М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет11/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Кірпіштен қалау. Калау дегеніміз арасындағы жіктері құрылыс ерітінділерімен (әктасты-цементті, цементті-сазды немесе цементті) толтырылатын бөлек тастардан (табиғи немесе жасанды) орындалатын конструкция. Қалау беріктігі тас пен ерітінді беріктігіне, тастар арасындағы вертикальды жіктерді байлау жүйесіне, сондай-ақ ылғал, температуралар, жел, коррозия әсерлеріне байланысты.
Конструкцияның дұрыс жұмысы үшін ондағы тастардың орналасуы қиманың үш ережесіне жауап беруі керек: қабырғадағы тастар горизонтальды қатармен, яғни негізгі әсер ететін күштерге перпендикуляр орналасуы қажет; қатардағы тастар бойлық және көлденең вертикальды жіктермен бөлінуі керек; қатарлас қатардағы вертикальды жіктер беттеспеуі керек, мұндай беттеспеу жіктерді байлау деп аталады. Байлау қабырғадағы тастардың біріккен жұмысын және күштердің біркелкі таралуын қамтамасыз етеді.
Кірпішті қабырғалар керамикалық және силикатты кірпіштен орындалады. Стандартты кірпіштің өлшемдері 120х65х250, мм. Сонымен қатар биіктігі 88 мм кірпіште қолданылады ( 5-сурет).

5-сурет. Кірпішті қабырғада кірпіштердің орналасуы:
а - стандартты кірпіш; б жанды қатар; в бүйірлі қатар; 1 - бүйірі, 2 – төсенді; 3 – жаны


Өлшемдері 120 х 65, мм немесе 120 х 88 мм, кірпіштің бүйірлік беті бүйірі деп аталады. Осы беттермен төселінген кірпіштер қатары бүйірлік деп аталады. Өлшемдері 65 х 250 мм, кірпіш беті жаны деп аталады. Осы беттермен төселінген кірпіштер қатары жандық деп аталады. Өлшемдері 250 х 120 мм, кірпіш беті төсенді деп аталады.
Қалау қалыңдығы жылутехникалық есептеумен анықталады. Қабырға қалаулары тұтас және жеңілдетілген болып бөлінеді. Қабырғаның тұтас қалауы толық біртекті материалдан тұрады. Тұтас қалаудан жасалған қабырғалар ауыр, еңбек сиымдылықты және жылутехникалық сапасы төмен болып табылады.
Қалау қалыңдығы әрқашанда кірпіш жартысының тақ және жұп санына қысқыруы керек. Кірпіштік қабырғалардың қалыңдығы 120, 250, 380, 510, 640, 770 мм

және одан жоғары болады және
, 1, 1 12 , 2, 2 12 және одан көп кірпішке сәйкес келеді.

Кірпіштің 65 мм биіктігінде горизонтальды жіктерді қалыңдығы 10-12 мм етіп

орындайды; әр 4 қатар 300 мм, ал 88 мм биіктікте қалау қатары 100 мм құрайды.
Қалаудың қасбетті бетіне шығатын қатарлары алдыңғы (сыртқы) беті, ал ішкі жағына қарағандары – ішкі беті деп аталады. Ішкі және сыртқы қатарлар арасындағы қалаулар қатары таса беті деп аталады.
Қалаудағы тастарды төсеудің анықталған реті байлау жүйесі болып табылады (6-сурет). Шынжырлы қалауда бүйірлік қатары жандықпен кезектеседі. Көпқатарлы қалауда бірнеше жандық қатарларды бір бүйірлікпен жабады. Биіктігі h = 65 мм кірпіштен қалауда әр 5 жандық қатарлар, ал h = 88 мм-де 4 немесе 3 жандық қатарлар бір бүйірлікпен жабылады. Көпқатарлы қалау екіқатарлыға қарағанда қарапайым, сондықтан тас қалаушылардың еңбек өнімділігі осы жүйеде жоғары.


6 – сурет. Кірпішті қалаудың байлау жүйесі:
а - шынжырлы (бірқатарлы); б - көпқатарлы; 1 - бүйірлік қатар кірпіші; 2 - жандық қатар кірпіші




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет