Ұлттық ТӘрбие пәнінен дәрістер



бет7/12
Дата27.04.2023
өлшемі64,38 Kb.
#87480
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 2023 ИМК

Аралық бақылау бойынша сұрақтар:
1."Рухани мәдениет", "материалдық мәдениет", "ұлттық мәдениет" ұғымдарының мәні.
2. Ұлттық мәдениеттің компоненттері.

Дәріс 9-10 Қазақ отбасының тәрбие жүйесі


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1."Ұлттық тіл" деген ұғымның мәні. Қазақ тілінің пайда болу тарихы. Қазақ тіліне әсер ететін факторлар.
2.Тіл ұлттық құндылық. Тілдің ұлттық мәдениетпен, мінезбен, психологиямен және халықтың руханилығымен органикалық байланысы.
3. Тіл - (ділдің) халықтың дүниетанымның, оның құндылықтар жүйесінің, жөн-жоралғыларды білдіруші.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1. Ұлттық тілұлттың төл болмысының маңызды объективтік белгісі, халық тарихының куәгері, деректі көзі, ұлттың руханиаттың ажырамас бір бөлігі. Ұлттық тіл сол сияқты этностық қауымдастықтың өзіндік ғажайып қасиеттерін, бірегей даналығын, қайталанбас ерекшеліктері көрініс табатын ұлттық ділді жеткізіп, таратушы құрал деп саналады, сондықтан ұлттық тілсіз мәдениеттің, салт-дәстүрдің, сананың қалыптасуы мүмкін емес. Әр халықтың өзіндік ой-санасы,ақыл- парасаты, бүкіл болмыс тіршілігі мен сезім-түйсігі ұлттық тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.Ұлттық тіл – мәдениеттің негізі және іргетасы болып табылады. Ұлттық тілдің саяси, мемлекеттік, ғылыми, мәдени және басқа да өмір саласында кеңінен қолданылуы ұлттың тұтастығын, өзіндік мәдени ерекшеліктерін, халықтың өзінің өткен дәстүрлерін есте ұстауға, одан рухани қуат алып,адамзаттың үйлесімді үрдісін дамытуға және басқа мәдениеттердің белгілерін қоса дамытуға мүмкіндік береді.
2. Мемлекеттік (ресми ) тіл. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің Ата Заңының тілі, сондықтын ол мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылады. Мемлекеттік тілсол мемлекетттің ресми, саяси және мәдени салаларының шеңберінде интеграциялық қызмет атқаратын мемлекеттің бір символы болып табылады. Әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілі - жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие жүз тілдің қатарында тұр.
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), "Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық татулық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе берілген. Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай мемлекеттік тіл болып- Қазақ тілі белгіленді. Осы Заңның 4 бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданалатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақ тілі - әлемдегі ең бай, әуезді, ауқымды, келешегі келбетті тіл.Оның күші мен қуатын,тазалығы мен даналығын, кеңдігі мен елдігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл.
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), "Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр.
ЮНЕСКО-ның конференциясында 1995 жылы бекітілген толеранттылық туралы Декларацияда төзімділік (толеранттылық) «біздің әлеміміздің аса бай көптүрлі мәдениетіне, өз-өзін таныту формаларына және адамның жеке даралығын көрсету әдістеріне құрметпен қарау, қабылдау және дұрыс түсіну» деген мағынада көрсетілген. Толеранттылық – бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларға қысым жасамауының белгісі, сондықтан ол барлық өркениетті қоғамға тән құбылыс. Қазақстан – Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел.
Көптілді білім – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі – әлемнің өзара байланысқан және өзара тәуелді жағдайында, жас буынды көп тілді етіп тәрбиелеудің қолданыстағы құралы болып табылады.
Көпэтносты Қазақстан үшін көптілді білім – бұл оқытудың мақсатқа бағытталған, ұйымдастырылған, шамаланған үштұғырлы процесі. «Қазақстан әлемде тұрғындары үш тілді қатар қолданатын, яғни қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – халықаралық тіл ретінде, ағылшын тілі – әлемдік экономиканың жетістікті интеграциясы ретінде, жоғары білімді елдер қатарында қабылдануы тиіс», – дейді Н.Ә. Назарбаев.


Ағымдық бақылау сұрақтары:
1.Тіл бүгінгі халықтың оның тарихи өткені және келешекпен (сабақтастық мәселесі) байланысы. тіл ұлттық сананың негізгі элементі, халықтың руханилығының өзегі, отаншылдықтың тәрбиесінің ең маңызды аспабы.
2.Тілдің ұлттық мәдениетпен, мінезбен, психологиямен және халықтың руханилығымен органикалық байланысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет