М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет13/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Темірбетонды плиталардан құрама аражабындар. Көпқуысты темірбетонды плиталардың ұзындығы 2,4 – 6,3 м (300 мм-ге қысқарумен), ені 1;
1,2; 1,5; 1,8 м, қалыңдығы 220 мм (8 – сурет) және В15, В25 класты бетоннан орындалады.
Тұтас жазық темірбетонды плиталардың ұзындығы 3,6 – 6,3 м, ені 2,4 –7,2 м, қалыңдығы 120 және 160мм. Төселінген плиталарды сыртқы қабырғалармен және өзара болат байланыстармен анкерлейді.



  1. сурет. Аражабындардың көпқуысты плиталары:

а – шеңберлі қуыстармен; б – бетондайтын комбайнды қондырғыларда орындалатын плиталар; в – сопақ қуысты плиталар; 1 – жоғарғы қабат; 2 – ортаңғы қабат; 3 – төменгі қабат


Тұтас құймалы аражабындар. Құрылыс алаңында қалыптарда тұрғызылатын аражабындар тұтас құймалы деп аталады. (9–сурет). Тұтас құймалы темірбетонды аражабындардың қарапайым түрі, күштер мен аралық шамасына байланысты 70–80 мм қалыңдықты етіп орындалатын және 3 м–ден үлкен емес аралықтарда қолданылатын, тегіс тұтас құймалы плита болып табылады.

а – қырлы; б – кессонды; в – арқалықсыз; 1 – плита; 2 – қосымша арқалықтар; 3 – негізгі арқалықтар (прогондар); 4 – ұстындар; 5 – қиылысқан арқалықтар; 6 – капительдер 9–сурет. Тұтас құймалы темірбетонды аражабындар:




Арқалықсыз тұтас құймалы темірбетонды аражабындар, капительдер деп аталатын жоғары бөлігі қалыңдатылып орындалған ұстындарға сүйенетін, қалыңдығы 150–250мм плита болып табылады.
Үлкен аралықтарда арқалықты аражабындар (қырлы және кессонды) орнатылады. Қырлы аражабындар негізгі және қосымша арқалықтардан тұрады. Егер өлшемі 8х18м бөлмені жабу керек болса, 6м қадаммен 8м аралықты арқалықтар орнатылады. Бұл арқалықтар негізгі деп аталады. Олардың үстіне 1,5–2 м сайын 6 м аралықты қосымша арқалықтар төселінеді. Жоғарғы жағында қалыңдығы 60–100 мм плитаны бетондайды.
Егер негізгі және қосымша арқалықтардың биіктігі бірдей етіліп қабылданса, онда аражабындардың мұндай түрі кессонды деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет