М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата22.12.2016
өлшемі410,61 Kb.
#196
1   2   3   4
§ 19. Ұлы Жібек жолы 

 

Ұлы Жібек жолы ежелгі және орта ғасырлардағы континент 



аралық жол, ол Еуропа мен Азияны байланыстырған. Еуразияны 

бөліп  Қазақстан  аумағын  басып  өтетін  Ұлы  Жібек  жолының 

тарихы  өте  ертеден  басталды.  Ұлы  Жібек  жолы - Жерорта  те-

ңізі маңындағы батыстық мәдениеті дамыған өркениетті елдер-

ден Қытайға дейін баратын сауда- керуен жолы. Жібек жолымен 

ең  алғашқы  сауда  байланысы  б.з.д.  ІІІ-ІІ  ғасырларда  жасалған. 

Бұл  сауда  жолының  Жібек  жолы  атануында  үлкен  мән  бар. 

Себебі алғашқы негізгі тауары жібек (Қытай) болған. 

Б.з.д. ІІ ғасырда Ұлы Жібек жолының басты сауда диплома-

тиятық  жолы  ретінде  аты  шығады.  Ұлы  Жібек  жолы  Алтай, 

Памир,  Тянь-Шань,  Сырдария,  Әмудария  жерімен  өткен.  Ұлы 

Жібек  жолының  VІ-VІІ  ғасырлардағы  ең  гүлденген  бағыты 

Қытайдан Жетісу жіне Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін батыс 

бағыты. Орта ғасыр саудасындағы ең құнды тауар жібек болған, 

оның құны алтынмен бағаланған. Жібек жолында Византиялық 

алтын  солид  үлкен  сұраныста  болып,  ол  халықаралық  валюта 

ретінде кеңінен пайдаланылды. Жібек жолының бойында Тараз, 

Баласағұн,  Бұхара,  Самарқан,  Сайрам,  Сауран,  Отырар,  Сы-

ғанақ,  Мерв,  Талхиз,  Үргеніш,  Испиджаб,  Шаш,  Весидж,  Шау-

ғар тағы басқа ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейін ХІІІ-

ХІV  ғасырларда  Жібек  жолының  саяси-экономикалық  маңызы 

одан сайын артқан. 

 

36


Жібек  жолының  маңызы.  Ортағасырлық  Жібек  жолының 

маңызы  мынандай:  бірінші,  отырықшы  және  көшпелі  мәденет 

бірін-бірі  байытты,  екінші,  қала  саны  артты,  үшінші,  сыртқы 

байланыс  дамыды,  төртінші,  сауда-саттық  кеңейді.  Сондай-ақ 

Жібек  жолы  бойындағы  елдердің  әдебиеті  мен  өнері  бір-біріне 

әсер етіп, өзара байыды. Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азия-

да мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жал-

пы,  Жібек  жолымен 2000 жылдан  астам  уақыт  бойы  сауда  ке-

руендері  жүрген.  Жібек  жолымен  шығыстан  будда,  батыстан 

христиан діні таралған. Жібек жолы сауда жолы ғана емес, көш-

пелі, отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы бол-

ды.  Ұлы  жібек  жолы  ХІV-ХV  ғасырларға  дейін  пайдаланылды. 

Ал кейін теңіз сауда жолының пайда болуына байланысты жібек 

жолы өзінің маңызын жоғалтып, өмір сүруін тоқтатты. 

 

 

 



 

37


ІV ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МОНҒОЛ  

ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ ДӘУІРІНДЕ 

 

§ 20. Монғол мемлекетінің құрылуы 

 

ХІ-ХІІ  ғасырда  монғол  тайпалары  Орхон  мен  Керуленге  қо-



ныстанды.  ХІІІ  ғасырдың  басында  Қытайдың  солтүстігіндегі 

ұлан -  ғайыр  территорияда  Монғол  мемлекеті  құрылды. 



Боржігін  тайпасынан  шыққан  Темучин (1155-1227 жж.) 

бытыраңқы  монғол  тайпаларын  біріктіріп,  монғол  патшалығын 

құрған. Темучиннің әкесі - Есукей батыр. 

1206  жылы  Монғолияның  Онон  өзенінің  жағасында  болған 

құрылтайда  ақсүйек,  шонжарлар  Темучинге  “Шыңғыс  хан”  де-

ген атақ беріп, оны Монғол мемлекетінің ұлы ханы деп жария-

лайды.  Монғол  империясының  астанасы  Қарақорым  болды. 

Шыңғыс ханның мақсаты аса күшті әскери-феодалдық мемлекет 

құру еді. Әскер күші 3-ке бөлінді: оң қол, сол қол және орталық. 

Әскерлер  жүздікке,  мыңдық,  түменге  бөлінді.  Монғол  феодал-

дары “ноян” деп аталды. Шыңғыс хан көшпелі ақсүйектердің та-

лабын орындау үшін, дүние жүзіне атын шығару үшін, ішкі тар-

тыстарды тоқтату үшін және әлемді билеу үшін шапқыншылық 

жолына  түсті.  ХІІІ  ғасырдың  басынан  бастап-ақ  Шыңғыс  хан 

басқыншылық  соғыстар  жүргізді.  Таяу  қоныстанған  көптеген 

тайпаларды  бағындырады. 1207-1208 жылдары  монғол  әскер-

лері  Сібірдегі  буряттар,  якуттар  мен  ойраттарды,  Енисей  қыр-

ғыздарын жаулап алады. 1211 жылы Қытайды және оның аста-

насы Пекинді (Ханбалықты) бағындырды. 

1217 жылы қарлұқтар Шыңғыс ханның қол астына қарайды. 

1218 жылы Шыңғыс ханның сенімді нөкері Жебе ноян Жетісуға 

басып кіріп, найман ханы Күшлікті жеңеді. Осы жылы Шыңғыс 

хан  Хорезм  шахы  Мұхаммедке  бейбіт  келісім  жасау  үшін  елші 

жібереді. 450 адамнан  құралған  елшілік 500 түйемен  Отырарға 

барғанда,  Отырар  билеушісі  Қайыр  хан  керуенді  тонап,  адам-

дарды өлтіреді. Бұл оқиға Шыңғыс ханның Орта Азия мен Оң-

түстік  Қазақстанға  басып  кіруіне  басты  сылтау  болады.  Сыр 

бойындағы  қалалар  Бұхара,  Самарқан,  Сығанақ,  Сауран,  Бар-

шынкент, Жент, Үзгент тағы басқа қалалар 1219-1220 жылда-ры 

толығымен монғолдардың иелігіне көшті.  

 

38


1219  жылы  қыркүйекте  Шыңғыс  ханның 111 мың  әскері 

Отырар  қаласын  қоршады.  Бұл  қалың  қолды  Шыңғыс  ханның 

ұлдары Шағатай мен Үгедей басқарды. Қайыр хан 50 мың әске-

рімен  Отырарды 5 ай  (кейбір  деректерде 6 ай)  бойы  қорғады. 

1219-1224 жылдар аралығында Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта 

Азияны жаулап алып, өз империясының құрамына қосты. 

1236 жылы Европа жорығы басталды. Шыңғысханның неме-

ресі Батый  монғол әскерінің қолбасшысы болды. Ол 1236-1242 

жылдары Еділ бүлғарларын, орыс княздіктерін талқандап, Поль-

шаны, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны одан әрі Адриат теңі-

зіне дейінгі жерді жаулап алады.  

1238  жылы  Бұхарада  Махмұд  Тараби  бастаған  көтеріліс 

Шыңғыс  хан  қол  астындағы  халықтар  көтерілісінің  ең  ірісі 

болды.Ұлан-байтақ  өңірлерді  жаулап  алған  Шыңғыс  хан  өзінің 

төрт ұлына ол жерлерді бөліп берді. Қазақстан территориясы үш 

монғол ұлысының құрамына кірді:  



Төлеге  (кіші  ұлы)  кіндік  Монғолияны;  Шағатайға  Жетісу 

мен Әмудария маңын (Мауереннахр), Шығыс Түркістанды; Үге-



дейге Алтай, Тарбағатай, Батыс Монғолия жерлерін береді. Жо-

шы  (үлкен  ұлы)  үлесіне  Ертістен  батысқа  қарай  (бүкіл  Дешті 

Қыпшақ  жерін  қоса)  Оралға  дейін,  Жетісудың  солтүстік  бөлігі, 

Арал, Каспий маңындағы жерлер тиді. 

Бұл  бөлінген  жерлер  ұлыстар  деп  аталды.  Барлық  ұлыс-

тардың  орталығы  Қарақорым  болды.  Ал  Қазақстан  аймағы  үш 

ұлысқа (Төледен басқа) қарады. Бұлардың ішінде ең ірісі - Жо-

шы ұлысы, шағыны - Шағатай ұлысы. 

Жошы  ұлысы.  Шыңғыс  хан  құрған  алып  империя  аумағы-

ның  басым  бөлігі  Жошы  ұлысына  қарады.  Алғашқыда  ұлыс 

территориясы  Ертістен  Еділге  дейінгі,  Сібірден  Сырдарияға 

дейінгі  жерлерді  қамтыды. Қазақстан  жерінің  басым  бөлігі  осы 

ұлыстың  құрамында  болды.  Жошы  хан  өлгеннен  кейін  мирас-

қоры  Батый  (Бату)  жорықтары  нәтижесінде  ұлыс  аумағын  Ал-

тайдан  Дунайға  дейін  созды.  Бұл  ұлы  мемлекет  Алтын  Орда 

мемлекеті деп аталды. 



Шағатай  ұлысы.  Жетісу,  Мауереннахр  сияқты  өңірлерді 

иеленген  Шағатай 1241 жылы  өлді  Оның  орнына  баласы  Есу-

Мөңке хан болды. Шағатай ұлысында тақ таласы тоқтамад, өза-

ра  қырқысулар  ХІV  ғасырдың  ортасында  үлыстың  ыдырауына 

 

39


әкеп  соқты.  Шағатай  ұлысының  жұртына  Жетісуда  Моғолстан 

мемлекеті құрылды. 



 

§ 21. Алтын орда мемлекеті 

 

1227 жылы Жошы өлген соң оның орнына ұлы Батый отыр-

ды. 1235 жылы  Монғол  империясының  астанасы  Қарақорымда 

болған  құрылтайда  Батысқа  (Еуропаға)  шапқыншылық  жорық 

жасау  ұйғарылды.  Бұл  жорық 1236 жылы  басталады.  Алтын 

Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы 

болды.  Түрік  деректерінде  Батый  ханның  әскерлері  қыпшақтар 

деп  аталды.  Себебі,  ұлан-ғайыр  өлкеде  орналасқан  мемлекет 

халқының  басым  бөлігі  түркі  тілдес  қыпшақтар  болатын.  Мем-

лекеттің басты саяси-мәдени тілі қыпшақ тілі болды. Алтын Ор-

да әскерлері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мемлекет 

басындағы  нояндар  мен  бектердің,  басқақтар  мен  тамғашы-

лардың  қолында  билік  көп  болды.  Алтын  Орда  мемлекеті 

тарихи әдебиетте “Қыпшақ ұлысы” деп те аталды. Алтын Орда-

да монғолдар басым тайпа болған жоқ. ХІV ғасырда монғолдар 

түркіленіп,  Алтын  Орданың  халқы  “татарлар”  деп  аталынған. 

Сонымен  қатар  Алтын  Орда  Берке  ханның  тұсында  біртұтас 

монғол  империясынан,  бөлек  тәуелсіз  мемлекет  болды.  Кейін 

Алтын  Ордада  Мөңке  хан  өз  атынан  теңге  шығара  бастады. 

Алтын  Орда  ХІV  ғасырдың  І  жартысында,  Өзбек  пен  Жәнібек 

хандар  тұсында  едәуір  көтерілді.  Өзбек  ханның  тұсында 1312 

жылы  мұсылман  діні  мемлекеттік  дін  болып  жарияланды. 

Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі ХІV ғасырдың 

ІІ жартысы. 

 1359—1379 жылдар Алтын Орда тарихында “Ұлы дүрбелең” 

кезеңі  деп  аталынды.  Кейін  Тоқтамыс  хан  Алтын  Ордадағы  өз 

билігін соғыстағы жеңістермен бекіте түспек болып 1382 жылы 

Мәскеуді өртеді. Солтүстік пен Батыста Ақсақ Темірдің басқын-

шылық  жоспарларына  Алтын  Орда  мемлекеті  кедергі  жасады. 

Әмір Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы шешуші шайқас 1395 

жылы  болды.  Тоқтамыс  пен  Темір  арасындағы  күрес-тартыс 

Сыпыра  жыраудың  жырларында  бар.  Алтын  Ордада  әскер  ісін 

және  дипломатиялық  қатынастарды  “беклербектер”  басқарды. 

Ал, “басқақтар”  алым-салық  жинаумен  айналысты.  Алтын  Ор-

даға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді.  

 

40



Алтын Орданың ыдырау себебі мыналар: 

-  этникалық  құрамы  әр  түрлі  халықтар  бір  мемлекетте  тұра 

алмады; 

- шаруашылығының өркендеуі нашар болды; 

- билік үшін талас күшейді; 

- езілген халықтың азаттық күресі күшейді. 

Әмір  Темір  әскерлерінің 1389-1391 және 1395 жылдардағы 

жорықтары нәтижесінде Алтын Орда талқандалды. Алтын Орда 

ХV ғасырдың ортасына қарай біржола құлады.  

Шаруашылығы және мәдениеті. Көшпелі мал шаруашылы-

ғы мен отырықшы егін шаруашылығы Алтын Орда халықтары-

ның  басты  шаруашылығы  осы  екеуі.  Алтын  Орда  халықтары, 

негізінен,  мұсылмандар  болды.  Алтын  Орда  мемлекетінде  ал-

ғашқыда көне ұйғыр жазуы негізгі жазу болып қалыптасса, кей-

іннен ислам діні ықпалының күшеюіне байланысты араб жазуы 

да қатар қолданылды. 

 

§ 22. Ақ орда 

 

Шығыс  Дешті  Қыпшақ  аумағында  орналасқан  Алтын  Орда-

дан Ақ Орда дербес мемлекет болып бөлінді. Бастапқы Шығыс 

Дешті  Қыпшақ,  Жетісудың  солтүстік-батыс  бөлігі,  Ертіс  жаға-

лауы  Жошының  үлкен  ұлы  Орда-Ежен  ұлысы  болып,  ол  Көк 

Орда  деп  аталды.  Ал,  Жайық,  Ырғыз,  Тобыл,  Сарысу,  Арал 

жағалауындағы  далалық,  Сырдарияның  төменгі  сағасы  Жошы-

ның бесінші ұлы - Шайбан үлесіне тиіп, оны Ақ Орда деп атады. 

Кейін  Шайбан  ұлысы  Орда-Ежен  ұлысының  құрамына  енген 

соң мемлекет Ақ Орда деп аталынды. Ақ Орда хандығы Жошы 

ұлысының  территориясында  болды.  Ақ  Орданың  шаңырағын 

көтерген  хан  Орда-Ежен  болатын.  Ақ  Орданың  алғашқы  ханы 

Сасы-Бұқа  болды.  Бұдан  кейінгі  Ақ  Орда  хандары  Ерзен, 

Мүбәрәкқожа  Алтын  Ордаға  тәуелділіктен  құтылуға  әрекет 

жасай  бастады.  Ақ  Орда  Алтын  Орданың  құрамынан  дербес 

хандық  болып  Ерзен  хан  тұсында  бөлініп  шықты.  Ақ  Орда 

тәуелсіз хандық болып Орыс ханның тұсында жарияланды. Осы 

ханның  тұсында (1361-1377 жж.) Ақ  Орда  айтарлықтай  күшей-

ген болатын.  

 

41



Ақ  Орданың  қалалары:  Сығанақ,  Иасы  (Түркістан),  Сауран, 

Жент,  Баршынкент,  Отырар.  Астанасы - Сығанақ  қаласы.  Ақ 

Орда  мемлекеті  қазақ  жерін  түгел  қамтыды.  Тайпалары:  қып-

шақ,  керей,  найман,  арғын,  қоңырат,  жалайыр,  алшын,  қарлұқ 

тағы  басқалар.  Ақ  Орда  халқы  өзбек-қазақтар  деп  аталған.  Ақ 

Орда  ХІV-ХV  ғасырларда  Қазақстан  аумағындағы  феодалдық 

мемлекет болды. Мемлекет басында Шыңғыс тұқымынан шық-

қан  хандар  отырды.  Ақ  Орданы  әлсіреткен  Ақсақ  Темір 

жорықтары  болды.  Ақ  Орданың  ыдырауы  нәтижесінде  Ноғай 

ордасы мен Әбілхайыр хандығы пайда болды. 

 

§ 23. Моғолстан 

 

 ХІV ғасырда Шағатай мемлекеті батыс және шығыс иелікке 

бөлінді.  Шығыс  бөлігінде 1346-1348 жылдары  Моғолстан 

мемлекеті  құрылды.  Дулат  тайпасының  феодал  ақсүйек 

қауымының  Әмір-Болатшы  басшысы  Моғолстан  мемлекетінің 

негізін  салды.  Моғолстанда  мемлекеттің  саяси  билігі  және  жер 

билігі  ханның  қолында  болды.  Моғолстанда  ханға  мемлекет 

басқаруда  ханға  ұлыс  бегі  көмектесті.  Дулат  тайпасының  фе-

одалдық  ақсүйектер  басшысы  Әмір  Болатшы  жаңа  Моғолстан 

мемлекетінің  ханы  етіп  Тоғылық  Темірді  сайлады. 1348 жылы 

Тоғылық Темір Моғолстан ханы болып жарияланды. 

Моғолстанның  саяси-әкімшілік  биліктерінің  көбі  дулат  фео-

далдарының  қолында  болды.  Моғолстанды  Шағатай  әулеті 

билеп  келген. “Моғолстан” - тарихи-геологиялық  термин  сөз. 

Оның мәні “могул”, “могол” деген ұғымнан шыққан. Орта Азия 

халықтарының  айтуы  бойынша, “монгол”  деп  аталып  кеткен. 

Қазақстанның  оңтүстік-шығысындағы  халықтар  Моғолстанның 

пайда  болған  кезінен  бері  түркі  тілдес  болды.  Тарихи  деректер 

бойынша,  моғолдар  құрамына  дулаттар,  қаңлылар,  керейлер, 

үйсіндер, арғындар т.б. тайпалар енді. Моғолстан астанасы - Іле 

бойындағы  Алмалық  қаласы.  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  “Та-

рих-и-  Рашиди”  кітабында  Моғолстан  территориясы  жайында 

былай  жазады: “Моғолстан  шекарасының  ұзындығы 7-8 айлық 

жол.  Шығысында  қалмақ  жерімен  шектесіп,  Баркөл,  Ертіс 

өзендерін қамтиды. Солтүстік шекарасында Балқаш, батысында 

Түркістан, оңтүстігінде Ташкент, Ферғана, Ақсу Қашғар қалала-

 

42



ры орналасқан”. Тоғылық Темір ханның тұсында Моғолстан бү-

кіл Мауереннахрды жаулап алды.  

1371-1372  жылдары  Әмір  Темір  Моғолстанға  алғаш  рет  жо-

рық жасап көптеген қалаларды басып алады.  

1371-1373, 1375-1377 жылдары  Темірдің  Моғолстан  жеріне 

екінші  шабуылы  басталады.  Моғолстан  әскері  орасан  зор 

шығынға ұшырады. 

1371-1374, 1383 жылы  Темір  Моғолстанға  тағы  бір  рет  ба-

сып кірді. 

1389 жылы Қызыр Қожа Моғолстан тағына отырды. 

1390  жылы  Темір  әскерлері  Моғолстан  жерін  ойрандады. 

Осыдан кейін Моғолстан мемлекеті құлдырай берді. 

 

§ 24. Әбілхайыр хандығы (1428-1468 жж.) 

 

Ақ  Орданың  құлауы  нәтижесінде  Қазақстанның  далалық 

аймағында  Әбілхайыр  мемлекеті  құрылды. 1428 жылы  хан 

тағына Әбілхайыр отырды. Әбілхайыр Шыңғыс ханның ұрпағы 

Шайбан  әулетінен  шыққан.  Оның  әкесі  Дәулет  Шайх  Оғлан. 

Әбілхайыр хандығының құрамында түрік тайпалары көп болды. 

Олар  өзбектер  деп  аталды.  Бұл  мемлекет  тарихта  “көшпелі  өз-

бектер” деп аталады. 

Хандық  территориясы  негізінен,  Шығыс  Дешті-Қыпшақ 

жерін қамтыған. Батысында Жайықтан, шығысында Балқаш кө-

ліне  дейінгі,  Солтүстігінде  Ертіс,  Тобыл  өзендерінен  оңтүстік-

тегі  Сырдарияның  Аралға  құяр  тұсына  дейінгі  жерлерді  алып 

жатты.  Әбілхайыр  осы  хандықты  қырық  жыл  басқарды.  Әбіл-

хайыр  хандығының  астанасы  Сығанақ  қаласы  болды.  Негізі, 

Сығанақ қаласының маңында Шайбан әулетінен шыққан хандар 

жерленген. Осы жерлердегі кесенелердің бірінде Әбілхайыр хан 

жерленген.  Ол-Көк  кесене.  Әбілхайыр  хандығы  туралы  Осман 

Кухистанидің  шығармасында  кездеседі.  Ол  “Тарихи-Әбілхай-

ырхани” деп аталады. 

1457 жылы Әбілхайыр хан Сығанақ түбінде ойраттардан же-

ңіліс тапты. ХҮ ғасырдың 50 жылдарында Жошының үрпақтары 

Керей  мен  Жәнібектің  Әбілхайырға  бағынғылары  келмей. одан 

бөлініп  артына  ерткен  көптеген  халықпен  Моғолстан  жеріне 

көшіп кетті. 

 

43


Ал,  Әбілхайыр  хандығының  құлауына  мемлекет  ішіндегі 

жеке ұлыстар арасындағы алауыздық себеп болды. Шыңғысхан 

ұрпақтары  арасында  билік  үшін  болған  ішкі  қақтығыстар  мен 

тартыстар  және  қатардағы  көшпенділердің  феодалдық  қанауға 

қарсы наразылығы себеп болды. Сонымен қатар сыртқы саясат-

тағы  сәтсіздіктер  де  өз  ролін  атқарды. 1468 жылы  Әбілхайыр 

Моғолстанға  жорыққа  аттанып,  жолда  қайтыс  болды.  Сөйтіп, 

Әбілхайыр  ханның  мемлекеті  құлады.  Соның  нәтижесінде 

бұрынғы қуатты Алтын Орданың ізі жойылды, енді оның аума-

ғында Қазақ, Ноғай, Сібір деп аталатын жаңа мемлекеттер пайда 

болды.  Сонымен  ХVІ  ғасырдың  басында  “қазақ”  пен  “өзбек” 

атауларының  аражігі  ажыратылды.  Бұрынғы  өзбек  ұлысының 

тұрғындары қазақтар деп аталып, Қазақ хандығына бағынышты 

болды. Ал,  Орта  Азияның  түркі  тілдес  халықтарының  ішіне  сі-

ңіп кеткен Әбілхайыр ханның ұрпақтары өзбектер деп аталды. 

 

 

§ 25. Ноғай ордасы (ХІV-ХVІ ғасырлар) 

 

Алтын  Орданың  ыдырауы,  Ақ  Орданың  әлсіреуі  барысында 

Қазақстанның Солтүстік батысында Ноғай ордасы деп аталатын 

дербес  мемлекет  пайда  болды.  Ноғай  ордасының  жартылай 

тәуелсіз  ел  болып  оқшаулануы  Алтын  Орданы  басқарған 

Едігеден (1396-1411 жж.)  басталды.  Едіге  Ноғай  орданысының 

негізін қалаған. Ноғай ордасында Едіге 15 жылдай уақыт билік 

құрды.  Тарихи  деректерде  Ноғай  ордасы  “маңғыт  жұрты”  деп 

аталады.  Бұл  мемлекет  Едігенің  ұлы  Нұраддиннің  тұсында 

(1426-1440 жж.) біржола бөлінді. “Ноғай”, “ноғайлар”, “Ноғай -

Ордасы”  терминдері  әдебиетте  бірінші  рет  ХVІ  ғасырда  пайда 

болды.  Ноғай  ордасында  маңғыт  тайпасының  өкілдері  билік 

етті. Ноғай ордасының негізгі орналасқан жері Еділ мен Жайық 

өзендерінің аралығы, Астанасы-Сарайшық қаласы. 

Жошы  ханның  немересі  Ноғай  Алтын  Орда  әскері  қолбас-

шыларының  бірі  болған.  Ол  Кавказ,  Польша,  Венгрия,  Балкан 

және  Парсы  елдеріне  әскери  жорықтар  жасады. 1273 жылы  ол 

Византия  императорының  қызына  үйленді. 1306 жылы  Доннан 

Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр өлкені билеген Ноғай Тоқтамыстың 

қолынан  қаза  табты.  Ноғайдың  қарамағындағы  Каспий  маңы-

 

44


ның  халықтары  Ноғай  елі  деп  атанып  кетті.  Осылайша  ХІV 

ғасырда Еділ бойында Ноғай ордасы атты жаңа мемлекет пайда 

болды.  Ноғай  ордасының  дербес  мемлекет  болуына  Едіге  көп 

ықпал  еткен. 1426-1440 жылдары  Едігенің  баласы  Нұраддин 

билік  құрған  тұста  Ноғай  ордасы  күшейді.  Ноғай  ордасы  фео-

далдық мемлекет болды. ХVІ ғасырда Ноғай ордасы орыс мем-

лекетімен  біртіндеп  сауда-экономикалық  және  саяси байланыс-

тарын нығайта түсті. Қазан және Астрахань хандықтарын Ресей 

жаулап алғаннан кейін, Ноғай ордасы бірнеше дербес иеліктерге 

бөлініп кетті. 

Ноғай  ордасы  құрамындағы  қоңырат,  қаңлы,  арғын,  тама, 

қыпшақ сияқты тайпалардың бір бөлігі қазақтардың кіші жүзіне 

кірді. Ал қалғандары Орыс князьдығына, Қырым хандығына қа-

рады. Ш. Уәлиханов Ноғай ордасы мен қазақ хандығы халықта-

рының өзара туыстығы туралы айтқан. Осы мәлімет қазақ ханы 

Жәнібек  кезінде  ноғайлар  мен  қазақтардың,  яғни  екі  туысқан 

орданың  арасында  тату  қарым-қатынас  болғанын  байқатады. 

Осындай қатынастар кейін де жалғасты. Мысалы ХVІ ғасырдың 

орта  шенінде  Хақназар  ханды  тұстастары  “қазақ  пен  ноғай  ха-

ны”  деп  атағанын  шежірешілер  жазып  қалдырған.  Бірақ  олар-

дың татулығы әр кез сақталды деуге болмайды.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

45



V ТАРАУ. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ 

 

§ 26. Қазақ хандығының құрылуы 

 

Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихындағы маңыз-



ды оқиғалардың бірі. Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Түр-

кістан  аумақтарындағы  болған  әлеуметтік-экономикалық  және 

этно-саяси  процестер  қазақ  хандығының  құрылуындағы  заңды 

құбылыстар. Ол Әбілхайыр хан мен Моғолстан мемлекеттерінің 

ішкі  саяси  жағдайымен  тығыз  байланысты.  Саяси  жағынан 

бытыраңқылығы басым этникалық топтардың, яғни қазақ тайпа-

ларының  бір  мемлекетке  бірігуі  Қазақ  хандығының  құрылуына 

әкелді. Қазақ хандығы ХV ғасырдың 60 жылдардың ортасы мен 

70  жылдардың  басында  (Мұхаммед  Хайдар  Дулатидың  есебі 

бойынша 1465-1466 жж.)  Батыс  Жетісуда  құрылды.  Оның 

негізін қалаушылар Орыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Ке-

рей хан мен Жәнібек хан болды. Қазақ хандықтарының сыртқы 

саясат жөніндегі бағыт-бағдары және дипломатиялық қатынасы 

белгілі бір дәуірдегі ішкі, әсіресе сыртқы жағдайға сәйкес өзге-

ріп  отырды.  Керей  хан  мен  Жәнібек  ханның  одақтық  қатынас 

орнатқан  тұңғыш  мемлекеті  Моғолстан  болды.  Моғолстанның 

ханы  Есенбұға  хан  Моғолстанның  батыс  бөлігіндегі  Шу  мен 

Қозыбасы аймақтарына қоныстануға рұқсат берді. ХV ғасырдың 

ІІ  жартысында  Қазақ  хандығының  іргесі  нығайды.  Көрші  мем-

лекеттердің (Әбілхайыр хандығы, Темір және Моғолстан мемле-

кеттері) құлдырауы Қазақ хандығының күшейуіне себеп болды. 

Керей мен Жәнібек хандар қазақ халқының жеке мемлекет құру, 

саяси  және  мәдени-экономикалық  тәуелсіздік  алу  жолындағы 

талабын  өз  қимылдарына  арқау  етті. “Таурих-и  гузида-ий  Нус-

ратнама”  еңбегінің  авторы  айтып  өткендей,  Керей  хан  Орыс 

ханның  немересі  Болат  ханның  ұлы.  Керей  хан 1472-1473 

жылдардағы  оқиғалардан  кейін  қайтыс  болған  деп  есептеледі. 

Ал, Жәнібек хан Барақ ханның ұлы Орыс ханның шөбересі. Ол 

қазақ  хандығы  мен  қазақ  хандары  әулетінің  негізін  қалаушы. 

Оның азан шақырып қойған есімі-Әбусаид (кей деректе Бусаид 

немесе  Әбусағид).  Ең  алдымен  Қазақ  хандығының  құрамына 

Созақ, Сауран қалалары кірді. 1480-1511 жылға дейін Керейдің 

баласы Мұрындық хан болды. ХVІ ғасырдыі І жартысында Қа-

 

46



зақ  хандығы  күшейе  түсті.  Оңтүстік  Қазақстан  қалалары  үшін 

соғыс Мұрындық ханның тұсында да толастаған жоқ. 

Ал, 1511-1518 жылға  дейін  Қасым  хан  болды.  Қасым  хан 

шамамен 1445 жылы  дүниеге  келген.  Ол 1518 жылы  қайтыс 

болған.  Қазақ  хандығының  негізін  салған  Әз  Жәнібектіңұлы. 

Анасы  Жағанбегім-Мұхаммед  Шайбани  ханның  кенже  інісі 

Махмұд  сұлтанның  апасының  сіңілісі.  Қасым  ханның  алға 

қойған  басты  міндеті  Сырдария  бойындағы  қалаларды  Қазақ 

хандығының  құрамына  қосу  болатын.  ХVІ  ғасырдың  аяғына 

қарай  Қасым  хан  Қазақ  хандығының  жерін  ұлғайтты. “Тарихи 

Рашиди”, “Шайбанинама”  т.б.  деректердегі  мәліметтерге  қара-

ғанда  қазақтардың  этникалық  территориясының  негізгі  аудан-

дары  Қазақ  хандығына  Қасым  ханның  билігі  кезінде  бірікті-

рілген.  Қасым  ханның  тұсында  қазақ  халқының  саны 1 млн-ға 

жетті.  Қасым  хан  қазақтың  құқықтық  тарихының  бес  бөлімнен 

тұратын белгілі “Қасқа жол” заңдар жинағын шығарған. Қасым 

ханның тұсында Қазақ хандығы Ресей патшалығымен, Сібірмен 

тағы басқа елдермен байланыс орнатты. Ал, Қазақ хандығының 

Қасымнан  кейінгі  билігі  оның  мұрагері  Мамаштың  қолына 

тиеді. Ол 1518-1523 жылға дейін хандық құрды. Қасым ханнан 

кейін  қазақ  хандығы  әлсірей  бастады.  Ал, 1523-1533 жылдар 

аралығында  хан  тағына  Қасымның  немересі  Тақыр  отырды. 

Тақыр  хан  мен  Ноғай  ордасының  арасындағы  алауыздық  шие-

ленісе түсті. Тақырдың кезінде Қазақ хандығы біраз жерлерінен 

айырылып қалды.  

1533-1534  жылға  дейін  хан  тағына  Бұйдаш  отырды.  Бұл 

ханның  тұсында  Қазақ  хандығының  ішкі  және  сыртқы  жағдай-

лары  жақсара  қойған  жоқ.  Ал 1534 жылы  хан  тағына  Қожа 

Махмұд,  ал 1535-1537 жылға  дейін  Тоғым  хан  отырды. 1537 

жылы хан тағына Қасым ханның ұлы Хақназар (1537-1580 жж.) 

отырды.  Хақназар  хан  тұсында  Қазақ  хандығы  дамып,  күшейе 

түсті.  Маңғыт  (Ноғай)  басшылары  өз  ара  қырқысуларды 

тоқтатып,  Хақназарға  бағынды.  Хақназар  хан  Моғолстан  хан-

дарымен  үздіксіз  және  табан  тіресе  соғысты.  ХVІ  ғасырдың 50 

жылдары ол Қазақ хандығына бұрынғы Ташкентті бағындырды, 

ал 70 жылдарының  аяғында  Хақназар  Абдолла  ханмен  одақтас 

болып, Баба сұлтанға қарсы күрес жүргізді. Хақназар хан ең ал-

дымен  Жайық  маңын,  Түркістан  жерлерін  қосып  алды.  Қазақ 

хандығы Хақназар хан тұсында саяси жағынан қайта өркендеді.  

 

47



 1580-1582 жылдары хан тағына Шығай отырды. 1582 жы-лы 

Шығайдың  баласы  Тәуекел  хан  болды.  Тәуекел  хан  Ақназар 

(Хақназар) ханның мұрагері әрі ізбасарларының бірі. Ол Бұхара 

мен Моғолстан бұғауына босау жолында үздіксіз соғыс жүргіз-

ді.  Бұхар  әскерін  талқандаған  соң,  Ташкент  пен  Самарқанды 

басып алды. 1598 жылы Бұхар үшін болған шайқаста Ташкентте 

Тәуекел хан қайтыс болды. Есім хан 1598-1623 жылдары Қазақ 

хандығын  билеген.  Шығай  ханның  баласы.  Таққа  Тәуекел  хан-

нан  кейін  отырған.  Өз  тұсында  “Еңсегей  бойлы  ер  Есім”  деген 

атпен әйгілі болған. Бұл атау Жиембет, Марқасқа жыраулардың 

жырларында жиі айтылады. Бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел 

ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықтағы ересен ерлігіне 

байланысты  берілген  көрінеді.  Есім  хан  тарихта  “Есім  ханның 

ескі  жолы”  деген  атпен  белгілі  заң  ережелерін  құрастырған. 

Мемлекет билеудің құқықтық жүйесін реттеуде бұл аталған заң-

дар жинағы елеулі рол атқарды. Есімнің інісі Тұрсын Есім ханға 

бағынбай, Ташкентті жеке биледі. 1627 жылы Есім хан Тұрсын-

ды өлтірді. Есім хан Қазақ хандығының аумағын кеңейту бағы-

тында үлкен үлес қосты. 1628 жылы Есім хан қайтыс болады.  

Ал 1628-1652 жылдар  арасында  үш  жүздің  ханы  Жәңгір 

таққа отырды. Ол Шығай ханның немересі, Есім ханның баласы. 

Басы бақыр қазандай, апайтөс, бірақ аласа адам екен. Сонысына 

қарап  халқы  “Салқам  Жәңгір”  деп  атап  кетіпті.  Оның  хандық 

құрған  кезі  ойрат-жоңғарлармен  екі  арадағы  қақтығыстың  кү-

шейген кезі. Ол 1643 жылы 600 сарбазбен ойраттың 50 мыңдық 

әскеріне  қарсы  шығып  жеңіске  жетті. 1652 жылы  ойраттармен 

болған шайқаста Жәңгір қайтыс болды. Біраз уақыт бойы Қазақ 

хандығының билігі сұлтандардың қолында болды.  

1680 жылы хан тағына Әз-Тәуке отырды. Ол хандық бтлікті 

негізінен,  билерге  сүйеніп  жүргізді.  Билердің  көмегімен  “Жеті 

жарғы”  заңдар  жинағын  шығарды. “Жеті  жарғы”  қазақтардың 

ХVІІІ  ғасырдағы  әдет-ғұрып  заңдары. “Жеті  жарғы”  бойынша 

ер  адамның  құны 1000 қойға  теңестірілген.  Ал,  әйел  зорлаған 

адамға өлім жазасы кесілген. ХV-ХVІІ ғғ. Қазақ хандығында кек 

алу заңы бірінші орында тұрды. Кек алу “Қанға-қан” ұранымен 

сот  шешімі  арқылы  жүзеге  асты.  Сот  шешімін  бүкіл  ру 

орындады.  Хан  мен  сұлтандардың  пайдасына  шариғатқа  негіз-

деліп  салынатын  мал  салығын  “зекет”  деп  атады.  Ал,  ұшыр, 

 

48


баж,  харадж  салықтарын  егіншілер  мен  қолөнершілер  төледі. 

Сондай-ақ  малшылар  зекет,  соғым,  сыбаға  түріндегі  алым-са-

лықты  төлеуге  міндетті  болды.  Тәуке  ханның  тұсында  Қазақ 

хандығының астанасы Түркістан қаласы болды. 1710 жылы Тәу-

ке ханның ордасында үш жүздің өкілдері жоңғарларға тойтарыс 

беру  үшін  әскери  күшті  ұйымдастыру  мәселесін  талқылады. 

1718 жылы әз-Тәуке қайтыс болады. 

  

§ 27. Қазақ халқының қалыптасуы 

 

Қазақ  халқының  қалыптаса  бастауы  б.э.д. II-І  мыңжыл-



дықтардан басталады. “Қазақ” сөзінің шығуы туралы алуан-түр-

лі ғылыми болжамдар мен көзқарастар болды. Бірақ әлі де нақ-

тылы толық дәлелденген пікір айтыла қойған жоқ. Дегенмен ол 

пікірлер  мен  болжамдардың  кейбірі  көңіл  аударуға  тұрарлық-

тай.  Көне  түрік  тіліндегі  деректерге  қарағанда, “қазақ”деген 

атау  Орхон,  Енисей  жазбаларындағы  “қазғақ  оғлұм”  деген  сөз-

дегі “ғ” әрпінің түсіп қалу нәтижесінде тұрақтанған. Алай түрік 

тілінің  заңдылықтары  бойынша  бұл  пікір  де  қолдау  таппады. 

Түркі  тілдерінің  қыпшақ-ноғай  тармағынан  қазақ  тілі  ХІV-ХV 

ғасырларда  бөлініп  шықты.  Қазақ  халқының  көп  ғасырлық 

құрылу  процесі  мен  этникалық  территориясының  анықталуы 

ХV-ХVІ  ғасырларда  аяқталды.  Саяси  жағынан  шашыраңқы 

этникалық туыстас топтардың басы қосылып қазақ рулары мен 

тайпаларының  бірігуіне  Қазақ  хандығының  құрылуы  әсер  етті. 

Ежелгі  Сібір  тайпалары  тілдерінде  “қазақ”  сөзін  “мықты”, 

“берік”, “алып” мағынасында берілген. Шығыс Дешті Қыпшақта 

“қазақ”  атауы  ІХ-Х  ғасырларда  әлеуметтік  мағынада  қолда-

нылса,  ал  ХІ-ХІІ  ғасырларда  осы  аттас  этникалық  әлеуметтік 

топтардың болғандығы байқалады.  

“Қазақ”  ХІІІ  ғасырдағы  хорасан  түркмендері  арасында  да 

кездеседі.  Кейбір  деректерде  сақ,  хазар  тайпаларының  атынан 

шыққаны  айтылады.  Тарихшы  Б.  Е. Көмековтың  айтуы  бойын-

ша  “қазақ”  сөзі  бұлардың  арасында  этникалық  сипатта  қолда-

нылған тәрізді. Сонымен “қазақ” сөзі көне түрік дәуірінде пайда 

болып,  ХІІІ  ғасырға  дейін  бостандық  сүйгіш  “еркін  адамдар” 

деген  мағынада  қолданылып  келген.  Рузбиханның  өзбек  ұлы-

сында  (ХV  ғ.)  үш  халықтың  болғандығы,  оның  ішінде  ең  көбі, 

 

49



ержүректері  қазақтар  екені  айтылған.  Ақыр  соңында  өзбек 

ұлысынан  немесе  Әбілхайыр  хандығынан  Жәнібек  пен  Керей 

сұлтандар қазақ аталып  жүрген тайпалармен  бөлініп көшкенде, 

оларға алғаш “өзбек-қазақ” деген ат тағылған, кейін ХV ғасыр-

дың  ІІ  жартысында  қазақ  халқының  құрылуына  байланысты 

“қазақ” атауы біржола этникалық сипатқа ие болды.  



Қазақ жүздері. “Жүз” деген атау тарихи шаруашылық-аймақ 

деген  мағынаны  береді.  Жаңадан  қалыптасқан  қазақ  халқы 

Қазақстан  жеріне  түгелдей  тарап  қоныстанды. Қазақ  халқы  ме-

кендеген бұл жерлерде 3 түрлі шаруашылық аймақ қалыптасты. 

Осыған  байланысты  сол  өңірлерді  мекендеген  халықтар  үш 

жүзге бөлінді. 



Ұлы жүз. 

Мекендеген  өңірлері:  Оңтүстік  Қазақстан,  Жетісу  (Іле,  Шу, 

Талас). 

Тайпалар:  дулат,  албан,  үйсін,  қаңлы,  суан,  жалайыр,  ша-

пырашты, сіргелі. Ұлы жүзді Ақарыс деп те атайды. 

Орта жүз. 

Мекендеген  өңірлері:  Орталық  және  Шығыс  Қазақстан  (Ер-

тіс, Есіл, Нұра, Тобыл, Сарысу өзендерінің бойы). 

Тайпалар: арғын, найман, керей, уақ, қыпшақ, қоңырат. Орта 

жүзді Бекарыс деп те атайды. 

Кіші жүз. 

Мекендеген  өңірлері:  Батыс  Қазақстан,  Сырдарияның 

төменгі ағысы (Орал, Ырғыз, Торғай, Еділ өзендерінің бойы). 

Тайпалар:  әлім,  байұлы,  жетіру,  солардан  тарайтын  табын, 

адай,  шөмекей,  жағалбайлы,  шекті,  төртқара,  тама,  серкеш  т.б. 

Кіші жүзді Жанарыс деп те атайды. 



Қазақ билері мен батырлары. Ұлы жұз биі Әлібекұлы Төле 

би 1663-1756 жылдары өмір сүрген. Ол дулат жұртының Жа-ныс 

руынан шыққан. Төле би сауатты, ақындық-шешендік өнерінен 

тәлім  алған,  Ол 15-20 жасында  билікке  араласып  әділдігімен, 

шешендігімен  елге  танылды.  Ол  кезде  қазақ  пен  жоңғар 

хандықтары ұдайы жауласуда еді. Төле би басқа атақты билер-

мен  бірге  Әз  Тәукенің  сенімді  көмекшісі  болды.  Төле  бидің 

есімі тек Ұлы жүзге ғана емес, Орта жүз бен Кіші жүздегі ірі-ірі 

тарихи оқиғалармен тығыз байланысты. Төле бидің денесі Таш-

кент қаласына, Бабырдың нағашы атасы Жүніс ханның жанына 

қойылған. Онда Төле биге үлкен ескерткіш орнатылған. 

 

50



Орта  жүздің  биі  Қаз  дауысты  Қазыбек  би 1667-1764 жыл-

дары  өмір  сүрген.  Қаз  дауысты  Қазыбек  би - Орта  жүз  арғын 

ішіндегі  Қаракесек.  Өз  әкесі  Келдібек,  ұлы  әкесі  (атасы)  абыз 

атанған  Шаншар,  бабасы-Бұлбұл  шетінен  тілге  шешен  білікті 

адамдар  болыпты.  Қазыбек  ел  дауын  шешуді  өз  басына  міндет 

етіп  алып,  бала  би  деген  аттан,  дана  би  деген  атаққа  дейін 

көтерілді.  

Ал Кіші жүз биі Әйтеке би 1666-1722 жылдары өмір сүрген. 

Артына аталы сөз қалдырған, есімі ел жадында сақталған қазақ 

шешендерінің  бірі.  Қазақ  руларының  басын  біріктіріп,  бір  ор-

талыққа  бағындырған  және  туысқан  қазақ,  қарақалпақ,  қырғыз 

халықтарын  одақтастырып,  жоңғар-қалмак  шапқыншылығына 

қарсы біріңғай халық майданын құрған. Тәуке ханның кеңесшісі 

болған.  

Атақты үш би-Төле, Қазыбек, Әйтеке бір ананың тетелес үш 

ұлындай  қатар  аталып,  қатар  қадірленіп,  ел  жадында  бірдей 

сақталған. Төле, Қазыбек, Әйтекелердің қазақ халқына сіңірген 

өлмес еңбегі де осы үштік бірлікті нығайтқандығында. 

Қаракерей Қабанбай батыр 1691-1769 жылдары өмір сүр-ген. 

Қабанбай  жастайынан  жоңғарлардың  жауыздығын  көзімен 

көрген  еді.  Қабанбайдың  шын  есімі-Ерасыл.  Ерасылды  жеңге-

лері  “Нар  бала”  атаса,  жездесі  қайрат-күшіне,  батылдығына 

сүйсініп, “қабан” деп атап кетеді. Ержете келе жойқын күшімен, 

алғырлығымен,  қайтпас  қайсарлығымен  Қабанбай  есімі  айбын-

ды қалпында сақталып қалады. Елдің айтуына қарағанда, Қабан-

бай  батыр 103 ұрысқа  кірген, “Дарабоз”, “Хан  батыр”  атанған. 

Оның  батырлық-ерлік  хикаяларын  баяндайтын  “Ер  Қабанбай” 

атты дастаны сақталған. 

Бөгенбай  батыр 1690 жылы  Бөген  өзенінің  жағасында  дү-

ниеге келген. Ұлы атасы Әлдеубек Еңсегей бойлы Есім ханның 

атақты  батырларының  бірі  болған.  Әлдеубек  батырдың  баласы 

Ақша  батыр  Тәуке  ханның 80 мыңдай  қолын  бастаған  сарбар 

болған.  Бөгенбай 1728 жылы 28 жасында 30 мың  қолға  қол-

басшы  болып,  қазақ  елінің  берекесін  алып,  құтын  қашырған 

казак-орыстарды  талқандап,  Еділден  ары  асырып  тастаған.  Бө-

генбай  батыр  Абылай  таққа  отырғаннан  кейін  мемлекеттік, 

дипломатиялық іске кеңінен араласты. 

 

51



Райымбек батыр 1730-1829 жылдары өмір сүрген. Райымбек 

Түкеұлы  Ұлы  жүздің  Албан  тайпасы,  Алжан  руының  Сы-

рымбет  деген  атасынан  тарайды.  Райымбектің  атасы  Хангелді 

атақты батыр, ел бірлігі мен тыныштығын сақтау жолында көп-

теген әрекеттер жасаған қайраткер болған. Ал шешесі жалайыр 

елінің  батыры  Барақтың  қызы-Керімбүбі  еді.  Райымбек  батыр 

17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерен ерлік 

көрсетіп, батыр атанды. 

Шапырашты  Наурызбай  батыр 1706-1781 жылдары  өмір 

сүрген. Құттымбетұлы Наурызбай Ұлы жүз Шапырашты тайпа-

сының  Асыл  руынан,  қазіргі  Алматы  облысы,  Жамбыл  ауда-

нындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлерде туылған. Абылай 

ханның  ту  ұстаушы  ұш  батырының  бірі. (Каракерей  Қабанбай, 

Қанжығалы  Бөгенбай, Шапырашты  Наурызбай).  Наурызбай  ба-

тырдың  өмірі  жоңғарларға  қарсы  соғыспен  өткен.  Жоңғарлар-

мен  соғыста  оның  Құдайберген,  Шолпан,  Дүйсен  деген  үш 

бауыры  бірдей  қаза  болады.  Наурызбайдың 1729 жылы  қалмақ 

батырлары  Шамал  хан  мен  Қаскелеңді  жекпе-жекте  өлтірген 

ерлігі қазақ даласына кең тараған.  

 

§ 28. ХІІІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті 



 

Қалалар  мен  қала  мәдениетінің  монғол  шапқыншылығынан 

кейін  қайта  жандануы  ХІІІ  ғасырдың  ортасында  басталды.  ХІІІ 

ғасырдың  ортасында  монғол  шапқыншылығынан  кейін  қала 

мәдениетінің  жандануына  Отрарда  теңге  сарайының  жұмыс 

істей  бастағандығы  дәлел  бола  алады.  ХІІІ  ғасырдың  ортасына 

Қазақстан мен Орта Азияда теңгенің дәстүрлі үш түрін (динар, 

дирхем,  мыс  теңге)  шығарған  мекен - Отырар  қаласы.  ХІV-ХV 

ғасырларда Қазақстан аумағындағы ең елеулі сәулет ғи-мараты 

Ахмет  Яссауи  кесенесі  болып  табылады.  Тарихшы  Руз-бихан 

Ахмет  Яссауи  кесенесі  туралы  “дүние  жүзіндегі  ең  ірі 

құрылыстардың  бірі,  кесенеде  адамзаттың  сәулет  өнеріндегі 

жетістіктері  таңғажайып  дәрежеде  берілген”-деп  жазды.  Орта-

лық  Қазақстанда  орналасқан  Алаша  хан  мен  Жошы  кесенелері 

ХІV-ХV  ғасырлардағы  сәулет  өнерінің  ғажайып  ескерткіштері 

болып табылады. Осы кезде Сырдарияның оңтүстік жағалауын-

дағы  мәдени-экономикалық  ірі  орталық  Сайрам  қаласы  болды. 

 

52



Ал  ХV-ХVІІ  ғасырларда  Созақ  қаласы  Қазақ  хандығы 

билеушілерінің  басты  тірегі  және  әскери  бақылау  орталығына 

айналған болатын. Сондай-ақ, ХVІ-ХVІІ ғасырлардың түйіс-кен 

түсындағы  Қазақ  хандығының  астанасы  Түркістан  қаласы 

болды.  Қазақстан  аумағында  ХІІІ-ХІV  ғасырларда  халық  ауыз 

әдебиеті  мен  әдебиет  қыпшақ  тілінде  дамыды.  Сол  кездері 

“Ақсақ  құлан”, “Жошы  хан”  атты  күйлерді  шығарған  күйші 

найман  Кетбұға.  ХV-ХVІІ  ғасырларда  қазақтар  араб  жазуын 

қолданған.  Қазақ  халқының  өмірін  жан-жақты  бейнелейтін 

айнасы- халық ауыз әдебиеті болды. ХVІ-ХVІІ ғасырларда қазақ 

ауыз  әдебиетіне  мол  үлес  қосқандар  Доспамбет  жырау  мен 

Қазтуған  жырау.  ХVІІ  ғасырларда  қазақ  тарихи  әдебиетінің 

маңызды  ескерткіші  “Жами-ат  тауарихты”  жазған  адам  Қадыр-

ғали  Жалаири.  Сыпыра  жырау  Сұрғылтайұлы  ХІV  ғасырда  Ба-

тыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген жырау, суырып салма ақын. 

ХVІ ғасырда Тоқтамыс пен Едігенің билік құрған жылдары өмір 

сүрген. Сыпыра жайында “Ер Тарғында”, “тоғыз ханды түзеткен 

кісі  еді”  делінеді. “Телағыс”  жырында  ел  бірлігінің  ұраншысы, 

ал  “Құбағұлда” “жүз  сексенге  келген”  дана  қария  ретінде  кө-

рінеді. “Едіге  би”, “Тоқтамыс  туралы  аңыз”  деген  жырлар  бар. 

“Қырымның  қырық  батырын”  жырлаған  әйгілі  Мұрын  жырау 

өзін Сыпыра жыраудың ұрпағымын деген.  

Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560 жж.). Белгілі жырау ХV-ХVІ 

ғасырларда  өмір  сүрген 1490 жылы  Әмір  Темірдің  уәзір  би-

лерінің  бірі  болды.  Ал  әкесі  Тіленші  өз  тұсындағы  ірі  феодал-

дардың бірі болған, ал шешесі Ноғай ордасының ұлы биі Мұса-

ның  қызы  екен.  Жыраудың  шығармашылығынан  бізге  жеткені 

600  жолдың  шамасы.  Шалкиіз  жырау  ғұмырының  көп  бөлігін 

Ноғай  ордасының  билеушісі  Темір  бидің  қоластында  өткізді. 

Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мем-

лекетінде  өткізеді.  Шалкиіз  жырларының  негізгі  тақырыптары-

ерлік, батырлық, адамгершілік т.б. 

Қазтуған  Сүйенішұлы  ХV  ғасырда  өмір  сүрген.  Ол  халық 

арасында  Қарға  бойлы  Қазтуған  атанып  кеткен.  Қазтуған  жы-

раудың  “Мадақ  жыры”, “Туған  жермен  қоштасу”  сынды  туын-

дыларын  ежелгі  қазак  поэзиясының  таңдаулы  үлгілеріне  жат-

қызуға болады. Ақынның халық  жады арқылы  жеткен бірқатар 

толғаулары  И.  Березиннің  “Түрік  хрестоматиясында” (1862), 

 

53


Ғабдолла  Мүштақтың 1910 жылы  шыққан  “Шайыр,  яки  қазақ 

ақындарының басты жырлары” жинағында, М. Мағауиннің “Ал-

даспан”  кітабында (1970 ж.)  жарияланды.  Еділдің  төменгі  ағы-

сындағы Қажы Тархан (Астархань) маңында мекен еткен. Оның 

көптеген  жырлары  бізге  жеткен.  Мысалы, “Алаң  да  алаң,  алаң 

жұрт” тағы басқа.  

Асанқайғы Сәбитұлы ХІV ғасырдың екінші жартысында Еділ 

бойында  дүниеге  келген  философ-ақын,  қазақтың  жырауы.  ХV 

ғасырдыі 60 жылдары  қайтыс  болған.  Оның  өмір  сүрген  тұсы 

қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Халидұлы Құр-

банғали  өзінің  “Тауарих  хамса”  атты  еңбегінде  әйгілі  Майқы 

биді Асанқайғының арғы атасы еді дейді. Асанқайғы қазақ хал-

қының ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен дала 

абызы. Осыған байланысты, Желмаясымен жер жанатын іздеген 

жырауды Асанқайғы деп атап кеткен. Тұла бойы ізгілікке толы, 

халқын  сүйген  дананы  Ш.  Ш.  Уәлиханов  “көшпенділер  фило-

софы” деп атайды. Асанқайғы Алтын Орда ханы Ұлық-Мұхам-

медтің кеңесші биі, қазақ ханы Әз-Жәнібектің кеңесшісі болды.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ 

 

1. Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштері.- Алматы, 1990. 



2. Ақселеу Сейдімбек. Қазақ әлемі.- Алматы, 2000. 

3. Ақышев К. Отырар келбеті.- Алматы, 1979. 

4.  Аманжолов  А.  Түрік  филологиясы  және  жазу  тарихы.- 

Алматы, 1996. 

5. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері.- Алматы, 1987. 

6.  Арғынбаев  Х.  Қазақтың  мал  шаруашылығы  жайында 

этнографиялық очерк.- Алматы, 1969. 

7. Тұрлығұл Т., Төлеубаев Ә., Құнапина Қ. Ежелгі Қазақстан 

тарихы. 6-сынып. 

8. Әбілғазы. Түрік шежіресі.- Алматы, 1992. 

9.  Байпақов  К.,  Ерзакович  Л.  Қазақстанның  ежелгі  қалала-

ры.- Алматы, 1971 (орыс тілінде). 

10. Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және орта ға-

сырлық Қазақстан.- Алматы, 1992 (орыс тілінде). 

11. Гумилев Л. Н. Көне түріктер.- Алматы, 1994. 

12.  Дербісәлиев  Ә.  Қазақ  даласының  жұлдыздары.-  Алматы, 

1995. 

13. Дулати М. Х. Тарих-и Рашиди.- Алматы, 2003. 



14.  Жолдасбаев  С.,  Бабаев  Д.  Орта  ғасырлардағы  Қазақстан 

тарихы. 7-сынып. 

15.  Қазақстан  тарихы  (көне  заманнан  бүгінге  дейін). 5 том-

дық. 1-2 томдар.- Алматы, 1996, 1998. 

16. Күлтегін. Көне түркі жазба ескерткіші. (көне түркі тілінен 

аударған М. Жолдасбеков).- Алматы, 1986. 

17. Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері.- Алматы, 1995. 

18. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі.- Алматы, 1994. 

19. Монғолдардың құпия шежіресі.- Алматы, 1998. 

20. Сөнбес жұлдыздар.- Алматы, 1989. 

21. Кәдірқұлова Г. Қ. Қазақстан тарихы.- Алматы, 2005. 

22. Қазақстан тарихы (оқушы анықтамасы) 5-11 сынып-тар.- 

Алматы, 2005. 

23.  Смағұлов  С.  Қазақстан  тарихы  (ұлттық  бірыңғай  тест 

тапсырушыларға  арналған  оқу-әдістемелік  құрал).-  Алматы, 

2004, 2005, 2006. 

 

55


24.  Жолдасбаев  С.  Ежелгі  және  Орта  ғасырлардағы  Қазақ-

стан тарихы.- Алматы, 1995. 

25. Қазақтар-казахи. 1-2 том.- Алматы, 1998. 

26. Қазақтың көне тарихы.- Алматы, 1993. 

27.  Абдрахманов  Х.  Қазақ  халқының  тарихы,  тағдыры.-  Ас-

тана, 2002. 

28. Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші.- Алматы, 1995. 

29.  Маданов  Қ.  Қазақ  мәдениетінің  қалыптасу  кезеңдері.- 

Алматы, 1995. 

30.  Маргулан  А.  Х.  Бегазы-Дандыбаевская  культура  Цент-

рального Казахстана.- Алматы, 1979. 

31.  Масанов  Н.  Э.  Кочевая  цивилизация  казахов.-  Алматы, 

1995. 

32.  Акишев  К.  А.  Искусство  и  мифология  саков.-  Алматы, 



1984. 

33. Ахинжанов С. М. Кипчаки в истории средневекового Ка-

захстана.- Алматы, 1989. 

34. Левшин А. И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кай-

сацких орд и степей.- Алматы, 1996. 

35.  Маданов  Х.  Қазақ  халқының  арғы-бергі  тарихы.-  Ал-

маты, 1995. 

36. Қазақстан тарихы. (Очерктер).- Алматы, 1995. 

37.  Беляев  К.  Ж.,  Салқынбек  Д.  И.  Ұлы  дала  және  Қазақ 

хандығы.- ҚазҰТУ хабаршысы 4, 1995. 

38.  Маданов  Х.  М.,  Мусин  Ч.  Ұлы  дала  тарихы.-  Алматы, 

1994. 


39. Қаратаев Т. Қ. Тарихтағы аттас тұлғалар.- Ақтөбе, 2002.  

  

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



56

МАЗМҰНЫ 

 

Алғы сөз………………………………………………................3 



І-тарау. Ежелгі Қазақстан. 

§ 1. Қазақстан тас дәуірінде…………………………................5 

§ 2. Қазақстан қола дәуірінде .. …………………….............…8 

ІІ-тарау. Қазақстан территориясындағы тайпалық  

одақтар. 

§ 3. Сақтар………………………………………………...........11 

§ 4. Үйсіндер……………………………………………...........13 

§ 5. Қаңлылар…………………………………………..............14 

§ 6. Ғұндар……………………………………………...........…15 

§ 7. Сарматтар……………………………………….…............17 



ІІІ-тарау. Орта ғасырлардағы Қазақстан. 

§ 8. Түрік қағанаты (552—603 жж.)…………………….........19 

§ 9. Батыс Түрік қағанаты (603—704 жж.)……………..........21 

§ 10. Түргеш қағанаты (704—756 жж.)…………………........22 

§ 11. Қарлұқ қағанаты (756—940 жж.)…………………........23 

§ 12. Оғыз мемлекеті (ІХ ғ. соңы — ХІ ғ. басы)………….....24 

§ 13. Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы — ХІ ғ. басы)……….........26 

§ 14. Қыпшақтар……………………………………….............27 

§ 15. Қарахан мемлекеті (942—1212 жж.)……………...........28 

§ 16. Қарақытай мемлекеті (1128—1213 жж.)………….........29 

§ 17. Найман мен Керей ұлыстары……………………...........30 

§ 18. VІ—ХІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті…….........32 

§ 19. Ұлы Жібек Жолы………………………………..............36 

ІV-тарау. Қазақстан Монғол шапқыншылығы дәуірінде. 

§ 20. Монғол мемлекетінің құрылуы…………………...........38 

§ 21. Алтын Орда мемлекеті………………………….............40 

§ 22. Ақ Орда…………………………………………..............41 

§ 23. Моғолстан………………………………………..............42 

§ 24. Әбілхайыр хандығы (1428—1468 жж.)…………...........43 

§ 25. Ноғай ордасы (ХІV—ХVІ ғғ.)……………………..........44 

V-тарау. Қазақ хандығы. 

§ 26. Қазақ хандығының құрылуы……………………...........46 

§ 27. Қазақ халқының қалыптасуы……………………...........49 

§ 28. ХІІІ—ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті…........52 



Пайдаланылған әдебиет……………………………….........55 

 

57



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

М. Б. Әмірханов, Ө. Д. Сандықбаева 



 

 

ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ  

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 

 

Оқу құралы 

 

 



ЖШС «Нұр-пресс» бас директоры 

Жансеитов Н. Н. 

 

Техникалық редакторлар: Сляднева А. А. 



Беттеуші: Сляднева А. А. 

Дизайн: Савельев А. О. 

Оператор: Умурова Г. О. 

 

Басуға 13.12.2006 қол қойылды. Қаріп түрі «Times» 



 

 

«Нұр-пресс» баспасы 



050057 Алматы қ., 

Тел./факс: 2747-833, 2742-650. 

E-mail: law-literature2006@rambler.ru  

 

58



Document Outline

  •  ХІV ғасырда Шағатай мемлекеті батыс және шығыс иелікке бөлінді. Шығыс бөлігінде 1346-1348 жылдары Моғолстан мемлекеті құрылды. Дулат тайпасының феодал ақсүйек қауымының Әмір-Болатшы басшысы Моғолстан мемлекетінің негізін салды. Моғолстанда мемлекеттің саяси билігі және жер билігі ханның қолында болды. Моғолстанда ханға мемлекет басқаруда ханға ұлыс бегі көмектесті. Дулат тайпасының фе-одалдық ақсүйектер басшысы Әмір Болатшы жаңа Моғолстан мемлекетінің ханы етіп Тоғылық Темірді сайлады. 1348 жылы Тоғылық Темір Моғолстан ханы болып жарияланды. 
  • Қазтуған Сүйенішұлы ХV ғасырда өмір сүрген. Ол халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазтуған жы-раудың “Мадақ жыры”, “Туған жермен қоштасу” сынды туын-дыларын ежелгі қазак поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жат-қызуға болады. Ақынның халық жады арқылы жеткен бірқатар толғаулары И. Березиннің “Түрік хрестоматиясында” (1862), Ғабдолла Мүштақтың 1910 жылы шыққан “Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары” жинағында, М. Мағауиннің “Ал-даспан” кітабында (1970 ж.) жарияланды. Еділдің төменгі ағы-сындағы Қажы Тархан (Астархань) маңында мекен еткен. Оның көптеген жырлары бізге жеткен. Мысалы, “Алаң да алаң, алаң жұрт” тағы басқа.  
  •  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ 
  • МАЗМҰНЫ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет