Ағымдық бақылау бойынша сұрақтар: 1."Салауатты өмір салты" деген ұғымның мәні.
2.Денсаулық және салауатты өмір салтының (адамдық, әлеуметтік, психикалық, физикалық) негізгі компоненттері.
3.Салауатты өмір салты ұстанымының құрылымы.
4. Жастар денсаулығы қазіргі қоғамның құндылығы.
№ 14-15 ДӘРІС Болашақ мамандардың интеллектуалды әлеуетін дамыту – ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізі Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1.Ұлттың зияткерлік әлуетінің құралымы – мемлекеттің, қазақстандық қоғамның төзімді дамуының бәсекеге қабілеттілігінің сақтау оның бәсекеге қабілеттілігінің негізі.
2. Келешек маманның зияткерлік әлуетінің дамуының елеулілігі- қоғамның келешек зияткерлік элитасы.
3. Келешек маманның тұлғасының зияткерлік әлеуетінің мазмұны, құрылымы. Жоғары білім жүйесі келешек маманның тұлғасының зияткерлік әлуетінің дамуының негізі.
4. Келешек маманның зияткерлік әлуетінің құралымында инновациялық және ақпараттық технологияның рөлі.
5. Қазақстан республикасында жастар саясаты студенттің ұлттық санасы құрылымы және оның зияткерлік әлуетінің дамуы.
Дәрістің қысқаша мазмұны: 1.«Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасының мақсаты жаңа тұрпатты қазақстандықтарды тәрбиелеу және Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыру. Ұлттың интеллектуалдық әлеуетін дамыту идеясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы болып табылады және Қазақстаның стратегиялық даму бағыттарының бірі.
Жобаның мемлекетті стратегиялық тұрғыдан дамыту бағыты үш құрамдас бөліктен тұрады: білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсіру; қуатты ақпараттық революция, яғни ақпараттық инновациялық технологиялар паркін қалыптастыру; жастарға рухани тәлім-тәрбие беру. «Қазақ елі – ұлттық тәрбие» идеясы интеллектуалды ұлтты қалыптастыру ұлттық жобасымен, ұлттың интеллектуалды әлеуетін дамытумен тікелей байланысты.
«Интеллект» латынша «intellectus» деген сөзден аударғанда «ақыл», «ақыл-парасат», «түсінік», «таным», «ойлау қызметінің жоғарғы типі» деген мағынаны білдіреді. Ғалымдардың пайымдауынша жалпы, әлеуметтік, эмоционалды, практикалық интеллект деп қарастырады. Интеллектуалды тұлға – өмірдің кез келген ағымында пікірлесе алатын, жаңашыл-шығармашылық тұрғыда өзіндік білім алуға дайын, интеллектуалды қабілеті дамыған тұлға. Интеллектуалды ұлт – интеллектуалды тұрғыдан адамгершілік, мәдени қасиеттерді меңгерген өзінің ғылыми, мәдени, білімі мен білігін еркін тарату әлеуетіне ие бәсекеге қабілетті ұлт. Интеллектуалды ұлт – халықтың интеллектуалды әлеуетінің бейнесі, интеллектуалды дара тұлғаның, ұлттың қалыптасуының негізгі бағыт-бағдарын, жолдарын айқындайды, студенттің үздіксіз білім алуы мен өздігінен білім алу қажеттілігін жете түсінуіне, интеллектуалды ұлттың әлеуетін қалыптастырудың негізгі индикаторларын, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін сақтау ұлттың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру екенін меңгеру. Ұлттың интеллектуалды әлеуеті – қоғамның жан-жақты экономикалық және әлеуметтік қабілетін дамыта отырып, әлеуметтік өміршеңдік жолымен интеллектуалды өнімді пайдалану және құру болып табылады.
Интеллектуалды ұлт болып қалыптасудың негізгі индикаторлары – тұлғаның, жалпы ұлттың тұрмыс жағдайы, білім алуға және ғылыммен айнылысуға қолжетімділігі (әрбір тұлға алған білімін ертеңгі кәсібіне жаратуы тиіс), жұмыспен қамтылуы, денсаулығы, еңбек табысы, медициналық қызметпен қамтамасыз етілуі т.б. Қазіргі таңда кәсіби білім беру саласында интеллекттің төрт негізгі түрі маңызды деп қарастырылады. Білім алушылардың интеллектуалды тұлғасының құрылымында интеллекттің мынандай түрлері қамтылған: жалпы, әлеуметтік, эмоционалды әне тәжірибелік.
«Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасында ақпараттық қоғам және жеке тұлғаның интеллектуалдық әлеуетінің дамыту қажеттілігі, қоғамда ақпараттық революция жасаудың міндеті – ақпараттық қоғамда өмір сүріп, жұмыс істеуге үйрету болып табылады. Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру: компьютерлік сауаттылық, компьютерлік білімділік, ақпараттық құзырлық, ақпараттық мәдениет тізбегі түрінде қарастырылады.