М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер. Кіріспе



бет8/9
Дата24.11.2022
өлшемі54,13 Kb.
#52249
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қара тігу (салт). Кісі өлген үйдің үстіне ту тігіледі. Соған қарап ол үйдің қаралы үй екенін түсінуге болады. Қара тігілген үйді көргендер ол үйге соғып, дұға жасап өтетін болған. Мұндай үй кісі күтуге де дайын отырады. Жыл бойы жоқтау айтылады. Бұл халықтық рәсім марқұмның жылы өтіп, асы берілгенге дейін жалғасады («Ата жолы» тарихи танымдық сайты: http://www.atazholy.kz).
Жаназа (дәстүрқайтыс болған адамды соңғы сапарға шығарып салу, жанын азат ету, жуылып тазаланған мәйіт үшін мұсылмандардың дәрет алып, құбыла жаққа қарап, аяқта тұрып оқыған намазы мен мәйіт үшін жасайтын дұғасы. Бұл дәстүр қазақ халқының тұрмысында әлі күнге дейін қолданыста болып келеді. Мәйітті осы үйге әкеп кіргізерде жоқтау айтылады. Жоқтауды бастайтын шашын жайып жіберіп, бетін тырнап қан қылған, қара шаршы орамалды шарт байлап алған, қайтыс болған адамның әйелі мен қыздары және жақын туыстарының оң жақта отырған қыздары мен жасы келген аналар тобы. Қаралы ту тігілген үй ол ауыл арасында ерекше көзге түсіп тұрады. Қаралы үйден жаназасын шығарып, мәйітті жерлеген соң, ол үйдің ішін қара түстес қымбат қалы киімдер, қымбат ішіктер іліп, қаралы теңдерге марқұмның таратылатын киімдерін жинап, ағайын-туыстарының жақсы жиһаздарын жинаттырып, қаралы үйдің ішін, бата оқырға келген кісілерді күтуге арнап безендіреді. Ең болмаса Бөжейдің жетісіне шейін, немесетіпті қырқына шейін «жыласатын ағайынды», «бата оқырды» осы кең қоныс – шалқарда тоспақ болды (Әуезов М. Абай жолы. Роман- эпопея. 1, 2-кітап., 134 б.).
Бата қылу (салт). Қайтыс болған адамға жақын-жуықтары мен ілік – жұрағаттары арнайы келіп бата қылады. Бата қылу – сыйластық пен адамгершіліктің, жақын көңілдің белгісі ретінде қалыптасқан ғұрып. Мысалы: Бөжейдің бата оқырына Құнанбайдың үлкен үйі үш
саба, бір ту бие, бір тай сойыс пен Зере мен Ұлжан «азаға салғаным» деп түйе апарған екен.
...Байдалы белдеудегі қараны суырып алып, Байсалға берді. Ол ырымын істеп, қараны жерге сұлатты да, табанымен басып, сындырыып тастады (Әуезов М. Абай жолы. Роман- эпопея. 1, 2-кітап. 37 б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет