Дәріс 15 Болашақ мамандардың интеллектуалды әлеуетін дамыту – ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізі Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1. Ұлтаралық қатынас.Полиэтникалық Қазақстан қоғамының мәдениет диалогы.
2. Жартылай мәдениетті тұлғаның мінездемесі.Мәдениетаралық әрекеттестікке келешек маманның дайындығы. Мәдениетаралық құзыр.
3. ЖОО-ндағы полиэтникалық орта.Студенттің этникааралық қатынас мәдениетінің құрылымына әсер ететін факторлар. Этникааралық және конфессияаралық келісім және «Ұлттық тәрбие» бейнесі ұғымы.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Өзінің даму жолында адамзат материалдық және рухани құндылықтар жүйесін қалыптастырды. Мәдениет атты терең, көпқырлы құбылыс әрі ұғым олардың басын біріктіреді. Мәдениет адамның тіршілік болмысының барлық аяларында көрініс табады. Ал антропогенез, этногенез нәтижесінде этностар мен ұлттардың пайда болуымен бірге олардың қарым-қатынас мәдениеті де қалыптасты. Осы орайда мәдениет олардың өзара қарым-қатынасы негізінде пайымдала бастады. Осылайша, мәдениеттің түрі – «ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті» дүниеге келді.
«Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті» - түрлі ұлт өкілдерінің өзара қарым-қатынасынан көрініс табатын өмірлік нормалар. Ол көпэтникалық қоғамдағы этносаралық қарым-қатынастар моделінің рухани негізі болып табылады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті күрделі құрылымға ие. Ол өз ішінде түрлі ұлт өкілдерінің өзара қарым-қатынас барысындағы санасы мен іс-әрекетінің адамгершілік, этикалық, идеялық, теориялық, саяси, тұрмыстық аспектілерін қамтиды. Осыған сәйкес ол адамдардың отбасы, тұрмыс, еңбек, қоғам, саясат аясындағы тіршілігінде көрініс береді. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің негізін белгілі бір құндылықтар мен мұраттар құрайды және олар тиісті теориялар мен ілімдер арқылы пайымдалады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы – аса күрделі әрі көпқырлы үдеріс. Ол тұлғаның әлеуметтенуінің барша алғышарттары пен факторларын, оның кезеңдері мен сатыларын қамтиды. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы ұлтаралық қарым-қатынас моделіне тәуелді екенін ескерген жөн. Себебі ұлтаралық қарым-қатынастар ұлттық саясат нысаны болып табылады және ол өз кезегінде тұтас мемлекеттік саясат құрамына кіреді.
Ағымдық бақылау бойынша сұрақтар: 1."Мәдениет ұлтаралық жанасушылық" деген ұғымның жаны.
2.Ұлтаралық қатынас мәдениеті қоғамның, адамгершіліктік мәдениеттің рухани өмірінің бөлігі.
3. Қазақстанда ұлтаралық қатынас мәдениетінің тарихи түптері.
№ 12-13 ДӘРІС