26.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.
Шортанбай Қанайұлы «Зарлаған заманның» өкілі. Өз заманының халқының жағдайын ойлап, өзекті мәселелерді қозғайды. Осы өзекті мәселе «Зар заман» ақынының жырында қалай көрініс тапқан екен және қозғалған өзекті мәселелер қазіргі кезде қандай деңгейге жетті?
Ақынның қозғаған бірінші мәселесі – жеңілтек қыздардың мәселесі. Менің ойымша, бұл мәселе бүкіл әлемді ойландырады. Соның ішінде, қазақ қыздарына мүлдем жат нәрсе. Сөздеріме дәлел ретінде мына бір өлең жолдарын мысалға келтірейін:
Бұл қыздардың басты жауы батысқа еліктеушілік. «Әр ұлттың салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, Еуропаға еліктеудің қажеті шамалы. Еліктеудің өзі жаман және жақсы болады ғой. Шет елдің жаман жақтарына еліктегенше, жақсы жақтарын неге қайталамаймыз, айта берсек, таусылмайды. Мысалы, Жапония – дамыған технология елі, Еуропа – туризм елі, Түркия – сапалы киім отаны, тіпті Өзбекстанның өзі тәуелсіздігін алмай тұрып 13 млн еді, қазір 30 млн-ға жетті.
Екіншіден, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда, ашық аспанның астында тәуелсіз еліміздің 1731 жылдан бастап Ресейдің қол астына кіруі. Ұлан-байтақ жерімізге солтүстік кәпірлердің, қиыр шығыстан корейлердің келуі халқымыздың таза қанын бұзды. Жеті атаға дейін қыз алыспаған ата-бабамыз ұлтымыздың генін жоғалтпай, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде, ырым, тәрбиелік мәнін жоғары етіп қалдырды. Генетикалық жағынан қарасақ бұл дұрыс.
Реформа мен қанаудан көз ашпаған халқымыз не көрмеді? Қазақ жері Ресей үшін «Еуропа мен Орта Азияға апаратын алтын қақпа» болса, Еуропа елдеріне «таза шикізат базасына» айналды. Ақын:
деп байлардың кедейлерге деген арақатынасы туралы ашық айтады. Солардың барлығы да бірінің ауызына бірі түкіріп қойғандай, билік тарапынан ширек ғасыр бойы қазақ ұлтына деген тасбауырлық пен қатігездік туралы отбасында, оңашада ашына айыптап сөйлегенде керемет те,ал баспасөзде, қоғамдық жиындарда, елдің алдына шығып сөйлеуге жұмылған ауыздарын ашпайтындары таң қалдырады. Сонда әділет қайда? Әлде президент елде болып жатқан жағдайды естіп-көрмей ме? Тәуелсіздік алғаннан бері әуелі «дамыған 50 елдің» қатарынан, сосын «дамыған 30 елдің» біріне айналдық. «EXPO 2017», «Рухани жаңғыру», әрине, істеліп жатқан еңбекті айтпасақ болмас, бірақ бұл аз. Неге бізге Жапония, АҚШ, Ұлыбриятания секілді елдердің қатарына қосылмасқа? Осыған кедергілер көп. Қазақстанның шикізатты өндіріп, өңдегеннің орнына, шет елдерге өндіріп беріп, өзіміз он есе қымбат бағамен сатып аламыз. Қарыздарымыздың 15 млрд-қа жеткені, екінің бірінің басында кредиті бар екендігі өтірік пе? Жұмыссыз сенделген қазақ жастары көп. Осыдан кейін қалай шет елге жұмыс іздеп бармайды?
Қорытындылай келе, санасыз қаракөз қыздарымыз есін жиса, еңбекқор қазақ жігіттері одан әрі талаптанса, Қазақстанның болашағы зор деп үміттенемін. Ақынның мақсаты да, арманы да осы шығар.