үлкен салмақ салуы орынды. Ақын лирикалық шегіністі шеберлікпен
пайдалану, кейіпкердің толғанысына, тебіренісіне еркіндік беру, кең
жол ашу аркылы өмірлік шындықты мейлінше
жан-жақты
көрсету,
қоғамдағы әділетсіздікті өткір сынауға жеткен. Лирикалык кейіпкер
әкім болып, ел билегісі келеді, қолбасшы болып, жаугершілікте қол
бастау ойында бар, ғалым болып, дүниеде ашылмаған сырларды
тапсам ба дейді, бірақ мүның бәрінен халыкқа ешқандай
пайда
жоқтығын көріп, баршасынан жериді. Сода “мен” нені іздейді?
Мен ғашықпын көруге әділдікті,
Тегіс қылып көркейткен өмір түсін.
Ол өмірде бірін-бірі алдау болмас
Жағынып, арды ақшага жалдау бомас.
“Мен” әділ өмірді, әділетті қоғамды көруге, сонда бақытты
түрмыс қүруға қүштар. Оның ойынша, ғашық болған өмірді, қогамды
көруге алыс емес.
67
Мен аз деймін көруге осы өмірді,
Келіңдер, бақ іздеуші, болсаң жолдас, —
деген қорытындыда биік идеалы, өршіл оптимизмі, кейіпкердің ірілігі,
суреткердің
көрегендігі бой көрсеткен. Акынның
“мені” ойшыл,
тебіренгіш. Оның ойынша, “мал болмақ, маймыл болмақ, адам
болмақ”, “қасқыр болмақ, қүс болып үшып, қонбак” белгілі бір
себептердің нәтижесі. Ал адамның қүдіреттілігі сол: себеитердің
мәнін,
сырын
білуінде,
себепті
қолдан
жасай
алатын
жасампаздығында.
Келіңдер сол себепті жаратуға!
Жаратып ап, өмірге таратуға!
Адам үлы дүниеге жіберілген
Себепті бағындырып қаратуға, -
Деп мен жігерлі үн қатады. Адам миының, адамзат жиған білімнің
адам өмірін жақсартуға жүмсалуын тілейді. с
Лирикалық
кейіпкер
қоршаған
ортадағы
кембағалдықты,
жетесіздікті жақсартудың басы әділдік пен бақытта деп түсінеді:
Несі қызық байлықтың, несі бақыт?!
Байлықпен алмаған соң бақыт сатып.
Бақыт тауып беретін істі қүмай,
Неге мен өткізейін оған уақыт?
Адам өмірінің кәрілік кезеңін аса бір шеберлікпен суреттейді:
Мен өлік, мен суық тән, менде жан жоқ,
Жүрегімде өмір жоқ, ыстық қан жоқ.
Үміт жоқ, жек көру жоқ, махаббат жоқ.
Сезім жоқ, кірпігімді қозғар хал жоқ.
Фәни дүниеде өмірдің ащы-түщысын көрген жанның бақи
дүниеге көшері хақ. Өлеңнің көріктілігіне, ақын айпақ ойдың
тереңдігіне көріктеу қүралы - қайталау қызмет атқарып түр. “Жоқ”
етістігі сегіз рет қайталанған. “Жоқты” қайталаудағы мақсаты У
өлімнің адамды қаннан да, жаннан да, сезім-қимылдың қандайынан
болса да айыратынын айту. “Бар” жоғалмайды деген философиялық
түжырымды дәлелдеуге барар жолдағы үстанған өзіндік бір әдісі
сияқты. “Мен өлік” бөлімінен төмендегі жолдарды оқимыз:
Не болар көрген көз
топырағым,
Топырағы миымның, білегімнің?
Айтылатын ой ілестіріліп барып, күшті интонациялық лепке
иеленген, сөйтіп ойдың өрбуіне де, ырғақтың дамуына еспе қайталау
қолайлы әсер еткен. Ақынның “мені” әлеуметтік, саяси өмірден
68
өзгерістерді дүрыс пайымдайтын және олар жайлы берік көзқарасы
бар кейіпкер.
Бейшараны шын досқа санар едім,
Ол үшін оқ астына барар едім.
Бай жағы жүз мың болса, кедей жалғыз,
Қорықпай-ақ жалғыз жақта калар едім, -
деу - орелі, саналы жанның көкірегінен шығар пікір. “Адасқан өмір”
қазақ
қоғамының
алуан-алуан
түрмыс-тіршілік
қалпын
өнер
туындысы
арқылы
салмақтап,
таразылаудың,
философиялық
түйіндеудщ озық үлгісі.
Ендеше мен жабысам негізгі іске,
Әділдікте бар негіз, бақ та, күш те.
Қарғаймын әділдіктен басқа жолды.
Өңім түрсын, кірмесін түнде түске.
Бүл “Мен тоқтадым” бөліміндегі кейіпкер толғанысының түйіні.
Торайғыров
суреткердің
әлеуметгік
тақырыпты
жырлауда
қалтарыстарынан көш ілгері озғандығын айғақтайтын қомақты пікір.
Поэмада “ырқына дүние тұрсын дене көнбес”, “үйқы - тамақ,
қайғы -жолдас” кәрілік кез қайран жиырма бесті сағынатын үлғайған
шақтың қуанышы мен реніші, жеңісі мен жемісі келісімді суреттелген.
Өлеңнің
көрнектілігіне
қоса
қуатты
болуын
ескерген
Торайғыров
поэзиясында қайталау
коріктеу қүралы
қызметін
атқарады.
Торайғыровтың “мені” - әлеуметтік, саяси өмірдегі өзгерістерді
дүрыс пайымдайтын және олар жайлы берік көзқарасы бар кейіпкер.
Бейшараны шын досқа санар едім,
Ол үшін оқ астына барар едім,
Бай жағы жүз мың болса, кедей жалғыз,
Қорыкпай-ақ жалғыз жақта қалар едім,
деу өрелі, саналы жанның көкірегінен шығар сындарлы, саликалы
пікір. “Адасқан өмір” - казақ қоғамының алуан тұрмыс-тіршілік
қалпын
өнер
туындысы
арқылы
салмақтап,
философиялык
түйіндеудің озық үлгісі.
.
Поэманың ең басты ерекшелігі - адам өмірінің негізгі
кезеңдерін жырлағанда, бүрыннан келе жатқан философиялық-
дидактикалық мәндегі жыр-толғаудың соқпағына түсіп кетпей, адам
өмірін қоғамның даму сатысына байланыстыра, жаңа тәсілмен
суреттеуінде еді. “Адасқан өмірде” адам өмірі бес кезеңге бөлінген.
Бүл кезеңдер жалаң-жадағай суреттелмей, адамның қоғамдағы алатын
орнына, қызметіне, маңызына байланысты көрсетілген. Поэмада
69
рухани және олеуметтік прогресс мәселесі сөз болатындығынын
басты себебі, езушіліктің аскына түсуі.
“Адасқан өмір” поэмасының негізгі түйіні - коғамдағы
әділетсіздіктің, теңсіздіктің себегітерін ашу және теңдік жолын іздеуге
талпыну,
жалпы
қазақ
ауылындағы
әлеуметтік
теңсіздіктің
шеңберінен шығып, бүкіл қоғамға тән әділетсіздіктер жайын қозғауы,
өз талантын халық игілігі жолына жүмсайтын кезін — бақытты өмірді
аңсауы, адам өмірінің барлық кезеңін суреттеу аркылы акын өзі өмір
сүрген қоғам жағдайындағы адам тағдыры жайлы философиялық ой
түюі. “Адасқан әмір” ақын творчествосының үлкен табысы мен
қорытындысы есепті жинақтаушы туынды. Мүнда ақын аз өмірінде
көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған түрмыс
өткелдерін
өмір
мектебінен
алға
философиялық,
коғамдык,
әлеуметтік, саяси сабактары негізінде өзіне ғана тән аскақ үнмен
ашына, ақтарыла жырлайды. Шығарманың ншгізгі идеясы адам өмірді
әз тілегіне бағындыра алады және соған үмтылуға тиіс деген
оптимистік қорытындыға саяды. Жазушы Ә.Кекілбаев пікірімен
түйіндер болсақ: “Расында да, адамның Өзін өзі тануының шырғалан
одиссеясын “Адасқан өмір” мен “Кедейден” шынайы жеткізген, жетім
қозы емген желіндей аямай қақтап
сорып, сығып, сарқып әбден
тауысып жеткізген терең шығармалар төл әдебиет түгілі. әлемдік
әдебиетте некен саяқ. Басқаларды былай қойғанда, дәл осындай
мақсатпен жазылған “Тәңір тәлкегі”, “Фаустың” өзінде дайын
фабулалар, талай рет сыннан өткен сюжеттік, зерделік күрылымдар
пайдаланылса, қазақ ақыны ешқандай қосалқы тәсілдерге ясүгірмей,
тек бір пенденің жөргокке түскеннен көр түбінде қурап, шіріп,
қайтадан топыраққа айналып кеткеніне дейінгі барлық процесті
ештеңені мүлт жібермей, дәл тізіп, дәл сипаттап, сол арқылы тек
адамдық болмыстың ғана емес, жалпы әлемдік болмыстың егжей-
тегжейлі
панорамасын
жасап,
сол
болмысты
үстап
түрған
заңдылықтардың ерекше бір математикалық дәлдікпен зерделенген
философиялық кескіндемесін түзеді”.
“КЕДЕИ” ПОЭМАСЬШЬЩ ЖАНРЛЫҚ-ТАҚЫРЬШ ТЫҚ
ЕРЕКШЕЛІІКТЕРІ.
КЕДЕЙ БЕЙНЕСІ
С.Торайғыровтың “Адасқан өмір” поэмасымен үндес, өзектес
туындысы — “Кедей” поэмасы (1919). Бүл — лирикалык-реалистік
поэма. Поэмадағы лирикалық кейіпкер — кедей арқылы өзінің
демократтьщ-революциялық ой-пікірін айқынырақ білдіре, таныта
түскен. Кедейдің аянышты халін суреттеуі көңілге конымды, өмірлік
70
шындықты талғап береді. Поэма басталуында берілген картина үлкен
әлеуметтік мәселеге мегзейді. Сүреңсіз табиғаттың аясында итпен
бірге кедейдің кой күзетуі - оның малының жоқтығы, қоғамдағы
тенсіздігі, бейшаралық өмірінің шындығы.
Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бүлт мынау жерге төнген.
і
Қараңғы итпен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел үйқыда, оттар сөнген.
Үзақ түн, жолдасым жок иттен басқа,
Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа,
Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жок,
Туғаннан міне шықтым талай жаска.
Акын суық, сүреңсіз,ызғарлы, қараңғы күзгі түн мен иттен басқа
жолдасы жоқ кедейдің арасына параллель жүргізеді. Қиын тірлігін
бейнелеуде
күздің көріксіз келбетің қосарлап,
психологиялық
параллелизм әдісімен шынайы, жанды сурет жасаған.
Дүниедегі, қоғамдағы теңсіздіктің негізі байдың мал-басының
көптігінде жатыр. Бүл туындыдағы кедейдің өмірден түюі оның
“Адасқан өмір” поэмасындағы лирикалық “меннің” монологімен
үқсас. Ақын кедейін ауыр түрмыста, жоқшылықта, теңсіздікте
екендігін суреттеумен шектелуді мақсат түгпаған. Оны жаңа жолға,
соны түрмыска бастауды армандаған, әділетті өмірге жетсе деп
толғанған. Поэмада кедейге өмірі жайлы сүрақ қойғызып, басындағы
ауыр халді өзгертуге үндеу идеясы бар.
Байларға өгіз болып өту үшін,
Дүниеге шыныммен-ақ келгенім бе?
Кедейдің тап мүндай ойға қалуы - кейіпкердің өскендігі. Уақыттың
ағымында, икемінде кетпей тарихи санасы іске, өмірді өзгерту
әрекетіне даярлық үстіндегі адамның қимылы.
Бүған көніп жүргеннен өлген артык,
Іштен тынып жанганнан сөнген артык.
Текке өлмей, тауға-таска басты соғып,
Жолында не кез келсе көрген артық,
Қартайғанда қайыршы болу үшін,
Жастықта жүмыс жаншып солу үшін,
Сол бейнетке тастауға тағы да үрпақ,
Осы үшін жасаймын ба, айтшы, кісім? -
деп жауап қайтарады кедей. Лирикалык кейіпкер торықпайды,
бақытка жетуге үмтылады. Акын кедейінің ойынша, адамның басты
қасиетінің бірі — “бақытқа талпыну”.
Жоқ, мен бүған разы тіпті болман!
71
Бақытты іздеу керек басқа лсолдан;
Бұл жолға көрге дейін өмірін беріп,
Жан аз ба менен баска әуре болған?
Ақынның
мұндағы айтып
отырған бакыты бүкіл саналы
өмірінің идеалы, туында “бостандык, әділдік” атты сөздер жазылған
қоғам. Ол сол қоғамға жету керектігін айтады, кашан, кедейдің қалай
жететіндігін нақтылап
жатпайды.
Сұлтанмахмұт қорытынды бөлімді “Бақытка жететін оңай жол”
( яғни елге масыл болу) деп атаған.
Жол қайсы құдай салған, шайтан салған,
Білмеймін, осы жері маған арман.
Мейлі кұдай берсін, шайтан берсін,
Мақсатым — оқу оқу көңіліме алған, —
дей келіп, тосын түйін жасайды:
Жүрегімді белгісіз нәрсе кысып,
Шақырып тұр, мінеки, кеттім сонда.
Ақын неге бұлайша аяқтап, бұлдыр, күңгірт ой калдырған?
Біздің ойымызша, ол әдеби үрдісте жиі ұшырасатын шарттылыкпен
байланысты.
Сондай-ақ
поэма
жазылған
1918-1919
жылдары
Торайғыровтың басты кейіпкер етіп алған кедейінің қоғамдағы қалпы,
өмірдеге ғашық болып, бостандықты ынтыға күткен каламгерді
басқаша түсінудің, түрлі болжам жасаудың кажеті шамалы.
Байлық, кедейлік, адалдық, арамдық төңірегіндегі тебіреністер
дами
келе, уақыт сынынан өтіп, ұсақ өлеңнен салауатты лирикалық-
философиялық
поэмаларға
ұласты,
жалғасты.
Сөйтіп,
қазақ
поэзиясында жаңа кейіпкерлер -лирикалық “мен” және кедей дұниеге
келді,
әдебиеттегі
ұнамды
образдар
галереясын
толықтыра,
молықтыра,
көріктендіре
түсті.
Сұлтанмахмұттаушы
ғалым
А.Еспенбетов : “Сыншыл әдебиеттің белді өкілі С.Торайғыров
“Кедей” поэмасымен XX ғасыр басындағы қазак ауьшындағы таптық
қайшылық, қоғамдық-әлеуметтік теңсіздік тақырыптарын козғап,
шынайы суреткерлік шешім жасады. Қазақ ауылындағы кедейдің
тұрмысын, халін, саяси жағдайын тұбегейлі көтеріп, реальды образын
сомдап шығарды”,- деп түжырым жасайды.
“Кедей” поэмасының кейіпкері — қазақ кедейі. Поэма лирикалық
болғандықтан, кедей - лирикалық кейіпкер. Поэманың желісі,
мазмұны сол кедейдін өмірі, көрген-білгені, сезген-түйгені, ой-арманы
болып келеді. Соның бәрін кедей өз аузынан баяндайды. Сондықтан
да
поэмадағы
кедей
бейнесінің
психологиялық
мінездемесі,
портреттік сипаттамасы жоқ. Мұнда кедей бірінші жақта сөйлетіледі.
Сол себепті ақын кедейіне аты-жөнін бермеген. Поэмадағы кейіпкер -
72
бүкіл кедей бүкараның өкілі, оның көргендері, ауыр түрмысы барлык
кедейлерге тән.
Лирикалық кейіпкер ез дәуіріндегі әділетсіздіктің, теңсіздіктің
бар екенін біледі. “Байдың есігінде өгіз болып өту үшін дүниеге
келдік пе?” деп сүрау қояды. “Біз қашан еңбектің жемісін көріп,
теңелеміз” деп ойланады. Ақын пснхологиялық параллелизм әдісі
аркнілы кедей өмірінің суретіні, бояуын канығырақ етеді. Күздің
сүредеіз күні мен кедей түрмысын қатар қояды. Сүлтанмахмүт күз
мезгілін әдейі алған. Жазғы күнгі уақытты алса, кедейдің итшілік
өмірі дәл беріліп, эстетикалық әсері де болмас еді.
Кедей өзінің балалық шағының қалай өткенін де ойша еске
түсіреді. Өмірінің ең қызықты, алаңсыз шағының да бай есігінде
өткенін еске аладьх:
Қозыға жарауынан біраз бүрын,
Ойнатып, уатпап па ем байдың үлын?
Сүйретіп арбасының аты болдым.
Бір аяқ ас еді ғой сондық қүным.
Еңбекші кедейлер көп еңбектенеді, бірақ аз ақы алады. Кедейдін
өзі неліктен осылай деп сүрау кояды:
Жүрт айтады: Еңбек қып, ерінбесен,
Маңдай термен ас тауып адал жесең,
Қызмет қылған байыңнан алғыс алсаң,
Ол сені алдап, арбап, кетсе де есең.
Сонда сен көгересің”, - дейді халық,
Көп өмір өтпеді ме бүған нанып?
Кедейлердің еңбегінің еш кетіп жатқанын, ерінбей еңбек етсе
де, көгермейтіндерін лирикалык кейіпкер ашына отырып жеткізеді.
Еңбекші бүхараның еңбегінің қаналып жатқанын айтады. Бүған
қарағанда Сүлтанмахмүттың кедейі бүрынғыдай “қүдай салды, біз
көндік” деп бүйығып жүретін кедей емес, оянып, қозғалып, өздерінің
ақыларын талап етуге дайындала бастаған кедей. Поэмадағы
кейіпкердің мүңы, сыры болғандьпсган, поэма - лирикальщ поэма.
Кейіпкер өзімен қүрдас Жақып екеуінің бірге өскенін, бірақ
Жакып шөптің басын сындырмай да, өмірі қарны ашып көрмегенін,
бар қызык, бар рахат сонын басында екенін айтады.
Түра келсе бір кедей кебіс салар,
Есік ашар бір кедей қүман алар.
Киінсе, киімдерін кісі әперер,
Білмеймін: өзіне-өзі неге қарар?
Осылай екі кейіпкер — кедей мен Жақып бір-бірімен салыстырылады.
Кедей мысқьшмен қоғамдык әділетсіздікті әжуалап, о дүниеге
73
барғанда кедейлерге күн туып, жаксылык, рақат, молшылыкка
кенелерміз дейді.
Сонда ғана қам көңілім жаңара ма?
Сонда ғана көн бетім ағара ма?
Сонда ғана “Кедейдің байларда ақысы
Бар” деген сөз колға алынын карала ма?
Бүдан біз кедейдің теңдік, әділдік іздей бастағаын көреміз.
Ақын кейіпкері алдына максат қойып, бір шешімге келеді.
Жоқ, мен бүған разы тіпті болман!
Бақытты іздеу керек басқа жолдан.
Лирикалық кейіпкер бақытқа жетуге үмгылады. “Бейнеттен
басқа алдым да үміт жоқ” деп торықпайды.
Бүған көніп жүргеннен өлген артык.
Іштен тынып жанғаннан, сенген артық.
Текке өлмей тауға, тйсқа басты соғып,
Жолында не кез келсе көрген артық, —
деп, оған көніп жүргенше не өлу, не бар күшті әділдік іздеудін
жолына сарп ету керек деген тоқтамға келеді. Қоғамдағы озбырлык
кедейге осы екі жолдан басқа таңдау қалдырмайды.
Менің-дағы қатарға кіргім келер.
Жақсы ас ішіп, жақсы атқа мінгім келер.
Аз күнгі тіршілікте бейнет көрмей,
Өз еркімше әмірді сүргім келер, -
дейді
кедей.
Лирикалық
кейіпкер
өзін
екі
дүниеде
де
жарылқамайтынын, өмір дегеннің күрес екенін, әркім бақыты үшін
күресіп өту керектігін түсінеді. “Бай сияқты менде де сүйек, етген
жаралған адаммын, олардың кәргенін менде көрсем деймін” дейді.
Бүл да кейіпкердің ширығып, өсе түскенін білдіреді.
Лирикалық кейіпкердің бір қайғысы бар. Ол — сүйген қызынан
айрьшып қалуы. Оған себеп — малының жоқтығы, кедейлігі.
Малым кедей болғанмен жаным биік,
Жүрегім жек көре алар және сүйіп,
Қара көз, атын сәуле, ак ерке үшін,
Бай үлындай тарта алам мен де күйік, —
деп, өзінің сезім иесі бола алатынын, сүйіп, күйе білетінін айтады.
С.Торайғыров
кедейіне
ауыр
түрмыста,
жокшылықта,
теңсіздікте екендігін суреттеумен шектелуді мақсат түтпаған. Оны
жаңа жолға, соы түрмысқа бастауды армандаған, әділетті өмірге
жетсе де толғанған. Бүл поэмада күрескерлік жолдағы тартыста
жүрген кедейді көрмейміз. Өйткені, дәл сол кезде ақынның басты
кейіпкер етіп алған кедейінің коғамдағы қалпы, өмірдегі жағдайы
74
өзгере койған жоқ еді. Қоғамда ешқандай күрес, тартыс жүріп жатқан
жок болатын. Сондықтан тек бақытқа, бостандық, теңдікке үмтылған,
мойнындағы жалшылық, азап қамытынан айырылғысы келетін
кедейді
көреміз. “Кедей” поэмасындағы лирикалық кейіпкер -
адамдық қасиеттері бар кедей. Ертеңгі күнге деген сенімі мол,
қайратты, жігерлі, нүрлы, ақылды, жылы жүректі, өмірге қүштар
кедещр көреміз.
Сүлтанмахмүт мүнан өзге “Кедей” поэмасында басынан өткен
түрмыстың ауыр азабын бірінші жақтан, өз атынан баяндайды. Тек
жеке басы ғана емес, ата-анасының да қиын тағдырын сөз ете келіп,
байлық үшін ештеңеден бас тартпайтын, қандай іске болсын көз
жүмып кіріскен поэма кейіпкері әлеуметтік жағдайдың барлык жағын
жан-жақты барлайды.
Өмірдегі әділетсіздік атаулыға жаны қас
ақынның рухани әлемін таныта түсетін бүл поэманың тасасында ақын
түлғасы түрғаны белгілі.
“Кедей” поэмасы — қазақ кедейінің сыры мен мүңы. Онда да
лирикалық кейіпкер өзі басынан кешкен өмір өткелдерін әңгімелеп, өз
заманынан бакыт таба алмай қиналады. Ауыл кедейінің тағдырын
шешетін қоғамдық әділетсіздіктің көріністерін ақын жан-жақты ашып
суреттейді. Шығарма соңында өз ортасымен сиыса алмай, одан
бөлініп шығып түрған кейіпкерді танимыз, бірақ ол барар жолын
білмейді, тек “мақсатым - оқу оқу көңіліме алған” дейді. Бүл поэмада
да ақын өз заманымен сиыса алмай, алдан жаңа өмір күткенінің
белгісі.
“Кедей” поэмасы - кедейдің бейнесін, өмір бойы еңбегі еш
болып жүріп көретін бейнеті мен қорлығын жеріне жеткізе, нақтылы
сипаттау жағынан қазақ поэзиясындағы үздік
піызрарма
екеніне ешкім
таласа алмас. Поэмада кедейдің өмірін бейнелегенде ақын:
Мен сорда жастан бері дамыл бар ма?
Не еңбек сіңірмедім малы барға, - деп өз
атынан сөйлейтін түстары бар. Сүлтанмахмүт өте нанымды суреттеген
кедейдің бейнесі, өмірі мүқтаждыкта, кісі есігінде жүрумен өткен,
“өкпесін есік тескен” жарлы-жақыбайлардың жинакталып, типтік
Достарыңызбен бөлісу: |