Ұлттық ТӘрбие пәнінен дәрістер


Дәріс 3-4. Менталитет (діл). Қазақ халқының ділі (менталитеті). Елтану. Қазақтану. Ұлттық өзіндік сана



бет3/12
Дата27.04.2023
өлшемі64,38 Kb.
#87480
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәріс 3-4. Менталитет (діл). Қазақ халқының ділі (менталитеті). Елтану. Қазақтану. Ұлттық өзіндік сана.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Діл мінездемесі: ақыл, ой бейнесі, мінез толғанушылығы, дүниетанымы, адамдардың интегралды мінездемесі, көзқарастар т.б.
2. Ділдің құрылымдық компоненттері.
3. Ұлттық құндылықтар – діл негізі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1. Діл (менталитет) құндылық бағдарды, қағидаларды, уәждерді, қажеттіліктерді және т.б. бейнелейтін жеке және топтық сананың деңгейі мен ерекшеліктерінің жағдайын сипаттайды, қазіргі уақытта ұлттық және тұлғалық ділдің мәнін зерттеудің қажеттілігі туындауда. Ділдің мәнін әлеуметтік-топтық көзқарас тұрғысынан қарастыруда, оның бұқаралық, пролетарлық, буржуаздық, бюрократиялық және т.б. түрлерін бөліп көрсетуге болатыны байқалады. Философиялық әдебиеттерде менталитет – белгілі бір дәуірдегі, географиялық аймақтағы және әлеуметтік ортадағы адамдардың түсініктерінің, көзқарастарының, сезімдерінің жиынтығы, қоғамның тарихи және әлеуметтік үдерістерге ықпал ететін психологиялық құрылымы; психологтардың көзқарасынша, менталитет адамдардың психологиялық өмірінің ерекшелігі ретінде сол қоғамдағы білім мен діни сенім және басымды қажеттіліктерге негізделген ой-пікірлер, бағалау, нормалар мен ақыл-ой шабыттарының жүйесі арқылы ашып көрсетіледі. Діл (менталитет) этнос (халық, тайпа, ұлыс, ұлт), мәдениет, дін, ғылым, өнер сияқты құрауыштардың күрделі үйлесуінен өседі, яғни қашанда күрделі интегративті және біртұтас сипатқа ие. Бұл құрауыштардың жинағы индивидтің жете ұғынуынсыз соқыр сезім деңгейінде іске асырылады. Осының салдарынан индивидтің өмірі мен іс-әрекетінің маңызды және жалпы сәттеріне тиісті жиынтықтар пайда болады. Зерттелініп отырған ұғымды біржақты талдау өте күрделі. Бірақ, біздің пікірімізше, мұнда адамның қоршаған ақиқат шындыққа көзқарастар жүйесі туралы сөз болып отыр, халықтың менталитеті оның дүниетанымдық ұстанымын көрсетеді және тұлғаның менталитетін қалыптастырудың негізі болып табылады.
2. Діл «адамның санасында стратегиялық өмірлік мақсаттар мен жалпы дүниетанымдық бағдар ретінде мойындалған құндылықтардың бейнеленуі» деп есептелетін құндылық бағдардың негізі болып табылады. Ұлттық діл тұлғада ізгілік, адамгершілік, абырой, еңбексүйгіштік, ұжымшылдық, елжандылық, табиғатқа ұқыпты қарау, көркемөнер құндылықтарына зерек болуға қабілеттілік секілді базалық қасиеттерін қалыптастыруға қабілетті.
3. Ұлттық ділдің қалыптасу үдерісі келесі:

  • географиялық,

  • мәдени,

  • экономикалық,

  • қоғамдық-саяси факторларға байланысты.

Кез-келген халықтың ділін қалыптастыруда халық мекендеген географиялық, табиғи орта ерекше маңызға ие болған. Қазақтың кең даласы дала адамының жан дүниесін, оның өмір сүру салтын қалыптастырды. Ұлттық және тұлғалық ділдің мәнін түсіну үшін ұлттық мәдениетті халықтың тарихи дамуы барысында жинақтаған рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы ретінде білу қажет. Ашықтық, достық, қонақжайлылық, кексіздік және т.б. қазақ ұлтының ментальдық қасиеттері болып табылады.Қазақтардың жетекші этникалық дәстүрінің бірі өзінің шыққан тегін білуі болып табылады, оларға барлық уақытта өзінің генеалогиялық өзегін, көшпенділерге тән болған өзінің ұрпағын жалғастыруға талпыныс, өз қауымының салты мен дәстүрін дамыту тән. Көптеген отбасыларда ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға берілетін жәдігер, мұра (реликвия) сақталған. Сондықтан бала жас кезінен өзінің ата-бабалары мен өзінің ататегіне құрметпен қараған. Қоғамды дамытудың мақсаты ұлттық идеяда көрініс табатын, халықтың түпкі қызығушылығынан, ұлттық мәдениетінен туындайды.
Ұлттық рух – ұлттық нақтылықтың сапалық күй-жайының жинақталған нәтижесі. Үнемі төмендету, тәуелділік пен көнгіштікте болған халықтың рухы жоғары болмайды. Ұлттық рух – жеке батырлар мен халықтық ержүрек жауынгерлердің ер мінезді қасиеттерінің (ар, намыс, ұят, абырой) жиынтығы емес. Ал экстремальдық жағдаятта ұлттық рух магиялық, сиқырлы күшке енеді.
Сондықтан «этностың менталитеті - халықтың рухани, экономикалық, этникалық және тарихи дамуының күрделілілігін, мазмұнын, белгілері мен сипаттамаларының жиынтығы. Тұтас алғанда, тұлғаның ұлттық менталитетін қалыптастыру кезеңдері тұлға теориясына негізделеді. Яғни, жоғарыда айтылған жағдайлардың болуы ғана емес, және қажет:

тілді, дәстүрді, салтты, т.б. меңгеруге ынталы болуы керек);

  • жастарды сәйкес біліммен және біліктілікпен қамтамасыз ету;

  • қазақтың ұлттық менталитетіне сай іс-әрекет, қарым-қатынас тәсілдерін, мінез-

құлық типін қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет