Ұлттық ТӘрбие c m y k бас редактор с. Ж. Пірәлиев


«Баланы  бастан  тәрбиелеу  деген  -  баланы  жас



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата03.03.2017
өлшемі6,1 Mb.
#5489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

«Баланы  бастан  тәрбиелеу  деген  -  баланы  жас 
басынан  дұрыс  тәрбиемен  өсіру  деген  сөз.  Дұрыс 
тәрбиемен өскен бала тіршілік ісіне икем, бейнетіне 
берік  болып  өспек.  Дұрыс  тәрбиенің  асылы  - 
баланың  жанымен,  тәнімен  керек  деп  танылған 
істерді бала табиғатының әуенімен істеу, сол дұрыс 
тәрбие болады»
 Ахмет Байтұрсынұлы

50
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
С.С.Қоңырбаева –
педагогика ғылымдарының кандидаты,
Жалпы педагогика кафедрасы, ҚазМемҚызПУ
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЛТТЫҚ 
МАЗМҰНДА, ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ҚҰРЫЛУЫ
Отбасы – құрамы өзара туысқандықпен 
байланысқан,  өзара  қарым-қатынас  пен 
өзара көмекке моральдық жауапкершілікті 
және тұрмысы ортақ ерекше жақын топтың 
әлеуметтік бірлестігі. Қазіргідей білім мен 
ғылым, техника қарыштап дамыған заман-
да қазақ отбасының жан-жақты қызметін 
біз төмендегіше қарастырамыз:
– өмірге адам әкелу;
– тәрбиелеу және әлеуметтендіру;
–қарым-қатынастық 
және 
психологиялық реттеушілік;
– экономикалық және шаруашылық;
әлеуметтік-мәртебелік
– бос уақытты ұйымдастырушылық:
– жыныстық жақындық.
Отбасының  бұл  қызметтері  бірі-
бірімен  тығыз  байланысты,  бірін-бірі 
толықтырады, өзара жете түсініседі. 
Бала туу, өмірге адам әкелу – отбасының 
негізгі қызметі. Оны ешқандай мемлекеттік 
мекеме немесе басқа әлеуметтік институт-
тар атқара алмайды. Адамның биологиялық 
мүмкіндігін іске асыру ерлі-зайыптыларға 
телінген  басты  міндет  болмақ.  Ол  неке 
арқылы  бекіп,  отбасы  жағдайында 
жүзеге  асқанда  ғана  қалыпты  жағдай 
саналмақ. Бұл үлкен жауапкершілікті, ру-
хани қарым-қатынасты қажет етеді. Ерлі-
зайыптылардың  махаббатының  жеміс 
беруі, өсіп-өркендеуі, өмірдің ата-ананың 
орнын  басатын  ұрпақпен  жалғасуы  және 
олардың саны әке мен шешенің қалауымен 
болатын  іс.  Бұл  бір  жағынан,  саяси-
демографиялық  мәселе  болғандықтан  да 
ұлтжандылық  пен  адамгершілікті  талап 
етеді.
Тәрбиелеу 
және 
әлеуметтендіру 
қызметінің басты міндеті – өмірге адам да-
ярлау және бейімдеу. Бұл тек отбасындағы 
ата-ананың  үлгі  болуымен,  үйретуімен 
шектелмейді. Сонымен қатар, білім алуға 
баулу  арқылы  да  жүзеге  асады.  Бұл  от-
басы  жағдайында  баланың  өмірге  жан-
жақты сапаларын қалыптастыру, дамыту, 
даярлануы  болып  табылады.  Отбасын-
да  тәрбиелеу  және  әлеуметтендірудің 
өзіндік принциптері мен шарттары, талап-
тәртіптері, әдістері мен тәсілдері бар.
Отбасының  тәрбиелік  әлеуеті  – 
отбасының  түрлеріне,  құрылымына, 
салт-дәстүріне, 
ата-аналар 
беделіне 
қатысты  ерекшеліктеріне  сай,  балаларды 
тәрбиелеудегі  отбасының  материалдық, 
ұлттық,  психологиялық,  педагогикалық, 
рухани,  әсер  етуші  мүмкіндіктерінің 
жиынтығы.
Отбасы тәрбиесі – балалардың жеке ары 
мен  абыройы  сыйластық  пен  махаббатқа 
негіздеп,  олардың  қоғам  және  отбасы 
құндылықтарына  сәйкес  мүмкіндіктерін 
ескеріп,  тұлғалық  қалыптастыру  мен 
қорғауға  педагогикалық-психологиялық 
тұрғыда 
қолдауды 
қарастыратын 
отбасындағы  үлкендер  мен  балалардың 
ортақ мүдделі әрекеті. 
Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері:
–  Баланың барлық әрекеттеріне табиғи 
байланыс; 
–  Ықпал  етудің  ұзақтығы  және 
үздіксіздігі;
–  Балаға  қатысты  қоғамдық  орындар 
мен білім ордаларының мақсат-мүддесіне 
қызығушылық;

51
C
M
Y
K
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
–  Тәрбиелік  ықпалдың  қарама-
қайшылықтары мен қайталанушылығы;
–  Туысқандық  сезім,  махаббат,  сенім, 
өзара  жауапкершілік  негізінде  тіл 
табысудың етене жақындығы, табиғилығы, 
сан қырлылығы;
–  Ортақ сырды сыртқа шашпау;
–  Мамандығы,  іскерлігі  және  түрлі 
қызығушылығы бар әр жастағы адамдар-
мен тіл табысып, өзара ықпалдас болу;
–  Ықпал жасауға өзара бағыттылық. 
Отбасы  тәрбиесіне  теріс  ықпал  етуші 
факторлар:
–  Материалдық 
құндылықтарға 
басымдылық беру;
–  Ата-аналардың рухани жұтаңдығы;
–  Ата-аналық сезімнің жетіспеуі;
–  Әміршілдік  немесе  шектен  тыс 
босаңдық;
–  Қалыпты психологиялық ахуалдың 
болмауы;
–  Діни  ағымдар  мен  партиялардың 
ықпалына көзсіз берілушілік;
–  Үлкендердің  құқық  бұзушылық 
әрекеттері;
–  Отбасындағы 
үлкендердің 
п е д а г о г и к а л ы қ - п с и х о л о г и я л ы қ 
білімдерінің болмауы.
Отбасындағы тәрбиенің мазмұны тұлға 
мәдениетінің  негізін  қалыптастыратын 
компоненттер жинағынан тұрады:
–  ұлттық мәдениет;
–  өмірде өзін-өзі тану мәдениеті;
–  зияткерлік;
–  адамгершілікті;
–  эстетикалық;
–  тұлғаның 
дене 
және 
еңбек 
мәдениеті;
–  жынысаралық қатынас мәдениеті.
Отбасы тәрбиесінің ұстанымдары:
–  мақсатқа құрылуы;
–  мәдениетке басымдылық танытуы;
–  ізгілікті адамгершілік;
–  баланың  өмірін  және  оның  талап-
тілектерін тәрбиемен байланыстыру;
отбасы тәрбиесінің қоғамдық тәрбиемен 
байланыстылығы және бірлігі;
–  баланың  тұлғалық  дамуының 
ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктерінің 
ескерілуі;
–  тәрбие 
талаптары 
мен 
ұстындарының бірлігі;
–  отбасындағы  әрекет  пен  тәрбиелік 
өзара 
қарым-қатынасқа 
баланы 
қатыстыру. 
Отбасындағы  тәрбие  тікелей  ата-
ана  басшылығымен  жүзеге  аспақ.  Ата-
ана  беделінің  болуы  –  басты  талап. 
Ата-ана  беделі  –  тәрбиеленушілер  мен 
тәрбиешілердің  бірін-бірі  сыйлап,  сенім 
білдіруі,  талап-тілектері  мен  еркіне 
бағынуы арасындағы өзара қалыпты қарым-
қатынас.  Отбасындағы  әлеуметтендіру 
мүмкіндіктерін  жүзеге  асыруда  ата-ана 
беделінің  шынайылығы,  үлкендік  күш 
көрсетуден  ада  болуы,  педагогикалық 
жоғары  талап  болмақ.  Алайда,  ата-
аналар  тарапынан  демократиялықпен 
қатар  бақылаушылық  қарым-қатынас 
отбасындағы  тәрбиеде  безбеннің  екі  ба-
сындай тең болуы тиіс.
Мұғалімдер 
тарапынан 
отбасы 
тәрбиесіне  педагогикалық  ықпал  – 
әлеуметтік-педагогикалық,  ақпараттық, 
әдістемелік 
көмек. 
Оқушыларды 
отбасылық  өмірге  даярлаудың  басты 
компоненттері: тәрбиелеу, оқыту мен білім 
беру  болғандықтан,  ата-аналарды  ұрпақ 
тәрбиесіне  даярлауда  педагогикалық-
әдістемелік  жағынан  көмек  көрсету  –  ба-
сты қажеттіліктердің бірі болмақ.
Отбасы  өз  қызметін  ер  мен  әйелдің 
әлеуметтік деңгейі, білімі және өмір сүрген 
ортасына сай атқарады. Отбасы әлеуметтік 
ортасына сай бірнеше түрге бөлінеді: ауыл 
қазақтарының отбасы, қала қазақтарының 
отбасы және жұмысшы отбасы, зиялы от-
басы, космополит (шала қазақ) отбасылар.
Ауыл қазақтары отбасының әлеуметтік 
орта шағын болғандығынан да барлық ауыл 

52
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
адамдары  алдында  өз  міндетін  сезінетін 
(таныс болғандықтан кездескен ауыл адам-
дарына  сәлемдесу,  жәрдемдесу,  есеп  беру 
т.б.)  тұлға  даярлау  мүмкіндігі  жоғары. 
Ауылдық  отбасыларда  жасөспірімдерді 
әлеуметтік ортада бейімдеу және сынауға 
жағдай жасалған. Оған отбасы мүшелері, 
ата-әже,  әулет  мүшелері,  көрші-қолаң, 
ауыл ақсақалдары атсалыса алады.
Қала қазақтарының отбасы үшін ұрпақ 
тәрбиесіне мектеп пен қоршаған орта ғана 
ықпал ете алады. Қалалық отбасылардың 
балаларын  жан-жақты  тәрбиелеуіне, 
қабілеті  мен  бейімділігін  шыңдауына 
мүмкіндік  баршылық.  Әйтсе  де  болашақ 
отбасылық  өмірге  даярлау  мәселесін  от-
басы  мен  мектеп  қана  қарастырады  және 
баланың  өзі  қалаған  ортасында  дамы-
ту да ескерілуі керек. Көп жағдайда қала 
қазақтарының  отбасылары  үшін  басты 
қиыншылық:  бала  ата-ана  мен  сынып 
жетекшісі назарынан басқаға аса маңызды 
емес.
Сонымен  қатар,  жұмысшы  отбасын-
да  тәрбиеленген  баланың  да  әлеуметтік 
ерекшеліктері  болуы  мүмкін.  Себебі, 
ата-ананың  араласатын  ортасы  да  кейде 
балаларға  ықпалды  болады.  Балалардың 
жас  ерекшелік  психологиясына  сай, 
әдіс-тәсілдерді  оңтайлы  қарастырылу 
жолға  қойылмауы  мүмкін.  Сырласу, 
ақылмен  көмектесуге  де  дұрыс  бағыт 
педагогикалық-психологиялық  тұрғыда 
болуы керек.
Зиялы  отбасында  баланы  тәрбиелеу 
мен өмірге бейімдеудің қолға алынуы са-
налы түрде жауапкершілікті қарастырады. 
Ұлттық тәрбие мен ұлттық құндылықтар 
биік  мәдениет  аясына  топтастырылуы, 
зиялы  ата-ананың  өздері  үлгі  болуы, 
қоршаған ортаның мәдениеті ойластыры-
луы қажет. 
Космополит  (шала  қазақ)  отбасылар 
ХХІ  ғасырда  қазақтың  көлемді  пайы-
зын  құрап  тұр.  Елбасымыз  2007  жылы 
9  сәуірде  теледидардан  тілшілерге  бер-
ген  сұхбатында:  “9  миллион  қазақтың 
4  жарым  миллионы  –  өз  ана  тілінде 
оқып-жаза,  сөйлей  білмейтіндер”  деді. 
Қазақ  тілінде  сөйлей  білмеген  жанның, 
қазақтың  этнотәрбиесі  мен  болашақтың 
ұлттық мұратын, тіпті ұлт мүддесін терең 
сезіне,  түсіне  қояды  деу  –  артықшылық. 
Бұл отбасыларға қазақ мәдениетінен гөрі, 
орыстың  немесе  батыстың  өмір  салтын 
үлгі  етеді.  Космополит  отбасылардың 
ішінде аралас некедегілер мен азаматтық 
некеде тұратындар да кіреді. Космополит 
отбасылардың  пайда  болуына  еліміздің 
басынан  кешкен  тарихи  кезеңдер  мен 
нарықтық-экономикалық 
өзгерістер 
тікелей  ықпал  етті  деп  айтуымызға  негіз 
бар.
«Отбасы 
– 
шағын 
мемлекет» 
болғандықтан да уақыттың және қоғамның 
әсерінен ол үздіксіз дамиды, өзгерістерге 
ұшырайды. Өмірлік құндылықтары да за-
ман  өзгерісіне  сай  өзгереді.  Ал,  ұлттың 
ерекшелігін сақтап, келбетін айшықтайтын 
этномәдени  құндылықтар  ұмытылмауы, 
дәріптелуі тиіс.
Жаһандану 
жағдайында 
қазақ 
отбасының  ұлттың  қалпы  мен  салтын 
сақтай  отырып  дамуына  педагогикалық 
тұрғыдан  ықпал  етудің  қажеттілігі 
дәлелдеуге мұқтаж емес.  
Қазақ 
қауымының 
әлеуметтік 
ұйымының  бастапқы  ұясы  патриархалды 
отбасының  бастау  алатын  ата-бабалары 
немесе  әулеті  болса,  олардан  құралатын 
ру-тайпа  одан  бірнеше  есе  үлкен  болған. 
Қазақ  халқының  арасында  рулық  салт-
сананың  сақталып  келгенін  олардың  әр 
түрлі туысқандық қарым-қатынастарынан 
көре  аламыз.  Ең  алдымен,  жеті  аталық 
ұстанымға  негізделген  бұл  жол  қазақ 
халқының этнобиологиялық, этномәдени, 
этнопедагогикалық, 
этноәлеуметтік 
ұлттық  рухани  тұтастығын  қамтамасыз 
етіп отырған.

53
C
M
Y
K
ОТБАСЫ  ТӘРБИЕСІ
Ғалым 
К.Қожахметова 
«қазақ 
отбасындағы  этноәлеуметтік  рөлдер» 
ұғымын  ендірген.  Этнопедагогикадағы 
бұл  тұғырдың  біздің  тақырыбымыз 
тұрғысынан 
маңызы 
ерекше. 
Халқымыздың сан ғасырлар қалыптасып, 
тарих  талқысынан  өткен,  салт  пен  әдет-
ғұрып аясында өрбіп, тәрбие шеңберінде да-
митын, заман талабымен жаңғырғанымен, 
қалпын  сақтайтын  тамаша  дәстүрлері 
бар. Солардың негізгісі – “үш жұрт”. “Үш 
жұрт” – ұғымы туысқандықты сақтайтын 
этноәлеуметтік  тұтастық.  “Жігіттің  үш 
жұрты” болып патриархалды түсінікке сай 
айтылғанымен, мейлі ер, мейлі әйел бол-
сын, отау тігіп отбасын құрғаннан бастап, 
туысқандық қарым-қатынасты үш жұрты 
арқылы өрбітеді. 
Этноәлеуметтік  рөлдер  “үш  жұрт”  ая-
сында өз қызметін жан-жақты өрістетеді. 
Халқымызда  “Ағайын  жұрт  –  күншіл, 
қайын  жұрт  –  міншіл,  нағашы  жұрт  - 
сыншыл” деген сөз бар. Бұл, бір жағынан 
әлеуметтік-психологиялық 
сипаттама 
болғанымен,  әлеуметтік-педагогикалық 
жағынан үш жұрттың адамды тәрбиелеудегі 
ұстанатын  қағидасын  көрсетеді.  Демек, 
қазақтың жігіті немесе қызы үш жұртына 
жағу  үшін  үш  түрлі  ұстанымға  сай 
әлеуметтенуі  тиіс.  “Күншіл”,  “міншіл”, 
“сыншыл” ұстаным – адамды шыңдайтын 
аса өткір талаптар. Мысалы, отбасындағы 
 
ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ТҰТАСТЫҚ 
ЭТНОБИОЛОГИЯ 
ЭТНОМӘДЕНИЕТ 
ЭТНОПЕДАГОГИКА 
ЭТНОӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР 
1-сурет.  Ұлттық  рухани  тұтастық  пен  этноәлеуметтік  қарым-
қатынастардың байланысы
ерлі-зайыптылардың    «Үш  жұрты» 
дербес  қарастырғанда  –  алтау,  тұтас 
қарастырғанда  –  төртеу.  Халқымыздың 
«Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу 
түгел болса төбедегі келеді» деуі, ұлттың 
әр істе бірлікте, тұтастықта ғана жетістікке 
жететініне  жасалған  тұжырым  болса  ке-
рек.
Жаһандануға  бет  бұрған  қалпымызда 
ұлттық  ерекшелігімізге  негіз  болып  та-
былатын  ұлттық  құндылықтарымызды 
сақтау  және  ұлттық  ұрпақ  тәрбиесі 
мәселесінің  маңыздылығы  айқын.  Біздің 
зерттеуімізге  өзек  болғалы  отырған 
«ұлттық  құндылық»  ұғымы  тек  бүгінгі 
күннің мәселесі деуге болмайды. Адамзат 
тарихында  адами  құндылықтар  өмірдің 
мәні  мен  мағынасы,  маңызы  болды.  Бұл 
ғылым  ретінде  зерттеліп,  зерделеніп,  та-
мырын тереңге жібергендігіне тарихи де-
ректер дәлел бола алады. 
Құндылықтар туралы алғашқы түсінік 
антикалық  заманда  өмір  сүрген  Сократ-
тан  бастау  алады.  Сократ  «игілік»  деген 
ұғымды жеке-дара қарастырып, оған ерек-
ше мән беруінің өзі құндылықты болмысқа 
жақындатқаны.  Платон  үшін  құндылық 
–  өмір  сүру.  Аристотель  үшін  құндылық 
–  адамның  даналығы,  яғни  қандай  да 
болсын,  құнды  нәрсені  таба  білуі.  Софи-
стер  үшін  құндылық  –  «Адамның  өмірді 
бағалауы». 

54
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
1-кесте. Құндылықтардың мәні
Осылайша, бастауын Сократтан алатын 
«құндылық» ұғымы ХІХ ғасырдың екінші 
жартысынан  бастап,  дербес  ғылыми 
атауға  ие.  Адамзат  құндылығының 
негізін  құрайтын  және  оны  зерттейтін 
ғылым саласын аксиология дейді. Аксио-
логия  («ахіа»  грекше  «құндылық»,  «ло-
гос»  ілім, ғылым) ғылымының ең басты 
ерекшелігі,  оның  философиялық  сипаты 
басым келеді. Өйткені, ақиқат шындықты 
іздейді.  Ақсиологияның  ғылым  ретінде 
дамуына үлес қосқан философтар (Гегель, 
Кант,  Ницше,  Кассирер  т.б.)  мәдениеттің 
ішкі  құрылымынан  жалпыадамзаттық 
құндылық  арқылы  адам  алдына  қойған 
мақсатына жету жолында өмір сүру негізін 
құрайтын «мәнділік», «еркіндік», «игілік», 
«жақсылық»  сияқты  құндылықтарға 
ұмтылу қажет екенін атап көрсетті. 
Ресейлік 
ғалым 
Н.Д.Никандров 
«Құндылықтар  –  тәрбие  мақсатының 
негізі» деген мақаласында «құндылықтар 
өмірде 
халықтың 
менталитетінде 
қалыптасқан  ережелерді  есепке  ала-
ды.  Құндылықтардың  өзгеруі  тәрбие 
мақсатының  өзгеруіне  әсер  етеді»  деген. 
Шындығында,  тәрбие  мен  құндылықтар 
тағдыры  бір-бірімен  тығыз  байланысты. 
Сондықтан да халықтың ділі осы негізде 
қалыптасады.  Ұлттық  тәрбиені  айтқанда 
ұлттық құндылықтарды тілге тиек етеміз. 
Ал,  ұлттық  құндылықтар  жөнінде  айтар 
болсақ, тәрбиемен қорытындылаймыз. Бұл 
егіз  ұғым  тәрізді.  Себебі,  құндылықтың 
құнын  ұғындыруда  тәрбие  құралын  ай-
налып  өте  алмаймыз.  Демек,  бұл  қазақ 
халқының  ұрпағын  тәрбиелеуге  негіз 
болатын  ұлттық  мәдениеттің  тірегі.  Бұл 
жөнінде  ұғымның  ғылыми  тұрғыда 
ашылған анықтамаларына да сүйенеміз.
Ұлттық  құндылықтар  –  ұлттың 
өзіндік  ерекшелігі,  ұлттық  мәдениеттің 
өзгешелігі,  ұлттық  тілдің  байлығы, 
ұлттық  нақыш,  ұлттық  салт-дәстүрлер 
т.с.с. деген мағыналы түсінік беріліп, біздің 
жоғарыдағы ойымызды нақтылай түседі.
Ұлттық  құндылықтар  –  қауіпсіздігі 
сақталған  және  үдерісті  дамыған  қоғам 
мен мемлекеттің, тұлғаның сұраныстарын 
қанағаттандырушы 
нәрсе 
немесе 
құбылыс және оның қасиеттері, олай бол-
са,  жаһандану  заманында  қазақ  елінің 
дербес  қалпын  көрсететін  тұлғалар 
тәрбиелеуіміздің  қажеттігі  айқындала 
түспек. 
Демек,  ұлттық  құндылық  белгілі  бір 

55
C
M
Y
K
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
ұлтқа ғана тән, сол ұлттың дүниетанымы 
мен тәрбиесіне, жаратылысы мен мінезіне 
негіз  болатын  қасиеттерді  құраушы 
дүниелер  деп  тұжырымдай  келе,  ұлттық 
құндылық – ерекшелік, абырой, мақтаныш 
туғызатын,  ұлттық  мәдениет  пен  ұлттық 
мінездің іргетасы деген түбірлі ойға табан 
тірейміз.
Олай  болса,  қазақ  халқының  ұлттық 
құндылықтары  нені  құрайды,  қалай 
жіктеледі  деген  сұраққа  төмендегіше  ке-
стемен жауап береміз.
2-кесте Ұлттық құндылықтардың құрамы
Жалпы, 
ұлттық 
құндылықтардың 
жалпыадамзаттық 
құндылықтардан 
шығатынын  ескерсек,  әр  ұлттың  тілі  мен 
діні, ділі, өнері мен тарихы, орналасқан жері, 
Отаны  деген  ұғымдар  арқылы  мазмұны 
ашыла  түспек.  Ұлттық  құндылықтарды 
мүмкіндіктері  мен  ерекшеліктеріне  орай, 
жіктеп төмендегіше қарастырдық.

56
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
Отбасында  ата-ана  арқылы  берiлетiн 
тәрбиенiң басты мақсаты – баланың жасын, 
жеке ерекшелiгiн, психикалық процестерiн 
ескере  отырып,  өз  тегiн  жалғастыратын 
лайықты  ұрпақ  тәрбиелеу.  Бұл  мәреге 
жету  үшiн  отбасындағы  тәрбие  мынадай 
мiндеттердi шешуi керек:
–  баланың тағдырына, физиологиялық 
өсiп-жетiлуiне, денсаулығына жағдай және 
қамқорлық жасау;
–  бала 
тәрбиесіндегі 
барлық 
ұстанымдар  мен  тәрбие  әдістерін,  талап-
тілектерді  балаға  деген  махаббатты 
сезіндіруге лайықтап, реттеу;
–  балаларының  өзіндік  бағасымен 
санаса  отырып,    қоғамның  толыққанды 
мүшесi болуға даярлау;
–  еңбексүйгiштiкке  баулу,  баланы 
күнделiктi үй шаруашылығындағы еңбекке 
дағдыландыру;
–  отбасы  мүшелерiнiң  өзара  дұрыс 
қарым-қатынасын,  тiл  тауып  түсiнiсуiн, 
бiрiн-бiрi  тыңдап,  ата-ананы,  жасы 
үлкендердi сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;
–  бiлiм  алудың,  мәдени  мiнез-
құлықтың әдет-дағдыларын қалыптастыру;
–  баланың  икемдiлiгiн,  қабiлетiн 
байқап,  мамандық  таңдауға  бағыт  беру, 
бағдарлау;
–  әдебиетке,  өнерге,  мәдениетке, 
ғылымға  құштарлығын  (жас  ерекшелiгiне 
қарай  әдеби  кiтаптармен,  ойындармен 
қамтамасыз  ету,  театр,  мұражай,  көрме, 
галереяларға апару) тәрбиелеу;
–  баланың  ақылына,  күшiне,  бiлiмiне 
сай берiлген тапсырманы, талапты орында-
уын қадағалау, бақылау, тексеру, бағалау;
–  тәртiпке, 
ұқыптылыққа, 
жауапкершiлiкке, ойшылдыққа т.б. баулу;
–  өзiн-өзi  тәрбиелеуге,  дербестiкке, 
шығармашылыққа баулу;
–  отбасында баланың әлеуметтiк рөлiн 
бiлуге мiндеттеу;
–  баланы  өз  тегiн  жалғастыратын 
сабақтастыққа,  болашақ  жұбайлық  өмiрге 
тәрбиелеу.
Осы аталған мiндеттердi қазақ отбасын-
да қалай жүзеге асырудың жүйесін жасауда 
бірізділік  болмағанымен,  ғалымдарымыз 
өздерінің  зерттеу  нысанасы  тұрғысында 
қарастырып 
келеді. 
Әрине, 
қазақ 
отбасындағы  өзіндік  ұлттық  тәрбиесінің 
ерекшелігі, 
ұстанатын 
қағидалары, 
сүйенетін тағылымдары бар.
Қазіргі заман ерекшеліктерін ескере от-
ырып, бүгінгі қазақ отбасының ережесi:
1.   балаға жақсы ат қою;
2.   баланың тiлiн, ойын дамыту;
3.   денсаулықты сақтауға көңiл бөлу;
4.   отбасында 
балаға 
қатысты 
мерекелердi қалдырмай тойлау;
5.   отбасылық 
құндылықтарды 
бағалауға тәрбиелеу;
6.   баланың  жынысына  қарай  тәрбие 
беру;
7.   бiлiм алуына мүмкiндiк жасау;
8.   жауапкершілік қалыптастыру;
9.   дүниетанымын 
қалыптастыруға 
үйрету;
10.  қабiлетiн  шыңдап,  дарындылығын 
дамыту;
11.   баламен  оңаша  қалуды  естен 
шығармау;
12.  келеңсiздiктi балаларға естiртпеу;
13.  басқаларды үлгi ету;
14.   туысқандық 
сыйластықты 
ұғындыру;
15.   көршiмен тату болуға үйрету;
16.  баланың киiмiне мән беру;
17.   айтқанды тыңдауға, бағыну заңына 
үйрету;
18.  үй шаруасының барлық түрiне бау-
лу;
19.   қонақ күту, қонаққа бару;
20.  ата-бабадан  келе  жатқан  салт-
дәстүрдi отбасында қалыптастыру;
21.   мамандық алуына көмектесу;
22.  жұбайлық өмiрге даярлау;
23.  отбасында әлеуметтiк рөл белгiлеу;
24.  қоғамда  белсендi  өмiр  сүруiн 
үйрету;
25.  ұлттық  ұғымдарға  сүйiспеншiлiктi 
үйрету.
Ережелердің  мағынасы  толығымен 

57
C
M
Y
K
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
мазмұны ашылған нұсқасы «Отбасы: бала 
мен  ата-ана»  атты  әдістемелік  көмекші 
құралда берілген.
Ережелердi iске асырудағы әдiс-тәсiлдер: 
тыңдау,  үйрету,  түсiндiру,  пiкiр  алысу, 
әңгiмелесу, талқылау, талап қою, мадақтау, 
жазалау, мүмкiндiк беру, қамқорлық жасау.
Аталған 
әдiс-тәсiлдердi 
нақтырақ 
төмендегiше мазмұнда қарастырған жөн:
–  баланың тiлiн  ана тiлiнде шығарып, 
өз тiлiнде тәлiм беру;
–  бала  тәрбиесiне  қатысты  газет-
журналдарға  жазылып,  кiтаптар  пайдала-
ну;
–  балаларды  қызықтыратын  кiтаптар 
сатып алу, бiрге оқу, талдау;
–  ауызекi 
айтылатын 
халық 
шығармашылығындағы  өсиет  әңгiмелердi 
талдау;
–  балаңыздың сұрағыңызға берген жа-
уаптарын, уақытын белгiлеп, жазып жүру;
–  балаңызға 
махаббатыңыз 
бен 
мейiрiмiңiздi  сездiру,  жанашырлықты 
ұғындыру;
–  өз iсiңiзбен үлгi болу, көрсету;
–  баламен санасу, пiкiрiн тыңдау, ақыл 
сұрау;
–  баланың  сырын  жаймау,  сенiм 
қалыптастыру;
–  орындалатын талаптар қою;
–  үй 
шаруасына, 
қора-қопсы 
жұмыстарына араластыру;
–  жиi 
мадақтау, 
ынталандыру, 
жiгерлендiру;
–  шектен шыққанда жазалау;
–  сабағына көмектесу, көмек алу;
–  деректi  және  көркем  фильмдердi 
көрiп, талдау т.б.
Қазіргі қазақ баласын осыдан 25-30 жыл 
бұрынғы балалармен мүлде салыстыра ал-
майсыз.  Заман  өзгерген  соң,  адам  өзгеріп 
жатқандай  болып  көрінетін  шығар.  Алай-
да,  қазіргі  балалардың  ерекшелігі  туралы 
зерттеген  ғалымдардың  айтуынша,  қазіргі 
балалардың  80-90  пайызы  жаңа  санамен 
туылуда. Бұларды ғылымда «индиго бала-
лар» деп атайды. Мысалы, қазіргі балалар 
қазақ  тілінде  сөйлеуге,  домбыра  тартуға, 
ұлттық  киім  киюге  сұраныстары  жоғары. 
Демек,  қазақ  болуға  ұялмайды.  Қазіргі 
балалардың  ерекшелігі  туралы  өз  алдына 
дербес тақырыпта баяндама жасауға бола-
ды.   
Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын 
жас  ұрпақ  бойына  сіңіру,  құрметтеуге 
тәрбиелеудің 
маңыздылығын 
сезіну 
–  педагогикалық  парыз.  Қазіргі  кезде 
тәуелсіз  еліміздің  ертеңі  қазақ  халқының 
ұрпағының 
білімінің 
тереңдігімен 
өлшенеді.  Білімді  жан-жақты  қабілетті, 
ұлтының  болмысы  мен  сипатына  сай, 
мәдениетіне  құрметі  жоғары  ұрпақ  баға 
жетпес қазынамен тең. Бүгінгі таңда педа-
гогика  ғылымының  өзекті  мәселелерінің 
бірі – оқушыны жан-жақты дамытуда, білім 
беруде,  ғылымның  соңғы  жетістіктерін 
қолданып,  шығармашылық  жұмыстарды 
жасауға  қабілетті,  дүниетанымы  терең, 
көзқарасының  кеңістігі  кең,  рухани  бай, 
ұлттық  құндылық  қасиеттерді  жете 
түсінетін ұрпақ тәрбиелеу.
Мұндағы  басты  мақсат  –  тәуелсіз 
еліміздің  алдыңғы  қатарлы,  дамыған 
өркениетті  елдермен  терезесі  тең  бо-
луы  үшін,  қазақ  елінің  мәдениетін,  тілін, 
өнерін,  ғылымы  мен  экономикасын,  елі 
мен  жерінің  байлығын  ұлттық  құндылық 
деңгейіне көтере білетін тәрбиелі ұрпақты 
өмірге дайындау.
Резюме
В данной статье автор указывает направления семейного воспитания с точки зрения националь-
ных традиций.
                                                                          Summary
In this article, the author points out the direction of family education in terms of national traditions.

58
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет