М. Х. Дулати атындағы Тарму-дің Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған



Pdf көрінісі
бет21/110
Дата18.01.2017
өлшемі15,4 Mb.
#2185
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   110

ТҰРAP РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 

ТҰРAP РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 

210

211

Оронимдер

дің

 

қазақша

 ат

ау

ы

Оронимдер

дің

 

орысша

 ат

ау

ы

Ороним

 түр

лері

 

(қаз



Ороним

 түр

-лері

 

(орысша



Аудан

Қарауылшоқы

Карауылшокы 

тау 


г. 

Т. Рысқұлов ауд. 

Молалы-Айранды Молалы-

Айранды 


тау 

г. 


Т. Рысқұлов ауд. 

Шал


Шал 

тау 


г. 

Рысқұлов ауд. (Жамб. 

обл.) жəне Талас 

обл. (Қырғ. Респ.) 

шекарасында 

Манас


Манас

тау 


г. 

Рысқұлов ауд. (Жамб. 

обл.) жəне Талас 

обл. (Қырғ. Респ.) 

шекарасында

Маңбел


Манбель 

асу 


пер. 

Рысқұлов ауд. (Жамб. 

обл.) жəне Талас 

обл. (Қырғ. Респ.) 

шекарасында

Кiшi Көкдөнен

Киши 

Кокдонен 



асу 

пер. 


Рысқұлов ауд. (Жамб. 

обл.) жəне Талас 

обл. (Қырғ. Респ.) 

шекарасында

Көкдөнен

Кокдонен 

асу 

пер. 


Рысқұлов ауд. (Жамб. 

обл.) жəне Талас 

обл. (Қырғ. Респ.) 

шекарасында

Шұңқыр

Шункыр 


асу 

пер. 


Рысқұлов ауд. (Жамб. 

обл.) жəне Талас 

обл. (Қырғ. Респ.) 

шекарасында

Түйеқарын

Туйекарын 

асу 

пер. 


Рысқұлов ауд. (Жамб. 

обл.) жəне Талас 

обл. (Қырғ. Респ.) 

шекарасында

Бозбұлақ

Бозбулак 

асу 

пер. 


Рысқұлов ауд. (Жамб. 

обл.) жəне Талас 

обл. (Қырғ. Респ.) 

шекарасында

Шоң Көкқия

Шон Коккия 

асу 

пер. 


Рысқұлов ауд. (Жамб. 

обл.) жəне Талас обл. 

(Қырғ. Респ.). 

Қазақсай


Казахсай 

жырасай  лог  Т. Рысқұлов ауд. 



ТҰРAP РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 

ТҰРAP РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 

212

213

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ

(Турар Рыскулов) – облыстың оңтүстігінде орналасқан əкімшілік бөлік. 

Орталығы – Құлан  ауылы. 1929 жылы  ауданда  колхоздастыру  басталып 

27 колхоз құрылған жəне Ленин атындағы асыл тұқымды қой совхозы мен 

Луговой жылқы зауыты, 1952 жылы колхоздар біріктіріліп ауданда 14 үлкен 

колхоз, совхоздар болған. 

1931 жылы ауданда Луговой, Ақыртөбе ауылдарында екі МТС ашылған. 

Рысқұлов ауданы Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылы 

4 наурызда Меркі ауданынан бөлініп, Луговой ауданы болып құрылған. 1999 

ж. наурыз айынан белгілі қоғам қайраткері Т. Рысқұлов атымен аталады. 

Шекаралары оңтүстігінде Қырғыз Алатауымен, солтүстігінде Қарағанды 

об   лысымен,  шығысында  Меркі  аудандарымен  шектеседі.  Жерінің  басым 

көп   шілігі жазықты дала, таулы, құмды келеді. 

Аудан аумағынан халықаралық Алматы-Ташкент автожолы жəне Қазақстан 

темір жолы өтеді. 

Аудан көлеміне 1880 жылдан бастап Ресейден, Украинадан патша жар-

лы ғымен шаруалар көшіп келе бастаған. Орыс пен украин шаруалары қо-

ныс танған жерлерде Каменка, Луговой селолары пайда болған. Алғашқы 2 

жыл дық мектеп Луговой ауылында1892 жылы ашылған. 

Аудан  аумағының  басым  көпшілігі  жазық  келген.  Тек  оңтүстігі  ғана 

таулы.  Мұнда  Қырғыз  Алатауының  Ашамайлы,  Қорғантас,  Қарақыр, 

Көкқия,  Көгершін,  Шөңгір,  Құттыжан,  Ойранды,  Шал  тауы,  Қайыңды, 

Сөгеті, Мамай, Қарауылшоқы жəне Көкдөнен таулары орналасқан. Аудан-

ның солтүстігі Мойынқұм шөліне ұласып кетеді. Жер қойнауынан құ рылыс 

материалдары  барланған.  Климаты  континенттік,  қысы  біршама  жұм-

сақ,  жазы  ыстык,  солтүстігі  қуаң.  Ауаның  қаңтар  айындағы  орташа  тем-

пературасы – 6- 8°С, шілдеде 22-26°С. Жауын- шашынның жылдық орташа 

мөл шері 250 – 350 мм, таулы бөлігінде 500 мм-ге дейін жетеді. 

Аудан жерінен Қорағаты, Қарасу, Шалсу, Жарлысу, Талды, Қарақыстақ, 

Əулиебұлақ,  Қорғантас,  Қарақат,  Шөңгір,  Көкдөнен,  Қайыңды  жəне 

Сарыбұлақ  өзендері  ағып  өтеді.  Олардың  барлығы  бастауын  Қырғыз 

Алатауынан алады. Өзендердің көбі өзімен аттас тау аттарымен аталады. 

Ауданда  аумағы  шағын  келген (5км

2

-ден  аспайтын)  Белогорка,  Байтелі, 



Шілік,  Ақкүшік,  Мақбел,  Əбілхайыр,  Қосапан,  Сұңқайты,  Саңдықкөл, 

Мөңке,  Карамақау,  Көккөл  жəне  Қалғанкөл  көлдері  бар.  Тау  бөктері 

қара,  қызғылт  қоңыр,  қоңыр  топырақты  (тəлімі  жердің 80%-ы  осында), 

орталығында  сұр,  бозғылт  сұр,  сортаңды  сұр,  солтүстігінде  құмды,  құ-

майт ты  топырақ  қалыптасқан.  Өсімдіктерінен  тау  шатқалдарында  бұта 

ара лас  қайың,  терек,  жеміс  ағаштары,  тау  бөктерінде,  сұлыбас,  қалақай 

бөз, бетеге, Қорағаты өзенінің солтүстік жағалауынан бастап жусан түр ле -

рі басым. Онда күйреуік, баялыш, жыңғыл, сексеуіл, ши, т.б. шөлге төзімді 

өс   ім діктер өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қоян, таутеке, арқар, ақбөкен ме-

кен  дейді. 

Тұрар Рысқұлов ауданының басым көпшілігі қазақтар (87,6%), одан бас-

қа орыстар (7,8%), татарлар (1,1%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. 

Ipi елді мекендері: Құлан (12, 3 мың адам), Луговой кенті (9,9), Көгершін 

(3,1), Ақыртөбе (2,6), Каменка (2, 5), Құмарық (2,5), Жаңатұрмыс (2,3) жəне 

Teреңөзек (2,0) ауылдары. 

Аудан ежелгі (I-XVI ғғ.) тарихи-мəдени ескерткіштерге бай. Тарихи-ар-

хе о лог. ескерткіштерге Көкдөнен, Қызылшаруа елді мекендері ау ма ғын да 

орналасқан I-IV ғасырлардың  қорғандары,  Көгершін  жəне  Құлан  ау ыл-

да рын ың  (Шөңгір  шатқалы)  тұсында  «Қорғандар  даласы»  деп  аталатын 

20-ға  жуық  үйсіндердің  ежелгі  тұрақты  мекендері,  Қызылшаруа  ауылы 

ма ңында  сақ-үйсіндер  дəуірінің  қорғандар  тобы (12), Қарақат  ауылынан 

1  км  жерде VII-IX ғғ.  Төрткөл  бекінісі,  Ақбұлақ  шатқалынан  (бұрынғы 

Луговой  жылқы  зауыты) 400 м  жерде  петроглифтер,  Қаракемер  ауылы 

жа нында ежелгі (VII-XIII ғ-лардағы Байтымбет елді мекенінің орны бар. 

Ауданның басқа да елді мекендерде (Абай, Алғабас, Құрамыс, Ақыртөбе, 

Жаңатұрмыс, Каменка, Қарақыстақ шатқалы жəне Мөңке сайы, т.б.) ежелгі 

қалалар,  қорғандар  мен  бекіністер  көптеп  кездеседі.  Тарихи  орындардан 

басқа,  біздің  заманымызда  құрбан  болған  жерлестерге  ескерткіштер 

орнатылған.  Ақыртөбе  ауданында  Екінші  дүниежүзілік  соғыста  құрбан 

болған  жерлестерге  монумент  тұрғызылған.  Көкдөнен,  Жаңатұрмыс, 

Құлан, Көгершін, Абай, т.б. елді мекендерде де құрбан болған жерлестерге 

ескерткіштер  тұрғызылған.  Аудандағы  архитектуралық  ескерткіштерге 

Луговой кентінде 1928 салынған тeмір жол стансасы ғимараты, тұрғын үй 

(1914), милиция үйі (1924), бұрынғы шіркеу мектебінің ғимараты (1886), 

Көгершін ауылында Абсент жылқысына тұрғызылған мүсіндік ескерткіш 

(1976), т.б. бар. Тұрар Pысқұлов ауданында 68 ескерткіш, оның 3-тарихи, 

7 монументалды, 4 архитектуралық жəне 54 археологиялық ескерткіштер 

тіркелген. Аудан жерінен Түрксіб, Луговой – Бішкек темір жолдары өтеді. 



Құлан

(Кулан) – Тұрар Рысқұлов ауданының (1938 жылдан) жəне Құлан ауылдық 

əкімшілік округінің орталығы. Облыс орталығы – Тараз қаласынан шығысқа 

қарай 115 км жерде, Қырғыз Алатауының солтүстік бөктерінде, Қорағаты 

өзінің жағалауында, сұлыбас, бетеге, т.б. шөптесін өскен қоңыр, кара қоңыр 

топырақты  тау  етегі  жазығында  орналасқан.  Тұрғыны 12,3 мың  адамнан 

аса. Ipгeсi орта ғасырларда (VI ғ.) қаланды. 1992 ж. дейін Луговое ауылы 

аталып келді. 1930-97 ж. аралығында қой өсірумен шұғылданатын «Восток» 



ТҰРAP РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 

ТҰРAP РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 

214

215

ұжымшарының жəне тұқым өсірумен айналысатын Жамбыл (қазіргі Тараз) 

зооветеринар  техникумының  оқу-тəжірибе  шаруашылығының  орталығы 

болған.  Оның  негізінде 1997 жылдан  Құланда 12 өндірістік  кооператив, 

25 ЖШС жəне 200-ге жуық шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда 2 орта, 

1 орталау мектеп, спорт мектебі, стадион, мəдениет үйі, мұражай, кəсіби 

мектеп,  ауыл  шаруашылығы  колледжі,  кітапхана,  музыкалық  мектеп, 

аудандық  орталық  аурухана,  емхана,  тубдиспансер, 2 тіс  емханасы  жəне 

отбасылық-дəрігерлік  амбулатория  бар.  Құлан  ауылы  маңында VI-XII 

ғасырлардан  қалған  тарихи-мəдени  ескерткіштер  көптеп  кездеседі.  Елді 

мекен арқылы Алматы – Шымкент автомобиль жолы өтеді. 

Алғабас

(Алгабас) – а. Т. Рысқұлов ауданы. 

Бұл жаңа атау Кеңес дəуірінде қойылған алға – «ілгері» + бас «жүр» сөз-

де  рінің бірігуі арқылы жасалып, «ілгері ұмтыл, алға қарай жүр, талаптанып 

ең  бек ет» мəніндегі атау. 

Əбілхайыр

(Абульхаир) – а. Т. Рысқұлов ауданы. Қазақтың Кіші жүзінің ханы Əбілхайыр 

Əскен (Əжі) ұлының есімін мəңгі есте қалдыру мақсатымен қойылған ауыл 

аты.  Қазақ  халқының  Жоңғарлармен  күресі  күшейген  кезде.  Ордабасыда 

бол ған  халық  жиынында  Əбілхайыр  қазақ  жасақтарының  қолбасшысы  бо-

лып  сайланған.  Əбілхайыр  хан (1693-1748) – қазақтың  Кіші  жүзінің  ханы, 

Аңырақай шайқасындағы қазақ қолының бас сардары, қазақ сұлтандарының 

кі ші  буыны – Үсектің  ұрпағы.  Болат  хан  өлгеннен  кейінгі  тақ  таласында 

Сəмекенің (Шахмұхаммедтің) «Əбілқайырдың атасына хандық əуелден бұй-

ыр  маған. Жеті атасынан хан болып келе жатқан менің тұқымым, хан та ғы-

ның заңды иесі менмін» деуі де оның осы кіші буыннан екенін меңзейді. Ол 

–  кейін  өзінің  күшімен,  айласымен  шабуылды  ұйымдастыра  білушілігімен 

даң   қы шығып, хандыққа қол жеткізген, батырлығы мен өркөкіректігі, ақыл-

ды   лығы мен билікқұмарлығы, саясатшылығы мен бірбеткейлігі астасқан қай-

шы  лығы мол тарихи. күрделі тұлға. 

Ол 1723 жылға дейін Түркістан қаласында тұрып, одан жоңғар басқын шы-

ла ры қуып шыққан соң, Бұқар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы 

өзі  не қарайтын тайпалардың арасына кетеді. 

Қазақ  халқының  жоңғарларға  қарсы  азаттық  күресі  күшейген  кезде 

Ордабасында болған халық жиналысында Əбілқайыр қазақ жасақтарының 

бас  қолбасшысы  болып  сайланып,  Ақырақай  шайқасында  үлкен  жеңіске 

же  теді. (Елтұтқа. М. Серғ. Қ. Салғ. А. Сейд. Астана, 2001, 138-б.). 



Əбжаппар Жылқышиев

(Абжаппар Жылкышиев) – а. Т. Рысқұлов ауданы. 

Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, Жамбыл облысының əкімі мен 

облыстық мəс  лихаттың 22. 02. 1997 ж.  бірлескен шешімімен (ХІІІ сессия). 

Қызылту  ауылының  аты  өзгертіліп,  белгілі  қоғам  қайраткері,  жазушы 

Əбжаппар Жылқышиев атындағы ауыл болып аталды. 

Алғашқы 1928 жылы колхоз құрылысы болып біріккен кезінде «Сұлутөр 

кол хозы» болып біріккен. Кейін Шымкенттен Қызыл ту жеңіп ал ып, содан 

бас тап  «Қызыл  ту»  колхозы  болып  құрылды. 1963 жылға  дейін  кол хоз 

бо лып  тұрады. 1963 жылдан  бастап  «Алғабас»  қой  совхозы  бол ды. 1997 

жы лы  қайтадан  ұжым  болып  құрылып,  бұрынғы  Қызыл – ту  бө лім ше сі 

Əбдіжапар Жылқышиев атындағы ауыл атанды. 



Байтелі

(Байтели) – а. Т. Рысқұлов ауданы. 

Ауыл тұрғындарының ұсынысы бойынша ҚР Жоғарғы Кеңесі Төралқа-

сы  ның 19. 03. 1992 ж. №1265-ХІІ Қаулысы бойынша Жеңістің 40 жылдығы 

ат  ындағы ауыл аты өзгертіліп, Байтелі ауылы болып аталды. 

Кісі есіміне байланысты қойылған. 



Жаңатұрмыс

(Жанатурмыс) – Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, Карақыстақ ауыл-

дық  əкімшілік  округіне  қарайды.  Аудан  орталығы  Құлан  ауылынан  шы -

ғысқа қарай 26 км жерде, нарғия, жусан, т.б. шөптер өскен бозғылт қо  ңыр 

топырақты далалық белдемде орналасқан. Жаңатұрмыс ауылы Қарақыстақ 

ауылдық  округы  құрамынан  Жамбыл  облыстық  мəслихаты  мен  Жамбыл 

об лысы  Əкімінің 22.06.01 ж.  №9-6  қаулысы  бойынша  бөлініп  шық  ты. 

Тұрғыны 2,3 мың адам. Іргесі 1930 ж. «Жаңатұрмыс» қой өсіретін ұж ым-

шар  ретінде  қаланған.  Оның  негізіңде  Жаңатұрмыста 1997 жылдан  өн-

ді   рістік  кооператив,  шаруашылық  серіктестігі  мен  шаруа  қожалықтары 

жұ    мыс  істейді.  Орта  жəне  бастауыш  мектеп,  кітапхана,  клуб,  фельдшер-

акушерлік пункт бар. 



Каменка

(Каменка) – Тұрар  Рысқұлов  ауданындағы  ауыл,  Қарақыстақ  ауылдық 

əкім шілік  округі  орталығы.  Аудан  орталығы  Құлан  ауылынан  шығыска 

қа рай 15 км  жерде,  Қарақыстак  өзенінің  жағалауында,  бетеге,  селеу,  т.б. 

астық  тұқымдасты  шөптесін  өскен  тау  алдының  қоңыр,  қызғылт  қоңыр 

топырақты  қоңыржай  агроклиматтық  белдемінде  орналасқан.  Тұрғыны 

2, 5 мың адам. 1957-97 ж.  аралығыңда қой өсіретін «Коммунизм жолы» 

ұж ымшарының  орталығы  болып  келді.  Оның  негізінде  Каменкада  жəне 

ок ругке  қарасты  Жаңатұрмыс,  Еңбекші  ауылдарында 2 ӨК, 122 шаруа 


ТҰРAP РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 

ТҰРAP РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 

216

217

қо жалығы жəне 3 серіктестік құрылды. Ауылдарда 4 орта, 2 бастауыш мек-

теп, 3 кітапхана, 2 клуб, отбасылық-дəрігерлік амбулатория, 2 фельдш.-аку-

шерлік пункт бар. Елді мекен Алматы – Жамбыл автомагистралі бойында 

ор наласқан. Жақын темір жол стансасы – Луговой (18 км). 

Көгершін

(Когершин) – Тұрар  Рысқұлов  ауданындағы  ауыл,  Құмарық  ауылдық 

əкімшілік округінін орталығы. Аудан орталығы Құлан ауылынан оңтүстік-

батысқа карай 14 км жерде, жусан, баялыш. т.б. шөптесін өскен тау алдының 

қоңыр, ақшыл қоңыр топырақты шөлейтті белдемде орналасқан. Тұрғыны 

3,0  мың  адам.  Іргесі 1935 ж.  Луговой  асыл  тұқымды  жылқы  зауыты 

ретінде каланған. Оның негізінде Көгершінде округке қарасты Көкдөнен 

жəне  Құмарық  аудандарында 1997 жылдан 2 өндірістік  кооператив, 96 

шаруа қожалығы, 2 жауапкершілігі шектелген серіктестік жұмыс істейді. 

Ауылдарда 4 орта, 1 орталау, 3 бастауыш  мектеп, 3 кітапхана, 1 клуб, 

отбасылық дəрігерлік амбулатория мен 2 фельдшерлік пункт бар. 

Көкдөнен

(Кокдонен) – Тұрар  Рысқұлов  ауданындағы  ауыл,  Құмарық  ауылдық 

əкімшілік округінің құрамында. Аудан орталығы Құлан ауылынан батысқа 

қарай 10 км  жерде,  бұта  аралас  бидайық,  қияқ,  т.б.  шөптесін  өскен 

тау  алдының  қызыл  қоңыр,  қоңыр  топырақты  құрғақ  дала  белдемінде 

орналасқан.  ҚР  Жоғарғы  Кеңесі  Төралқасының 04.05.1993 ж.  №2189-ХІІ 

Қаулысымен бұрынғы Калинин атауы Көкдөнен болып өзгертілді. Тұрғыны 

1,5  мың  адам.  Іргесі 1958 ж.  Ленин  атындағы  қой  ұжымшары  ретінде 

қаланған.  Оның  негізінде  Көкдөненде  жəне  округке  қарасты  Құмарық, 

Көгершін, Алғабас, Жақсылық, Қосапан, Қаракемер, т.б. ауылдарда 2 өн-

дірістік  кооператив, 96 шаруа  қожалығы,  серіктестіктер  жұмыс  істейді. 

4  орта  мектеп,  клуб,  кітапхана,  отбасылық-дəрігерлік  амбулатория, 

2 фельдш. пункт. т.б. мекемелер бар. 

Қайыңды

(Кайынды) – Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, Тереңөзек ауылдық əк-

імшілік округі құрамында. Аудан орталығы Құлан ауылынан батысқа қа-

рай 67 км  жерде,  боз,  жусан,  баялыш,  күйреуік,  т.б.  шөптесін  өскен  сұр, 

шал ғынды сұр топырақты шөлейт белдеуде орналасқан. Тұрғыны 1, 2 мың 

адам. 1977-97жылдары қой өсіретін «Мақпал» кеңшарының орталығы бо-

лып келді. Оның негізінде Қайыңдыда «Мақпал» ӨК жəне бірнеше ЖШС 

ұй ымдастырылды.  Орта  мектеп,  клуб,  кітапхана,  фельдшер-акушерлік 

пункт, т.б. мекемелер бар. 

Қорағаты

(Корагаты) – Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, ауылдық əкімш. округ 

ор талығы. Аудан орталығы Құлан ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 35 

км  жерде,  Қорағаты  өзінің  жағалауындағы  ши,  бұта  шоғырлары  аралас 

ас тық тұқымдас шөптесіндер өскен сұр, бозғылт сұр топырақты қуаң жа-

зық та  орналасқан.  Тұрғыны 1,1 мың  адам. Ipгeci 1954 ж.  асыл  тұқымды 

қой  өсіретін  Ленин  атынд.  кеңшардың  орталығы  болған.  Оның  негізінде 

Қорағатында бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда орта мектеп, 

кітапхана, клуб, фельдш. -акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. 

Құмарық

(Кумарык) – Тұрар  Рысқұлов  ауданындағы  ауыл,  Құмарық  əкімшілік 

окру гі құрамында. Аудан орталығы Құлан ауылынан батысқа қарай 27 км 

жер де,  жусан  аралас  бетеге,  бөз,  күйреуік  өскен  қоңыр,  бозғылт  қоңыр 

то пы рақты тау алдының қуаң жазығында орналасқан. Тұрғыны 2, 5 мың 

адам. 1955-97 ж. ауыл К. Маркс атындағы қой ұжымшарының орталығы 

бо лып  келді.  Ауыл 1992 ж.  дейін  Подгорное  деп  аталып  келді.  Жамбыл 

об  лысы əкімінің 06. 07. 92 ж. №60 қаулысы бойынша бұрынғы Подгорное 

атауы Құмарық болып өзгертілді. Оның негізінде Құмарық ауылында 1997 

жыл дан өндірістік кооператив жəне 30-ға жуық шаруа қожалығы құ рыл ды. 

Ауылда орта, бастауыш мектептер, кітапхана, клуб, фельдшер-акушерлік 

пункт бар. 



Қызылшаруа

(Кызылшаруа) – Тұрар  Рысқұлов  ауданындағы  ауыл,  Ленин  ауылдық 

əкімшілік округінің құрмында. Аудан орталығы Құлан ауылынан солтүстік-

шығысқа қарай 30 км жерде, темір жол бойында орналасқан. Тұр ғыны 1, 

8 мың адам. Ipгeci 1932 ж. алғашында Қызылшаруа, кейіннен қой өсіретін 

Қазақстан  ұжымшарының  орталығы  ретінде  қаланды.  Оның  не гізінде 

Қызылшаруада 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылды. Орта мек теп, 

кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. 



Жақсылық

(Жаксылык) – Тұрар  Рысқұлов  ауданындағы  ауыл,  Құмарық  ауылдық 

əкімшілік  округінің  кұрамында.  Аудан  орталығы  Құлан  ауданынан  сол-

түс тік-шығысқа қарай 2 км жерде, Қорағаты өзенінің жағалауында, жусан 

ара лас əр түрлі астық тұқымдасты шөптесін өскен тау алды жазығында ор-

наласқан.  ҚР  Жоғарғы  Кеңесі  Төралқасының 04. 05. 1993 ж.  №2189-ХІІ 

Қаулысымен бұрынғы Тельман атауы Жақсылық болып өзгертілді. Тұрғыны 

1, 7 мың адам. 1958 – 97 жылдар аралығында Ленин атындағы қой өсіретін 

ұжымшардың бөлімшесі болып келді. Оның негізінде ЖШС-тер мен шаруа 


ТҰРAP РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 

ТҰРAP РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 

218

219

қожалықтары құрылды. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-

акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. 

Өрнек

(Орнек) – Тұрар  Рысқұлов  ауданындағы  ауыл,  өзімен  аттас  ауылдық 

əкімшілік  округтің  орталығы.  Аудан  орталығы  Құлан  ауылынан  батысқа 

қа рай 47 км жерде, бұта шоғыры аралас нарғия, сұлыбас, т.б. астық тұқым-

дас ты шөптесін өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты тау алдының қуаң 

шөлейтті  белдемінде  орналасқан.  Тұрғыны 1, 5 мың  адам.  Ауыл 1962–1997 

жыл да ры қой өсіретін «Алғабас» кеңшарының орталығы болып келді. Оның 

не гі зінде Өрнекте 1997 жылдан «Өрнек» өндірістік кооперативі ЖШС жə  не 

бір неше шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда орта мектеп, клуб, кі тап ха-

на, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. 



Өрнек

(Орнек) – көне қала орны. Тұрар Рысқұлов ауданы Өрнек ауылынан оң-

түс  тікке қарай 6 км қашықтықта, Алтынсу мен Шұбырынды өзендерінің 

жа    ғасында орналасқан. 1985-86 ж. К. Байпақов жетекшілік еткен экспе ди  -

ция зерттеу жұмыстарын жүргізген. Өрнек қаласының орталық бөлігі ау-

мағы 155x160 м болатын төрт бұрыш пішінді, жанжағы дуалдармен қор-

шалған. Қоршаудың қазіргі қиранды үйіндісінің биіктігі 5 м-ге, ені 11 – 15 

м-ге жетеді. Қоршаудың бойында 31 күзет мұнараларының орындары сақ-

та лып қалған. Қазба жұмыстары Өрнектің 8-12 ғасырларда гүлденген қа ла 

болғанын көрсетеді. Қазба жұмыстары барысында тастан безендіріліп жа-

сал ған 4 колонна табылды. Мықты бекіністің, мешіттің, əсем сарайдың ор-

ын дарының табылуы Өрнектің кезінде жоғары дамыған қалалар қатарына 

жа татындығын  айғақтайды. Opта  ғасырлық  географтар – Ибн  Хордатбек 

пен Құдама Тараз бен Құлан қаласы арасында Касриабас, Құлшұб, Жұлшұб 

де  ген қалалардың болғанын жазып қалдырған. Осындағы Құлшұб қаласы 

Өр нек болса керек. 



Сұңқайтты

(Сункайтты) – тарихи орын. Тұрар Рысқұлов ауданы Сұңқайтты ауылының 

маңында. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына карсы күресі кезінде бұл 

орында ірі шайқас болған. Əбілхайыр хан басшылық еткен қазақ жасақтары 

осы жерде жаудың бетін алғаш қайтарған. Сондықтан шайқас болған орын 

«Сұм қайтты» атанған. Ол кейін бұрмаланып Cұңқайтты аталып кеткен. 



Сұңғайты

(Сунгайты) – Т. Рысқұлов ауданындағы ауыл. 

Бұл көне атаудың бастапқы мағынасы замандар өте мүлдем ұмыт бол-

ған. Оны анықтап, дөп басу тым қиын. Алайда бұл атаудың бастапқы тұл-

ға    сын  талдап,  басқа  тілдермен,  салыстыра  қарау  барысында  ғана  кейбір 

жайт  тардың  анықталуы  мүмкін.  Түркі  тілдерінің  ішінде  Таулы  Алтайда 

Сан-Кайа атты тау, ауыл бар екен. Зерттеуші О.Т. Молчанованың пікірінше: 

«Сан-Кайа – букв. скала, утес с треножком или скала, утес как треножек» 

(О. Молчанова 1979, 283). Бұған қарағанда, Сұңғайты атауының сұң тұл ға-

сы тəжік тіліндегі санг «тас», ал ғай сөзі көне түркі тіліндегі Кайа – «құз», 

«жартас», -ты қосымша деуге болатындай. Демек атаудың бастапқы тұлғасы 

Санкай (а) ты содан айтыла келе тілімізде Сұңғайты болып өзгертіске түс-

кен сияқты. 

Тереңөзек

(Теренозек) – Тұрар  Рысқұлов  ауданындағы  ауыл,  ауылдық  əкімшілік 

окру  гі  орталығы.  Аудан  орталығы  Құлан  ауылынан  батысқа  қарай 54 км 

жер  де, боз жусан, баялыш, күйреуік басым өскен сұр, шалғынды, сұр то-

пы рақ  ты шөлді белдемде орналасқан. Тұрғыны 2, 0 мың адам. Ауыл 1950-

97 ж. қой өсіретін Жамбыл атындағы ұжымшардың орталығы болды. Он-

ың негізінде 1997 жылдан Tереңөзекте өндірістік кооперативі, ЖШС жəне 

шар уа қожалықтары құрылды. Орта, бастауыш мектептер, клуб, кітапхана, 

фельд шер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тереңөзек арқылы Түрксіб 

те мір жолы жəне Taраз-Алматы автомагистральді жол өтеді. 

Тереңөзек терең (сын есім) + өзек (зат есім) сөздерінің қосылуынан жа-

сал ған атау. Мағынасы: бұл жердегі өзектің жайдан емес, терең екен ді гін 

білдіреді. 

Аққайнар

(Аккайнар) – Т.  Рысқұлов  ауданындағы  Қорағаты  округінің  əкімшілік 

ау  мағына  бірлігіне  қарасты  ауыл.  Ақ  (сын  есім) + қайнар  (зат  есім)  сөз-

дерінен жасалған атау. Қайнар деп жер асты суының бұрқырап шығып жат-

қан бастауын айтады. «Таза мөлдір, тұнық бастау» мəніндегі атау. Атаудың 

ма ғынасы туралы екі түрлі жорамал айтуға болады: біріншіден, бұлақ басы 

ақ топырақты жерден басталуы мүмкін, яғни бұлақ басының топырағы ақ 

бол ғандықтан  осылай  аталуы  мүмкін,  екіншіден,  бұлақ  көзі-қайнар  сулы 

жер ден бұрқырап, ағарып шығып жатуына да байланысты болуы ықтимал. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет