М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан


Құрылыстық жылу техникасының негіздері



бет3/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Құрылыстық жылу техникасының негіздері. Бөлмелердің температуралы- ылғалдық режимінің, дыбыс изоляциясының және жарықтандырудың сұрақтарымен құрылыстық физика айналысады.
Оның құрамына кіреді:

Қоршау конструкциялары келесі жылу техникалық талаптарға жауап беруі қажет:

  • жылу қорғау қасиеттерінің болуы;

–ішкі беттегі температураның бөлмедегі ішкі ауаның температурасынан айтарлықтай айырмашылығы болмауы керек (қоршау жанында суықтың сезілмеуі, ал бетте конденсаттың пайда болмауы);

  • сыртқы температураның өзгерістері бөлме ішіндегі температураға мүмкідігінше әсер етпеуі үшін қажетті жылулық инерциясының (жылуға тұрақтылық) болуы;

  • ылғалдануға тұрақты болуы және қалыпты ылғалдылықты сақтауы, яғни ылғалдылықтың шамадан тыс болуы конструкцияның жылу қорғау қасиеттерін нашарлатады және ұзақ мерзімділігін төмендетеді.

Құрылыс акустикасы бөлмелердің дыбыс изоляциясының сұрақтарын зерттейді, яғни бөлмелерді сыртқы шулардан қорғау және шу көзі бар бөлмелерден шуды азайту сұрақтармен айналысады.
Бөлменің дыбыс изоляциясы үшін аралық қабырғалардың қабырғаға және жабындарға түйіскен жерлеріндегі, құрама элементтер арасындағы түйісулердегі, есік және терезе ойықтарындағы барлық саңылауларды серпімді төсеніштерді, әуелік қабатшаларды, кеуекті материалдарды қолдану арқылы жабу қажет.
Құрылыстық жарық техникасының мақсаты бөлмелердегі тиімді жарықтық режимді құруды анықтайтын жағдайларды зерттеу болып табылады. Беттің Е жарықтандыруы дегеніміз құлама жарықтың ағынның жарықтанатын беттің ауданына қатынасы. Жарықтандырудың өлшем бірлігі – люкс (лк).
Табиғи жарық (күндізгі) – күннің және аспанның сәуле түсуінен құрылатын жарық. Жарық ойықтарының орналасуына байланысты бөлмелердің бүйірлік, жоғарғы және аралас жарықтануы болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет