тəрбие  беру  жүйесінің  негіздерімен 
жан-жақты  танысу  бүгінгі  күннің  басты 
бағдары, талабы десек  те болады. 
Көне  заманнан  келе  жатқан  таным-
түсінік,  əдеп-тағылымдарын  ұғыну,  білу 
жəне өмірге үйлесімдерін қажетке жарату – 
жастардың туған халқына деген құрметінің 
артып жəне өнегенің рухани түлей түсуіне 
ықпал  етеді.  Былайша  айтқанда,  елінің 
тарихи өткен жолы мен бұраң бұлтарысы 
көп  болмыс-білімін  ұғыну  халқына  деген 
сүйіспеншілігі  мен  патриоттық  сезімінің 
қарқынды  түрде  жетіле  түсуіне  əсерлі 
ықпал  етумен  қатар,  бұл  нəтижелі  сапаға 
айналады. 
Қазақта  “үйлену  оңай,  үй  болу  қиын” 
дегендей  үйленіп,  үй  болу  адам  өмірінің 
ұмытылмас  кезеңі.  Оның  да  өзіндік 
қызығы  мен  қиындығы  бар.  Қазақ  халқы 
қыз ұзатып, ұлын үйлендіріп келе жатқан, 
басқа 
халықтар 
сияқты 
думаншыл, 
сауықшыл халықтардың бірі. Ежелден бері 
қалыптасып  келе  жатқан  дəстүр  бойын-
ша,  қазақ  халқында  отау  тігудің  əр  түрлі, 
рет-ретімен  орындалатын  салт-дəстүрлері 
өте  көп.  Отау  тігу  дəстүріне  көрік  беріп, 
қызықты  əрі  мағыналы  ететін – салт-
дəстүр. “Қызын қияға, ұлын ұяға” қондыру 
əке-шешенің ұл-қызына деген міндеті.
Қазақ  табиғатында  отбасы  иелері 
балаларының 
алдында 
өздерінің 
тіршілік  əрекетінде  барлық  адамгершілік 
қасиеттерін, үлгісін көрсете білген. Оның 
басты  себебі, “ұлдың  ұяты  əкеде,  қыздың 
ұяты  шешеде”  деп  бағалағандықтан. 
Сондықтан, ата-ана балаларын тұрмыс пен 
салтқа  бейімдеп,  шеше  көріп  тон  пішуге, 
əке көріп оқ жонуға баулитын болған. Осы-
лайша ұрпақтың отбасы тəрбиесі ешқашан 
күн тəртібінен түскен емес. Бұрынғы қазақ 
жастары  тəрбиені  мектеп  пен  медреседе 
оқып білмесе де қызы анадан, ұлы əкеден 
үлгі-өнеге алған. 
Қазақ  халқының  тарихы  дəстүрге  өте 
бай.  Отбасы  үшін  ежелден  тəн  қасиетті 
балажандық,  балаларды  еңбексүйгіштікке 
тəрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық 
кең  байланыс,  көршілермен  жəне  ұлты 
басқа 
халықтармен 
достық, 
ізгілік 
қатынастар  осының  бəрі  қазақ  халқының 
тұрмыс қалпына байланысты болған. Қазақ 
қыз-келіншектері  мен  ер  азаматтарының 
бойында  өзге  халық  өкілдерінің  бойынан 
көрінетін дара қазақы болмысы жарқырай 
көрініп, жүрекке жылы əсер еткен. Əсемдік 
пен əдептілік үйлесімдік тапқан. Мəселен, 
ата-ана  құқықтары  қыз  беріп,  қыз  алу, 
құда  түсіп,  құдалы  болу,  қазақ  некесінің 
ерекшеліктері,  қалың  мал  мəселесі,  бата 
бұзу, ажырасу, бала асырау, əмеңгерлік, ми-
рас пен мұра т.б. ежелгі отбасы дəстүрлері 
мен  соған  қатысты  қағида  ерекшеліктері 

125
C
M
Y
K
жайында мағлұматтардан қазақ халқының 
отбасына  ерекше  мəн  бергенін,  шаңырақ 
шайқалып,  босаға  босамауына  назар 
салғанын көреміз. 
Жас  отаудың  пайдасына  асатын  əдет-
ғұрыптар  келешегін,  нəсілінің  болашағын 
ескертуден  туындап,  халқымыздың  ұлын 
үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы 
желісін  үзбей  жалғасып  келген.  Ата-
анамыз  екі  жасты  үйлендірмес  бұрын 
оларға  мынадай  шарт  қояды:  біріншіден, 
қалыңдықты  жеті  атадан  асырып  іздеу 
қажет. Бұл талаптың мəнін халқымыз бы-
лай  түсіндіреді: “қандас  туыс  адамдар 
үйленсе  дұрыс  бала  туылмайды,  туыла 
қалғанның  өзінде  ғұмыры  қысқа  бола-
ды.” Екіншіден, ағайын-туысқан арасында 
əдепсіз,  жағымсыз  қылықтар  етек  алып, 
ынтымақ  бұзылады.  Осылайша  атақты 
қазақтар  қашанда  өзінің  баласына  басқа 
бір рудан, тайпадан барып, өзінің теңіндей 
адамдардың  қызын  айттыруға  тырысады. 
Айттыру,  құда  түсу  ежелден  келе  жатқан 
дəстүр екенін жоғарыда сипаттадық. Алай-
да  құда  болудың  бірнеше  жолдары  бар. 
Кейбір  өмірдің  ащысы  мен  тəттісін  бірге 
өткізген адамдар достықтары артып, туыс 
болғысы  келсе  бала  өмірге  келмей  жатып 
құдаласуға  уəделеседі  де  “бел  құда”,  екі 
нəрестені  бесікте  жатқан  кезінен  айтты-
рып  “бесік  құда”  атанады.  Қазіргі  таңда 
көп  қолданылатын  құдалықтың  бір  түрі 
қыз бен жігіттің келісімімен ұл жағы сырға 
тағып, құда түседі. Қайтадан қыз алысып, 
қыз  берісіп  құдалықты  жалғастыруды 
“сүйек  жаңғырту”  немесе  “сүйек  ша-
тыс”  деген.  Бір  кездері  құдалы  болған 
адамдар  құдалықтарын  ұзақ  жалғастыру 
үшін  қыз  берісіп,  қыз  алысады.  Бұрынғы 
замандағыдай  қазіргі  кезде  қызды  зорлап 
қосу  жоқ.  Бірақ,  ата-аналары  ақылдасып 
жəне  екі  жастың  келісімі  бойынша  жаса-
латын  салт.  Қалай  отау  құрғанда  да  жаңа 
түскен  келіннің  екі  жақты  жақындататын 
дəнекерлік рөлі аз емес. Келін болып түскен 
қыздың жаңа жұрттағы қадірі оның ақылы 
мен адамгершілігінде, шаруа икемділігінде, 
аналық  қасиеттерінде  жəне  жарына  деген 
мейір-махаббатында деуге болады. Əрине, 
бұл жастардың адамгершілік қасиеттеріне, 
алған  тəрбиесіне,  əдептілігіне  байланы-
сты. 
Соңғы кезде қазақ халқының табиғатына 
тəн,  ана  сүтімен  сүйекке  сіңген  ізгі  əдет-
ғұрыптардан тыс қалып бара жатқандаймыз. 
Өз  ұлтының  өткені  мен  болашағына  бей-
жай  қарайтын  тəрбиеден  тысқары  қалған 
жастар аз емес. Ата-ананы сыйлау, үлкенге 
құрмет  көрсету,  кішіге  ізет  білдіру,  əдеп 
сақтаудан хабарсыз кей жастардың қылығы 
əркімнің-ақ намысына тиері сөзсіз. Кейінгі 
кезде  қазақ  əдетіне  жат,  өзін  өсіріп, 
тəрбиелеген ата-анасына қарсы сөйлеп, шет 
ел  жастарына  еліктеп  киім  кию,  шылым 
шегу "қалада оқып жатырмын" – деп, ата-
анасының  жиған-тергенінің  ырызғысын 
шашып, өздері оқу емес, жын ойнақ орта-
сында  жүрген  қыз-жігіттер  бізде  аз  емес. 
Басының  қайда  қалғанын  білмей,  баян-
сыз жар, бақытсыз ата-аналар болатындар 
осындайдан  шығады.  Казіргі  жастарды 
бұзатын теріс жолға түсіретін жəйттің бірі 
–  дүниеқұмарлық.  Жастарды  жоғарыда 
айтылған  салт-дəстүрге,  əдет-ғұрыптарға 
тəрбиелеуде.  Тəрбие,  ең  алдымен  отбасы-
нан, мектеп қабырғасында, содан соң ЖОО 
орында жүргізілу керек. Ұрпақ тəрбиесі қай 
заманда болса да күн тəртібінен түспеген. 
Оны жақсарту біз сияқты жас тəуелсіз мем-
лекет  үшін  тіпті  қажет.  Біздің  қоғамның 
шақ  иелері  мемлекетіміздің  нығайып,  аға 
буын бастаған істерді алға апарушылар со-
лар. Халық өнерін игеру – жастарды еңбек 
сүйгіштікке, əсемдікке бағыттап, халқының 
тарихын  біліп,  мəдени  мұрасын  қадірлеп, 
жақсы  əдет,  дəстүрлерін  жалғастыруға 
баулиды.  Ұлттық  тəжірибеміз  отбасы-
нан  басталып,  кейін  де  жалғасын  тау-
ып  жатса,  қазіргідей  қазақ  халқының 
қанында жоқ, ата-баба тəрбиесіне жат өзін 
жарық дүниеге əкелген анасын, əлпештеп 
өсірген  асқар  тауы  əкесін  қарттар  үйіне 
өткізген,  нашақорлық  пен  маскүнемдікке 
салынғандардың шаңырағы ортаға түспес 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

126
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
еді. 
Атам 
заманнан 
жалғасып, 
ар-
ұжданымызға  ұялаған,  қанымызға  сіңген 
қастерлі  қазақ  салтын  ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасатын  мұра  ретінде  кейінгі  ұрпаққа 
қалдыру – бəріміздің  де  борышымыз. 
Ұрпақ  тəрбиесіне  айрықша  мəн  бер-
ген  ата-бабамыз  асыл  сөздің  кестесімен 
сəби  жүрегін  тербеп,  ой-санасын  игі 
адамгершілікке жетелейді. Сондықтан, кең 
байтақ  ата  жұрттан  ертеден  жас  буынға 
жалғасып келген ар-ұят сақтау, мейірімді, 
шарапатты  болу  салтанатын  құрды. 
Ұнасымды қарым-қатынас жасай білу. Бұл 
адамзат  баласының  əу  бастан  өз  өміріне 
серік етіп, ұғыныса, сыйласа, тіршілік құру 
сапарында  алға  ұстап  келе  жатқан  əдеп 
салттарының  ең  көкейкестісі.  Адамдар 
өздерінің  арасында  тату,  кішіпейіл,  өресі 
деңгейлес  қатынастардың  тату  болғаны 
жөн екендігіне ежелден-ақ ден қойған. 
Дəстүрге  арқа  сүйемегеннің  көсегесі 
көгермейді  деген  атамыз.  Яғни,  отба-
сы  ауыл-аймақ,  көпшілік,  қоғам  болып 
адамдарды  тəрбиелеу  қазақ  халқының 
өмірінен  өзекті  орын  алған.  Салт-санасы, 
əдет-ғұрпы,  ойын-тойы  осы  мақсатты 
іске  асыруға  бейімделе  жүргізілген.  Ата-
бабаларымыздың, 
даналарымыздың, 
ақын-жырауларымыздың  ақыл-өсиеттері, 
ауыз  əдебиеті  үлгілерінде  сақталған  жəне 
халықтың  ежелден  келе  жатқан  салт-
санасындағы,  əдет-ғұрпындағы  дəстүрлік 
тарих  тағылымдарын  өмірге  үйлесімді 
пайдалану – ұл мен қызға берілетін тəлімді 
жетілдірудің  тиімді  жолы  болуымен 
қатар,  олардың  бойына  инабаттылықты, 
мейірімділікті, бір-бірін сыйлау, құрметтеу, 
адамдық 
қасиеттерді 
дарытуға 
игі 
ықпал  ететін  жəне  оның  өмірге  тез  сіңіп, 
болашақ  отбасының  тұрақтанып,  бала 
тəрбиесін жақсартып, адамдар арасындағы 
қарым-қатынас  жарасымын  көркейтіп, 
жауапкершілікті 
өркендетуге 
ықпал 
етеді. Мұның нəтижесі түрлі кінəраттарға 
тосқауыл 
жасап, 
дөрекіліктер 
мен 
қатыгездіктен  тиылуға  жəне  əдептіліктің 
бойға  даруына  ынталандыратын  тиімді 
тəсіл.
Сондықтан  да,  жастарды  еліне,  зама-
нына  сай  тəрбиелеуде  кұш  жігерімізді 
аямағанымыз  дұрыс.  Ол  үшін  мектеп-
терге,  ЖОО-да  ұлттық  тəрбиемізді,  салт-
дəстүрімізді  үйрететін,  оқытатын  пəндер 
енгізіп,  жастарға  тəлім-тəрбие  беру  ке-
рек.  Қорыта  айтқанда,  бүгінгі  күнде  жа-
старды  əдепті  де  саналы  етіп  тəрбиелеу 
үшін,  ең  алдымен,  тəрбие  ережелеріне 
сүйене  отырып,  ұлттық  дəстүрімізді, 
əдет-ғұрыптарымызды,  дінімізді,  ата-
бабаларымыздан қалған насихат мұраларын 
жастардың  санасына  сіңіре  білу  басты 
міндетіміз  болуы  қажет.  Тəрбиенің  көзі – 
ата-бабамыздан қалған дана сөздер десек, 
біз  сол  насихаттың  жүргізушісіміз.  Бұған 
қоғам  алдындағы  үлкен  міндет  ретінде 
қараған жөн.
Резюме
В данной статье автор рассмотрел вопросы национального воспитания детей в казахской семье. 
Автор  намерен  более  широко  использовать  национальные  традиции  и  обычаи  в  воспитательном 
процессе. 
Summary
In given article author have considered questions of national education of children in the Kazakh family. 
Author intend to use more widely national traditions and customs in educational process.  

127
C
M
Y
K
  «Адамға  ең  бірінші  білім  емес, 
тəрбие  беру  керек.  Тəрбиесіз  берілген 
білім  адамзаттың  қас  жауы,  ол  келе-
шекте  оның  өміріне  апат  əкеледі» – 
деп,  ұлы  ғұлама  əл-Фараби  айтқандай, 
бала  тəрбиесі  орасан  маңызды  да  жау-
апты  іс.  Тəрбие  үдерісі  көбіне  өзінің 
мақсатты 
сипатымен 
ерекшеленеді. 
Ол  нақты  ықпалдар  бағыттарымен 
көрініп,  соңғы  мақсаттарының  саналы 
сезінуімен  анықталады,  сонымен  бірге 
өз ішіне көзделген мақсаттар мазмұнын 
жəне  оларға  қол  жеткізудің  құрал-
жабдықтарын  да  қамтиды.  Ал,  тəрбие 
мақсаттары қандай да қауым белгілеген 
идеялық жəне құндылықтық ұстанымдар 
негізінде анықталады.
Егемендікке  қол  жеткізген  Қазақстан 
Республикасының  соңғы 16 жыл  тари-
хи өмірінде болған түбегейлі өзгерістер 
қазақ 
санасында 
идеялық 
жəне 
құндылықты бағыт таңдауға байланысты 
едəуір  қиындықтар  туғызды.  Көпшілік 
адамдар  ұстанған  бұрынғы  мұраттар 
тартымдылығын  жоғалтты  да,  жаңа 
рухани  бағыт-бағдарлар  əлі  де  қалана 
қойған  жоқ.  Əлемдік  педагогикалық 
теория  мен  тəжірибеде  тəрбие  үдерісі 
қандай да пайым матауында қалып, билік 
мінбелеріндегілердің  көзқарастары  мен 
сенімдерінің  тəуелділілігінде  болмауы 
қажет екендігі жөніндегі пікір əлдеқашан-
ақ  қалыптасқан.  Тəрбие  қоғам  дамуын-
да  орасан  рөл  атқарады.  Ол  өз  бастау-
ын  тұрақты,  əрі  ауыстыруға  келмейтін 
идеялар мен құндылықтардан алуы тиіс. 
Сондықтан  да,  бүкіл  тəрбие  жүйесінің 
негізгі  сипатында  ғасырлар  бойы 
жинақталған  жəне  өмір  тəжірибесінің 
сынынан  сүрінбей  өтіп  келе  жатқан  гу-
манизм принциптері қабылдануы қажет.
Қазіргі  Егеменді  еліміздің  болашағы, 
өзін таныған, түсінігі мол, ұлтың сүйетін, 
қоғамдық  еңбегі  мен  кəсібі,  дағдысы, 
іскерлік  негіздері  қалыптасқан  рухани 
сау, табиғи мықты, жалпыадамдық жəне 
ұлттық  мінез-құлық  нормаларын  іске 
асыра алатын, рухани жағынан жетілген 
жан-жақты  ұрпақ  тəрбиелеуге  өз  үлесін 
қосатын  шəкірттер  дайындау  ұстаздар 
қауымы  мен  ата-аналардың  жалпы 
міндеті.
Əрбір  жанұяда  бала  саны  көп  бол-
са, 
сол 
ұрпақты 
нашақорлықтан, 
маскүнемдіктен,  мейірімсіздіктен,  тас 
бауырлықтан, жатып ішер жалқаулықтан, 
теріс қылықтардан аулақ етіп тəрбиелеу 
əрбір  ата-ананың                  басты  міндеті 
екендігін естен шығармауымыз керек.
Бала  болашағын  ойлаған  əрбір  ата-
ана  тəрбие  мəселесінде  өз  тəжірибесін, 
білген-түйген, 
ұстаған 
қағидасын 
уақытпен  үйлестіре  түзетіп  өзгертіп, 
жаңартып отырған жөн. 
Біздің  қазіргі  ұрпағымыз  өзіміздің 
ұлттық  өнеріміз  бен  салт-дəстүрімізді, 
əдет-ғұрпымызды,  жалпы  айтқанда, 
асыл қазынамызды түсінбей жатыр.
Соның салдарынан имандылық, ізгілік, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет