Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлға. Оның поэзиясына, көркемдік әлеміне үңілген сайын адам жаны тебіреніп, бар ынта мен ықыласы ауа түседі. Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ой мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді бойына дарыта алмаған ел-жұртын сынаған немесе адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды оқып білеміз. Бұл ақынның көпшіліктің іс-қылығына көңіл толмаған шарасыз күйін байқатады. Адал еңбек, маңдай термен емес, байларды аңду, оның малына сұғанақтықпен көзін қадаған көпшілікті сынға алады. Қазақы тіршіліктегі қайшылықты өмір көшін, сол кездегі әлеуметтік жағдайды сынап-мінейді. Іс-әрекетте ішкі рухани дүние – «иман жүзің сай болу керек» дегенді айтады.
деп, жастарды жамандықтан жиреніп, жақсылықты үйреніп, үлгі тұтып өсуге шақырады.
Ұлы ақын бала тәрбиесіне, жалпы бала болмысына, жастардың ой жүйесіне, олар арқылы екінші, үшінші буын өкілдеріне деген көзқарасын, қарттар мен қариялардың танымдық ерекшелігіне қатты көңіл бөлген. Сондықтан да болар, өлеңдерінің көп бөлігі ақыл-өнеге, үгіт-насихат түрінде беріледі. Мәселен:
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім, -
деген.
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деген өлеңінде:
деп, жалқаулық жайлаған елдің адал еңбек етудің орнына ұрлық-қарлыққа әуестенудің түбі баянсыз екенін ескертіп, амандықтан жирендіруге тырысады. Сондықтан «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» атты өлеңінде еңбексіз бос жүрген кедейді былай деп еңбек етуге шақырады:
дей отырып, қарапайым халық үшін жамандықтан арылудың, адал еңбек ету арқылы табыс табудың жолын нұсқайды.
Жастық шақта әртүрлі өнер үйренуге талпынудың керектігі, бұл орайда күншіл болмай, тату болуды, ынтымақ-бірлікті сақтай біліп, уақытты бос өткізбеудің жолы «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде былайша түсіндіріледі: