Дәріс 8 Қазақ халқының этикеті мен әдебі Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1."Рухани мәдениет", "материалдық мәдениет", "ұлттық мәдениет" ұғымдарының мәні.
2. Ұлттық мәдениеттің компоненттері. Қазақ ұлттық мәдениетінің Қазақ ұлттық мәдениетінің дамуы.
3. Қазақ ойшылдары: қазақ философиясы, философиялық ұстанымдары, ұлттық мәдениеттің құрылымына оның ықпалы. Қазақ халықтың материалдық мәдениеті және оның сипаттамасы.
4. Қазақ халқының рухани және материалдық мәдениеті, оның ділінің, ұлттық рухтың және ұлттық сананың дамуына ықпалы. Дүниежүзілік мәдениетке қазақстандық мәдениеттің үлесі.
Дәрістің қысқаша мазмұны: 1. Ұлттық мәдениет – бұл ұлттың материалдық және рухани құндылықтарының, сондай-ақ,осы этникалық қауымдастықтың іске асырып келе жатқан табиғатпен, әлеуметтік ортамен өзара ықпалдасудыңнегізгі тәсілдерінің жиынтығы (Крысько В.Г. Этнопсихологический словарь, 1999).
Ұлттық мәдениет қоғам, мемлекет қызметінен, оның әлеуметтік институттарынан, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерден, рухани құндылықтардан, ойлау стилі мен қағидаларынан, моральдық нормалардан, стереотиптері мен тұлғааралық және топаралық мінез-құлық таптаурынменөзін-өзі көрсету үлгілерінен, тіл мен өмір сүру салтынан көрінеді. Ғалымдардың айтуынша: өз мәдениетінің құндылықтарын біліп игеру оларды іс жүзінде назарға алу – бұл өз мәніңді сақтау, сонымен қатар алға қарай дамып,бақытты болашаққа бет алу. Әр халық өз болашағын жалпы дүниежүзілік мәдениетке өмір мен интеграция кепілі болатын ұлттық мәдениетпен байланыстырады. Әр ұлттық мәдениеттің өзіндік нышандары мен ерекшеліктері бар.
Ұлттық мәдениет компоненттері.
Ұлттық мәдениеттің негізгі компоненттері мыналар болып табылады:
1) тарихи өткені;
2) адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру түрлері мен формалары, олардың өзара қарым-қатынастары, сонымен қатар олар жасайтын материалдық және рухани құндылықтар арқылы берілген қоғамның белгілі бір даму деңгейі;
3) қызмет ету немесе өмір сүрудіңөзіндік салалары (еңбек мәдениеті, саяси мәдениет, көркем мәдениет, музыкалық мәдениет және т.б.);
4) адам қызметінің заттық нәтижелері (машиналар, ғимараттар, таным нәтижелері, өнер туындылары, мораль мен құқық нормалары және т.б.);
5) адамның қызмет етудегі күш жұмсауы мен қабілеттері (білімі, іскерлігі, дағдысы, интеллект деңгейі, адами және эстетикалық дамуы, көзқарасы, адамдармен араласу тәсілдері мен түрлері);
6) ұлттық тіл. Соңғысының құрамына мыналар кіреді – ұлт дамуы үрдісінде қалыптасқан ұлт тілі; тіл өмір сүруінің бірнеше түрлерінің жүйесі: әдеби тіл (ауызша және жазбаша түрлер), халықтың ауызекі тілінің түрлері мен диалект сөздер.
7) әлеуметтік нормалар, ойлау мен мінез-құлық ережелері (дәстүрлер, салттар, дін).
2. Дәстүрлі мәдениет пен оның қызметі. Ұлттық мәдениет – бұл мәдениеттің дәстүрлі және жаңа элементтерінің күрделі кешені. Кез келген халыққа өз тарихи өткені мен жетістіктерін қастерлеу, өз ойындағы болашағында және болашаққа ұмтылуында осы өткеніне сүйену үнемі тән.
Дәстүрлі тұрмыстық мәдениет адамдарды олардың білімі мен әлеуметтік жағдайына қарамай-ақ біріктіреді. Дәстүрлі халық мәдениеті қазіргі ұлттық мәдениеттің жүйесі ретінде саналады және оның этникалық-өзіндік белгілері мен қасиеттерін сақтайды. Оның негізгі қызметі жүйеішілік реттіліктің этнотарихи байланыстарын қамтамасыз ету,сақтау және өзектендіру болып табылады, яғни адамдар өз халқы дәстүрлерінің таратушысы мен мирасқоры бола тұра, өздерінің осы этникалық қоғамға оның тарихи өткенінде, бүгіні мен болашағында тікелей қатыстылығын нақтылайды. «Халықтық дәстүрлі мәдениет» ұғымының мәнін ашқан кезде оны «халық» ұғымымен салыстыру орынды.
Бұл орайда халық ұғымының мәні туралы К.Д.Ушинский ой қорытқан бірнеше негізгі тұжырымдарға назар аударайық:
халық ұғымының түп-тамыры халық мінезінде және ең алдымен адам жүрегінде
мықтап орын алған отанына деген махаббат сезімінен көрінетіні сонша, тіпті «барлық киелі мен игілік атаулы жойылғанның өзінде ол соңынан өледі»;
мұратын жете түсіну және оны іс жүзіне асыру; адам мұраты әр халықта өзінің мінезіне сай болады және ұлттың рухани дамуымен бірге дамиды;
халықтық дегеніміз халық дамуының негізгі шарты, тарихи сахнада ойнауға тиіс
рөлінің маңызды факторы.
3. Дәстүрлі мәдениет қызметі.
Мәдениет біртұтас құбылыс ретінде қоғам мен адамға байланысты белгілі бір қызметтер атқарады. Мәдениеттің барлық этникалық қызметі маңызды мақсатқа: индивидті психологиялық қорғауға жұмыс істейді. Олар оған әлемде өзін анықтауға және қауіпсіз, нық өмір сүре алатын әлем бейнесін алуға мүмкіндік береді. Яғни этникалық (дәстүрлі) мәдениет этностың қорғаныс механизмдерінен тұрады (Чернявская Ю.).
Арнайы зерттеулерді (Губбыева З.О., Есина Т.А., Чернявская Ю., Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. және т.б.) зерттеп талдау мәдениеттің бірқатар этникалық қызметінің мағыналы жақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Этнос мәдениетінің маңыздықызметі ретінде бейімделу, коммуникативтік, сигнификативтік (белгілік), интеграциялық, әлеуметтендіру қызметі, ақпараттық қызметтер, нормативті-реттеуші және сәйкестендіруші қызметтер болып табылады.
4. Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті. Рухани мәдениет – ұлттық мәдениеттің бір бөлігі. Рухани мәдениетке адамның сана саласындағы қызмет нәтижелерін жатқызады. Бұл бірінші кезекте тіл, жазу, ауызша шығармашылық пен әдебиет, ғылым мен өнер, дін. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті тұлғаның ұлттық санасының қалыптасуындағы бірегей және негізгі құрал болып табылады.
Көшпелі өмір сипаттамасы. Қазақтардың дәстүрлі ұлттық мәдениетінің қалыптасуына, жоғарыда айтқанымыздай оның көшпелі өмір сүру салты айтарлықтай ықпал етті. Мәселен, көшпенділер ғаламшарды, тарихты, уақытты, кеңістікті, «адам-қоғам» және «адам-табиғат» сәйкестігін, материалдық және рухани-адамгершілік құндылықтар иерархиясын, өмір мұратын, ар-абырой кодексін және басқа да көптеген мәселелерді ерекше түсінді. Олар көшпелі өмір салты тудырған өзіндік проблемаларды талқылады. Олар адамның табиғатқа, адамның Құдайға көзқарасы туралы ғана емес, адамның жануарларға, адамның өзі тұратын Жер-анаға көзқарасы туралы да әңгімеледі (Нысанбаев Ә.Н., Барлыбаева Г.Ғ.). Қазақ халқының рухани мәдениетінің жүйесі философиялық ойдың көне элементтерінен басталды. Оның қалыптасуына шығыстық философия бастауында тұрған әл-Фараби (870-950 жж.), сондай-ақ түркі ойшылдары Жүсіп Баласағұн мен Махмұт әл-Қашқари үлкен ықпал етті, алғаш қазақ ойшы Ахмед Яссауи, үш ұлы би – Төле би, Қазыбек би мен Әйтеке билердің ерлікке толы өмірі мен қызметі болып табылады. Олардың өмірі, қызметі өсіп келе жатқан ұрпақ үшін үлгі.
Қазақ ақын-жырауларының, ойшылдары мен ағартушыларының рухани мұрасы, олардың тұлға қалыптасуына байланысты адамгершілік-этикалық ұстанымдары көрсеткендей, арамдықты, опасыздықты, азғындықты, жігерсіздікті, жалқаулықты, зұлымдықты мінейтін, еңбекке деген сүйіспеншілікті асқақтататын, адалдық, шындық, ұлттық сана-сезім, ғылымды терең ұғынуға деген табанды талпыныстың моральдық нормалары сияқты жоғары адамгершілік мұраттар қазіргі кезде өз өзектілігін сақтап қана қоймай, жаңа мағыналық күшке ие болды және оларды мұқият зерттеуді, талдап меңгеруді талап етеді.