М. Х. Дулати атындағы Тарму-дің Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған



Pdf көрінісі
бет99/110
Дата18.01.2017
өлшемі15,4 Mb.
#2185
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   110

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ

З. ҚҰЛАМАНОВА

710

711

Этимологиялық зерттеулердегі салыстырмалы əдісті жүзеге асыратын объект 

– кең мағынадағы алтай тілдері, бұдан асса ностратикалық тілдер болып табыла-

ды. 


Міне, осы себептердің негізінде біз этимология саласында салыстырма əдісі 

көптеген түркі тілдері үшін бірінші орында болуға тиіс деп есептейміз. 

Қазақ  тіл  білімінде  этимологиялық  зерттеудің  əдістері,  белгілері  (критерий) 

мен зерттеу принциптері туралы Ə.Т. Қайдар пікірлері мен ұстанымдары: «эти-

мо логиялық зерттеулер қай тілде болмасын, негізінен үш принципке: фо не ти-

ка лық,  морфологиялық  жəне  семантикалық»  принциптерге  сүйенеді.  Осымен 

қа  тар, салыстырмалы-тарихи, тарихи-салыстырмалы (типологиялық) əдіс тер де 

бас шылыққа алынуы керек [29. 255б.]. 

А. Əбдірахмановтың ойынша: «Тарихи топонимдердің этимологиясын қазіргі 

тіл дəрежесінде ашу мүмкін емес, сол топоним жасалған дəуірдің тілдік ма те-

риал дарынан  іздеу  керек» [6. 51б.]  десе,  Т.  Жанұзақ: «Этимология  тарихпен 

тығыз байланысты, диахронологиялық құбылыс. Сондықтан тарихи фонетика-

сыз жəне алуан атаулардың түбір тұлғасын анықтап алмайынша нақты нəтижеге 

ие  болу  мүмкін  емес.  Топоним,  антропоним,  этнонимдердің  этимоло гия сын 

айқындауда  дəстүрлі  əдіс-тəсілдермен  қоса  кешенді,  тарихи-салыстырмалы, 

тарихи-типологиялық құрылымдық морфологиялық, семантикалық, ком по нен-

тік талдау жəне де басқа амалдарды қолдану нақты нəтижеге жеткізеді» [18] деп 

топ шылайды. 

Белгілі аймақтағы ойконимдер белгілі тұрғын халықтың немесе бірнеше ха-

лық  тың тілдік негізінде жасалады. Ендеше сөз этимологиясын зерттеу жөніндегі 

теориялық  пікірлер  мен  ұсынымдардың  ойконимдердің  этимологиясын  зерт-

теуге де қатысы бар. Алайда, ойконимдердің этимологиясын зерттеудің жалпы 

есімдермен ортақ жақтары да, өзіндік ерекшеліктері де бар. Міне, осы мəселелер 

жайындағы пікірлерге қысқаша шолу жасап, өз тұжырымымызды ұсынуды жөн 

көрдік. 

Біз жоғарыда айтылған ғалымдардың этимология теориясы туралы ой-пі кір-

лер ін басшылыққа аламыз. 

Алайда, облыс ойконимдерінің материалдарының басым көпшілігі орта жəне 

ке йінгі  ғасырларда,  тайпалық  кезеңдерде,  одан  соң  халық  болып  қалыптасу 

дəуірінде пайда болып, ана тіліміздің байырғы төл сөздерінен жасалғандықтан, 

тарихи-лингвистикалық  түсінік  беріп,  мəн-мағыналарын  толық  аштық.  Ежелгі 

дəуірге, яғни біздің жыл санауымыздан бұрын пайда болып, күні бүгінге дейін 

сақ талып келе жатқан Тараз, Талас, Аса, Арыс, Аспара, Танта, Шу, Тарты жəне 

т.б. сияқты ойконимдерді талдау барысында, этимологиялық зерттеулер теория-

сы мен ұстанымдардың негізін салған ғалымдар еңбегіне сүйендік. Солай бола 

тұр са да, бұл талдауларымызды жеріне жете, нанымды да сенімді этимологиялық 

ше шім  деп  айтудан  аулақпыз.  Сондықтан  облысы  ойконимдеріне  тарихи-лин-

гвистикалық тұрғыдан талдау жасап, түсінігін беріп отырмыз. 



АЙМАҚ ОЙКОНИМДЕРІНІҢ 

ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚАБАТТАРЫ

Қандай  атау  болмасын  оның  лексикалық  (сөздік)  мағынасы  мен  сол  ме кен-

нің  тарихына  мəн  бермей  болмайтындығы  анық.  Мұның  негізгі  себебі,  ой-

конимдердің  немесе  кез  келген  ономастикалық  атаулардың  мағынасында,  се-

мантикасында  сол  кезеңдегі  қоғамға  байланысты  болған  тарихи  оқиғалар, 

өз ге рістер т.б. мəселелерге қатысты əрбір ойконимдердің лексикалық қабаттары 

пай  да болады. 

Ономастика  қазақ  тіл  білімінің  ажырамас  бөлігі  болғандықтан  оны  ерекше 

лексикалық жүйе ретінде қарап, жалпы тіл біліміне тəн методология мен əдіс те-

мені дерлік қолданамыз», – дейді Т. Жанұзақ, Қ. Рысбергенова сынды ғалымдар 

[9. 33 б.]. 

Жалқы  есімдерді,  соның  ішінде  ойконимдерді,  лексикалық  қабаттарға  бөлу, 

лексика-семантикалық ерекшеліктеріне қарай топтастыру біршама топонимдік 

еңбектерде  сөз  болғанымен  олардың  лексикалық  қабаттарға  бөлу  мəселесі  əр 

алуан. Оны А. Əбдірахманов, Т. Жанұзақ, Е. Қойшыбаев, Е. Керімбаев, Қ. Рыс-

берген, Ұ. Ержанова жəне т.б. ғалымдар еңбектерінен анық көреміз. 

Атамекен, жер-су атауларының санамызда бекіп қалыптасу жолы тым əріден 

басталады. Сондай-ақ ол атаулардың сан алуан тарихи сапырылыстардың, ала 

бөтен саяси-əлеуметтік ірі оқиғалардың, жаңаша дүние танымның əсерімен ал-

масып, өзгерістерге түсіп жатуы да заңды құбылыс болып табылады. Бірақ осы-

лардың арасынан жер, елді мекен атауларының жиі өзгеріске түсуіне əкеліп соқ-

тыратын елеулі себептер, көбінесе ел тарихындағы жаугершілік, отар шыл дық, 

жаулап алушылық əрекеттерімен тікелей байланысты. Оның себебін осы Жам-

был облысындағы ойконимдердің сан алуан өзгерістерінен бай қаймыз. Нақтылай 

айтсақ, Б.д.д. І ғ. бастап-ақ халқымыздың басынан кешкен тарихи оқиғаларымыз, 

қазіргі  кезде  жүргізіліп  жатқан  археологиялық  қазбалар  жəне  ғылыми  зерттеу 

жұмыстарының нəтижелерінен білеміз. Бұған Жамбыл облысы аймағындағы ой-

конимдер материалы толық дəлел. 

Елді мекен атауларының өзгеріске ұшырап, ауысып отыру құбылысы тарихи 

жағдайларға тікелей байланысты болып келеді. Өйткені ол атаулардың мағынасы 

мен мəні сол кездегі оқиғалардың, əртүрлі жағдайлардың ішкі жəне сыртқы сыр-

ларын нақтырақ бейнелесе керек. Ол туралы орыс ғалымы Н.И. Надеждин: «То-

понимдер арқылы халықтың миграциясын, жаңа жерге қоныстануын анықтауға 

болады», – дейді. Ал қазақ халқы өз басынан, талай тарих дүрбелеңдерін өт кіз -

гендіктен,  жер-су  аттарына  өзінің  рухани,  мəдени  ізін  қалдырып  отырған.  Ел 

басындағы  болған  əртүрлі  тарихи  оқиғаларға  орай,  атаулар  өзге  тілдің  ық па-

лынан сол тілге бейімделіп, жаңғырып, қайта түлеп отырған. 

Зерттеу  объектіміздің  материалдарына  талдау  жасай  отыра,  ойконимдердің 

тілдік  (лексикалық,  фонетикалық,  грамматикалық)  табиғаты  жағынан  біркелкі 

бол майтындығын аңғардық. Сондықтан да олардың құрамында жоғарыда атап 

өт кеніміздей, таза қазақ (жалпы түркілік) сөздерінен бөлек, шет тілдерінен ен-


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ

З. ҚҰЛАМАНОВА

712

713

ген  (араб,  парсы,  монғол,  орыс  т.б.)  қабаттар  кездесіп  отырады.  Ғалым,  проф. 

Т. Жанұзақтың: «Əсіресе түсінігі қиын саналатын лексикалық қабат өз алдына бір 

топ. Бұлар, негізінен, тым көне дəуірлерге (орал-алтай тіл бірлестігі кезеңіне) тəн 

болулары да ықтимал» деген пікіріне жəне «жер-су аттарын таптастыру барысын-

да: 1. Тарихи-хронологиялық тұрғыдан таптастыру; 2. Тілдік табиғаты жағынан 

лексикалық қабаттарға бөліп таптастыру орынды сияқты» [10. 15б.] десе, Қ. Рыс-

бергенова қазақ топонимдерін тілдік табиғатына қарай үш қабатқа: «1) субстрат-

ты (ежелгі) қабат; 2) кірме қабат жəне 3) түркі тілдік қабат» барын ерекше атай-

ды [19. 24б.]. Осы пікірге сүйене отырып, Жамбыл облысы ойконимдері де үш 

лексикалық қабаттан тұратынын нақты материалдарға негіздей отырып анықтап: 

1) субстратты (ежелгі) қабат; 

2) түркі (қазақ) тілдік қабат: 

а) көне түркілік қабат; 

ə) қазақ тілдік қабат; 

3) кірме қабат бұл ішінара:

а) араб, парсы лексикалық қабат, 

ə) орыс тілдік қабатқа бөлінеді деп қараймыз. 

Қандай  да  бір  халық,  ел  болмасын,  оның  сөздік  қоры  көптеген  ғасырдың 

ак кумуляцияланған  тарихи  жемісі  болып  саналады.  Қазақ  тіліндегі  барлық 

сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы, 

қайнар бұлағы шығу арналарының ең маңызды бөлігі болып табылады. Олардың 

құрамында төл сөздер жəне олармен қатар екінші бір тілдерден енген кірме, бөгде 

сөздер болады. Басқа тілдерден сөз қабылдау – қазақ тіліне де тəн құбылыс. Қазақ 

халқының пайда болу жəне қалыптасу тарихы – өте ұзақ та күрделі құбылыс, 

оның нəтижесінде белгілі бір аймақта тілі ортақ, этникалық өзіндік түсінігі мен 

өзіндік атауы, ортақ материалдық жəне рухани мəдениеті бар тайпалардың берік 

қауымдастығы қалыптасты. 

Енді  еңбегіміздің  негізгі  мақсатына  сай,  мүмкіндігімізше,  жиналған  мате-

риалдарымызды  сұрыптай  келе,  субстрат,  түркі  тілдік  жəне  кірме  лексикалық 

қабатындағы ойконимдерге тоқталып, талдау жасаймыз. 

Ойконимдер белгілі бір халықтың немесе бірнеше халықтың тілдік негізінде 

жасалып, ұзақ тарихи-лингвистикалық өзгерістерге ұшырап отырады. 

Ономастика  ғылымының  зерттелу  барысында  дəлелденгендей,  Жамбыл  об-

лысы  ойконимдерін  диахрондық  тұрғыдан  талдап,  тілдік  стратиграфиясын 

дұрыс көрсету үшін, алдымен тарихқа, содан сол атаудың этимологиясын (шығу 

төркінін) басшылыққа алу тиімді болмақ. 

КӨНЕ СУБСТРАТТЫҚ ОЙКОНИМДЕР

Компоненттері алғашқы топонимдердің (ойконимдердің) негізі болған, фо но-

семантикалық жəне басқа да параметрлері жағынан туыстас жəне туыстас емес 

тілдерге қатысы бар топонимдерді немесе ойконимдерді субстраттық деп атай-

ды. Мысалы, Баласағұн – қазіргі Тараз қаласы мен Ыстық көлдің арасындағы 

тарихи қала. ХІ ғ. ғалымы М. Қашқари сөздігінде бірнеше рет кездеседі [18]. 

Атаудың  бірінші  сыңарындағы  бала  сөзі  географиялық  атауларда  келгенде 

«кіші», «кішкене» мағынасында қолданылады. Ғ. Мұсабаев, А. Махмұтов сағұн 

сөзі «аймақ» деген мағынаны білдіреді дейді. А. Əбдірахманов [5. 74б.] Барсыған 

атауындағы сыған сөзімен ұқсас, мəндес, яғни сыған «қорғаныс», «бекініс» дейді. 

Демек, Баласағұн «кіші қорған, бекініс» деп қарайды. 

Барсыған – Жамбыл  облысы  мен  Қырғыз  Республикасы  шекарасындағы 

бастапқы орны белгісіз, ерте ортағасырдағы тарихи қаланың аты. ХІ ғ. ғалымы 

М. Қашқаридің еңбегінде «Барсыған – Афрасияб ұлының аты. Барсыған шаха-

рын салған сол еді» деген мəліметтер берілген [18. 424 б.]. Афрасиябтың түркіше 

өз аты – Мадай, лақап аты Алып Ер Тоңа. 

Атаудың бірінші құрамындағы бар сөзін көне түркі тіліндегі «үлкен» сөзі деп 

қарасақ, екінші құрамдағы сыған – «қала, бекініс, қорған» мағынасын білдіреді. 

Сонда Барсыған атауы «үлкен қала, үлкен бекініс, қорған» деген мағыналы атау 

деп жорамалдауға болатындай. 

Тартұқ – Жамбыл облысындағы көне тарихи қаланың аты. Қала туралы де-

рек ХІ ғ. ғалымы М. Қашқари еңбегінде бар. Онда: «Тартұқ – яғмалардың бір 

қаласының аты» деп көрсетілген [18. 1т. 434б.]. Тарихи деректерге, Х ғ. Қараханид 

мемлекеті құрылғанға дейін Жетісу өлкесінде қарлық, шығыл, арғу, яғма тайпа-

лары болған. С. Аманжолов пікірі бойынша, дулат тайпа одағына кіретін жайма 

руы [2. 89б.] тайпалары үстемдік еткен. Тартұқ қаласының аты осы яғма тілінде 

жасалған деген пікір бар. Сөз түбірі тар<тары оған сын есім тудыратын -лы (ва-

рианттарымен) жұрнағының көне варианты – тұқ қосылуы арқылы жасалған, 

яғни  Тары+тұқ,  Тартұқ.  Атаудың  мағынасы  қазіргі  тіліміздегі  «тары-лы,  яғни 

тары, тарысы көп» (жер) дегенге сəйкес келеді. 

Шу – Жамбыл  облысындағы  қала,  темір  жол  торабы.  Облыс  орталығы  Та-

раз  қаласының  солтүстік-шығысында 225 км,  Шу  өзенінің  сол  жағасында 

орналасқан. Іргесі «Түркісіб» темір жол құрлысына байланысты қала. 1937 ж. 

қала типтес поселкіге айналды. Шу əсіресе жаңа Мойынты – Шу темір жолы іске 

қосылғаннан кейін шұғыл дами бастады. 1960 ж. аудандық, 1965 ж. облыстық 

қала болды. 

Қаланың жəне аттас ауданның, өзеннің тарихи атауы Шу болғанымен орысша 

«Чу» деп бұзып «Чуйский» деп атап айту, жазу кезінде орын алғанын білеміз. Ал 

қазір Шу деп дұрыс айтылып та, жазылып та жүр. 

«Біздің  өзеніміз  бен  елді  мекеніміз  неліктен  Шу  аталады?» – деп,  ауыл 

тұрғындарынан сұрадық. Оған алынған жауап əр түрлі болды. Біреулер: «Өзен 

кезінде мол сулы болған. Суы сарқырап, шулап аққандықтан Шу деп атаған бо-

лар», – десе, енді біреулері «Шудың аңғары мыңғырған малға толып, шуы құлақ 

тұндырған, бұл содан қалған атау», – дейді халық этимологиясы. 

Шу – басы Қырғызстаннан басталып, Жамбыл облысын басып өтетін өзен аты. 

Х ғ. араб ғалымы Макдиси Шу аңғарындағы қалалардың атын айтады, соның 

ішінде Шу өзені бойында Шу қаласы да бар. Акад. В.В. Бартольд түркі тілінде ч 

мен с дыбыстары алмасатынын айта келіп, Суй /Чуй, Саганиан/ Чаганиан атаула-

рын мысалға келтірген болатын [8. 30 б.]. 

Шу – сөзінің  этимологиясы  туралы  белгілі  зерттеуші  Э.М.  Мурзаев  былай 

дейді: «Чу – видимо, связана с китайско – тибетской формой «шу», «чу» что оз-


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ

З. ҚҰЛАМАНОВА

714

715

начает «вода, речка, река». В древние времена страна по нижнему течению р. Чу 

носила название Шу, а древний город на р. Чу еще в до мусульманское время 

назывался Суяб или Чуяб. В Тибете многие названия небольших и средних рек 

включает этот термин [22. 257 б.]. 

Жазушы  І.  Есенберлин  «Көшпенділер»  романында  Шу  өзені  туралы  жəне 

Шу қаласы жайында былай сипаттама береді: «Түркістан мен Дешті Қыпшақ 

даласының түйіскен алқабын бауырлай, Мойынқұмның күншығыс жағын орап, 

басын  Тянь-Шань  тауының  құшағындағы  Ыстықкөл  мен  Соң  көлден  алған, 

мың  шақырымдай  құмайт  шөлді,  тақырлы,  биік  жартасты  сайларды  көктей 

өтіп, қазақтың атақты арналарының бірі – Шу өзені ағады. Оңтүстіктен келетін 

ең алғашқы Теріскей Алатау жақтағы мұзды қойнауынан шығатын Қарақожыр 

мен  Түлін  деген  ағысы  қатты  тау  өзендерін,  солтүстік-шығысқа  қарай  бетте-

ген Қошқар деген өзенді қосып, Шу Ыстықкөл мен Күметалды өзені арқылы 

ұлғайып, етегін жая Күнгей Алатаудың қойнауынан бұрқырай өтіп, солтүстік-

күнбатысқа  бұрылады.  Бұдан  кейін  Шу  Алатауды  бөктерлей  отырып,  қырғыз 

жерін баса жолай Үлкен Кебін, Кіші Кебін секілді бірнеше өзендерді өзіне қоса, 

ақырында Мойынқұмның күншығыс жағынан барып шығады» [11]. 

Шу атауы туралы бір кездегі жерұйық іздеген Асан Қайғы былай деген екен: 

«Мына шіркіннің екі жағы борбас екен; баланың іші қуырылмайтұғын, пышағы 

қыннан суырылмайтын, еркегі ат болатын, ұрғашысы жат болатын жер екен [3]. 

Бұл атаудың этимологиясы жайлы пікірлер əр алуан. А. Əбдірахманов «бұл 

көне түркі тілінің сөзі, – дейді, – біріншіден, осы өзен бойындағы қаланың аты 

Суяб, Шуяб болып аталуындағы «су» сөзі тегін тұрған жоқ. Мұның өзі өзеннің 

түркі диалектілерінде бірде Су, бірде Шу аталғандығын дəлелдейді. Екіншіден, 

с/ш дыбыстарының түркі тілдерінде ауысатыны кеңінен танылған құбылыс» [5. 

195б.]. 

Бұл  атау  туралы  Мары  республикалық  ғалымдардың  арасында  да  біраз 

пікірлер болған. Мəселен, Т. Керт пен Н. Мамонтова карель тілінде suo «болото» 

сөзі дейді. Бірақ бұған «Вопросы Марииской ономастики» деген еңбекте қарсы 

пікір айтылған: «Вероятнее всего, Шу – не из Карельского «болота», он докарель-

ский: финно-кермский, восходящий к уральскому со /су/ или сов /суб/; с которым 

карельское слова suo «болото», очевидно, генетически связано» [10. 18б.]. 

Қорыта айтқанда, атау көне түркі дəуірінде жасалған. Берер мағынасы – «су» 

деген ұғым. 

Сонымен Шу сөзі «өзен» мағынасындағы көне түркі диалектілерінің бірінде 

жа салған гидроним деп ойлаймыз. 

ТҮРКІ (ҚАЗАҚ) ТІЛДІК ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚАБАТ

Тіліміздегі сөздердің лексикалық қабаттары міндетті түрде ел тарихы, сондай-

ақ тіл тарихымен өте тығыз байланыста болады. Ал ойконимдердің қалыптасып, 

олардың өзіндік аталуының көптеген себептері мен уəждері бар. Көне лексикалық 

қабаттардағы ойконимдердің аталуы, əсіресе физикалық-географиялық атаулар 

ана  тіліміздің  төл,  байырғы  сөздерінен  қойылып  отырған.  Олардың  көнелері 

көне түркі, ескі ру, тайпа тілдеріне тəн болып келеді. 

V-Х  ғғ.  көне  түркі  тілдері  жайындағы  мəліметтер  Орхон,  Енесей,  Селенге, 

Іле,  Талас  өзендері  бойларынан  табылған V-VІІІ  ғғ.  жазба  ескерткіштерінде, 

V-ІХ  ғғ.  көне  ұйғыр  жазбаларында  сақталған.  Бұл  ескерткіштер  қазіргі  түркі 

тілдерінің көбіне ортақ болуымен бірге қазақ тайпаларының көне замандағы тілі 

құрылымынан да мағлұмат беретіні мəлім» [2110б.]. 

Сондай-ақ  «Түркі  тілдері  дамуының  жаңа  дəуірінде (XV-XІХ  ғғ.)  қазақтың 

тайпалық  одақтары  қыпшақ  қауымынан,  ноғай  ордасынан  бөлініп  шығып,  өз 

алдына халық болып қалыптасу кезеңінде жəне қыпшақ қауымының ыдырап, 

монғол  үстемдігінен  қалған  ордалар  (Ақ  Орда,  Көк  Орда)  мен  хандықтардың 

бірде  бірігіп,  бірде  бөлініп  отыруы,  қалмақ  хандықтарының  жаугершілік 

саясатының бас көтеруі тəрізді деген жағдайда қазақ тілі қыпшақ тілдеріне, оның 

ішінде қыпшақ-ноғай тобындағы тілдерге тəн белгілерді сақтай отырып, өзінің 

ішкі даму заңымен жетіліп отырды» [211б.].

Міне,  осы  орайда  ойконимдердің  əр  түрлі  вариантта  кездесуі,  біріншіден, 

олардың əр жерде əр түрлі аталуымен байланысты болса, екіншіден, сол рудың 

немесе тайпаның даму сатысына да қатысты сол жерді мекен еткен халықтардың 

ру, тайпа, ел атымен байланысты аталған. Мəселен, сонау көне заманнан бері 

белгілі, əлі осы күнге дейін сақталып келген атаулар бар. Олар: Меркі, Дулат, 

Ойық, Ақтөбе, Аққұм, Аса, Құлан, Шу, Тұран, Құлақшын, Ақыртас т.б. 

Зерттеп отырған ойконимдік материалдардың түркі қабаты мынандай шағын 

қабаттарға бөлінетіндігін: 1. Көне түркі (огуз) тілдік қабат. Бұлайша шартты түрде 

жіктеуде  М.  Қашқаридың  «Түркі  тілі  сөздігі»  атты  еңбегіне  сүйендік.  Ондағы 

ойконимдер «Оғыз қаласы – елді қоныс» деп белгіленген. Шын мəніндегі көне 

түркі тілдік қабат болып саналатын, біз зерттеген Жамбыл облысы аймағында 

(этноойконимдер) оғыздардың табан тіреуі кезіндегі ойконимдерді де аталмыш 

шағын қабатқа жатқызамыз. 2. Нақты қазақ тілдік қабат; а) архаистік формадағы 

қазақ ойконимдері; б) қазіргі заман қазақ ойконимдері. 

а) көне түркі тілдік қабат

Мысалы: Дулат – этноойконимі ауылдық округ аты, Шу ауданы. Шежіре бой-

ынша, Дулат Ұлы жүз құрамына жататын ірі тайпалардың бірі. Үйсін Бəйдібек 

атаның үшінші əйелі – Домалақ анадан (Нұрила) Жарықшақ туады. Жарықшақ-

тан – Албан, Суан, Дулат болып тарайды. Дулаттан – Сиқым, Жаныс. Ботбай, 

Шымыр. Дулаттар қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының 

жерлерін мекендеген. Сондықтан сол жерде Дулат руы мекендеген болу керек. 

Меркі – ауылдық округі, Меркі ауданы. Мағынасы: ортағасырларда меркіттер 

түркі тайпалары ретінде айтылады. Меркіт – меркит этнонимі əсіресе Рашид-ад-

дин еңбегінде жиі кездеседі. Олар «далалық» жəне «ормандық» меркітттер деп 

екіге бөлінеді. «Ормандық меркіттер» – аңшылықпен күн көретін тайпалар деп 

баяндайды. Біздіңше, осы аңшы руларды мерке, мерген деп атап, оған -т көптік 

жалғауы  қосылғанда,  көне  түркі  монғол  тілдерінде  жұрнақ  қосылғанда  сөз 


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ

З. ҚҰЛАМАНОВА

716

717

аяғындағы -н дыбысы түсіп қалатын заңдылыққа сай «меркіт» аталса керек. Сон-

да атаудың мағынасы «мергендер» («меркендер») дегенді білдіріп, бұл рулардың 

аңшылық  кəсібімен  шұғылданатынын  дəл  білдіретін  болған.  Міне,  осы  тайпа 

атынан «Меркі» деген атау келіп шыққан деуге əбден болады. 

Сөгеті – ауыл, Т. Рысқұлов ауданы. ҚР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 04. 05. 

1993  ж.  №2189-ХІІ  Қаулысы  бойынша  Алғабас  ауылы  өзгертіліп,  тарихи  аты 

қалпына келтіріліп, Сөгеті ауылы болып аталды. Бұл аттас Сөгеті тауы Алма-

ты облысының Райымбек ауданында да бар. Бұл туралы проф. Т. Жанұзақтың 

[11. 2б.] еңбегінде төмендегіше талдау жасайды: «Ғ. Қоңқашбаев: «Атау ұйғыр 

мен қырғыз тіліндегі сөгет (тал) деген ағаш атынан алынуы мүмкін. Қырғызстан 

мен Қазақстанның Сөгеті деп аталатын жерлерінде шынында да ағаштың осы 

түрі өседі. Бұған екінші бір жорамал айтуға болады. Бұл монғолдың соготы (ма-

ралды) деген сөзінен де болуы ықтимал. Бірақ соңғысы дүдамалды» десе [15], 

А. Əбдірахманов бұл екі пікірдің соңғысына қосылып, «атау түркі-монғол тіл 

ортақтығы заманында жасалған, монғолша согоо «марал, бұғының ұрғашысы». 

Сөгеті, Бұғыты тауларының қатар келуі кездейсоқ емес. Ол екеуінің мағынасы бір, 

қазақ тілінде «бұғылы» деген сөз», – деп топшылайды [3. 156 б]. Е. Қойшыбаев 

пайымдауынша: «сөгет (талдың бір түрі) + ту – «сөгет тау» мəніндегі атау» [23. 

208б.] деген. 

Түркі тілдерінде сөгет сөзінің берер мағынасы бірдей, қырғыз, хақас тілінде 

сугут согөт «тал» деген сууттіг «талды» [33. 292б.], көне түркі тілінде «тал» [22]. 

Демек,  біз  де  Жамбыл  облысы  Т.  Рысқұлов  ауданындағы  Сөгеті  ойконимі 

қазақ, қырғыз, ұйғыр тілдерінде ортақ сөгеті «талдың, теректің бір түрі» немесе 

«тал, талды» деген пікірге қосыламыз. 

Жамбыл – облыс,  аудан  аты.  Жамбылдың  атынан  қойылған.  Енді  біз  осы, 

Жамбыл  сөзінің  шығу  тегіне  талдау  жасайық:  Т.  Жанұзақтың  зерттеулеріне 

қарағанда  совет  ұйғырлары  мен  Шыңжаң  ұйғырлары  ямул  немесе  ямбул 

деп  «қорған»,  бекіністерді  айтатын  көрінеді.  Шығыс  Қазақстанның  Үржар, 

Мақаншы аудандарының қазақтары, Жамбыл облысының тұрғындары бекіністі 

«жамбыл» деп атайды дейді автор [13. 14б.]. Екінші зерттеуші Б. Бафин жам-

был  сөзі  қытайдың  Ямэнь  «қамал,  бекініс»  деген  сөзінен  алынған,  өйткені 

ХVІІІ  ғ. «маньжур  əкімдері  кез  келген  жерде  жолыққан  қазақты,  тағы  басқа 

жергілікті халықтарды ұстап алып, ақысыз-пұлсыз қамал (жамбыл) жұмысына 

пайдаланған. Сондай-ақ қазақтардың қалаға сатуға, айырбастауға алып келген 

малдарын қамалға (Жамбылға) қамап алып, төлеуін бермей, жəбірлеп (қайтарып) 

отырған», – дейді [ 17. 230-231 б.]. 

Ономаст ғалым Ə. Əбдірахманов өзінің «Топонимика жəне этимология» [3.] 

атты еңбегінде: «Жамбыл» атауын өзбек тілдеріндегі жамбыл деген өсімдік аты-

мен байланыстырады. Бұл – бір жылдық жəне хош иісті гүл аты. Орысша аты – 

«габор, гербей». Көбіне бұл өсімдіктің атын Алматы облысының қарттарының 

аузынан естігенбіз. Сондықтан, Жамбыл ақынның аты жəне одан алынған жер 

аттары да осы жамбыл өсімдігіне байланысты», – деп қараймыз дейді. 

Қарақат – елді мекен, Байзақ ауданы. Қарақат жеміс атына қойылған атау. 

ə) қазақ тілдік қабат. 

Мысалы: Құлақшын – ауыл, Шу ауданы. Жамбыл облысы, Шу ауданы Шоқпар 

шоқтығындағы  тау  беткейінің  аты  Бозқұлақшын  деп  аталады.  Е.  Қойшыбаев 

«Қазақстанның жер-су аттары» [23. 77б.] еңбегінде: көне түр. боз («от») + құлақ 

– «құлама шың, тік табан», яғни «боз отты тік құлама» мағынасындағы таулы 

мекен аты деп келтіреді. Осы атауға сəйкес Шу ауданындағы ауыл «Құлақшын» 

деп аталған. 

Ойық – ауылдық округі, Талас ауданы. Ұлы жүздің Ысты тайпасына тəн ру аты-

нан қойылған ауыл аты. Бұл жердің «Ойық» деп аталуының себебі, Ұлы жүздің 

Ыстыдан тараған екі ұлы болыпты. Ысты екі ұлына ер жеткен соң еншісін бөліп 

беріпті. Үлкен ұлының малының құлағына ойық белгісін, кіші ұлынікіне тілік 

белгісін салып беріпті. Содан ойық енді малын алған ұлы «Ойық» деп аталынып, 

кісі атына айналып кетіпті. 

Сағанды – ауыл, Қордай ауданы. Бұл атау ортағасырға тəн сияқты. Өйткені 

оғуз тілдерінде чаган – «шұңқыр», «ойпат», «ойпаң» мағынасында жұмсалған. 

Тілімізге айтыла келе ч дыбысы ш дыбысына, одан с дыбысына ч/ш/с ауысқан 

болу керек. Демек, атаудың мағынасы: «шұңқырлы, ойпатты, ойпаңды (жер)» де-

генге жуық. 

Төрткүл – ауыл, Байзақ ауданы. Ауыл тұрғындардың ұсынысы бойынша, ҚР 

Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының 06.02.1997 ж.  

ұйғарымымен Бағара атауы өзгертіліп, оның орнына бұрынғы «Төрткүл» деген 

тарихи аты қалпына келтірілді. 

Төрткүл атауы туралы Н.А. Бернштам еңбектерінде былай делінген: «Төрт-

күл – елді  мекен  аттары,  топырақ  үйінділерінен  тұрғызылған  көне  жəне  ерте 

ортағасырлардағы (VII – XIV ғғ.) бекініс орындары, төбесі тегіс, беткейлері тік 

келген төрткүлді дөңестер. Төрткүлдердің көбі бір жүйеде салынған: солтүстік 

жəне шығыс жағы құрылыс орындарының қалдықтары, ал оңтүстік-батыс жəне 

шығыс канал немесе өзенмен қорғанған. «Жетісу қалалары керуен жолдарының 

бойына салынған. Төрткүл қалдықтарын сол жолдардың сүрлеуі деп ұғыну ке-

рек». 


Ұйық – ауылдық округ, Талас ауданы. Көне түркі тіліндегі географиялық тер-

миннен  жасалған  атау.  Көне  түркі  тіліндегі  оты,  суы  мол  көкорай  шалғынды, 

толықсыған тоғайлы жерді «ұйық» деп атаған. Түбірі ұю болса керек. Осы түбір 

сөзге етістіктен зат есім жасайтынық жұрнағы қосылып жасалған тарихи атау. 

Міне, осындай жерді, яғни жерұйықты халқы үшін Асан Қайғының іздеп өткені 

мəлім. 


Шөңгер – ауыл, Т. Рысқұлов ауданы. Бұл атаудағы шөңге сөзі тілімізде «шөптің, 

қурайдың шөгірі» ретінде белгілі болғанмен атау мағынасын аша алмайды. Тау-

лы алтайлықтар тілінде Чанкыр-Кобы – сай, ауыл аты. «Көк өзек, сай» мəнінде 

келсе, Чанкыр-Таш – тау, ауыл аты ретінде айтылып, «ашық көк, көгілдір көкшіл 

түсті тас» мағынасын білдіреді екен [26. 335 б.]. Соған қарағанда Шөңгер атауы 

осы Чанкыр атауының дыбыстық тұрғыдан өзгеріске түскен түрі болуы мүмкін 

деген ой келеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет