Өмір ЖОЛЫ + + М.Х ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ ӨМІР 01 ӨМІРГЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСТАР 03 ӨМІР ЖОЛЫНДА МАҒЫНА 02 ОТБАСЫЛЫҚ ЖОЛ 04 ЖОСПАР РУХАНИ ӘЛЕМ 05 ӨМІРДЕГІ МАҚСАТ 06 Өмір Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осы сөздің астарында үлкен мағына, терең сыр жатыр. Өмірдің мәні жайлы әркім әр қилы ойлайды. Мен үшін өмірдің мәні - осы бізге берілген сыйды бағалай білу, аялай білу, ардақтай білу.Өмірдің мәні адалдық, адамдықта.Бір күндік өмірдің мәні болмайды.Мен әр кеш сайын өзімнің өткен бір күніме талдау жасап, саралаймын.Дұрыс емес жерлерімді түзеп, келесі күні ол қателіктерімді қайталамауға тырысамын.Бастысы, сол қателікті уақытында біліп отыру керек деп ойлаймын.
01 Өмірге деген КӨЗҚАРАСТАР «Өмір ғажап сүре білген адамға», демекші, әр адам өз өмірін өзі жасайды. Барлығы өз қолында, себебі сен қандай өмірді таңдасан ары қарайда солай жалғасады. Өмір өз ағымымен әкетпейді, тек сен бағытты басқарасын. Өмірге деген көзқарас, құштарлық барлық жанда болуы керек. Себебі, өмір сонысымен мәнді. Әр сәттен ләззат алып, осы кезбен өмір сүре білу қажет.
Өмір- жолындағы МАҒЫНАСЫ Адам тек өз өмірінің мағынасын тауып қана қоймай, оны ары қарай жүзеге асыруы керек. Адам өз өмірінің мағынасының алдында жауапты, мағынаның орындалуы қарапайым процесс емес. Өз өмірінің мағынасын ұйымдастыруда тұлғаның мағынасы қайталанбас болады. Тұлғаның мағынасы əрқашан қоғаммен тығыз байланыста болып келеді, индивид өзінің бағдарында қоғамға байланысты икемделеді жəне керісінше, қоғам мағынасы өз кезегінде индивидтің тіршілік етуіне негізделеді.
Отбасылық ЖОЛ Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оныңдамуының болашағын бағалау үшін бүкіл 20-шы ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.
РУХАНИ ӘЛЕМ Ерте ме, кеш пе әр адам сұрақ қояды - өмірдің мәні неде, оның мақсаты неде? Сонымен, адам өзінің ішкі әлемін түсінуге, оның өмір сүруінің мағынасын және басқа адамдармен қарым-қатынасын анықтауға тырысады. Мұның бәрі бір ұғыммен анықталады - руханилық. Адамды басқа тіршілік иелерінен ажырататын - руханилық.
Адамның бай ішкі әлемі оған басқалардан ұсақ-түйек заттарды ғана емес, сонымен қатар басты қасиеттерді байқауға, әдемі мен ұсқынсызды ажыратуға мүмкіндік береді. Әсем әуен тыңдау және жақсы кітап оқу адамдардың рухани қасиеттерін дамытады. Айналадағы заттардың ішкі күйін көру қабілеті адамды жетілдіріп, сезімтал етеді.
Өмірдегі мақсат + Әрқайсысымыз өмірде белгілі бір дүниелерге ұмтыламыз: белгілі бір мамандық иесі болғымыз келеді, белгілі бір жерлерді саяхаттағымыз келеді, бір нәрселерді сатып алғымыз келеді. Мақсат – өмірдегі шамшырақ секілді. Адамды өмір жолында адастырмай, тура жолда алып жүреді. Сондықтан мақсатты айқындап алу өте маңызды.
Ал мақсат өзімізге және айналамыздағыларға зиянды болмағаны және тәніміз бен жанымызға пайдалы болғаны абзал.
Мақсат – адамның өз әрекеттері арқылы жетуге талпынатын нәтижесі. Мысалы, біз белгілі бір мамандық иесі болу үшін, соны растайтын диплом алу үшін оқуға түсеміз. Ал оқу барысында білім алып, қабілеттерімізді дамытумен қатар, көптеген достар арттырамыз, қызықты сәттерді бастан өткереміз. Түрлі іс-шараларға қатысып, тәжірибемізді арттырамыз.
Қорытынды Иә, өмір, өмір, өмір…
Әрине, өмір жолы – даңғыл емес. Өрі де, ылдиыда жетерлік. Өмір сынынан сүрінбей өту – әр адамзаттың басты парызы. Әрбір адам аңсаған арманына жету үшін өмір бойы күреседі. Талаптанады , талпынады. Өмірдің «бір кірпіші боп қалануға » бар - ынта жігерін салады. Бізде сондай жастың біріміз. Аңсаған арманымызға жетуіміз керек. Қатарымыздан қалмай, өмір шыңына көтерілу біздің басты мақсатымыз. Еліміздің жарқын болашағы біздің қолымызда! Соны ұмытпауымыз керек...
+ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ +