М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер. Кіріспе



бет9/9
Дата24.11.2022
өлшемі54,13 Kb.
#52249
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер.

Қара жығу (салт). Кісі қайтыс болған күні тігілген қараны жығу салты. Ол шара марқұмның жылы беріліп, ас өткен соң жасалады. Яғни қара туды алып сындырады да, отқа жағып жібереді. Соңғы жоқтау айтылады. Бұл – қаралы жыл өтті, азалы күндер аяқталды деген сөз.
«Өлім - бардың малын шашар, жоқтың артын ашар» деген екен. Қайтыс болған кісінің жақындары жаназаға деп сабамен қымыз, сойыс, үй қамдап, кісі күтуге дайындалып барады және «азаға салғаным», «қосқаным», «аруағына арнағаным» деп қос ат, жамбы, «тай тұяқ», «қой тұяқ» секілді асыл бұйымдарды атап береді. Жаназадан соң қайтыс болған кісінің мініп жүрген атын жал құйрығын кесіп тұлдап, «тұл ат» қылып, оны жылдық асына дейін ешкім мінбей, әбден семірген тұл атты, астың бітер кезінде сойып, ең жақын туысқандары оның етін жеп, марқұмға құран бағыштап елдеріне тарайды. «Тұл аттың» сойылуы аза жылының біткенін білдіреді. Көшкен кезде, «тұл атты» бос ерттеп, ердің үстіне қара түстес иесінің ішігін жауып, ердің басына қамшы іліп, сол қамшыға қайтыс болған адамның тымағын теріс, алдын артына қаратып кигізіп қояды. Осылай жабдықталған «тұл атты» жетекке алып, ер адамның тымағын алдын артына қаратып киіп, қара киінген, қайтыс болған кісінің қыздары көш бастайды. Оның қасында қаралы киінген нөкер қыздары болады. Ауылдың тұсынан өткенде, болмаса адамдарға кездескенде көш бастап, «тұл ат» жетектеген қаралы қыздар тобы, дауыс салып, жоқтау айтып қастарынан өткен. Қаралы көшке жол ашық, оған ешкім кедергі жасауы тиіс емес. Осы қаралы қыздар тобынан кейін, қара киінген, қаралы тең артқан түйеге мінген қаралы бәйбіше көш бастайды. «Бұл бастаған он бес түйелі көштің сәні өзгеше көрінді. Бар түйенің үстіне артылған жүктерді жапқан өңшең қара кілем, қоңыр алаша, қара ала текемет көрінеді. Жүкті түйелердің екі жағы сол үлкен қара ала жамылшылармен баяу ғана желпіне түсіп, өзгеше бір ауыр тыныс алып келе жатқан тәрізді» - деп суреттейді қаралы көшті Мұхтар Әуезов.
Сонымен ұлттық құндылық саналатын салт-дәстүрлеріміз халықтың тұрмыс-тіршілігімен астаса отырып, «Абай жолындағы» дәстүрлеріміз бүгінгі күнмен де сабақтасып жатыр.

Қорытынды
Ұлттық мәдениеттің оты шырақтай жанып, тіріліп, түлеп ұшуға бейімделіп қалғандай. Жазушы шығармаларының тілі рухани мәдениетке, ұлттық менталитетке, халықтық өлшемге, туыстыққа қатынастарға бай лексикадан тұрады. Қаламгер шығармаларының тілінен қазақ халының өміріне қатысты белгілі де белгісіз салт-дәстүрлердің барлығын кездестіруге болады.
Бүгінгі күннің тірлік-тынысы күрделі өзгерістерге түскенмен, қара сөз дәстүрлі құрылымынан алшақтап кеткен жоқ. «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деп Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап өткендей ұлттық болмысымызды сақтау үшін ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды ұмытпай, көзіміздің қарашығындай сақтап, болашаққа дәріптеуіміз қажет.
Отбасында ата - ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға салт - дәстүрлерін үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді. Құрдастарымның, сыныптастарымның бойына қазақтың салт - дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастырып, қазақ халқының салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындырып, олардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыра алдым деп ойлаймын. Балалар, үлкенге – сәлем, қуантқанға – сүйінші, соғымнан – сыбаға, егіннен – кеусен, малдан – көгендік, балаға – базарлық, кішіге – байғазы, сәбиге – көрімдік, көрші қонғанға – ерулік, жетім - жесірге – қолқайыр, мүсәпірге – садақа, алғашқы қымыздан – қымызмұрындық, соңғы қымыздан – сіргежияр, сағынғанға – сәлемдеме, қуанышқа – шашу шашып ешқашан салт - дәстүрімізді ұмытпай, қазақ деген халықтың патриот ұрпағы болу борышымыз. 

Әдебиет тізімі

1. Әуезов М. Абай жолы: роман-эпопея. – Алматы: «Жазушы», 1989.
2. Кенжеахметұлы С. «Қазақ халқының салт-дәстүрі». – Алматы кітап, 2007.
3. Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл. – Алматы, 1994.
4. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы, 1997.
5. Түсіндірмелі сөздік. – Алматы, 1974.
6. «Ата жолы» тарихи танымдық сайты: http://www.atazholy.kz



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет