Д.Д.Нурелова,
К.Р.Токбасынова –
Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық университетінің колледжі
ЖАС ҰРПАҚҚА ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
Бала тəрбиесі басты байлығың,
Кешіксең көретінің қайғы-мұң
С.Кішібайұлы.
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
128
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
қайырымдылық деген ұғымдар ұмыт бо-
лып, адамгершілік қасиетінен айырылып,
азғындап барады. Адамзат қоғамының
дамуы оның əрбір мүшелерінің дамып,
жетілу сапасына байланысты. Еліміздің
өркендеп, адамдардың саналы болуы
олардың рухани мəдениетіне тікелей
байланысты деп айтуға болады.
Халқымыздың рухани бейнесін бір
жағынан əдебиет, өнер, ғылым бейне-
леп көрсетсе, екінші жағынан, мінез-
құлық, ұлттық сезім, əдет-ғұрыптар
жəне тағы басқалар бейнелейді. Ұлттық
мінез-құлық ерекшеліктері адамдардың
біріккен өмірі мен күресінде, əлеуметтік,
табиғи-географиялық,
материалдық
мəдени
жағдайының
шарттарына
лайықты қалыптасады. Соның əсерінен
əрбір адамда ұлттық мінез-құлық, са-
налы тəртіп, болымды қылықтар,
сезім көріністері, дəстүрлері мен əдет-
ғұрыптары пайда болады.
Біздің
халық
момындықты,
бойұсынушылықты,
бейбітшілікті
құрметтейді.
Қазақтардың
адам
рухының мəңгілігіне сену саналы тəртібі
мен мінез-құлқының қалыптасуының
адамгершілікті негізі болып табылады.
Адамгершіліктің
бір
белгісі –
имандылық. Ал сыйластық, жасы
үлкенді сыйлау сақталған жерде отба-
сынан бастап, ауыл, елді мекенге дейін
жиіркенішті қылықтарға орын жоқ.
Сəлемдесу, үлкеннің сөзіне жөн-жосықсыз
араласпау, кісінің алдынан кесе-көлденең
өтпеу, көп алдында дарақыланып күлмеу,
есінемеу сияқты қылықтарды жас ұрпақ
санасына ақырындап сіңіру қажет.
Үлкенді сыйлаудың ең биік шыңы əке
мен шешені сыйлау екені талассыз. Əке
мен шешесін сыйламаған ұл мен қыз өзге
адамды сыйлауы екіталай. Осы орайда,
«Əкеге бағыну – тəңірге бағыну», «Əкеге
қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»,
«Шешесін көріп қызын ал», «Əке көрген
оқ жонар, шеше көрген тон пішер» де-
ген бабаларымыздың өсиетін сабақ пен
дəрістерде қолдансақ, ұтарымыз көп.
Қазақ халқы бала тəрбиесіне үлкен
көңіл бөліп, баланы дүниедегі барлық
асылдан жоғары бағалаған. Сол себептен
де, бала дүниеге келмей жатып «Құрсақ
шашу» ұлттық дəстүрінен бастап,
баланың əрбір даму кезеңіне ерекше мəн
беріп, атап отырған. Отбасылық əдеп
ата-ана мен бала арасындағы сыйластық
қатынас. Отбасылық əдеп бұзылса,
баланың тəлім-тəрбиесіне нұқсан келеді.
Ата-ана мен бала арасындағы ұнамды,
мəдениетті
қарым-қатынас
үлкен
əдептілікке əкеледі. Отбасында мектеп-
ке дейінгі балаларды адамгершілікке
тəрбиелеуде Д.Р.Муталиева зерттей от-
ырып, баланы адамгершілікке тəрбиелеу
үлкендердің тəрбиеге қатысуына байла-
нысты екендігін дəлелдейді [5. 150 б].
Əл-Фарабидің
пікірі
бойынша,
адамның қалыптасуының тиімді құралы
– тəрбие мен оқыту. Тəрбие мен оқыту
үрдісінде шын бақытқа ұмтылушы
жас ұрпақтарда адамгершілік жəне ин-
теллектуалды сапалар қалыптасады.
Адам бойындағы барлық адамгершілік
қасиеттер
жаттығулардың,
əдет-
дағдылардың нəтижесі деп қарайды.
Дұрыс жүргізілген тəрбие адамда
игілікті сапа қасиеттерді тəрбиелеуден
басталады. Əл-Фарабидің ойы бойынша,
жақсы мінез əр адамның табиғатында
бар, бірақ, олар жүйелі тəрбие арқылы
жүзеге асады. Ғұлама ғалым жағымды
қасиеттерге адалдықты, мейірбандықты,
жомарттықты, батылдықты, достықты
жатқызып, адам бойындағы жағымды
қасиеттерді
қалыптастыруда
ар-
найы
педагогикалық
іс-əрекеттің
маңыздылығын айтады [1. 302-307 б.б.].
Қазақтың
дүлдүл
ақыны
М.Жұмабаевтың артына қалдырған
тəлім-тəрбиелік мұраларының негізгі
тақырыптарының бірі де – бала тəрбиесі
мен тұлға мəселесі. Осы мəселені
129
C
M
Y
K
қарастырғанда, ақын «Балаға тəрбиені
өзінің шамасына, жаратылысына қарай
беру керек. Жас бала – жас бір шыбық,
жас күнінде қай түрде иіп тастасақ, есей-
генде, сол иілген күйінде қатып қалмақ.
Теріс иіліп қалған шыбықты артынан
түзеймін десең, сындырып аласың».
Қазақ халқының «Баланы бастан» деген
нақыл сөзінің мəнісі осында. «Тəрбие
деген – баланы бетке қақпай, бетімен
жіберу емес. Баланы тəрбиелі қылу –
тұрмыс майданында ақылмен, əдіспен
күресе білетін адам шығару деген сөз.
Тұрмыста түйінді мəселерді тез шеше
білетін, адалдық жолға құрбан бола
білетін, адамзат дүниесінің керек бір
мүшесі болатын төрт жағы түгел тұлға
қылып шығару», – дейді [2. 98 б].
Қазақ халқының отбасында ұлттық
тəрбие ана құрсағынан басталып,
адамның өмір бойындағы жəне адамды
дүниеден шығарып салумен аяқталатын
əдет-ғұрыптар
мен
салт-дəстүрлер
негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-əрекеттер
мен қарым-қатынаста жүзеге асырылған.
Осылайша, қазақ халқының отбасында
ұлттық тəрбие дəстүрлері негізінде іске
асырылып отырылған. Қазақ халқының
отбасында ұлттық тəрбиенің негізі
халықтық педагогика болған.
20
ғасырдың 30-жылдарында
халықтық педагогика ғылымының да-
муына ерекше жəне ұлттық тəрбие ілімін
қалыптастыруға қазақ ағартушы-педагог
қауымы айрықша өз үлестерін қосты. Атап
айтқанда, А.Байтұрсынов, Т.Шонанов,
М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев
тағы басқа педагог-ғалымдарымыздың
еңбектерінде бала тəрбиесіндегі салт-
дəстүрлерге байланысты айтылған ой-
пікірлері болашақ жастарға мол мұра
болмақ. Мəселен, А.Байтұрсынов «Бала-
ны бастан тəрбиелеу деген – баланы жас
басынан дұрыс тəрбиемен өсіру деген
сөз. Дұрыс тəрбиемен өскен бала тіршілік
ісіне икем, бейнетіне берік болып өспек.
Дұрыс тəрбиенің асылы – баланың жаны-
мен, тəнімен керек деп танылған істерді
бала табиғатының əуенімен істеу, сол
дұрыс тəрбие болады» деп ой толғайды.
Қазақ халқында ұлттық тəрбие
басқа халықтардан өзгеше жəне ерекше
болған. Осылайша, қазақ халқының бала
тəрбиесіне деген ерекше көңіл бөлуі,
балаға қамқорлығы туралы сөз етуге
əбден болады.
Балаға ұлттық тəрбие үлгілерін от-
басында беру қазақтар үшін ерте қолға
алынып, əр буынның өзіне тəн тəрбие
құралдары ойластырылған.
Халқымыз баланы отбасының жəне
өмірдің жалғасы мен болашағы деп
санаған. Мəселен, отбасында баланың
болуына жəне бала санының көп болу-
ын тілеген. Оған халқымыздың мынадай
мақал-мəтелдері дəлел бола алады: «Бала
– болашақтың ертеңі, дана – дүниенің
көркемі», «Бала тəрбиесін бесікке салар-
дан баста, келін тəрбиесін есікке алардан
баста», «Баланың күлкісі – ананың ажа-
ры, ана күлкісі – шаңырақтың базары»,
«Бала – азаматың, немере – қолқанатың»
тағы басқа да бала тəрбиесіне қатысты
даналық сөздері бар.
Ұлттық салт-дəстүр – əрбір қоғамның,
ондағы əлеуметтік топтардың белгілі бір
өмір сүру тəсілі. Бұл ұғым қоғамның,
оның таптары мен топтарының өздеріне
тəн жұмыс, тұрмыс жағдайларына жəне
мəдениетінің дамуы мен отбасындағы,
сондай-ақ, тұрмыстағы қарым-қатынас
ерекшеліктерін бейнелейді. Осы асыл
мұра өмірде қолданылмаса, біртіндеп
шетке ығысып, бара-бара ұмыт болып
қала береді. Ал тіл, дін сақталмаса, ол
халық ұлт ретінде жойылады. Сонымен
тіл, дін бар жерде ел бар, ал ел бар жерде
салт-дəстүр бар.
Баланы
ұлттық
салт-дəстүрлер
төңірегінде тəрбиелеген. Бала тəрбиесіне
байланысты салт-дəстүрлерді атап кетер
болсақ, олар: құрсақ тойы, шілдехана,
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
130
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
сүйінші, қырқынан шығару, бесік тойы,
тұсау кесу жəне сүндетке отырғызу, тағы
басқа дəстүрлер жүйелі түрде іске асып
отырған [9. 73 б].
Тіліміз, дініміз, салтымыз қайта ора-
лып жатқан кезде аға ұрпақтың бойынан
берілген тəрбиелік дарынды жоғалтпай
жалғастыру, оны адамдар мүддесіне жа-
рату колледж оқушыларының болашақта
адал азамат болуына ықпал етеді.
Ежелгі тəрбие құралы – халық ауыз
əдебиеті нұсқаулары, халық қазынасы
– ертегі, жұмбақ, мақал-мəтелдер,
өлең, тақпақтар ауызша жатталып, ата-
дан балаға мирас болып қалып, оның
ой-сезімін дамытуға, тілін ширатуға
айналадағы қоғамдық өмір шындығын
танытуға, тіршілік көзі еңбекке, белгілі
бір кəсіпке баулуға үлкен үлес қосып
келеді.
Қорыта келгенде, бүгінгі күндері
ұлттық тəрбиеге ерекше мəн берілуде.
Бірақ, қалалы жерлерде отбасында
орысша тəрбиеге бой алдырушылық –
ұлттық тəрбиені, дəстүрді босаңсытып
алғанымыздың салдары. Сондықтан
тілді қастерлеу, ұлттық тəрбиемен су-
сындату жəне осыларды күнделікті
қажетімізге, өмірімізге жарату – елдің,
өз отанын сүйетін əрбір азаматтың бо-
рышы.
ƏДЕБИЕТТЕР:
1.Əл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1972. - 302-307 б.б.
2.Абдрейімова А.П., Тастанова А.С. «Қазақ халқының салт-дəстүрлер жəне əдет-ғұрып
мəдениеті». Педагогика мəселелері//№3-4, 2009 ж. – 133б.
3.Есекешова М. «Қазақ ағартушылары тəрбие туралы». Қазақстан мектебі//№11, 2008 ж, -
7-73б.б.
4.Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992 ж. - 98 б.
5.Тастанов А.Ж. «Тəрбие негізі тереңде жатыр»// «Білім беру жүйесін модернизациялаудың
қазіргі əдістері» атты Ш.Шаяхметовтың 70 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-
практикалық конференция бағдарламасы, 2009ж., 3 сəуір, - 570-573 б.б.
6.Тастанова С.П.Халықтық педагогика негізінде балаға тəрбие беру. Педагогика мəселелері
журналы //«Педпресс» баспаханасы №3-4. - 130-131 б.б., 2009 ж.
7.Түркіменбаева Қ. «Қазақтың салт-дəстүрін жандандырайық»// «Қазақстан мектебі»//№4-2002,
- 43-44 б.б.
8.Сахитжанова С., «Тəрбие негізі тереңде жатыр»//Ақиқат журналы, №10, 2008 ж.
9.Муталиева Д.Р. «Влияние взаимоотношений старшего и среднего поколения в семье на вос-
питание дошкольников гуманного отношения к людям», Дисс. Канд. Пед.
Резюме
В этой статье дан анализ привития национального воспитания молодому подрастающему по-
колению.
Summary
In this clause the analysis of inculcation of national education to young growing up generation is
given.
131
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Л.С.Ахимбекова –
Қазақ Мемлекеттік Қыздар
Педагогикалық Университетінің оқытушысы
ƏЛ-ФАРАБИ ТРАКТАТТАРЫНДАҒЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ТƏРБИЕ
МƏСЕЛЕЛЕРІ
Дамыған жəне мықты қоғамның тірегі
– білім. Адамзаттың болашағы ең алды-
мен, оның интеллектуалды, ақпараттық,
адамгершілік прогресіне тікелей байла-
нысты.
Білімнің
мазмұн-мағынасын
анықтау жəне оған жіктеу жасау жөніндегі
əл-Фараби ілімі орта ғасырдағы ғылыми
ой-пікірдің ең маңызды жетістіктерінің
бірі болды. Сөйтіп, ол білім салаларының
дамуында жəне оларды жүйелеуде елеулі
рөл атқарды. Ғылымда жіктеу жөніндегі
əл-Фарабидің еңбегі ХІ-ХІІ ғасырларда
көне грек, латын тілдеріне аударылды,
сөйтіп, Батыс Еуропа ғалымдары арасын-
да жоғары бағаланды. Батыстың кейінгі
зерттеушілері оның трактаттарын орта
ғасырдағы ғылымның энциклопедиясы
деп атады.
Əл-Фарабидің ғылыми-философиялық
еңбектері оқу-тəрбие мəселелеріне
арналған. Оның пікірінше оқу, білім алу,
ғылыми адам болу адамгершілік жəне
еңбек тəрбиесі мəселелерімен тығыз бай-
ланысты. Ол білім алу, оқу еңбегін пайда-
лы еңбекке жатқызады. Еңбек тəрбиесінің
теориясын жасауда Аристотель негізін
салған
теорияның
анықтамасына
сүйенеді. Демек, ол қандай да болсын
құбылысты
түсіндіруге
бағытталған
ұғымның, идеяның, белгілі бір саласының
мəнді байланыстары мен заңдылықтары
жөнінде толық түсінік беретін ғылыми
білімді қорытудың ең жоғарғы форма-
сы деген қағиданы ұдайы басшылыққа
алып отырды. Осы негізде алсақ, еңбек
тəрбиесінің теориясын əл-Фараби «Өзінің
ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логи-
калы байланыста болатын біртұтас білім
жүйесін құрайды» [1] деп тұжырымдады.
Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ, бұл
тұжырым студенттерге саналы тəртіп,
сапалы білім беріп, пайдалы қоғамдық
еңбекке баулу деген сөз.
Əл-Фараби
тəрбиенің
барлық
мəселелерін
логикамен,
тəрбие
мұратымен, білім алумен, үйренумен
үлгілі тəжірибемен, оқумен байланыстыра
уағыздағанын білеміз. Ол өзі жазған «Ақыл
мен түсінік» атты еңбегінде ақылдылық
пен адамгершілік үлгілі тəрбиеге байла-
нысты, оның негізгі таза еңбекте, еңбек өз
кезегінде тəрбиенің негізінен туындайды
деген еді. Тəрбие қоғамдық өмірдің жалпы
жəне қажетті категориясы екенін біз тəрбие
тағылымынан жақсы білеміз. Демек,
жасөспірімдер мен аға буын арасындағы
мирасқорлық тəрбие арқылы жүзеге аса-
ды. Дəлірек айтсақ, тəрбие жеке адамның
адамгершілік, ақыл ойының дамуында,
еңбекке баулуда басты рөл атқарады.
Əл-Фараби жас ұрпаққа жəне жеке
адамдарға тəлім-тəрбие беріп, еңбекке
үйретіп,
еңбек
тəрбиесін
беретін,
ұстаздық жасайтын адамдарды өте жоғары
бағалаған. Оның ойынша тəрбиеші адам –
«мəңгі нұрдың қызметшісі» [2]. Ол барлық
ой мен қимыл əрекетіне ақылдың дəнін
сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған
оттың көзі, – деген əл-Фараби.
Этика əл-Фараби мұрасының ішінде
үлкен орын алады. Этиканы ол ең алдымен,
жақсылық пен жамандықты ажыратуға
мүмкіндік беретін ғылым деп қарады.
Сондықтан, оның этика жөніндегі концеп-
цияларында жақсылық, мейірбандық ка-
тегориясы басты орын алады. Жақсылық
мазмұн-мағынаның бір бөлігі, сондықтан
ол материяның өзінде бітіп қайнап жатыр.
132
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Ал жамандық жақсылық сияқты емес, ол
болмыс жоқ жерден пайда болған дейді.
Ұлы ғалымның осынау этикалық ойла-
рынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол
адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан
иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан
да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп
түсінеді. Бірақ, жамандықты жақсылық
жеңгенде ғана адам баласы ізгі мұратына
жетеді деп қарайды. Əл-Фараби бұл салада
жасаған қорытындысының басты түйіні
– білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің
бірлігінде, əл-Фарабидың гуманистік иде-
ялары əлемге кең тараған. Ол ақыл ой мен
білімнің биік мəнін, халықтар арасындағы
туысқандық, достықтың принциптерін
егіле жырлады, адамгершілік, мораль
мəселесін діни тұрғыдан берілетін негіздеу
екенін көрсетті.
Сондай-ақ,
əл-Фарабидің
педагогикалық жүйесінде тəрбие мен
тəлім, білім мəселелері бір-бірімен
органикалық, диалектикалық байланыста
қарастырылды. Əл-Фараби де Аристотель
сияқты адамды қоғамдық жан деп қарап,
өзінің бүкіл педагогикалық, этикалық жəне
басқа гуманитарлық көзқарастарында осы
қағиданы басшылыққа алады. «Ізгі қала
тұрғындарының көзқарастары» атты трак-
татында адамзаттың өзара бірлестік пен
өзара көмекке зəрулігі туралы əл-Фараби
былай деп жазады: «Жаратылысында əрбір
адамға өз тіршілігі үшін жəне ең жоғары
кемелділік дəрежесіне жету үшін көп нəрсе
керек, ол мұны өзі жалғыз жүріп таба ал-
майды жəне бұған жету үшін ол қандай
да бір адам қауымын қажет етеді, осы
қауымдағы адамдардың əрқайсысы оған
қажетті нəрселердің жалпы жиынтығынан
қандай да бір затты тауып беріп отырады.
Оның бер жағында əрбір адам өзінен басқа
екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге
түседі. Міне, сондықтан да бір-біріне
көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің
өмір сүруіне қажетті нəрселердің бір
бөлігін тауып беріп отыратын көптеген
адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам
өзінің жаратылысына сай кемелділік
дəрежесіне жете алады» [3].
Қоғамды кемелдендіру – бақытқа
жетудің басты шарты болып табыла-
ды. Тек кемелденген қоғамда ғана адам
ғылым, философия, тəрбие арқылы
кемелдікке жете алады. Əл-Фараби шарт-
ты түрде адамды бақытқа, кемелдікке
жеткізуге тиісті негізгі құрал ретінде
мінез-құлық, моральдық жəне ақыл-ой,
интеллектуальдық тəрбиелерге шешуші
мəн береді. Ол былай дейді: «Біз жақсы
мінез-құлық пен ақыл-парасатқа ие болған
кезде солардың арқасында міндетті түрде
бақытқа жетеміз... Бұл екеуі бар кезде
біздің өзіміз жəне іс-əрекеттеріміз үстем
де кемел болады, осылардың арқасында
біз шын мəнінде қастерлі, қайырымды,
инабатты боламыз».
Əл-Фараби
өзінің
трактаттарында
халықты, тұрғындарды мінез-құлықты,
ақыл
парасатты
етіп
тəрбиелеуде
қайырымды қала, мемлекеттерге, олардың
басшыларына үлкен орын береді. Ол бы-
лай деп жазды: «Тұрғындар бір-бірімен
шынайы көмекке бірігіп, шынайы бақытқа
жетуді көздеген қала қайырымды қала,
халқы да қайырымды адамдар болды. Егер,
дəл осылай бақытқа жету жолында барлық
халық бір-біріне қалтқысыз көмектесетін
болса, онда бүкіл дүние жүзі қайырымды
мекен болар еді» [4].
Əл-Фарабидің пікірінше, халықтар
достығы – ырыстың басы. Бұл – əл-
Фарабидің адамзатты болашақ бақытқа
жеткізу жөніндегі ең басты гуманистік
принципі. Ғұламаның түпкі ойы, иман-
дай сыры, міне, осы қағидада жатыр.
Басқаша айтқанда, адамдар бақытқа жету
жолында өзара көмек, достық, бейбітшілік
қатынаста өмір сүруі тиіс. «Адамдар тура-
лы айтсақ, – деп жазады ғұлама, – олар-
ды қосатын, байланыстыратын дəнекер,
тұтқа – адамгершілік болып табылады.
Сондықтан, адамдар адамзат тегіне жа-
татын болғандықтан, өзара бейбітшілік,
татулық сақтауы лазым».
Қазіргі дүниені неғұрлым дұрыс та-
нып, білу үшін жəне жақсы өмірдің
133
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
дұрыс жолын таңдай білу үшін жəне
жаңа мыңжылдықта білімді, тəрбиені,
адамгершілікті, ізгілікті дамыту үшін біз əр
уақытта, əр дəуірде өзімізге дейінгі өткен
идеялар мен қағидаларға сүйенгеніміз
жөн. Ондай идеяларды əл-Фараби со-
нау ерте орта ғасырлардың өзінде адам-
зат ілімінің молайып, ақыл-парасаттың
жетілуін, оқу-ағартудың қажеттілігін ай-
тып, білім алудың маңызын атап көрсеткен
болатын. Сол идеялар оның 140-тан астам
трактаттарының арқауы болды.
Заман талабына сай білім беруде
студенттерді қандай бағытта оқытып жа-
тырмыз десек, əрине, бұл оқытушының
іс-əрекетімен тығыз байланысты. «Не
ексең, соны орарсың» демекші, нені
үйретсең,
сол
бағыттағы
маманды
көреміз. Студенттердің қызығуы арқылы
танымдық белсенділігін қалыптастыруға
болады. Осы кезде ұлы Абайдың мына бір
сөздері еріксіз еске түседі. «Ғылым, білімді
əуел бастан өзі ізденіп таппайды. Басында
зорлықпен, яки алдаумен үйір қылу керек,
үйрене келе өзі ізденгендей болғанша…
Шынында да, бала күнінде зорлықпен, ал-
даумен ғылымға үйір еткен соң, бара келе
əр нəрсе адамзаттың қызығушылығын
оятатындай іс-əрекет туғыза білуі қажет.
Қашан бала ғылым, білімді махаббатпен
көксерлік болса, қызығушылықпен кірісе
білсе, сонда ғана оның аты адам болады.
Сонда ғана дүниені танитындығы рас»
[5].
Əл-Фараби тəрбие процесінде «қатты
əдіс» пен «жұмсақ əдіс» ұштастыруды
талап етеді. Ол оқыту мен тəрбиелеудің
мақсаттарын жеке-жеке анықтайды. Қазіргі
тəрбие процесі тұрғысынан қарағанда,
«қатты əдіс» деп отырғаны жазалау да,
«жұмсақ əдіс» деп отырғаны мадақтау
болса керек. Демек, Фараби педагогикалық
ықпал ету əдістерін алғаш ұсынған, оның
тиімділігін қолдану жолдарын дəлелдеп
кеткен дана ғалым. «Ғылымдар тізбегі»,
«Ғылымдардың шығуы» атты еңбектерінде
ол ғылымдарды үйрену, үйрету реттерін
белгілейді.
Əл-Фарабидің пікірінше, оқу, тəрбие,
білім алу, еңбек ету, ғылым адамы болу
адамгершілік жəне еңбек тəрбиесіне тығыз
байланысты. Əл-Фараби ең алғаш еңбекті,
таза еңбекті, адал еңбекті тəрбиенің
алғышарты етіп алды. «Тəрбиені неден ба-
стау керек», «Философияны үйрету үшін
алдын ала не білу керек» еңбектерінде
ғылымды, оқу-ағартуды меңгеру, білім,
тəрбие алу, еңбекке үйрену, философия-
ны меңгеру тəрбие əдістеріне байланы-
сты екенін ғылыми тұрғыда дəлелдеді.
Осы негізде ол оқыту мен тəрбиелеудің
мақсаттарын
жеке-жеке
анықтады.
«Ғылымдар
тізбесі», «Ғылымдардың
шығуы»
еңбектерінде
ғылымдарды
үйрену реттерін белгілейді жəне тəрбиенің
оның ішінде еңбек тəрбиесінің тарихи
тағылымын, үлгісін, болашақ ұрпаққа
өнеге, тəлім етіп қалдырды.
Сонымен, əл-Фараби туындыларының
оның ішінде білім, тəрбие жəне еңбек
тəрбиесі, адамгершілік, игілік тура-
лы тағылымдарының маңызы əлі күнге
дейін өз маңызын жойған жоқ. Қайта оны
тағылымдарының мазмұны қазіргі тəуелсіз
Қазақстан жағдайында қайта түлеп, заман
талабына сай жаңа көрініс алуда. Ол жаңа
теориялық мазмұн алары анық.
ƏДЕБИЕТТЕР:
1. Машанов А. Əл Фараби. – Алматы, 1970. - 11б.
2. Григорян С.Н. Великий мыслители Средней Азий. – Москва, 1958, с 12.
3. Əл-Фараби. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары». Философиялық трактаттар. – Алматы,
1973. - 318 б.
5. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 1986.
134
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Достарыңызбен бөлісу: |