Ұлттық ТӘрбие пәнінен дәрістер



бет5/12
Дата27.04.2023
өлшемі64,38 Kb.
#87480
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 2023 ИМК

Ағымдық бақылау бойынша сұрақтар:
1. Ұлттық сана халықтың дүниетанымының бөлігі.
2. Тұлғаның ұлттық санасының ортақ мінездемесі.
Дәріс 6-7 Қазақтың ұлттық мәдениеті. Ұлттық тіл, ұлттық мәдениеттің бөлігі ретінде.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Этникалық әлеуметтену ұғымы. Тұлғаның этникалық әлеуметтенуінің рөлі. Адамның өмірінде этникалық фактордың рөлі.
2.Этникалық әлеуметтену - әлеуметтену аспектісінің бірі, қоғамда қабылданған тұлғаның өзіндік дамуында және тұлға даму үрдісіндегі этноәлеуметтік рөлі.Этникалық бірдейлік түрлері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әлеуметтендіру адамның әлеуметтік ортаға енуі және мәдени, психологиялық, әлеуметтік факторларға бейімделуі, оның бүкіл өмірі барысына созылатын үздіксіз үдеріс. Этникалық әлеуметтендіру индивидтің әлеуметтенуінің өзіндік типі болып табылады, оның мәні индивидтің этникалық мәдениетті, этностың нормаларын, құндылықтарын және мінез-құлық үлгілерін белсенді меңгеруімен, тиістілігін терең түсінуімен сипатталады.
Этнос адамға өзінің халқымен, басқадан ажыратып отыратын тарихымен, мәдениетімен, тілімен және ділімен бірегейлену, әлемді жағымды қабылдауға, тұрақтылықты және өмірдің құндылығын сезінуге көмектеседі.
Этнос қана әрбір адам үшін маңызды қызметті табысты атқаруға қабілетті:
1) қоршаған әлемде салыстырмалы реттелген ақпараттар бере отырып, бағдарлау;
2) жалпы өмірлік құндылықтарды ұсыну;
3) әлеуметтік ғана емес, физикалық өзін сезінуге жауап бере отырып, қорғау.
Ғалымдар этникалық әлеуметтендірудің сол немесе басқа этностағы ерекшелігін мойындайды, оларды екі топқа біріктіреді – витальды және ментальды (негізгі рухани қасиеттер). Этностың витальды ерекшелігі (өмірлік, бұл жағдайда биологиялық-физикалық) баланы физикалық дамыту тәсілдері (баланы емізу, тамақтандыру сипаты, спорттық сабақтар, баланың денсаулығын қорғау және т.б.) деп түсініледі.
Этникалық әлеуметтендіру өзіне этностың әлеуметтенуін енгізетін көпдеңгейлі әлеуметтік құбылыс, яғни этникалық топтың ұрпақ аралық әлеуметтенуі, сонымен бірге этномәдени фактордың ықпалымен тұлғаны жеке әлеуметтендіру. Жастар этникалық мәдениетті алып жүруші және топтық қауымды ары қарай өндіруді қамтамасыз етуші. Ал этникалық мәдениет жалпыдамзаттық мәдениеттің бөлігі болып табылады.
Этникалық әлеуметтендіру – бұл үздіксіз үдеріс. Оның кезеңдері тұлғаның жас ерекшелік және психологиялық дамуымен тікелей байланысты емес, сондықтан біріншілік және екіншілік этникалық әлеуметтендіру бөліп көрсетіледі. Этникалық әлеуметтендірудің біріншілік кезеңінің негізі көрсеткіші жастық даму тән этникалық бірегейлікті қалыптастыру болып табылады, екінші кезеңнің көрсеткіші ретінде жағымды этникалық бірегейлік ұстанымға негізделген этникалық құзыреттілік қатысады.
Этникалық өзіндік сана-сезім этнос мүшелерінің өз ұлтының басты белгілерінің бірі, оның ерекшеліктері мен жетістіктері туралы пайымдарын енгізеді. Тұлғаның этникалық өзіндік сана-сезімі өзіне және басқа этносқа тән ерекшеліктер туралы күнделікті түсініктерге негізделетіндіктен, субъективтілікпен және іріктеулермен сипатталады, бірақ оларды объективті емес бейнелейді, ал өзінің қабылдау призмасы арқылы бүгу өзінің және басқа халықтың бейнесін қалыптастырудағы кейбір бұрмалауға алып келетінінен қашпау қажет.
Ұлттық таным мен өзін-өзі танудың нәтижесі ұлттық өзін-өзі анықтау және бірегейлік болып табылады. Этникалық бірегейліктің қалыптасуына және адамның өзінің этникалық тиістілігін жете ұғынуына олардың көпэтникалық немесе моноэтникалық ортада өмір сүру фактісі әсер етеді.
Қазіргі заманғы этнология этникалық бірегейліктің негізгі фазаларын бөліп көрсетеді: Этнодифференциация фазасы, авто және гетеростереотиптерді жасау фазасыа,ұлттық мұраттың/идеалдың қалыптасу фазасы.
Сонымен қатар, жағымды және жағымсыз этникалық бірегейлікті бөліп көрсетуге болады. Психологтар этникалық бірегейлікті қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың ішінен: 1) отбасында, мектепте және әлеуметтік ортада этникалық әлеуметтенудің ерекшеліктерін;2)этнобайланысты ортаның,алдымен гетерогендіктің/гомогендіктің ерекшеліктерін; 3)этникалық топтар арасындағы мәртебелік қатынастарды бөліп көрсетеді.
Ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда сәйкестендіру (идентификация), эмпатия, децентрация, стереотипизация, рефлексия және т.б. әлеуметтік-психологиялық тетіктер маңызды рөл атқарады. Жастық шақ тұтас алғанда әлеуметтендіру, көбінесе этникалық әлеуметтендіру үдерісіндегі дағдарыс нүктесі болып табылады.


Ағымдық бақылау бойынша сұрақтар:
1.Этникалық әлеуметтену ұғымы.
2.Тұлғаның этникалық әлеуметтенуінің рөлі.
3.Адамның өмірінде этникалық фактордың рөлі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет