М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың «Маса» өлеңіндегі идея үндестігін дәлелдеп жазыңыз


Ш.Уәлихановтың зерттеуші-ғалым екендігін еңбектері арқылы дәлелдеп



бет27/50
Дата06.01.2022
өлшемі123,32 Kb.
#14396
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
Байланысты:
50 esse zharatylystanu

27.Ш.Уәлихановтың зерттеуші-ғалым екендігін еңбектері арқылы дәлелдеп

Шоқан Уәлиханов – ұлы ағартушы, қазақтың ғұлама ғалымы, тарихшысы. Этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады. Аса дарынды қазақ халқының ғалымы және ағартушысының өмірі мен қызметі ерекше таң қалдырады деп айтуға болады, себебі Шоқан өзінің қысқа өмірінің ішінде ғылым саласында орасан зор табыстарға жетіп, қазақ ғылымының негіін салушы адам ретінде аты бүкіл әлемге танылды.

Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған. Шоқан кейін орыс мектебі тәрбиесінде өскен. Мектептегі оқуын бітірген соң, Шоқан Омбыдағы Кадет корпусына түседі. Кадет корпусы ағартушы-ғалым үшін ғылым саласындағы талантын ұштауда орны ерекше, себебі Шоқанның көптеген зерттеу жұмыстары Кадет корпусында оқып жүргенде жүргізілген болатын.

Шоқан жазғы демалыс уақыттарында ел ішіндегі аңыз әңгімелерді, халық жырлары мен поэмаларын жазып алумен шұғылданған. Осыған дәлел, Шоқанның алғашқы жазып алған шығармаларының ішінде «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жыры болған. Ғалым өзінің ерекше дарындылығымен көзге түскен болатын, сондықтан ол тек қана халық мәдениетіне көңілін бөлген жоқ, сонымен қатар сол кезеңдегі саяхатшылардың өмірі мен ісіне қатты қызығушылық танытқан болатын. Осының арқасында ол саяхатшы болуды, соның ішінде Орта Азияны аралап, зерттеуді мақсат етіп қойған болатын. Өзінің мақсатын жүзеге асыру үшін Шоқан 1855 жылы Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралап, қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында құнды материалдар жинап қайтады. Осыдан кейін Шоқан «Тәңір», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектерді жазған болатын. 1856-1857 жылдары аралығында Шоқан Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысып, кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихын зерттеумен шұғылданады. Осы сапарлар барысында ғалымның танымал «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері» атты еңбектері дүниеге келеді. Бұл еңбектерде жергілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті және қырғыздар Ұлы жүз қазақтарының этнографиясы жайлы сөз етіледі. Шоқанның бұл еңбектері оның ағартушы-ғалым ғана емес екенін, сонымен қатар зерттеуші-ғалым екенін дәлелдей түскендей.

Қорыта келе, Шоқан Уәлиханов қазақ тарихында қалдыран іздері әрқашан кейінгі ұрпақтың есінде болады деп ойлаймын, себебі Шоқан – өз еліне шын берілген қазақ тұрмысын ардақтаушы үздік тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет