Ұлттық ТӘрбие пәнінен дәрістер


Дәріс 11-12 Дін – қазақ халқының ұлттық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде. Қазақ мəдениеті жəне ислам құндылықтары



бет8/12
Дата27.04.2023
өлшемі64,38 Kb.
#87480
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Дәріс 11-12 Дін – қазақ халқының ұлттық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде. Қазақ мəдениеті жəне ислам құндылықтары
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Этикет-қазақтың адамгершілік-этикалық тәрбиесінің құрамы.
2. Халықтың педагогикасында этикалық тәрбиенің идеялары. Қазақ тәртібінің адамгершілікті-адамдық нормаларының факторлары.
3. Қазақ этикетінің ұстанымдары. Қазақ этносының және одан тыс адамдардың арасында қарым-қатынас қағидалары. Қазақ халқының этикетінің айырым өзгешеліктері.
4. Қазақ этикетінің дәстүрлі шамалары. Қазақ халқының этикалық кодексінде үлкендерді сыйлауы. Сәлемдесу және қоштасу этикеті. Қонақжайлылық этикет нормалары. Баталар. Батаның үлгілері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әдептің мәні мен мазмұнының негізгі бағамы әр қоғамнан туындаған моральдық ұстанымдар. Мораль жеке тұлғаның өмірдің әр түрлі салалары мен іс-әрекеттеріндегі мінез-құлқына қойылатын нормалар, ережелер мен талаптар жүйесі болса, адамгершілік адамның осы нормалары мен ережелерді сақтауға байланысты дағдылары мен әдеттерінің жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Әдеп («ethos» деген грек сөзінен шыққан, дәстүр, адамгершілік деген мағына береді) — мораль, адамгершілік туралы ілім. Ең алғаш «әдеп» терминін Аристотель (б.э.д. 384-322) практикалық философияны белгілеуде, адамдардың дұрыс, адамгершілікті қылықтар жасауда не істеу керек деген сұраққа жауап беру үшін қолданған. Әдеп ұғымын Әл-Фараби ілтипатпен әр нәрсеге мән беруді іс-әрекетке айналдыру деп қарастырады. Олар:
1. мінез-құлқы таза;
2. ниеті түзу;
3. көңілі кіршіксіз дәрежеде болуы.
Бірінші заңдылық ретінде Әл-Фарабидің осы аталған үш бұрышы әдептің негізі бола алады. Әдеп ұғымының генезисінен екінші заңдылықты Абай Құнанбайұлының еңбегінен бағаланады. Қазақ топырағында әдеп тәрбиесінің терең тамырлануына, құнды еңбектерімен үлес қосқан шығыс ғұламалары – Әбу Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмут Қашқари, Ахмед Жүйнеки, Қожа Ахмет Яссауи, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы және т.б. Қазақ әдебі іс-әрекетке айналдырған мінез-құлықтың көрінісі және жеке тұлғаның болмысындағы басшылыққа алатын ережесі, өзіндік қағидасы. Қазақ халқының әдептілік қағидалары адам баласы үшін ұлы да құнды әдеп нормалары болып саналады.
Мәселен:
1. Адамның жүрегі мен ойларының (ниетінің) тазалығы.
2. Қарым-қатынаста шыншыл тура өз ойын айта білу.
3. Байсалды, ұстамды, төзімді, сабырлы бола білу.
4. Түрлі этникалық қауымдастықтағы және әр түрлі әлеуметтік дәрежедегі адамдар арасында жағымды қарым-қатынас орнату.
5. Ізетті, қайырымды бола білуі.
6. Басқалардың қуанышы мен күйінішін түсіне алу және оған ортақтаса білу.
7. Рухани құндылық арқылы тәрбиелеу.
8. Өз бойындағы жаман қасиеттерін жеңе білу.
9. Сыпайылық, жомарттылық, мәрттілік.
10. Кешіре білу.
Қазақ халқында басқа халықтарға қарағанда өзінің ұлтына тән қалыптасқан әдептің түрлері өте көп болған: сәлемдесу әдебі, қонақ күту әдебі, мейірімділік әдебі, имандылық әдебі, салауаттылық әдебі, ұлтжандылық әдебі, өнерпаздық әдебі, отбасылық әдебі, қоштасу әдебі.
Ағымдық бақылау бойынша сұрақтар:
1.Этикет-қазақтың адамгершілік-этикалық тәрбиесінің құрамы.
2.Халықтың педагогикасында этикалық тәрбиенің идеялары.

Дәріс13. Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Қазақ отбасы. Қазақ отбасының мінездемесі, құрылым және жөн-жоралғылар. Қазақ отбасында отбасылық тәрбиенің психологиялық негіздері және тұқым сабақтастығы.
2.Қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің жүйесі. Қазақ отбасын басқарудың ұстанымдары мен ерекшеліктері. Қазақ отбасында әке-шешенің беделі мен отбасылық құндылықтар.
3.Қазақ отбасында бала тәрбиесі тәсілінің әдістері. Қазақ отбасында қарым-қатынастың құқықтық негіздері және қатынас мәдениеті.
4.Қазақ отбасындағы психологиялық атмосфера. Қазақ отбасындағы ұл мен қыз парызы. Қазіргі жағдайда өскелең ұрпақ азаматтығы мен отаншылдығы (патриотизмі), ұлттық сана құрылымында отбасы жауапкершілігі мен рөлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет