28
сізге қай күйінде қайта оралар еді, қалай ойлайсыз? Егер біз шат өмір кешкіміз келсе,
онда біздің ойларымыз да жарқын болуы керек. Бізден ой және сөз түрінде не шықса,
ол сол күйінде бізге қайтып оралады.
Өз сөзіңізге құлақ салып көріңіз. Егер бір ой сізге үшінші рет қайта оралса, оны
жазып қойыңыз.
Бұлай болуы, сіздің ойыңыз сіз үшін үлгі болып қалғанын көрсетеді.
Апта соңында жазып қойған ойларыңыздың тізбегін қарап шықсаңыз, сөздеріңіз сіздің
өміріңіздегі оқиғаларға қай дәрежеде сәйкес келетінін көресіз. Өз ойларыңыз бен
сөздеріңізді өзгертуге дайын болыңызшы, сонда сіздің өміріңіз қаншалықты өзгеретінін
бақылай аласыз. Сөздер мен ойларды таңдауды бақылау арқылы өз өміріңізді бақылау
мүмкін. Өйткені, сіздің ақылыңызды сізден басқа ешкім пайдалана алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: