Люшер Әдістемесі



Дата10.12.2023
өлшемі143,14 Kb.
#135781
Байланысты:
630784.pptx


М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: Ортай Г.Н
Қабылдаған: Мусадилова Г.С
Люшер Әдістемесі
Түстерді таңдау әдісін Макс Люшер психологияда алғашқы болып ұсынған. Әдістеме саналанбайтын, тұ
лғаның терең мәселелерін, реакция типін, қоршаған ортаға бейімделу деңгейін,
мінездің өткір жақтарын және клиникалық көрінісін анықтауға арналған.
Люшердің түстік тесті. Сегіз түс қатары ұсынылады. Люшер әдістемесінің негізі екі нұсқадан тұрады: 73 түстік кестенің көмегімен толық зерттеу; 8 түстің ретін қолдану арқылы шағын зерттеу болып табылады. Толық зерттеудегі түстер қатарындағы әдістеме күшті көп талап етеді,
Түстерді орналыстыруда мына нөмірленген рет міндетті түрде сақталуы қажет:
1 – қою-көк ( темно синий )
2 – қою жасыл ( темно зеленый )
3 – қызғылт-сары - қызыл ( оранжево – красный )
4 – сары
5 – күлгін ( фиолетовый )
6 – қоңыр
7 – қара
0 – сұр
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
0.
1. Қою - көк түс - қанағаттану, тыныштықтың белгісі, сезімталдылық пен жарақаттанушылықты көрсетеді, эстетикаға бейім, эмпатиясы бар, сенімділік, сензитивтілік, берілгіштікті байқатады. Бұл түстің төменгі қатарда таңдалуы эмоционалды қарым - қатынаста қанағаттанбаушылықты көрсетеді. Темпераменттің ішінде флегматик типі жиі осы түсті қалайды. Өмірде түн мезгілімен салыстырмалы түрде қарастырады. Өйткені ол тұлғалардың босаңсу, тынығу, ұйқы т.б. процесстерімен тікелей байланысты.
2. Қою - жасыл түс - өзіндік бекітудегі қажеттілік. Тұлға бойындағы қысымды, талпыну, мақсатқа ұмтылушылықты, өзгерістерге қарсы тұру, көзқарасының тұрақтылығы. Сары түспен қатар қолданылуы бостандыққа деген ұмтылысты білдіреді. Екінші - үшінші позициядағы түстер емес, өзге түстердің ретінде таңдалса тұлға бойындағы қысымды айқындайды. Өмір ситуациясында адамдарды қоршаған ортасының түсімен тікелей байланыстырады: өсімдіктердің, ағаштардың, гүлдердің т. б. Ол обьектілер қоршаған орта болып табылатындықтан қорғанысты білдіреді. Темпераменттердің ішінде меланхоликтердің сүйікті түсі болып табылады.
3. Қызыл түс - «әрекет ету», «жетістікке жету». Тұлғаның энергиясын жұмсаудағы физиологиялық күйі, спортқа, жеңіске, эротикаға т.б. деген ерігі, қалауы. Бұл әдістемені жүргізу барысында бұл түсті қаламау физиологиялық және жүйкелік жұқару, тозу, сексуалды қызығушылықтың төмен болуын аңғартады. Таңдалған түстердің алдыңғы қатарында болуы көшбасшылыққа деген ұмтылыс, тұлға бойындағы шығармашылық бастау т.б. байқатады. Алғашқы үш түс қатарында болмаса эмоционалды - вегетативті қысымды көрсетеді. Өмірлік жағдайда ертедегі ер адамдардың аң аулау үрдісімен тікелей байланыстырады, яғни отбасын асырау үшін аңды аулауда белсенділікті байқату, сондай - ақ адамның сексуалды қозу зоналары да осы түспен байланыстырылады. Бұл түс сангвиниктердің түсі болып табылады.
4. Сары түс - алға ұмтылу, үміттену қажеттілігі, релаксацияны білдіреді. Сары түсті таңдау үлкен бақытқа деген үзілмес үміт, болашаққа ұмтылыс, жаңаға ұмтылу т.б. Тұлға бойындағы жағымсыз күйлерде ол шыдамсыздықты, мазасыздануды, көре алмауды т.б. білдіреді. Сары түсін қаламау ( 6,7,8 орын ) көңілдің қалуы, адам үмітінің орындалмай қалуын аңғартады. Жасыл түспен қатар қолданылуы үлкен әлеуметтік статусқа ұмтылуды байқатады. 2,3,4,5 реттегі түстерден басқаларда тұлға бойындағы қысымды білдіреді. Өмір жағдайында қараңғы түннен соң шығатын күн элементімен байланыстырылады. Аспанды жарыққа толтыру, адам бойында белсенділікті оятуға шақырады. Бұл холерик типтес индивидтердің жиі қалайтын түсі болып табылады.
6. Күлгін түс - қызыл мен көк түстің қасиетін қамтиды. Жауапкершіліктің болмауы, шынайлылыққа сай келмеу, магия, өзгелерді таң қалдыруға деген ұмтылыс т.б. Бұл түсті жеткіншектер және жүкті әйелдер жиі таңдауы мүмкін. Себебі ол кезеңде олар эмоционалды тұрақсыздықтың күйінде жүреді. Гомосексуалдылыққа икемділерде бұл түс таңдалады. Күлгін түс 3,7 позицияда мәні жоқ, ал жүктілер мен жеткіншектерде 1,2 позицияларында ешқандай мәнге ие емес.
8. Қоңыр түс – алдыңғы қатарда болса физикалық дискомфортты байқатады. Әсіресе тұлғаның ауыру, науқастану кезінде жиі алдыңғы қатарда таңдалады. Өз жанұясын жоғалтқандарда бұл түсті таңдау байқалады.
8 позицияда болса қажеттілікті терістеу, яғни ол босаңсуда, физиологиялық қанағаттануда өз қажеттіліктерін терістеу болып табылады.
7. Қара түс – экстремалды жүріс - тұрыс, көп жағдайды қаламау, яғни «жоқ» ұғымымен сәйкес келеді. Өзге түстердің таңдалуына да әсерін тигізеді. Бірінші орында таңдалса адам өмір оқиғаларына қарсы келу, ойланбай әрекет етуді байқатады.
5. Жалпы жоғарыда қарастырылған түстер тепе - теңді тұлғада алдыңғы қатарда болулары қажет.
Г. Клара мен Л. Буш қара түсті таңдау ол тыныштыққа ұмтылу, ашық түс тұлғаның эмоцияға бейімділігін, яғни сыртқы әлеммен қарым қатынасын білдіреді деген пікірлерін тұжырымдайды.
Назарларынызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет