М. Х. Дулати атындағы Тарму-дің Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған



Pdf көрінісі
бет97/110
Дата18.01.2017
өлшемі15,4 Mb.
#2185
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   110

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ

З. ҚҰЛАМАНОВА

694

695

Шу алқабының бойына орналасқан, олардың ішіндегі ірілері Ақтөбе, Степнин-

ское, Ақсутөбе, Октябрь, Тастұмсық жəне басқа да ескерткіштер [32. 54б.]. 

Атап айтсақ, Х-ХІІ ғасырлардағы Адасқан төбе қалашығы Талас ауданы, Бөлтірік 

шешен ауылынан солтүстік-батысқа қарай 18 шақырым (бұрынғы Кеңес) жерде 

қоныс тепкен. 

Адахкес қаласы – VІІ-ХІІ ғғ. ортағасырлық қала. Жамбыл ауданы, Қаракемер 

ауылының оңтүстік – батыс жағында 2 км жерде. Қала орнында 1938 ж. А.Н. Берн-

штам қазба жұмысын жүргізген. Араб тарихшысы Ибн Хордатбек деректері бой-

ынша,  Тараз  қаласының  батыс  жағында  Дех-Нуджикес  пен  Адахкес  қалалары 

болғандығы  айтылады.  А.Н.  Бернштам  мен  К.М.  Байпақов  Дех-Нуджикес  пен 

Адахкес  қалалары  қазіргі  Қаракемер  ауылының  маңындағы  екі  ортағасырлық 

қаланың орны деп есептейді. Бұл Қаратау өңіріне баратын керуен жолының бойы-

на орналасқан ірі ортағасырлық қалалардың бірі болған көрінеді [12; 7. 76 б.]. 

Адыраспантөбе – ортағасырлық  қаланың  орны.  Жуалы  ауданындағы  Дихан 

ауылының жерінде. 1940 ж. Жамбыл облыстық археология бөлімшесінің экспеди-

циясы (жетекшісі Г.И. Пацевич) зерттеген. Адыраспантөбені зерттеу нəтижесінде 

табылған бұйымдарға қарағанда қаланың тұрғындары VІІІ-Х ғғ. мекен еткен. Олар 

егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан [45. 76 б.]. 

Ақкесене – ертедегі қамал-қаланың орны. Талас ауданы, Үшарал мекенінде ор-

наласқан. Алғаш 1896 ж. археолог В.А. Каллаур зерттеген. Қазба жұмысы кезінде 

та былған заттай деректер мен қалану əдісіне қарағанда ХІІ-ХІІІ ғғ. тұрғызылған 

көрінеді [45. 86 б.]. 

Аққамыс қонысы – (VІІ ғ.) Жамбыл ауданы Пионер ауылының территориясын-

да, Шайдана ауылынан солтүстігіне қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Қонысты 

1978 ж.  Жамбыл облысының тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы ашып, 

зерттеген. 

Аққұм – ежелгі қала орны (VІІ-ХІ ғғ.). Билікөл көлінің маңында, Аса өзенінің 

сол түстік жағалауында орналасқан. Қала жұртын 1941 ж. Жамбыл облыстық ар -

хеологиялық пунктінің экспедициясы (жетекші В.И. Пацевич) зерттеген. Архео-

логтардың  айтуынша,  қыштан  жасалған  құмыралардың  сынықшаларына  қа -

рағанда, қала жер өңдеумен жəне мал өсірумен айналысқан тұрғындардың қо нысы 

болып табылады [45. 89 б.]. 

Ақсутөбе қалашығы – Х-ХІІ ғғ. Шу ауданы, Ақсу ауылынан батысқа 0, 5 км, 

Ақсу өңірінің оңтүстік жағалауында орналасқан. 

Ақтөбе – Қазақстандағы  ежелгі  қала  орны.  Шу  ауданы  Баласағұн  атындағы 

ұжым шар  жерінде,  Ақсу,  Қарабалта  өзенінің  Шуға  құяр  сағасында  орналасқан. 

Ақтөбе VІ-ХІІІ ғғ. болған [32. 318 б.]. 

Ақтөбе  қалашығы –VІІІ-Х  ғасырларда  Сарысу  ауданы,  Жайылма  ауылынан 

шығыс қа қарай 3 шақырым жерде, Шабақты өзенінің сол жағалауында орналасқан 

[2. №386.]. 

Ақтөбе қалашығы – ІХ-ХІІІ ғғ. Жамбыл ауданынан оңтүстік-батысқа қарай 0, 5 

ша қырым жерде орналасқан [2. №617]. 

Ақтөбе мекені – VІІІ-ХІІ ғғ. Талас ауданы, Ақтөбе ауылынан солтүстік шығысқа 

қа рай 0, 3 км. жерде орналасқан [2. №499.]. Батыс жағында осы заманғы бейіттер 

ор наласқан. 

Ақыртас сарай кешені – VIII-ХІІ ғғ. Тараз қаласынан шығысқа қарай 40 ша қы-

рым жерде, Ақшолақ темір жол стансасынан 6 км оңтүстіктегі Қырғыз Алатауының 

ете гінде орналасқан. 

Ақыртасты  жазба  деректерде,  соның  ішінде  Ибн  Хордатбек  жазбаларында 

ескерілетін  нақты  елді  мекенмен  сəйкестендіру  мəселесі  алға  қойылады.  Өйт-

кені олар өздерінің жол бағдарламаларында Тараздан Құланға дейінгі сауда жо-

лы ның  бөлігіндегі  қалалардың  нақты  тізімін  келтіреді.  Олар  Тараздан 3 фарсах 

жердегі Төменгі Барсхан, одан 3 фарсах жердегі Касра-Бас (Касри-бас), ары қа-

рай 2 фарсахтағы Құлшуб, одан ары қарай 4 фарсахтағы Жұлшуб жəне Құлан. 

Жұлшубтен оған дейін 4 фарсах. В.В. Бартольд Касрибасты «Шахнаме» дастанын-

да екі рет кез десетін түрік қамалы Качар-башимен тепе-теңестіріп, Əулиеатаның 

орнына қояды. Ескерткішті 1936-1938 жж. Талас аңғарында зерттеулер жүргізген 

Жамбыл археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) тексерді. 

К.М. Байпақов Ақыртасты ІХ-Х ғғ. Жетісуда иелік еткен қарлұқтардың салы-

нып бітпеген ордасы деп санайды. Ақыртастың не екендігі, оның салыну уақыты 

мен  оған  қатысты  саяси  оқиғалар  жөніндегі  келесі  бір  түсіндіру  əрекеті  неміс 

зерттеушісі  Б.  Бенртьеске  тиесілі.  Оның  пікірінше,  Ақыртас  араб  қолбасшысы 

Кутейбаның (VIIІ ғ.) бұйрығымен салынған. Ақыртас оның солтүстік резиденция-

сы ретінде салынған. Сондай-ақ бұл қамал қаланың орны туралы Ж. Дəдебаевтың 

«Талас аңыздары» [14. 5-8б.] атты еңбегінде айтылған. 

Ақыртасты 2004 ж.  бастап  қайта  қалпына  келтіру  жұмыстары  қолға  алынды 

[10; 7.]. 

Атлах – орта ғасырларда жазба деректерінде кездеседі. Тараз маңындағы қала 

атауы. 751 ж. шілде айында Талас өзенінің жағасындағы Атлах қаласы мекені маң-

ында қытай жəне араб əскерлері арасында шайқас болады. Əл-Макдиси мен ибн 

Хаукал жазбаларында (Х ғ.) Атлахты Испиджаб қаласының маңындағы қала деп 

атайды. Əл-Макдиси 985 ж. Атлах қаласы туралы «Көлемі жағынан орталық қа-

лаға жақын, айналасы биік дуалмен қоршалған, бау-бақшасы көп, жүзім мол өседі. 

Ме шіті  орталығында,  базары  рабадта», – деп  жазады.  Археолог  ғалымдардың 

пі кірінше, қазіргі Тараз қаласының солтүстігі Талас өзенінің бойында жергілікті 

халық Жуантөбе деп атап кеткен көне қала орны жазба деректерде Атлах қаласының 

жұр ты болуы мүмкін деген жорамал бар [2]. 

Ортағасырлық түркі ғұламасы М. Қашқаридың «Түркі сөздері жинағында» [30] 

«Атлах» деген сөз ат бағылатын жер, аймақ, ауыл, мекен, қазіргі тілмен айтқанда 

«жылқылы» деген мағынаны білдіретіндігі жазылған. Тарихы 2000 жылдан асқан 

Тараз қаласына серіктес елді мекен ретінде салынған Атлахтың үйіндісі бұл күндері 

жоқ. 

Əулиебастау – ортағасырлық қалашық орны. Жамбыл ауданы, Айша бибі аулы-



нан батысқа қарай 3 км жерде. Археологтардың пікірінше, Əулиебастауды адам дар 

ІХ-ХІІІ ғғ. мекен еткен. Мұнда олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан 

көрінеді. 


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ

З. ҚҰЛАМАНОВА

696

697

Байтымбет  қонысы – VІІ-ХІІІ  ғғ.  Байтымбет  ауылы,  Т.  Рысқұлов  ауданының 

ше тінде орналасқан. Қоныс қалдығының үстіне қазіргі уақытта ауыл орналасқан 

[2. №235]. 

Бала-Ақтөбе  қалашығы – Х-ХІІ  ғғ.  Мойынқұм  ауданы,  ауылдан  солтүстік-

батысқа карай 7км, Аяқ-Ақтөбе қалашығынан оңтүстік-батысқа қарай 0, 7 км жер-

де арнасы қаңсыған өзеннің солтүстік жағалауында орналасқан. 

Баласағұн – Қарахан  мемлекеті  астаналарының  бірі  болған  ортағасырлық 

қала атауы. Жазба деректерде оныншы ғасырдан бастап белгілі. Əл-Макдисидің 

мəлімдеуінше, «игілікке бай, үлкен қала» болған. Ал М. Қашқари Баласағұнның 

Күз-Ұлыс  немесе  Күз-Орд  деген  басқа  аттары  болғанын  хабарлайды.  Зерт-

теу шілердің  пікірінше, 1) Баласағұн  алғашқыда (VIII ғ.)  Түрікше  Беклік 

(Бекелік-бекініс),  соғдыша  Семекне  деп  аталған.  Баласағұн  тұрғындары  түрік 

жəне  соғды  тілінде  сөйлеген.  Қала 1210 ж.  Мұхаммед  Хорезм  шахты  жеңген 

қарақытайлықтардың қол астына қарайды. 1218 ж.  Шыңғыс ханға қарсылықсыз 

беріліп, Ғабалық – «Жақсы қала» деп аталады. Соңғы кездері Баласағұн орны ту-

ралы ғылымда бірнеше пікір қалыптасқан. 2) М.Х. Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» 

(ХVІ  ғ.) [15] атты  кітабында  Баласағұнды  Афрасиабтың  салған  қалаларының 

бірі  деп  атап,  оны  өте  жоғары  бағалаған.  Баласағұн  қарақытай  заманына  дейін 

Афрасиабтың  ұрпақтарының  билігінде  болған.  Қарақытай  Гурхан  Баласағұнды 

Илен ханнан (ол Афрасиабтың нəсілінен) тартып алып, өзінің астанасы етті. 95 

жыл  бойы  Баласағұн  қара  қытайдың  астанасы  болды.  Моғолдар  Баласағұнды 

«Қаралық» деп атаған. Таразды да моғолдар «Ианги» деп атаған [15. 236 б.]. Атал-

мыш кітапта Мыңлақ (Мыңбұлақ) – осындай жер аты қазіргі Мерке, Жуалы т.б. 

аудандарында Моғолстанның басқа да аймақтарында болған [15. 540б.]. 

Бектөбе – ортағасырлық  қаланың  орны.  Тараз  қаласынан  батысқа  қарай 16 

км жерде Аса өзенінің жағалауында 1938 ж. А.Н. Бернштам басқарған Жамбыл 

археологиялық экспедициясы зерттеген. Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, 

Бектөбе – ортағасырлық Жувикат қаласының орны, Əбу-л-Арадж ибн Жафардың 

жазбаларында Жувикат Шавғар мен Тараздың аралығында орналасқан делінген. 

Археологиялық барлау нəтижесі төбенің жоғарғы қабатынан жиналған заттар 

мен деректер оның VІІ-ХІІ ғғ. аралығында болғанын атап көрсетеді. 

Биназартөбе мекені – Талас ауданы, Бостандық ауылының оңтүстігіне қарай 10 

шақырым [2.]. 

Гүлшара – ортағасырлық қалашық орны. Мойынқұм ауданы, Ынталы ауылынан 

солтүстік-шығысқа қарай 14 км жерде, Шу өзенінің ескі арнасының оң жағасында 

[17. 2-3б.]. 

Дех Нади – Шу мен Талас өңіріндегі ортағасырлық қала. Ортағасырлық араб 

тарихшысы Əл-Макдисидің жасаған тізбегінде ХІІ ғ. мекендеген, олар егін егу-

мен жəне мал шаруашылығымен айналысқан Дех Нади Құлан, Табакет, Сус, Чел-

же қалалармен қатар көрсетілген. Зерттеушілер Дех Нади қаласының орны Талас 

өзенінің жоғарғы ағысындағы Қасқантөбе болса керек деген. 

Дөкей  қалашығы – Х-ХІІ  ғғ. 4 км  Меркі  ауданынан  оңтүстікке  Түзу  Сұрат 

шатқалының бастауынан 0, 5 км бері, Сұрат өңірінің сол жағында [17. 14-15 б.]. 

Жайлаутөбе – көне қала (І-V ғғ.) орны. Байзақ ауданы, Ақжар ауылы маңында 

орналасқан [45. 234 б.]. 

Жайтөбе  қаласы – ерте  ортағасырлық  қала  орны.  Байзақ  ауданы  Төрткөл 

ауылының шетінен табылған. Қарасу өзенің солтүстік жағалауында орналасқан [7]. 

Жалпақтөбе  қаласы – VІ-ХІІ  ғғ.  Жамбыл  ауданы,  Жалпақтөбе  ауылының 

аймағында орналасқан. Əл-Макдисидің қаланы Тараздан адам дауысы естілетін 

жерде  орналасқан  «кішкентай  қалашық»  деп  сипаттаған.  Жалпақтөбе  мен 

Жикилдің тепе-тең теңестірілуін Т. Н. Сенигова мен К.М. Байпақов та құптайды 

[42; 21]. 

Төрткүл қалашығы – VIII-ХVІ ғғ. Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылының оңтүстік-

батысында 5 км жерде, Шу өзенінің оң жағалауында орналасқан. 

Түймекент  қалашығы – VІ-ХІІ  ғғ.  тəн.  Байзақ  ауданы,  Түймекент  ауылының 

оңтүстік-шығыс шетінде, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Түймекент 

VІІ-ХІІ ғғ. тұрғызылған қала болғанға ұқсайды [11; 6]. 

Тыңқұдық қалашығы – Мойынқұм ауданы, Қызылотау ауылынан (Амангелді 

кеңшары) солтүстікке қарай 8 км, Орта-Ақтөбе қалашығынан солтүстікке қарай 5 

км жерде орналасқан [16. 32-34 б.]. 

Шақпақ ата қаласы – Х-ХІІІ ғғ. Жуалы ауданы, Шақпақ ата (б. Кременевка) ау-

ылынан батысқа қарай 7 шақырым жердегі Құлансай шатқалының шыға берісіне 

таяу орналасқан [2. №105]. 

Шар  қалашығы – Х-ХІV  ғғ.  Мойынқұм  ауданынан  солтүстікке  қарай 6 км, 

Қойшыман қалашығынан шығысқа қарай 2 км жерде орналасқан [17. 6-12б.]. 

Шаруашылық қалашығы – VІІ-ХІІІ ғғ. Сəду Шəкіров елді мекенінен солтүстік-

шығысқа  қарай 8 км  жерде  орналасқан. 1949 ж.  Л.  И.  Ремпель, 1980 жылы 

Қ. Байбосынов тың жетекшілігімен зерттелді [40; 8]. 

Шеңгелді қалашығы – Х-ХІІ ғғ. Мойынқұм ауданынан шығысқа қарай 12км, Шу 

өзенінің ескі арнасының сол жағалауында орналасқан [45. 549б.]. 

Шекетөбе қалашығы – ІХ-ХІІ ғғ. Байзақ ауданы, Диқан (б. Киров) ауылынан 

солтүстік-шығысқа қарай 4-5 км жерде орналасқан [2. №446]. 

Ынталы қалашығы – Х-ХІІ ғғ. Мойынқұм ауданынан солтүстік-шығысқа қарай 

6, 5 км, Жүндітөбе қалашығынан батысқа қарай 0, 4 км жерде орналасқан [16. 43 

б.]. 


Ыстөбе қалашығы – Х-ХІІ ғғ. Мойынқұм ауданынан солтүстікке қарай 6 км жер-

де орналасқан [2. 43б.]. 

Жуантөбе – ортағасырлық  қалашық.  Жамбыл  ауданы,  Шөлтөбенің  солтүстік 

ба ты сында,  Аса  өзенінің  оң  жағында  орналасқан.  Онда 1983-1984 жж.  ар-

хеологиялық экспедицияның зерттеу жұмыстарынан табылған материалдарға қа-

рағанда, Жуантөбе қалашығын халық VІІ-ХІІ ғғ. мекендеген. Олар егін егіп, мал 

ша раушылығымен айналысқан. Қазір қаланың орталық бөлігінде осы заманғы зи-

рат орналасқан [45. 275 б.]. 

Бұл сияқты археоойконимдер қатарына мына төмендегі атаулар да тəн. 

Олар:  Атбайлар  қалашығы  (Х-ХІІ  ғғ.),  Жетітөбе  қалашығы  (Х-ХІІ  ғғ.),  Жүн-

дітөбе,  Зəуірбектөбе (VІІ-ІХғғ.),  Кентарал  қалашығы (VІІ-ХІІ  ғғ.),  Көктөбе 

қалашығы (Х-ХІІ ғғ.), Күделі І, ІІ қалашығы (Х-ХІІ ғғ.), Көктөбе қалашығы (Х-ХІІ 

ғғ.),  Күлтабан  (Х-ХІVғғ.),  Қақпатас  қалашығы  (Х-ХІІ  ғғ.)  Қамысшы  қалашығы 


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ

З. ҚҰЛАМАНОВА

698

699

(VІІ-ХІVғғ.), Қаратөбе қалашығы (Х-ХІІ ғғ.), Қаракемер қалашығы (VІІ-ХІІ ғғ.), 

Қойшыман  қалашығы  (Х-ХІVғғ.),  Қорағаты  (Х-ХІІ  ғғ.),  Қорғаншы  қалашығы 

(Х-ХІІ ғғ.), Қызылқорған (Х-ХІІ ғғ.), Қырықкүмбез (Төрткөл) қалашығы (ІХ-ХІІ 

ғғ.),  Майбұлақ  қалашығы  (Х-ХІІ  ғғ.)  Мүрделітөбе  қаласы (VIII-ХІІ  ғғ.),  Орта-

Ақтөбе қалашығы (VIII-ХІІ ғғ.), Ортағасырлық Бектөбе қалашығы (VІІ-ХІІ ғғ.), 

Өрнек қаласы (VIII-ХІІ ғғ.), Саудакент (ІХ-ХV ғғ.) Сыпатай қалашығы (Х-ХІІ ғғ.), 

Тастөбе  қалашығы  (Х-ХІІ  ғғ.),  Тектұрмас  қалашығы (VІІ-ХІІІ  ғғ.),  Төрткөлтөбе 

қалашығы (VІІ-ХІІІ ғғ.) т.б. 

Сонымен  жоғарыдағы  облыс  жерінде  орналасу  ерекшелігіне  қарай  талдау 

жасалған  ортағасырлық  қала,  қалашық,  бекініс  атауларының  көне  түркі  жəне 

байырғы  қазақ  тілдерінен  жасалғанын  аңғардық.  Бірақ  кейбір  атаулардың 

мағынасы  күңгірт.  Дегенмен  де  бұл  көрсетілген  ойконимдер  көне  қазақ 

тілдерінен,  сол  кезеңдердегі  қазақтың  көрнекті  ірі  тайпаларының  тілінен 

жасалғанын, олардың осы қалалар мен шекараларда тіршілік еткенін байқадық. 

Бұл – біздің  қазақ  халқының  арғы  аталары  отырықшылдық  тұрмыста  өмір 

сүргенін айқындайтын нақты дəлел. Бұл ойконимдер тілдік негізі жағынан да, 

жасалу нұсқасы бойынша да қазіргі қазақ тіліне жақын. Ортағасырлық ойконим-

дер қатарына жататын атаулардың кейбіреулері қазіргі кезде мүлдем жойылып, 

аталмай кеткен. 

Қорыта  айтқанда,  қалалардың  сауда  жолының  бойында  орналасуы,  оның 

аймағындағы  қалалардың  да  дамуына  үлкен  əсерін  тигізген.  Х-ХІІ  ғғ.  қалада 

болған саяхатшылардың деректеріне қарағанда, 200-ден астам қыстақ-кенттер мен 

қалашықтар Тараздың төңірегінде қайнаған өмірдің орталығына айналған. Мұнан 

көрінетін жағдай, өндіргіш күштің дамуы тек орталық Таразда ғана өсіп қоймай, 

оған серіктес – Атлах, Барсхан, Төменгі Барсхан, Ақтөбе, Түймекент, Төрткөл, Жу-

викат, Жикил жəне т.б. аттары белгісіз төбе болып жатқан қалаларда да əлеуметтік-

экономикалық даму қарқынды жүріп жатқан. 



ЖАҢА ДƏУІР ОЙКОНИМДЕРІ

(XVI-XIХ ғғ.) 

ХІV-ХV  ғғ.  Моғолстан  мемлекетінің  тұсында  қазақ  этносы  қалыптасты. 

Қазақстан территориясында өткен экономикалық жəне этносаяси процестер-

дің  заң ды  нəтижесі  Қазақ  хандығының  құрылуы  болды.  Бұл  кезеңнің 

оқиғаларын  си паттайтын  жазбаша  деректерді  талдау  негізінде  тарихшы-

лар қазақ хандығы құ рыл ған кезді 1456-1460 жж. жатқызды [9. 110б.]. Оның 

орталығы Шу алқабында, Қозыбасы деген жерде болған. 

Қазақ  хандары  биліктерінің  Сырдария  өңірінің  оңтүстік  бөлігіне  та-

рауы  олардың  Моғолстан  əміршілерімен,  содан  кейін  Мауреннахр  мен 

Түркістандағы саяси билеп-төстеушілік үшін болған ұзаққа созылған қиян-

кескі ұрыстардың нə тижесі болды. 

1512  ж.  қазақтардың  жоғарғы  басшысы  Қасым  хан (1511-1521 жылдары) 

Сырдария бойындағы қалаларды алып, Орта Азиялық шейбанит- əміршілеріне 

қарсы  бірнеше  сəтті  əскери  жорықтар  жасап,  Шу  мен  Талас  өзендерінің 

алқаптарындағы қалаларды өз қол астына қаратады. 

Талас алқабына Қазақ хандығының жоғарғы басшыларының юрисдик ция-

ла рының  қарауындағы  жаңа  кезең  Тəуекел  ханның  билікке  келіп,  Сырдария 

бо йындағы  қалалардың  барлығы  оның  қол  астына  өткендігі  туралы  өзара 

келісімге қол қойылады. 

XVII ғ. басында Шу-Талас өзендерінің аралықтарындағы қалалар қазақ хан-

дығының бір айырылмас бөлігіне айналды жəне жүз жылдай уақыт бойы оның 

əлеу меттік – экономикалық жəне саяси өмірінде ерекше маңызға ие болды. 

XVII  ғ.  екінші  он  жылдығында  Қазақ  хандығының  шекара  маңындағы 

аудандарына  көрші  Жоңғар  хандығы (1635-1756 жж.)  билеушілерінің 

қызығушылығын тудырды. 

1723-1725 жж. жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ауыр қайғыға ұшыратты. 

Бұл қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп ата-

лынды. Шу, Талас өзен аралығының территориясын Оңтүстік Қазақстанның басқа 

да аудандары сияқты жоңғар əскерлерімен басып алынды. Ондағы көшпенді қазақ 

рулары өзінің құнарлы қоныстарын, тастап, Орта Азияға: Ташкенттен асып Ход-

жентке, Қаратегін мен Ферғана аудандарына, Самарқантқа көшуге мəжбүр болды. 

Бұл амалсыз қашу, үдере қоныс аудару, қайғылы сергелдең тарихы сол заманда 

туған белгілі «Елім-ай» əнімен мəңгілік есте қалды. 

Шу, Талас өзен аралықтарының аймақтарында жоңғарларға қарсы ұрыстарды 

қазақ жасақтары Кіші жүз ханы Əбілхайырдың (1710-1748 жж.) басшылығымен 

1728-1730  жж.  жүргізді.  Сөйтіп, 1731 ж.  оның  отрядтары  жоңғарларды  осы 

аймақтан  күшпенен  ығыстырды.  Шу,  Талас  өзені  аралықтарындағы  қазақ 

хандарының орнығып, билік құруы Қытайдың Жоңғарияны жаулап алуынан кейін 

ғана мүмкін болды. 

Ұзаққа  созылған  Жоңғар  шапқыншылығының  зардаптары  ғасырлар  бойы 

қалыптасқан жергілікті топонимикакалық атауларға кері əсерін тигізбей қоймады. 

Басымен қайғы болып кеткен халықтың елді мекен, жер, су, тау т.б. аттарының 

көбісі күшпенен өзгертіліп, қазақтардың территориясын болашақ билеп-төстеуге 

перспективалық дайындық жасалады. 

Жоқшылыққа  ұшыратқан  жоңғар  шапқыншылығынан,  феодалдық  бытыраң-

қы лықтардан кейін, өзара қырқысулардан кейін Тараздың қираған орындарында 

XVII-XVIIІ ғғ. өте мардымсыз аймақ орныққанға ұқсайды. Не де болса, осы кездің 

деректері  сақталған  шағын  жер  Шахристанның [16. 12т. 201б.]  оңтүстік  батыс 

бұрышында болған. 

1815-1858 жж. Талас алқабының біраз бөлігі жаулап алудың нəтижесінде Қоқан 

хандығының құрамына кірді. Өз иеліктерін көшпенді-қазақтар мен қырғыздардан 

қорғау үшін жəне жаулап алынған жерлердегі елді мекендер мен сауда жолдардары-

на бақылау қою үшін, Қоқан əміршілері Мерке, Тараз, Саудакент жəне басқа ежелгі 

қалалардың қираған орындарында қамалдар мен шағын бекіністер тұрғызған. 

Тараздың  қираған  орнына  бекініс  пен  кейінірек  «Əулиеата»  деген  мазардың 

орны болған Наманған-Көше елді мекені құрылған. 

Сібірден  Батыс  Қытай  мен  Орта  Азияға  баратын  керуен  жолдарының 

қиылысында тұрған Əулиеата қаласы Оңтүстік Қазақстан тұрғындары үшін аса 



ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ

З. ҚҰЛАМАНОВА

700

701

маңызды  сауда – экономикалық  мəнге  ие  болды.  Ол  Ресейлік  жəне  шығыстық 

көпестерге транзиттік сауда бекеті болған. 

ХІХ ғ. 40-50 ж. Шу – Талас өзен аралығын қоныстанған қазақтар бірнеше 

рет қолдарына қару алып, Қоқан хандығына қарсы көтеріліске шықты. Кене-

сары  Қасымовтың  қазақ  жерлерінің  Солтүстік  жəне  Орталық  бөліктеріндегі 

ресейлік отаршылдыққа, қоқан экспансиясына қарсы (1846-1847) күреске Ұлы 

жүздің  батырлары  Байсейіт  Тойшыбекұлы,  Байзақ-датқа  Мəмбетұлы (1789-

1864), Жəуке, Сұраншы, Сыпатай Əлібекұлы (1781-1868) жəне тағы басқалары 

қосылды [18. 347б.]. 

ХІХ ғ. 60-жылдары – Ресейдің қазақ жерлерінің оңтүстігіндегі ықпалын 

жүргізіп отырған Қоқан хандығына қарсы пəрменді күресінің кезеңі. 1863 

ж. қарсылықсыз Қоқан бекінісін иеленді. Ал 1864 ж. шабуылмен Əулиеата 

қаласы қоршауға алынады. Бұл əскери соғыстың нəтижесінде Қазақстанның 

оңтүстік жерлері Шу – Талас өзендерінің аралығын қоса есептегенде, Ресей 

империясының ықпалына көшеді. 

Қоқан  кезеңі  бұрыннан  көптеп  салынған  бекініс  құрылыстарымен  байланы-

сты. Бекіністер ескі, жартылай қираған қалалар мен Қоқан иеліктерінің солтүстік-

батыс  шекараларындағы  керуен  жəне  мал  айдайтын  жолдардағы  төмен  түскен 

қамалдардың  орындарында  тұрғызылады,  ал  бекіністердің  жанына  отырықшы 

диқаншылар қоныстанады. 

Бекіністердің ішіндегі ең ірісі Əулиеата бекінісі болды. Қаланың қазіргі заманғы 

үлгісіне  орта  ғасырдағыға  сəйкес  келетін  Қоқан  бекінісі  кескіндерінің  іздерін 

байқауға болады. Бізге дейін жеткендері – Мирки (Меркі ауд.), Көккесене (Сары-

су ауд.), Жаңақорған, Қызылқорған (Талас ауд.), Төле би ауылына жақын маңдағы 

Үшқорған бекіністерінің іздері. 

Қоқандықтар сауда жолдарына бақылау жасап, ірі ауылдық жерлерде базар-

лар (Меркі, Наманган-Көше) салды. Қарахан мазарының (ХІІ ғ.) қираған орнын-

да сол бойы сақталмаған екі мұнаралы, күмбезді, жаңа ғиматарттарын салады. 

1856 ж. бастап Əулиеата қала болып есептеледі. Тараз қаласын суландырудағы 

кейбір канал атттары əлі күнге дейін сақталған. Мысалы: Қанғалы, Аққойлы, 

Түйте т.б. атаулары сақталған. 

Жетісудың  ХІХ  ғ. 60-жылдары  Ресейге  бірігуінен  Қоқан  бекіністері  қираған 

жоқ, «форштадт»  түріндегі  əскерилер  қоныстанған  шекаралық  бекіністерге  ай-

нал ды.  Бекініс  қабырғаларының  жанында  «орыстық»  деп  аталған  слободкалар 

(əскерилердің  уақытша  мекені)  пайда  бола  бастады.  Орыстардың  келуіне  орай, 

1864 ж. Əулиеата қаласында 2, 5 мыңға жуық тұрғындар мен қоқан гарнизонының 

1 мыңнан астам əскери қызметкерлері тұрады. 

1865  ж.  Əулиеата  қатар  тұрған  елді  мекенімен  Орынбор  генерал-губер на тор-

лығы Түркістан облысының, содан кейін 1867 ж.  Түркістан генерал-губер на тор-

лығымен əкімшілік орталығы Ташкент қаласы болып бекітілген Сырдария об лы-

сы ның құрамына кірді. Облыс өзіне Əмудария бөлімшесін, төрт уезд, сондай-ақ 

ор талығы Əулиеата қаласы болған Əулиеата уезін қосып алады. 

ХІХ ғ. 70-90-жылдары Ресейдің еуропалық бөлігінен алғашқы келімсектер келе 

бастайды. 1881 ж. патша үкіметі мен шаруаларды империяның ішкі аймақтарынан 

қоныс аудару туралы Уақытша Ереже, ал 1889 жылы ауылдық жерлердегі жергілікті 

адамдардын өз еркімен қоныс аударуы туралы Заң қабылданады. 

1887 ж. Сырдария облысындағы келімсек – шаруалардың саны 12 мың адамға 

жетті, олардың 8 мыңы Əулиеата уезінде болды [19. 45б.]. 

ХІХ ғ. 80-жылының соңына қарай Əулиеата уезінде қоныс аударғандардың 25 

елді мекені пайда болады. Олардың санатында: Қарабалта, Дмитриевка, Шалдо-

вар, Андреевка, Сарыкемер, кешірек – Михайловское (Сарыкемер), Меркенское, 

Головачевка  (Айшабибі),  Кузьминка  (Сарымолдаев),  Бурное,  Гродеково,  Георги-

евка (Қордай), Ровное (Бурыл), Луговое (Құлан), Подгорное (Құмарық), Каменка 

(Қарақыстақ) жəне т.б. болды. 

Жаңадан қоныстанған елді мекендер, пошта жолдарына айналған ескі керуен 

жол да ры ның өн бойына, бос жерлерге немесе жергілікті отырықшы тұрғындардың 

қо ныс  тарының қастарына орналастырылады. 

Өндірістің,  ауыл  шаруашылығы  өнімдері  мен  сауданың  өсуіне  байланысты 

Əулие-Ата  қаласы  көлемді-кеңістіктік  жəне  сəулеттік-жоспарлау  құрылымдары 

жағынан  өзгере  бастайды.  Қаланың 1878 ж.  дейін  жоспары  болмаған.  ХІХ  ғ. 

соңы  ХХ  ғ.  басына  қарай  бекіністің  солтүстік-батыс  бағытындағы  бос  жерлер-

де бір қалыпты жоспарлаудың кварталдары пайда бола бастайды. Қаланың жаңа 

бөлігі Ресейдің шет қалаларының түріне сəйкестендірілді соган байланысты уезд 

мескемелері, сауда дүкендері, шенеуніктер мен көпестердің тұрғын үйлері бар бір 

қабатты  еуропалық  үлгіде  салынып,  жасыл  желекке  көмкерілген  жаңа  көшелер 

пайда бола бастаған. 

Жамбыл облысының Сарыкемер ойконимі туралы айтсақ, ол XVII ғ. бас кезінде 

сонау жоңғар шапқыншылығы дəуірінде-ақ жұртшылыққа белгілі болған. Өйткені, 

сол кезеңнің ел өміріндегі оқиғаларын баяндайтын мұрағат (архив) құжаттары да 

осы болжамнан алыс кетпейді. 

Ташкенттегі Орта Азия университетінің кітапханасында Ресейдің археология-

лық-этнографиялық экспедициясын басқарған ротмистр Н.А. Петровтың 1791 ж. 

жаз ған зерттеулеріне арналған папканың сыртқы бетінде «№117-61220 Материалы 

Таласской долины и устные сказания очевидцев» деген зерттеу тақырыбының аты 

жазылған. Онда Байзақ датқаның əкесі Мəмбет датқаның батыр тұлғасы туралы 

жан-жақты  баяндалған  жəне  оның  өсіп-өнген  əулетінде  қалыптасқан  қазақтың 

əдет-ғұрпы, салт-дəстүрі жайында да аса құнды деректер жинақталған. Əсіресе, 

Мəмбет датқаның жаз жайлауы Талас өзенінің жағасындағы Сарыкемер елді ме ке -

нін айнала қоршап жатқан малға жайлы, шөбі шүйгін, суы мол, кең жайылымдар 

болғаны ерекше айтылған. 

Күнбасұлы Мəмбет батыр (1710 ж. – өлген жылы белгісіз) Байзақ датқа ның 

(1789-1864 жж.) əкесі, Абылай ханның үзеңгілес жолдасы, құрдасы, жау гер  ші -

ліктердегі ақылшысы. Абылай сұлтанды жоңғар қонтайшысы Галдан Цереннің 

жиен  іні сі  Шырышты  жек пе-жекте  өлтіргені  үшін  тұтқындап,  жылдан  аса 

зынданға  отыр ғыз ғанда,  Төле  би дің  ұйғаруымен  оны  босатуға  жіберілген 

елшілердің  ішінде  Мəмбет  батыр  да  болды.  Оның  сү йегі  Талас  өзенінің 

бойындағы Тектұрмаста жатыр [2. 151 б.]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет