журналында жарияланған очерктер ағынының негізгі
идеясы қарапaйым халықтың ізгі мұратымен сабақтас болып отыратынын
атаған абзал.
“Айқап”
-
ХХ ғасырдың басында, яғни, 1911 мен 1915 жылдар
аралығында Троицк қаласында қазақ тілінде шығып тұрған журнал. Бұл
журнал қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, әдеби ӛмірін кеңінен
насихаттаған. Оның шығарушы редакторы ақын, әрі жазушы Мұхаметжан
Сералин болды. “Айқап” журналы осылай аталуының себебін түсіндірген
бастырушылар алқасы атынан, Бақытжан Меңдібеков (“Газеталарымыз
туралы” 1912, 6,), Халиолла Ғабдижалилов (“Айқап” мағыналары” 1911, №2),
Мұхаметжан Сералиннің (“Айқап” журналында” 1911, №1) “Айқап” деген
ұғымды айқындап берген, тұжырымды ой түйген материалдары жарыққа
шығыпты. Журнал материалдары - қазақ публицистикасының үздік үлгісі
бола білді. Қазақ жеріндегі саяси-әлеуметтік, мәдени шаруаның жайларынан
кӛптеген очерктер жариялап, сол кездегі кӛкейкесті мәселелерді хал-
қадірінше насихаттауға, қарапайым халыққа түсіндіруге тырысты. «... Енді
тек бірлі-жарымды қысқа ӛлең, мақаламен түк ӛндіре алмасына анық кӛзі
жеткен жұрт арасынан әңгіме, дастан, очерк жазатын жазушылар бой кӛрсете
бастады. Бұлар нағыз қаламгер болмағанымен, кӛктемнің алғашқы лебізін
бұқараға сездіретін, кӛктемнің алғашқы бәйтерегі іспетті қаламгерлер»
[2:31],- дейді “Айқап” журналындағы материалдарды құрастырушы авторлар.
Ғалым Асқаров Нұрлан Әуезханұлы “Айқап” журналындағы саяси-
әлеуметтік, әдеби-мәдени мәселелер тӛңірегінде біраз пікір білдірген:
“Айқап” бетінде кӛркем прозаның шағын жанры – әңгімеге, сан жағынан
едәуір, біршама қомақты туындыларға орын берілді. Бұлардың басым
кӛпшілігі фельетон айдарының аясында, кейбір әңгіме, очерктер ішінара,
хабаршыларымыздан, басқармаға келген хаттар рубрикаларында басылған»
[3:15],- дей келе, “Айқап” журналының прозалық туындаларын шартты түрде
әңгімелер, сапарнама және аудармалар деп үш түрге бӛледі. Осының ішіндегі
сапарнама очерктерінде сол дәуірдің саяси-әлеуметтік, тарихи-экономикалық
жағдайын, ӛмірдің шындығынан туған оқиғаларды жүйелі баяндау жолында
сәтті ізденістер молынан кӛрініс тапқандай. “Айқап” журналының белсенді
авторларының бірі Кәшімов Мұхаметсәлім - ақын, әрі журналист, кӛптеген
мақала, очерктердің авторы. М.Кәшімов “Верныйдағы кӛрген-білгендерім”
атты жол-сапар очеркінде (“Айқап”, 1913, №7, 142-150-б.) Алматының
халқы, мәдениеті, шаруашылығы, әдет-ғұрпы туралы кеңінен әңгімелеп
берген. Онда ӛз атынан баяндалатын оқиға ӛрістеулері жиі кездесетін тұстар
автордың кӛрген- білгендерін ӛз очеркіне қазық еткен. «Түркістан
шаhарында» (“Айқап”, 1912, №9, 194-200-б, №10, 217-221-б.) жол-сапар
очеркі ретінде жазылып, Түркістан халқының шаруашылығын, тұрмысын
зерттей келіп, типтік фактілерді жинақтап суреттейді. “Тоқмақ ақуалдары”
(“Айқап”, 1913, №4-5, 74-78-б.) очеркінде де Піспек уезінің халқы,
шаруашылығы, мәдениеті туралы мол мәлімет береді.
“Әулиеата мен Шымкент арасы” (“Айқап”, 1912, №5, 98-104-б.) жол-
сапар очеркінде Әулиеата маңайында ӛмір сүріп жатқан қазақ-қырғыз, сарт,
ноғай халықтары тұратынын, сол кездегі мешіттер жағдайы, жергілікті
халықтың қала болуға ықыласы туралы зерттеу пікірлер айтады. Шымкент
маңындағы қазақтардың салт-сана, әдет-ғұрыптарының басқа аймақтардағы
қазақтардан еш айырмашылығы жоқ екенін тілге тиек етеді.
И.Арабаевтың “Орынбордан – Тәшкентке” деп аталатын (“Айқап”,
1912, №1, 16-18-б, №2, -26-28-б.) жол-сапар очеркінде Орынбор оқу
орындары, оқыту жағдайына ӛз пікірін, кӛзқарасын білдіреді. Осы очеркінде
автор қазақ тарихы, шежіресі туралы Қытай ғалымдарының еңбектерінде кӛп
мағлұмат барлығын, орыс, француз тіліндегі тарихи еңбектерде қазақ елі
туралы жазылғандығын айтқан тұстары автордың білімдарлығы, ой-ӛрісінің
кеңдігін кӛрсетеді. Оның Ресей, Қытай, Еуропа тарихынан хабары бар
екендігі байқалады. Юсіпқожыұғлы Ғабдолрахман “Семейден Камышловқа
дейін” (“Айқап”, 1913, №33, -22-23,456-457-б.) деген жол очеркінде де Семей
халқының ӛмір тынысын тап басып, ел тіршілігінен қыруар мәліметтер
береді. Бұл очеркінде автор тәрбиелік, танымдық, эстетикалық ой-толғамын
бір арнаға тоғыстырған.
“Айқап” журналының кӛп кӛңіл бӛлген мәселесінің бірі – әдет-ғұрып,
салт-дәстүр, сана мәселесі еді. Қазақ ӛміріндегі әдет-ғұрыптың артықшылық,
кемшілік жақтарын тәптіштеп, сынай отырып, елді озық ой, жарқын
болашаққа шақырған очерктер ағыны да баршылық. Соның ішінде қазақ
әйелдерінің қоғамдағы орнына жан-жақты тоқталған материалдарда
Тілеубайқызы Сақыпжамалдың (1911, №7, 11-12-б, 1911, №9, 7-8-б.) әйел
мәселесін кӛтерген очеркі бар. Мұнда қазақ әйелдерінің еркіндікке, білім
алуға ұмтылуы туралы жазылған. “Айқап” шу дегеннен-ақ қазақ әдебиетіне
қатысты дүниелерге ерекше назар аударды. Ӛлең-жыр, әңгіме, жолжазба
очерк, сыни-танымдық мақала, портрет, ғұмырнамалық шығармаларға ӛз
бетінен үнемі орын беріп отырады [4:16], - дейді. “Айқап” журналындағы
очерктер ағыны мәдениет, ғылым, тарих, ӛнер жайын кӛбірек
қозғайтындығымен құнды.
М.Сералиннің публицистикалық мұрасын зерттеп жүрген ғалым
С.Ергӛбеков: “Айқап” журналы сол кезеңдегі қазақ ӛмірінің бар саласын
қамтиды. Соған орай оның әрі бастырушысы, әрі басқарушысы болған
М.Сералиннің журнал бетінде жарияланып тұрған мақалалары да табылып
жатты. Демек, журнал бағытымен басқарушы бағыты бір болды. Бұл
“Айқаптың” бағытын қай мәселеде болмасын М.Cералин анықтап отырды
деген сӛз. Ал, оның журнал кӛтерген қазақ ӛміріне қатысты қандай мәселе
болса да ӛзінің ұстанған бағыт-бағдары, айқын ойы болды” [4:16],- дейді.
Шындығында да М.Сералин жер мәселесін кӛп кӛтеріп, ӛз ойларын халық
талқысына ұсынып “Айқап” бетіне кӛптеген материалдар жариялады. Оның
қазақ жері туралы жазған очерктері қатарына «Қазақ халқының
мұқтаждығы», “Біздің бұрынғы hәм қазіргі халіміз”, “Жер әңгімесі”,
“Отырықшы болған қазақтар туралы”, т.б. жатады. Публицистің осы жер
туралы мақалаларын талдаған филология ғылымының кандидаты
С.Ергӛбековтің пікірі бойынша: “Айқап” журналының да, М.Сералиннің де
кӛтерген басты проблемасы жер мәселесі болды. Ӛйткені, ғасырлар бойы
найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғалып, атадан балаға мұра болып
келе жатқан, халық тіршілігінің, құты-қазақ жері Ресейге бодан болғалы
алғашында біртіндеп, соңынан үлкен қарқынмен қолдан шығып бара жатты.
Сондықтан да оқыған, кӛзі ашық әрбір қазақ азаматы бұл жӛнінде
толғанбайды, сӛз етпейді десек қателескен болар едік» [2:17], – дейді.
“Айқап” журналы - қазақ халқының экономикалық, саяси-әлеуметтік
жағдайы, әдебиеті, мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-санасы туралы жан-жақты
жазу барысында очерк жанрындағы шығармаларды кӛптеп жариялаған ХХ
ғасыр басындағы бірден-бір басылым. “Айқап” журналы ірі-ірі әлеуметтік
мәселелерді халық алдына ӛткір қоя білген, сол кезеңдегі қоғамдық пікірді
қалыптастыруда үлкен үлесі бар журнал деуге толық болады.
Достарыңызбен бөлісу: |