М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет4/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Құрылыстағы өлшемдердің модульдік координациясы. Құрылыстың дамуының негізгі бағыты құрылыс өндірісінің толық дайын ірі өлшемді конструкциялардан ғимараттарды, олардың элементтері мен блоктарын жинау және монтаждаудың механизацияланған ағынды процесіне айналуын білдіретін, оның индустриализациясы болып табылады. Мұндай элементтерді (конструкцияларды) құрама деп атайды.
Типизация дегеніміз жаппай құрылыста бірнеше рет қолдануға арналған бөлек конструкциялардың және толық ғимараттардың шешімдерінің техникалық және экономикалық жағынан жақсыларын сұрыптап алу.
Ғимараттар үшін құрама бөлшектер мен конструкциялардың түрлері мен өлшемдерінің мөлшері шектелген болуы керек. Сондықтан типизация типтік бөлшектердің көп түрлерінің пішіні мен өлшемдері бойынша бірдей анықталған түрлерінің шектелген мөлшеріне келтіруді жорамалдайтын унификациясымен (ықшамдауымен) жалғасады. Бөлшектердің унификациясы өзара ауысымдылықты және әмбебаптылықты қамтамасыз етуі қажет.
Өзара ауысымдылық – ғимарат өлшемдерін өзгертпей берілген бұйымды басқасымен ауыстыру мүмкіндігі (мысалы, ені 3000 мм жабу плитасын ені 1500мм екі плитамен ауыстыруға болады).
Әмбебаптылық – ғимараттардың әр түрлері үшін бөлшектердің бір типтік өлшемдерін колдануға мүмкіндік береді.
Өте жетілдірілген типтік бөлшектер мен конструкциялар стандарт, яғни жобалауда да, сондай-ақ зауыттық дайындауда да міндетті пішіндері, өлшемдері және сапалары нақты белгіленген үлгілер түрінде бектіледі. Стандарттар туралы барлық мәліметтерді қамтитын кұжаттар МЕМСТ деп аталады.
Құрылыс конструкциялары мен бөлшектерінің негізгі өлшемдері ғимараттардың көлемдік – жоспарлық шешімдерімен анықталатындықтан, олардың унификациясы, қадам, аралық, қабат биіктігі болып табылатын, ғимараттардың көлемдік – жоспарлық өлшемдерінің унификациясына негізделеді.
Қадам – көлденең қабырғалардың немесе ұстындардың көлденең қатарларының координациялық осьтерінің арасындағы арақашықтық.
Аралық дегеніміз бойлық қабырғалардың немесе ұстындардың бойлық
қатарларының координациялық осьтерінің арасындағы арақашықтық.
Қабат биіктігі деп вертикаль бойынша төменде орналасқан қабаттың еден деңгейінен жоғарыда жатқан қабат еденінің деңгейіне дейінгі, ал жоғарғы қабаттар мен бірқабатты ғимараттарда – шатырлы жабын белгісінің жоғарғы бетіне дейінгі арақашықтық.
Ғимараттардың көлемдік – жоспарлық параметрлерінің және конструкциялар мен құрылыс бұйымдарының өлшемдерінің унификациясы құрылыстағы өлшемдердің модульдік координациясы негізінде жүзеге асырылады (ҚӨМК).
ҚӨМК – модуль негізінде ғимараттар мен құрылымдардың көлемдік – жоспарлық және конструкциялық элементтерінің, құрылыс бұйымдары мен құрал – жабдықтарының өлшемдері координацияларының ережелерінің жиынтығы. Модуль

  • өлшемдер координациясы үшін негізгі өлшем бірлігі. Модуль (М) негізінде 100 мм өлшем қабылданған. Туынды (іріленген немесе бөлшектенген) модуль дегеніміз негізгіге қысқаратын немесе оның құрама бөлігі болып табылатын модуль.

ҚӨМК ғимараттардың көлемдік – жоспарлық және конструкциялық элементтері үшін өлшемдердің үш түрін қарастырады (1 – сурет):

а-номиналды және конструкциялық; б-нақты; 1- конструкциялық элементтер; 2 - саңылау


1 - сурет. Конструкциялық элементтер өлшемдері



    • номиналды (LH) – ғимараттардың координациялық осьтері арасындағы өлшем, сонымен қатар, конструкциялық элементтер мен құрылыстық бұйымдардың шартты кырларының (жіктердің немесе саңылаулардың түйіскен бөліктерімен) арасындағы өлшемі.

    • конструкциялық (LК) – конструкциялық саңылау шамасына номиналдыдан ерекшеленетін бұйымның жобалық өлшемі.

    • нақты (LФ) – норма арқылы анықталатын шамасымен конструкциялықтан ерекшеленетін бұйымның нақты өлшемі.

ҚӨМК координациялық осьтердің орналасу ережелерін және оларға ғимараттардың конструкциялық элементтерін байлауды тағайындайды. Конструкциялық элементтің координациялық осьтерге қатысты орналасуы оның байлауы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет