М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева


§ 11. Қарлұқ қағанаты (756—940 жж.)



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата22.12.2016
өлшемі410,61 Kb.
#196
1   2   3   4
§ 11. Қарлұқ қағанаты (756—940 жж.) 

 

Қарлұқтар  жазба  деректерде  біздің  заманымыздың V ғасы-

рында тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қарлұқтардың 

түріктермен  түбі  бір  екендігі  туралы  араб-парсы  деректерінде 

мәліметтер  кездеседі.  Онда  қарлұқтарды  “ежелгі  түріктер”  деп 

жазады. Араб тарихшысы Әл-Мавразидің айтуынша, қарлұқтар-

дың құрамына тоғыз тайпа: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкерсін 

және тухси деген тайпалар кірген. 

Қарлұқтардың негізгі топтасқан жері Алтай тауымен Балқаш 

көлінің арасы. Қарлұқтар түргеш қағанатының әлсірегенін пай-

даланып, 756 жылы  билікті  өз  қолдарына  алып,  Қарлұқ  мемле-

кетін құрды. Қағанаттың орталығы Суяб қаласы болды. Қарлұқ 

тайпалары 766-775 жылдары  Қашқарияны  жаулап  алып  шы-

ғыстағы шекарасын кеңейтті. 

Қарлұқтар  біздің  заманымыздың  ІІ  ғасырда  грек  ғалымы 

Птоломейдің атақты “Географиясы” атты еңбегі арқылы белгілі 

болған. Орхон жазуларында қарлұқтардың ортақ басшысы “ 

 

23



“Елтебер”  деген  атпен  белгілі.  Қытай  деректері  қарлұқтар-

дың салт-дәстүрлері батыс түркілерінікі сияқты, тілінің олардан 

айырмасы жоқ деп көрсетеді.  

Қарлұқ  қағанатында  мал  шаруашылығы  мен  егін  шаруашы-

лығы  өркендеді.  Онда  мәдениет  орталығы  болды,  бау-бақша, 

қалалар гүлденді. Қол өнер кәсібі дамыды. 

Араб  жағрафияшысы  Ибн  Хаукалдің  (Х  ғ.)  мәліметіне  қар-

ғанда, қарлұқтар жерінің Батысынан шығысына дейін жету үшін 

30 күн жүру керек екен. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек 

топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, 

қала орталықтары да болатын. 

“Худуд  әл-алам”  бойынша  қарлұқтар  елінде 25 қала  мен 

қыстақ  болған  олардың  ішінде:  Тараз,  Құлан,  Мерке,  Талғар, 

Атпақ,  Тұзын,  Барысхан,  Сыйкөл  т.б.  Қарлұқтардың  астанасы 

және  олардың  көптеген  қалалары  Ұлы  Жібек  жолы  бойында 

тұрған, ал бұл жолдың Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісу үшін 

елшілік және сауда-саттық желісі ғана емес, сол сияқты мәдени 

және рухани байланыстар арнасы ретінде де орасан зор маңызы 

болған. 

Дегенмен, қағанат өз қолына экономикалық байланыс жүйе-

сін тоғыстыра алмаған. Ішкі қырқыс, билік дауы, жер дауы оны 

әбден титықтатқан. 

Міне  осындай  қиын  жағдайда  Қарлұқ  қағанатына  Қашқар 

жағынан қауіп төнді. 940 жылы олар Баласағұнды басып алады 

да, Қарлұқ мемлекеті құлайды. 

 

§ 12. Оғыз мемлекеті (ІХ ғ. соңы - ХІ ғ. басы) 

 

Оғыз  мемлекеті  ІХ  ғасырдың  аяғы - Х  ғасырдың  басында 

Сырдария  өзенінің  құйылысында  құрылды.  Орталығы-  Янгикент 

қаласы  болды.  Оғыз  тайпалары  VІІ  ғасырда  Батыс  Жетісуды 

мекендеген  Түрік  қағанатының  құрамында  болған.  Оғыздар  ерте 

орта ғасырларда Орталық және Орта Азияда өмір сүрген. 

Батыс түрік және Түргеш қағанаттары құлап, Жетісуда Қар-

лұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойына ығысқан. 

“Оғыз”  сөзінің  пайда  болуы  туралы  әр  түрлі  пікір  бар. 

Кейбірулер  “садақтың  оғы”  деген  сөзден  пайда  болған  десе, 

екінші бірулер “өгіз” деген сөзден пайда болды деп дәлелдеуде. 

 

24



Оғыздарда  жоғарғы  билік  иесі  “жабғу”  деп  аталған.  Ол 

мұрагерлік арқылы жалғасып отырды. Әскерді басқаратын адам 

“сюбашы”  деп  аталған.  Оғызда  жылына  бір  рет  халық  жина-

лысы шақырылып тұрған. “Оғызнама” дерегіне қарағанда, жаб-

ғу  өзінің  жерін 12 аймаққа  бөліп  басқарған.  Х  ғасырдың  аяғы 

мен  ХІ  ғасырдың  басында  Оғыз  мемлекетінде  тұрақты  салық 

жүйесі енгізілді. Мемлекетте белгілі дәрежеде басқару аппараты 

қалыптасты.  Оғыз  жабғуларының  орынбасарларын  Күл-еркін 

деп  атаған.  Оғыз  мемлекеті  жөніндегі  алғашқы деректер  ІХ-Х  ғ. 

басында  жазылған  араб  тіліндегі  тарихи-жағрафиялық  шығар-

маларда  келтіріледі.  Оғыз  мемлекетінің  болғанын  Әл-Якубиде 

(ІХ  ғ.)  айтады.  Махмұд  Қашқаридің  дерегі  бойынша,  оғыздар 

алғаш 24 тайпадан тұрған, Әл-Марвази болса олардың 12 тайпа-

сын ғана атайды. Бұдан байқалатыны - оғыздардың 24 тайпадан 

тұрған  кезі  олардың  әр  түрлі  тайпалардан  енді-  енді  қалыптаса 

бастаған  кезі  ал, 12 тайпаға  түскен  кезі  ол  тайпалардың  бір-

біріне  қосылып,  халықтық  дәрежеге  көтеріле  бастаған  мезгілі. 

Оғыз билеушілері сыртқы саясат саласында екі үлкен мақсатты 

қойған. Біріншіден,  Қара  теңіз,  Дон  өзенінің  бойындағы  жақсы 

жайылымды  қолға  қарату.  Екіншіден,  Маңғыстау  мен  Еділ 

бойынан  әрі  өтіп,  Еуропаны  Азиямен  байланыстыратын  аса 

маңызды  сауда  жолдарына  қол  жеткізу.  Орыс  қалаларымен  екі 

арадағы сауда жолдарыда қызықтырды. 

Оғыздардың  жер  үшін,  сауда  жолдары  үшін  жүргізген  жо-

рықтары көп жағдайда сәтті аяқталған. Оғыздар жартылай көш-

пелі,  жартылай  отырықшы  мал  шаруашылығымен  айналысты. 

Оғыздардың  көші-қонға  лайықты,  арба  үстіне  тігілген  үйлері 

болған.  Оғыздарда  кәсіпшілік  пен  қолөнердің  басты  дамыған 

түрі мал өнімін өңдеу болды. 

Ұзақ  жылдарға  созылған  үздіксіз  соғыс  пен  шектен  тыс 

алынатын  алым-салық  оғыз  тайпаларының  наразылығын  туғы-

зады. Билік үшін талас Оғыз мемлекетін әлсіретті. Ал, ХІ ғасыр-

да мемлекеттілігін құрып, күшейе бастаған қыпшақтар оғыздар-

ды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. ХІ ғасырдың 

басында  Оғыз  мемлекеті  біржола  құлайды.  Оғыздар  тарихи 

тұрғыда  түрікмендердің,  өзбектердің,  қарақалпақтардың  түпкі 

аталарының бірі. 

 

25



§ 13. Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы - ХІ ғ. басы) 

 

“Қимақ”  деген  атау  орта  ғасырлардағы  араб,  парсы  автор-

ларының  жазба  деректерінде  жиі  кездесіп  отырды.  ХІ  ғасырда 

Махмуд  Қашқари  “Диуани  лұғат-ат  түрік”  деген  еңбегінде 

қимақ елін “имақ” деп атаған. Қимақтар VІІ ғасырдың басында 

Монғолияның  солтүстік-батысын  мекендеген.  Орта  ғасырдағы 

парсы  тарихшысы  Гардизи  қимақ  елінің  құрамында  жеті  тайпа 

болғандығын жазған. Олардың ішіндегі ең атақтылары қимақтар 

мен  қыпшақтар  дейді. VIII ғасырдың  екінші  жартысынан  ХІ 

ғасырдың  басына  дейін  қимақтар  Қазақстан  жеріне  қоныстана 

бастаған. 

Сонымен  ІХ  ғасырдың  соңында  қимақ  тайпасының  атымен 

Қимақ  қағанаты  құрылған.  Қағанат  Қазақстанның  солтүстік-

шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Қағанаттың орталығы 

Ертіс  өзенінің  бойында  Имақия  қаласы  болды.  Қимақ  тайпа-

ларының  басшысы  “Шад-тұтұқ”  деп  аталған.  Шонжарларға 

“ұлы қаған”, “кіші қаған” немесе “Ябғу шад” деген лауазымдар 

берілген.  Қағанаттың  қарапайым  халқы  негізінен  мал  өсірумен 

айналысқан.  Махмуд  Қашқаридің  жазуына  қарағанда  қимақ 

қағанатында  малы  аз,  көшіп-қонуға  мүмкіндіктері  жоқтарды 

“жа-тақтар” деп атаған.  

Қимақ  мемлекетінде  билік  мұрагерлікпен  атадан  балаға 

ауысып  отырады.  Қаған  мемлекеттің  жоғарғы  билеушісі  әрі 

әскери қолбасшысы болып есептеледі. Қимақ елінің ұйтқысы 12 

тайпадан  құралады.Қимақтар  арасында  қолөнер  дамыды.  Жүн-

нен  мата  тоқып,  киім  тікті,  тері  иледі.  Темірден,  қоладан  қару-

жарақ  жасады.  Қимақтарда  қала  мәдениеті  мен  сауда-саттық 

істері  өрістеді.  Араб  географы  Әл-Идриси  қимақ  елінің  карта-

сын  сызған.  Олардың 16 қаласы, ол  қалаларда  сауда  базарлары 

болғанын айтады. Қимақ тайпасы да басқа түрік тілдес тайпалар 

сияқты  о  дүниедегі  өмірге  сеніп,  ата-баба  аруағына  сиынған. 

Оларда  көкке (аспанға),  Тәңірге  табыну  белгілері  де  сақталған. 

Х  ғасырда  қимақ  шонжарлары  ислам  дінін  қабылдай  бастаған. 

Кейбір  жеке  топтар  отқа,  суға,  күн  мен  жұлдыздарға,  тауға 

табынған.  Діннің  біршама  тараған  түрі  шаманизм  яғни  бақсы-

балгерлік  екен,  кейбір  топтары  Христиан  тектес  Манихейлік 

дінді  ұстаған.  Сөйтіп,  ІХ-ХІ  ғасырларда  Қимақ  мемлекеті 

 

26



өзіндік  өсіп-өркендеу  жолы  бар,  алғашқы  патриархалдық-фео-

далдық мемлекет болған. 

ХІ ғасырдың аяғында Қимақ мемлекеті ыдырап, үкімет билігі 

бұрын  қимақтарға  тәуелді  болған  Қыпшақ  тайпасының  қолына 

көшті. Бұдан былай қимақтар қыпшақ тайпаларының құрамына 

еніп, қыпшақ деп аталып кетті.  

Х  ғасырдың  аяғы  немесе  ХІ  ғасырдың  басындағы  Қимақ 

мемлекетінің  құлауы  Ұлы  далаға  көшпелі  тайпалардың  жаппай 

қоныс аударуымен тығыз байланысты.  

 

§ 14. Қыпшақтар 

 

Қыпшақ этнонимі алғаш рет VІІ ғасырда кездеседі. Қыпшақ-



тар Шығыс Қазақстан өңірін, Ертістің жағасын және Алтай тау-

ларын мекендеген. 

ҮІІІ ғасырда Қимақ қағанатына тәуелді болған қыпшақтар ХІ 

ғасырда қимақтардың барлық жерлеріне иелік етеді. Өйткені ХІ 

ғасырда  қимақ  қағанаты  құлайды.  Қыпшақтар  Каспийден  Сыр-

дарияға дейінгі жерлерді басып алады. ХІ-ХІІ  ғасырларда Орта 

Азиядағы түркі тілдес тайпалардың ішінде халқы көбі осы қып-

шақтар болды. Оғыздарды Сыр, Арал, Каспий бойынан қыпшақ-

тар  ығыстырды.  ХІ  ғасырдың  екінші  ширегінен  бастап  жазба 

деректерде “Оғыздар даласы” Дешті Қыпшақ деп атала бастады. 

Ал,  орыс  жылнамаларында  қыпшақтарды  “половецтер”  деп 

атаған. Сондай-ақ, қыпшақ мемлекеті араб деректерінде “Дешті 

Қыпшақ қағанаты” деп аталынды. Хандықта билік әкеден бала-

ға  мұрагерлікпен  беріліп  отырды.  Хандық  биліктің  орталығы 

“Орда”  деп  аталды.  Әскери  басқару  жүйесі  оң  және  сол  қанат 

болып бөлінді. Оң қанаттың орталығы Жайық өзені бойындағы 

Сарайшық  қаласы.  Сол  қанаттың  орталығы  Сырдария  бойын-

дағы  Сығанақ  қаласы  еді.  Жалпы,  қыпшақ  бірлестігіне  түрік 

тілдес қимақ, оғыз, құман, ежелгі башқұрт тайпалары да енген. 

ХІІ ғамсырдан бастап Арал маңына билік жүргізген кезде құра-

мында қаңлылар, қарлұқтар мен жікілдер де болған. 

ХІ  ғ.  қыпшақтар  Русь,  Византия,  Венгрия  халықтарымен 

жан-жақты алыс-беріс жасай бастады. Қыпшақ хандары “Ел бө-

рілі”  тайпасынан  ғана  сайланды.  Шыңғыс  ханның  Отырарды 

ойрандауынан кейін де қыпшақтар тарихтағы өз орнын жоғалт-

 

27



қан  жоқ.  Қыпшақ  хандығы  құлағанымен,  оның  халқы  мүлде 

жойылып  кеткен  жоқ.  Олар  өздерінің  тарихи  дамуын  жалғас-

тыра берді кейін қазақ халқының этникалық құрамының негізгі 

бір таянышыны айналды. 



Шаруашылығы.  Қыпшақтар  негізінен  мал  шаруашылығы-

мен және ішінара егіншілікпен де айналысқан. Оларда тұрмыс-

тық кәсіп, қолөнер де жақсы дамыған. Сонымен қатар қыпшақ-

тарда ағаш шеберлері, темір ұсталары қалыптасып, зергерлік те 

жақсы дамыған. 

 

§ 15. Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) 



 

Х  ғасырдың  орта  шенінде  Жетісу  мен  Шығыс  Түркістан 

аймағында  Қарахан  мемлекеті  құрылды.  Орталығы  Баласағұн 

қаласы  болды.  Қарахан  әулетінің  негізін  салушы-Сатұқ  Боғра 

хан. Боғра хан елді түрік кезеңінде басқарды. Қарахандар әулеті 

Яғма  тайпасының  өкілдерінен  болды.  Қарахан  мемлекетінің 

этникалық  құрамына  жікіл,  яғма,  қарлұқ,  оғыз,  қаңлы,  үйсін, 

сияқты  түрік  тілдес  тайпалар  кірген.  Қарахан  мемлекетінің 

құрылуын  тездеткен  жағдайлардың  бірі - қарлұқ  қағанатының 

ыдырауы болатын. 

Қарахан  мемлекетінде  жер  иеленуді  “Иқта”,  ал  иеленуші-

лерді  “иқтадар” (парсы  сөзі)  деп  атаған.  Арабша  жерді  иелену-

шілерді “муқта” деп атаған. ХІ ғасырдың 30-жылдарында Қара-

хандықтар  мемлекеті  шығыс  және  батыс  бөліктерге  бөлінді. 

Батыс  бөлікке-Мауреннахр,  Ходжент  жерлері  кірді.  Астанасы 

Бұхара қаласы болды. (кейін Самарқантқа ауысты). Шығыс бө-

лікке Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері, Тараз, Испиджаб, Шаш 

қалалары  кірді.  Орталығы  Баласағұн,  кейіннен  Қашғар  қаласы 

болды. Қарахандықтар мемлекетіндегі билеушілер өз аттарынан 

теңге  шығара  алды.  ХІ-ХІІ  ғғ.  Қарахандықтар  мемлекеті  өзіне 

Мәуреннахр  мен  Жетісу  жерлерін  қосып  алды.  Екі  қағанатқа 

бөліну кезеңі жарты ғасырға жуық созылды. 

Ал, 960 жылы  Қарахан  мемлекеті  ислам  дінін  мемлекеттік 

дін деп жариялады. Қарахандықтардың сәулет өнері ескерткіш-

терінің  бірі - Қарахан  кесенесі.  Қарахан  мемлекеті  алғашқы 

кезде  түрік  қағанатының  дәстүрлерін  жалғастырғанымен,  оны 

экономикалық  және  әлеуметтік  тұрғыда  қайталауды  жөн  көр-

 

28



меді.  Бұл  мемлекет  Орта  және  Алдыңғы  Азияның  түрік  импе-

риясында  жедел  әрі  толық  дами  бастады. 1141 жылы  Қарахан 

мемлекетінің  екі  хандығының  да  билігі  қарақытайлар  қолына 

көшті.  Қарахандар  мемлекеті  шын  мәнінде  тарих  сахынасынан 

кетті. 

Шаруашылығы. Қарахандар кезеңінде Қазақстанның оңтүс-

тік-шығыс және оңтүстік өңірлеріндегі халықтар негізінен көш-

пелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. 

Мал  шаруашылығында  жылқы  өсіру  алдыңғы  орында  болды. 

ІХ—Х ғасырларда Қарахандықтардың бір бөлігі отырықшылық-

қа  және  егін  шаруашылығына  бет  бұрды,  сөйтіп  қала  мәде-

ниетіне  көшті.  Ал,  діни  қызметкерлер  мен  әскери  адамдар  ірі 

жер иеліктерін өз қолдарына шоғырландырған. 



Мәдениеті.  Қарахан  мәдениетінің  ірі  орталықтары-Тараз, 

Испиджаб қалалары болған. Ортағасырлық жазушылар Таразды 

“Саудагерлер  қаласы”,  Испиджабты  “Саудагерлер  кен  бұлағы” 

деп  жырлаған. Қарахан мемлекетінде  сәулет өнері әсіресе  Х-ХІІ 

ғасырларда  шарықтады.  Айша  бибі,  Алаша  хан,  Бабаша  хатун, 

Сырлытам  күмбездері,  Әулие  ата  мазарлары  қарахандықтар 

сәулет өнерінің туындылары. Қарахан дәуірінде ұлы ғұламалар 

Махмұд  Қашғари  “Диуани  лұғат  ат-түрік”,  Жүсіп  Баласағұн 

“Құтты  білік”  атты  еңбектерін  жазған,  өзге  де  атақты  адамдар 

өмір сүрген.  

 

§ 16. Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.) 

 

 



Қарақытайлар  мемлекетінің  құрылуы  Орталық  Азиядағы 

қидан  тайпасымен  тығыз  байланысты.  ІV  ғасырдың  жазба 

деректерінде қидандар монғол тілдес тайпа ретінде көрсетіледі. 

Қарақытай  билеушісі  Елұй  Дашы  Жетісуда  өз  мемлекетін 1128 

жылы  құрды.  Бұл  мемлекет 1128-1213 жылдары  өмір  сүрді. 

Жетісудағы  жергілікті  түркі  тілдес  халықтармен  араласып  кет-

кен  қидандар  “қарақытай”  деп  атала  бастады.  Ал, 1141 жылы 

Қарахан  мемлекетінің  екі  хандығының  да  билігі  қарақытайлар 

қолына көшті.  

Сөйтіп  ХІІ  ғасырдың 30-40 жылдары  қазіргі  Қазақстанның 

оңтүстік-шығыс  аумағы,  Бұхара  мен  Самарқант,  сондай-ақ 

Мауараннахр аймағы қарақытайлардың қол астына қарады. Бұл 

 

29


мемлекеттік  бірлестіктің  шекарасы  тұрақсыз  болды  саяси 

ахуалдарға  байланысты  өзгеріп  отырды.  Қарақытай  мемлеке-

тінде ақшаның “динар” деген түрі тарады. 

 Қидандардың  ел  басшысы  “гурхан”  титулын  иеленді,  ол 

“хандардың ханы” дегенді білдіреді. Гурхан әскерде қатаң тәр-

тіп орнатып, тұрғындарды тонауға тиым салды, тұрақты салық-

тарды  бекітті.  Гурхан  өзінің  ордасын  Баласағұн  түбіндегі  Құз-

Ордада құрды. Елюй Даши 1143 жылы қайтыс болды, енді билік 

гурханның  жесірі  Табуянға  ауысты,  ал 1150 жылы  оның  ұлы 

Елюй Иле гурхан тағын иеленді.  

Оның  кезінде  алғашқы  рет халық  санағы  жүргізілді, 84 мың 

отбасы  тіркелді,  сірә  бұл  Сырдария  мен  Еміл  арасын  қоныс-

танған  тұрғындар  болуы  керек.  Иленің  өлімінен  кейін 1163 

жылы  елді  Елюй  Дашидың  қарындасы  Бусуган  басқарды.  Ал, 

1169 жылдан 1203 немесе 1214 жылға дейін билеуші болған ең 

соңғы  гурхан  Чжилугу  (Чжулху)  кезінде  бұл  аумақта  іргелі 

өзгерістер жасалды.  

Орталықтан  басқаруды  жергілікті  жерге  беру  айналып  кел-

генде  қарақытай  әскербасыларының  шын  мәнінде  автономия-

лық,  яғни  дербес  билеушілер  болуына  әкеп  соқты.  Ал, 1212 

жылы  монғолдардан  ығысқан  наймандар  Күшілік  ханның  бас-

қаруымен осы аумаққа қарай лап қойды.  

Осылайша,  ХІІІ  ғасырдың  басында  наймандар  қарақытай-

ларды Жетісу өңірінен ығыстырды. Ал, 1211 жылы Күшілік хан 

қарақытай  билеушісін  құлатты. 1211-1213 жылдары  Жетісуда-

ғы билік найман билеушісі Күшілік ханның қолына өтті.  

 

§ 17. Найман мен Керей ұлыстары 

 

Наймандар-ежелгі түрік тайпаларының бірі. Наймандар Ертіс 

өзенімен  Орталық  Монғолия  арасындағы  жерлерді  мекендеген. 

Монғол  тілінде  найман  сөзі  “сегіз”  деген  мағынаны  білдіреді. 

Наймандар  керей,  меркіт,  қырғыздармен  көрші  болған.  ХІ  ға-

сырдың  бас  кезінде  наймандар  христиан  дінін  қабылдады.  Мұ-

ның өзі наймандардың  ертефеодалдық кезеңде  басқа мемлекет-

термен  және  халықтармен  этно-мәдени  байланыста  болғанын 

дәлелдейді.  Қидандар  мемлекеті  құрылғаннан  кейін  наймандар 

оның құрамына кірген, бірақ Елюй Даши өлімінен кейін тәуел-

 

30


сіздік  алып,  өздерінің  билеушісі  етіп  Инанч-Білге  Буху  ханды 

тағайындады.  

Найман  мемлекеті  батысында  керейлерден  бастап,  Батыс 

Монғолия мен Шығыс Қазақстан аумағын мекендеді. ХІІ ғасыр-

дың  аяғында  ХІІІ  ғасырдың  басында  найман  хандығы  екіге 

бөлінді, оны Инанчтың екі ұлы: Даян хан мен Бұйрық хан бас-

қарды. 1204 жылы  монғолдар  Даян  ханды, 1206 жылы  Бұйрық 

ханды талқандады. Кейін елді Даянның ұлы Күшлік хан басқар-

ды. Күшліктің қуаты тез күшейді. Ал, наймандардың Қазақстан-

ның  жеріне  қоныстануы  ХІІ  ғасырдың  аяғында  болатын. 

Найман конфедерациясына сегіз тайпа кірді. 1208 жылы Монғо-

лиядан ығыстырылған наймандар Жетісуға ауып келді. Ал, ХІІІ 

ғасырдың  басында  наймандар  қарақытайларды  Жетісу  өңірінен 

ығыстырды. 

1218  жылы  монғолдар  наймандарды  талқандап,  қашып  кет-

кен Күшлікті Бадахшанда өлтірді. Шығыс Түркістан мен Жетісу 

монғолдардың  қол  астына  өтті.  Ал,  керейлердің  шығу  тегі 

туралы ғалымдар әр түрлі пікір ұстанады. Біреулері монғол тип-

тес десе, енді біреулері ежелгі түрік тайпасы дейді. Керейлер ту-

ралы  алғашқы  мәліметтер  олардың  христиан  дінін  қабылда-

нуына орай ХІ ғасырдың төртінші ширегінде кезедеседі. Керей-

лер  Солтүстік  Монғолиядағы  Селенга,  Онон  өзендерінің  жаға-

сын мекен еткен. Астанасы Орхон өзенінің жағасындағы Қатын-

балық қаласы болған. Керейлердің билеушісі Тұғырылхан Шың-

ғыс  ханның  әкесі  Есукей  батырдың  досы  болған.  Шыңғысхан-

ның  әскерінен  жеңілген  керейлер  Шығыс  Қазақстан,  Алтай 

өңіріне өтеді. Кейіннен Алтын Орда мен Ақ Орданың құрамын-

дағы тайпалардың бірі болады. Керейлер Ашамайлы және Абақ 

керей деп екі тармаққа бөлінді. Керейлердің этнонимі Қара теңіз 

жағалауындағы  далалық  жер  атауларында  кездеседі.  Керейлер-

дің  екінші  бір  бөлігі  Солтүстік  Қазақстанда  қалып,  Орта  жүз 

қазақтарына (қара-керей, абақ-керей) атауымен  енді, сөйтіп  бұ-

рынғы “кереит” деген этноним атауындағы “т” жалғауы алынып 

қалды.  Бұл  кезде  Орта  Азия,  Жетісу  және  Қашқария  жерінде 

өзіндік  жаңа  этникалық  түрге  айналып,  жаңарған  әлеуметтік, 

экономикалық  құрылымдар,  рухани  мәдениет  қалыптасты.  Со-

ның  нәтижесінде  феодалдық  мемлекет  құрылып,  түрік  тайпа-

лары отырықшылыққа көше бастады, қалалар салынды. Өкініш-

 

31


ке  қарай  монғол  шапқыншылығы  осындай  жүйелі  дамудың 

табиғи  процесін  бұзып  кетті.  Керейлер  салық  жинаушыларды 

“шерби”  деп  атады.  Керей  орта  жүздің  бас  тайпаларының  бірі. 

Қазіргі кезде керейлер Қазақстаннан басқа ТМД, Қытай, Монғо-

лия, Түркия сияқты мемлекеттерде өмір сүруде.  

Шаруашылығы:  Наймандар  мен  керейлердің  шаруашы-

лығы  көшпелі  мал  шаруашылығы  болды.  Төрт  түлік  малдың 

барлығы  өсірілді.  Олар  аң  аулауды  және  балық  аулауды  кәсіп 

еткен. Сонымен қатар, қолөнершілері ат әбзелдерін, арба, қару-

жарақ жасай білген.  

 

§ 18. VІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті 

 

Ерте орта ғасырларда Қазақстан жерін мекендеген халықтар-

негізінен түркі тілдес халықтар. Түркі тілдес халықтармен қатар 

Қазақстан  жерінде  басқа  тілдік  топтар  да  өмір  сүрді.  Сонымен 

қатар  Қазақстан  жерінде  Иран  (соғды)  тілдес,  Сирия  тілдес, 

Араб  тілдес  халықтар  тобы  өмір  сүрді.  ҮІ  ғасырлардан  бастап 

түркі  тілдес  тайпалардың  өз  жазулары  болды.  Бұл  жазу  ғалым-

дардың  пікірінше  соғды  жазуына  ұқсас.  Көне  түрік  жазулары-

ның ескерткіштері Монғолия жерінен табылды.  

VІ-Х  ғасырларда  Қазақстанда  соғды  жазуы  мен  тілі  кең 

қолданылған.  Бұл  жазу  Тараз,  Баласағұн,  Испиджаб  қалала-

рында  кең  тараған.  Оңтүстік  Сібір,  Алтай-Саян,  Қазақстан 

жерлерін ежелгі түрік тайпалары мекендеген. Олар түрік тілінде 

сөйлеп,  көне  түрік  жазуымен  жазған.  Көне  түрік  әліппиі 35 

әріптен тұрған. Түріктердің әліппиі өздерінің ру-тайпаларының 

таңбалары  негізінде  жасалған.  Көне  түріктердің  негізгі  жазуы 

“руна” жазуы деп аталған. Ал аса бағалы тарихи ескерткіш бо-

лып  саналатын  руна  жазуы  бар  құлпытасты  ХІХ  ғасырда  Сол-

түстік  Монғолиядағы  Орхон өзенінің  маңынан  Н. М. Ядринцев 

тапқан. Құлпытастағы жазуды түркітанушы В. В. Радлов пен дат 

ғалымы В. Томсон ажыратқан.  

Бұл жазу “Орхон-Енисей тас жазуы” деп аталады. Түрік жаз-

ба  әдебиетінің  көне  ескерткіштері  “Күлтегін”  және  “Тоныкөк” 

жазулары.  Бұлар  нағыз  тарихи  дастандар.  Мұнда  түрік  қағана-

тының  құрылуы  мен  дәуірлеуі,  ақырында  қүйреуі  жайында 

айтылады. Дастандардағы  тарихи  суреттер  әдеби-көркемдік  тә-

сілдермен өрнектелген.  

 

32



VІІІ-ІХ ғасырларға жататын әдеби шығармалар “Қорқыт ата” 

кітабы  мен  “Оғызнама”  дастаны.  Бұл  шығармалар  алғаш  VІІІ 

ғасырда  ауызша  айтылып,  ел  ішінде  кең  таралса,  тек  ХІ  ға-

сырдан  бастап  қағазға  түсе  бастаған. “Қорқыт  ата”  кітабы 12 

жылдың  қосындысынан  тұрады.  Бұл  шығарма  аты  аңызға 

айналған атақты ақын, қобызшы Қорқытқа байланысты. Қорқыт 

есімі  түрік  тілдес  халықтар  арасында  кеңінен  мәлім.  Қорқыт 

күмбезі Қызылорда облысы Қармақшы ауданында тұрғызылған. 

Ал, “Оғызнама”  біздің  дәуіріміздің  ІІ  ғасырындағы  тарихи 

оқиғаларға  байланысты  туған.  Бұл  әдеби  шығарма  VІ  ғасырда 

парсы  тіліне,  ІХ  ғасырда  араб  тіліне  аударылған. “Оғызна-

маның”  ескі  нұсқасын  ХІІІ  ғасырда  бірінші  жазып  қалдырған 

тарихшы Рашид ад-Дин. Одан кейін ХVІІ ғасырда толық жазған 

-  Әбілғазы  хан.  Шығарманың  идеясы  ерлікті,  бірлікті  уағыз-

дайды.  Мазмұны  қазақ  халқының  эпос  жырларымен  сарындас 

келеді. Стилі жағынан қазақ ауыз әдебиетімен ұштасып жатады. 

Сонымен ерте орта ғасырда түрік тіліндегі ауыз әдебиетінің әр-

түрлі  жанрларының  (мақал-мәтел,  жоқтау,  тағы  басқалар)  да-

муына байланысты әдеби тіл мен жазба әдебиеттің дамығанды-

ғын көруге болады.  

Х  ғасырдан  бері  қарай  Оңтүстік  Қазақстанда  ислам  діні  кең 

дами бастады. Сайрам, Отырар, Түркістан тағы басқа қалаларда 

діни  медреселер  салынып,  ғылым-білімге  кең  жол  ашылады. 

Әдеби  және  ғылыми  шығармалар  араб  тілінде  жазылды.  Әбу 

Насыр  әл-Фараби (870-950 жж.)  Отырар  қаласында  туған.  Осы 

қалада қыпшақ тілінде білім алған. Араб тілін Исфахан, Бағдат, 

Дамаск (Шам) қалаларында игерген. Ол дүние жүзінде Аристо-

тель сынды ғұламалармен теңдес ойшыл ретінде танылды.  

Шығыстың  аса  көрнекті  ғалымы  Әбу  Насыр  әл-Фараби  өз 

шығармаларында  араб,  парсы,  грек,  үнді,  түрік  мәдениетінің 

жетістіктерін талдап, жақындастыра білді. Мұны “Үлкен музыка 

кітабы” атты еңбегінен де байқауға болады. Сайып келгенде, әл-

Фараби  “Қайырлы  қала  тұрғындарының  кітабы”, “Дүниедегі 

қозғалыстардың тұрақтылығы”, “Өлең сөз және шешендік тура-

лы”, “Өлең  өнерінің қағидалары туралы трактат”, “Логика” т.б. 

еңбектері  ғылым  тарихында  өзіндік  орны  бар  дүниелер.  Білім-

нің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған. Ол 80 жа-

сында Шам шаһарында қайтыс болады.  

 

33


Қожа  Ахмет  Ясауи (1103-1167 жж.)  Сайрам  қаласында  ту-

ған.  Әкесі  Ибраһим  атақты  ғұлама  адам  болған.  Шешесі  Мұса 

шайқының  қызы  Айша. (бір  деректерде - Қарашаш).  Алғаш 

әкесінен оқып сауатын ашып, кейінірек ислам дінінің шариғат-

қағидаларын  үйренген.  Бала  кезінен  Ясы  қаласын  мекен  етеді. 

Бұхара  қаласында  Юсуф  Хамаданидан  діни  білім  алып,  Ясыға 

оралады. Мұнда ол сопылық ілімнің насихатшысына айналады. 

Арыстан  бабты  пір  тұтады.  Қожа  Ахмет  Ясауиден  қалған  мұра 

оның  “Даналық  кітабы”, “Диуан-и  хикмет”  болып  табылады. 

Кітап түрік тілінде араб әліппиімен жазылған. Бұл еңбекте адам-

ды  даналыққа,  адалдыққа,  кіші  пейілділікке,  имандылыққа  ша-

қырады.  Ахмет  Ясауидің  жолын  қуған  шәкірттерінің  бірі  ел 

ішінде Хакім ата аталған  Сүлеймен Бақырғани.  

Жүсіп  Баласағұни (1021-1075 жж.).  Ғұлама  Шу  өзені 

бойындағы  Баласағұн  қаласында  туған.  Толық  аты  Жүсіп  Хас 

Хажип Баласағұни. Білімді Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қа-

лаларынан алады. Араб, парсы тілдерінде еркін сөйлеген. Өзінің 

атақты  философиялық-диалектологиялық  “Құтты  білік”  даста-

нын Қарахан әулетінен шыққан Тағаш Қара Боғраханға арнады. 

Бұл үшін ақынға Хас Хажип (Сарай министрі) атағы берілді. Ол 

өзінің  атақты  “Құтты  білік”  атты  еңбегімен  белгілі.  Бұл  еңбек 

алғаш  рет  түрік  тілінде  жазылған. “Құтты  білік” - ХІ  ғасырға 

дейінгі  түрік  тілді  халықтардың  қоғамдық  ой-санасында  орын 

алған, терең  мазмұнды  ғылыми  еңбек.  Поэманы 1896 ж. К. Ке-

римов Өзбек тіліне аударды. 1971 ж. Н. Гребнев “Бақытты болу 

ғылымы” деген атпен еркін аударма жасады. Ал 1983 ж. С. Н. Ива-

нов  “Благодатная  знание”  деген  атпен  орыс  оқырмандарына 

ұсынды.  Ал 1986 жылы  бұл  дастанды  ақын  А.  Егеубаев  қазақ 

тіліне  аударды. “Құтты  білік”  поэмасы  түрік  тіліндегі 

энциклопедиялық шығарма болып табылады.  

Кітапқа  көшпенділер  тұрмысы  мен  аңшылық  өнерін  көрсе-

тетін  нақыл  сөздер,  мақал-мәтелдер,  тұрақты  сөз  тіркестері 

енген.  Жүсіптің  ақын  ретінде  де,  ғалым  ретінде  де  атын  шы-

ғарған еңбегі “Құтты білік”, “Құтадғу білік” атты дидактикалық 

поэмасы.  Жүсіп  Баласағұн  “Құтты  білікті” 1069-1070 жылдары 

Баласағұн  қаласында  бастап,  он  сегіз  айдың  ішінде  Қашғар 

қаласында аяқтаған.  

 

34



Ал  түрік  тілдес  тайпалардың  бір-біріне  жақындығын  белгілі 

ғұлама  Махмұд  Қашғари  зерттеді.  Махмұд  Қашғаридің (1030-

1090  жж.)  шын  аты  Махмұд  Хусейн  ибн  Мұхаммед  Қашғари. 

Әкесі  Қашғар  қаласында  туған.  Махмұд  алғаш  Қашғар  қала-

сында, кейіннен Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім 

алады.  Араб  тілін  жетік  білген.  Махмұд  Қашғари  үш  кітаптан 

тұратын  “Түрік  тілдерінің  сөздігі” (“Диуани  луғат  ат-түрік”) 

атты мәңгі өшпес мұра қалдырды. Бұл кітап түрік дәуірінде өмір 

сүрген  тұрік  тайпалары  сөздерінің  жиынтығы.  Бұл  кітапта  бү-

гінгі  ғалымдар  сол  кездегі  түріктердің  мекен  жайларының  аты-

жөні, олардың тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көп-

теген мағлұматтар алады. Бұл еңбекте тарихшылардың назарын 

өзіне  аударған  шығармадағы  дүние  жүзінің  түрікше  картасы. 

Кітапта 400 мақал- мәтел бар. М. Қашғари оны 1072-1074 жыл-

дары Халиф Әл-Мұқтадиға арнап құрастырған. 

Майқы  би  (Майқы  Мәнұлы)  ХІІ  ғ.  соңы  -ХІІІ  ғ.орта  шенінде 

өмір  сүрген.  Майқы  би  атақты  би,  суырып  салма  ақын  болған. 

Әкесі-Мән.  Майқы  жастайынан  ақсақ  болды.  Сондықтан  да 

болар Майқы атанғаны және оның 18 атасының да есімі Майқы 

болған. Шыңғысханның замандасы әрі кеңесшісі. Ел оны әулие 

деп те атаған, себебі, ол адам тағдыры мен оқиғаларды болжай 

білген. “Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би” деген нақыл 

бар. Майқы би ұзақ өмір сүріп, 120 жасында қайтыс болған.  

Орта  ғасырларда  әкімшілік,  сауда-экономикалық  орталық 

болған  көптеген  қала  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісуда  қалып-

тасты. Орта ғасыр қалаларының бірнеше бөліктері болған. Олар 

мыналар:  Шахристан,  Рабад,  Цитадель.  Шахристан  қала  би-

леушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы. Ал Ра-

бад қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі. Ал 

Цитадель  болса,  қаланың  қорғаныс  бөлігі,  яғни  қамал  мен  бе-

кіністер. 

VІ-ХІІ  ғасырлардағы  Қазақстан  жеріндегі  ірі  қалалар:  Тараз, 

Отырар, Сауран, Құлан, Суяб, Мерке, Үзкент, Сығанақ, Испид-

жаб,  Иасы  (Түркістан),  Баласағұн  тағы  басқалар.  Ал,  сәулет 

өнері  орта  ғасырлардағы  түріктер  дәуірінде  жақсы  өркендеген. 

Қалаларда,  қоныстарда  архитектуралық  құрылыстар,  мешіттер 

көптеп  салынған.  Сәулет  өнерінің  өркендеуіне  Х-ХІІ  ғасыр-

ларда  ислам  дінінің  кең  қанат  жаюы  үлкен  әсер  етті.  Ислам 

 

35


дінінің  енуіне  байланысты  бірнеше  кесенелер  тұрғызылды. 

Мысалы  Бабаша  хатун  кесенесі,  бұл  кесене  Х-ХІ  ғасырларда 

салынған  аса  қадірлі  сәулет  өнерінің  туындысы.  Кесене  Тараз 

қаласының маңында орналасқан. Ал, Айша бибі кесенесі ХІ-ХІІ 

ғасырларда  тұрғызылған.  Кесене  Тараз  қаласына  жақын  жерде 

орналасқан. Бұл кесене - Қарахан мемлекетінің сәулет өнерінің 

туындысы. Қарахан кесенесі сол дәуірдің үлкен сәулет өнерінің 

туындысы. Ол Тараз қаласының маңында орналасқан.  

Ал,  Сырлытам  кесенесі  ХІ-ХІІ  ғасырларда  салынған  сәулет 

өнерінің  туындысы.  Кесене  Сырдария  өзенінің  төменгі  ағы-

сында  орналасқан.  Тараз,  Отырар,  Баласағұн  қалаларындағы 

моншалар да ірі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады. Мысалы, 

Отырар моншасы - ХІ ғасырда салынған ірі ескерткіш.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет