М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет105/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
көңілдің ішкі тәжірибелердің бастауы Тәңірдің үйі 
екендігін байыпты бағамдайды. «Сөз деген көңіл 
қазынасында жауһар, ауыз садыбында гауһар» 
дейтін пікірінде қаншама сырлар, мағыналық 
қырлар бар. «Көңіл» ұғымында қазыналы жүрек, 
қасиетті рух, нәзік сыр, кемел парасат, дұрыс ниет, 
шалқар пейіл, мырза мейір, иман бір-бірлерімен 
сәтті тоқайласқанын, керемет үйлесім тапқанын, 
суреткер ойының, ой сарайының гүлі көркі 
екендігін жыға түсіндіреді. Сөз өнерінің сипаты 
да осы. Алланың кереметін, тағылым-тәлімін, 
игілік-ізгілігін Кемелдікпен зерделеген кемеңгер 
Мәшһүр Жүсіп оның мынадай сауалдарын келісті 
көрсетіп отырады. Мысалы: «Ай, пенделерім, 
дүниеде саған сондай кеңшілік бердім. Маған сен 
не келтірдің? – деп. Пәлен дем алыс бердім, ол дем 
алысты не қызметпен тауыстың? Ғақыл бердім, 
қандай орынға жұмсадың? Ғылым бердім, оның 
күшімен не жұмыс қылдың? Мал бердім, оны қалай 
аударып, төңкердің? Гауһар тастай көз бердім, 
саңғырлап тұрған құлақ бердім. Қалай жұмсасаң, 
икеміңе көнетұғын қол бердім. Ойлаған жеріңе 
баруыңа аяқ бердім. ... Дүниені бір базар қылып, 
осынша сомамен жіберген маған не базарлық 
алып келдің? Бірі – шот, бірі – күрек орнында. 
Қол-аяқ беріп: «Егін салыңдар!» - деп жібердім. 
Қандай жерге егін салыңдар? Қанша еңбек 
алдыңдар?». Расында, адам өмірінің, тіршілігінің 
мәні мен сәнін, негізгі ұстаным-қағидасын нәзік 
толғампаздықпен, ойшылдықпен тақта-тақтасымен 
түсіндіріп берген. «Адамның тірлігі – қайнап, 
толқып жатқан дария» - дейді (Мәшһүр Жүсіп. 
Шығармалары. Т.8. Павлодар, 2006, 309-бет). 
Ендеше, сол бір бұрқылдап, шалқыған дариядан 
өз ырысыңды таба біл, жемісіңді тере біл дегені 
қандай абзал десеңізші? 
Мәшһүр Жүсіптің Алланың ғылымын, 
хикметтерін, кемеңгерлік істерін, құран 
қағидаттарын, шарттарын, түркілік-сопылық 
дәстүрлерін жетік, мүлтіксіз білетіндігін «Алла 
құдіреті» туындысынан көруге болады. Алланың 
құдіретіне, «оны тануға ақыл-ойым, зейін-пікірім 
жетпейді» дейді де, ғаламзатты, адамзатты, 
мақұлықтар дүниесін қаллайша Алла мінсіз 
келістіріп жаратқанын білгірлікпен дәлелдеп 
түсіндіреді. «Айдай әлемді, жанды-жансыз 
мақұлықтарды Құдай алты күнде түгел жасап 
шығарған. Соның өзгесі де бір бас, жеке адам да 
бір бас. Осы дүниені адам көркейтпек. Құдайдың 
құдайылығын жұрт көзіне адам түсірмек. Ол алты 
күннен соң, Құдай денеме жаратпақ еді, не болса да, 
саонда мүкі-тақы қалдырған дәнемесі жоқ. Дүниеде 
не тамаша, не өрнек – бәрі адамның денесінен 
алынған» - деп, адамның дене мүшелерінің асыл 
қасиеттерін, абзал қызметін, бір-бірлерімен 
байланыстырып, сонымен бірге Күн, Ай, жұлдыздар 
әлемінің құпия жұмбағын, бір сөзбен айтқанда, 
Алланың шеберлігін бажайлап пайымдайды.
Ол ғылым, білім, жаратылыс, әдеп, 
рақымшылық, кісілік байлық, кедейлік, жалған, 
бақилық, ар, намыс, иман, дін турасында сымға 
тартқан ақ күмістей өміршең ой-пікірлер өрбітеді. 
«Аққан суға шариғатқа» жүйрік әмбебап ардагер 
Құран Кәрім философиясын, Қожа Ахмет 
Яссауидің кемеңгерлік кеңестерін кестелі, көркем 
жеткізеді. «Үндерде не жақсы: Құран үні»ғ Яссауи 
хикметінен «Көңіліме нұр төгілді» дегені нақты 
дәлел. Яссауидің сопылық ілімінде «Имансыз 
қоғамда дүниеқорлық 1-ші орынға шығады», 
«Әділетсіз қоғамда елден рақым, сүйіспеншілік, 
мейірім жоқ болады, ар-ұят, намыс, иман көшеді» 
деген ащы сөздер бар. Ненің баянды, ненің баянсыз, 
ненің қасиетті, не қасиетсіз екенін Мәшһүр Жүсіп 
«Алтын табақ» атты жырында тереңнен толғайды. 
Мұнда Алла Жебірейілге жұмақтан ішіне бал мен 
алуа салынған алтын табақты алып, пайғамбардың 
қолына ұстатып:
«Көңіліңе босқа ниет алма!» - деңіз,
«Дұшпанның өсегіне қалма!» - деңіз.
«Алтыннан көркем, қылдан жіңішке?
Дүниеде балдан тәтті бар ма?» - деңіз.
деп айтуды бұйырады. Әрі төрт бірдей шадияр 
бір-бірімен кеңеспей-ақ бір-бір ауыз пікір айтуын 
бек өтінеді.
Әуелі Хазірет Әбубәкір:
- Алтыннан көркем білдім Ислам нұрын,
Балдан тәтті көремін – зәмзәм суын.
«Намазда дүниені ойлаймын ба?» - деп,
Қылдан нәзік жіңішке – менің көңілім, - дейді.
Алтын табақ ақылды сөзге «Пәлі!» деп 
үн қосып қуаттайды. Бұдан соң Хазірет Ғұмар 
сөйлейді:
- Құдай нұры көркем дүр алтын тастан!
Ғұмар да: «Қайтеді?»- деп, жаман сасқан.
- Осы балдың тәттілігі тең болмай ма, 
Я, Расул, Сізбен бірге ішкен астан?!
Ғұсманның сөзі былайша өріледі:
- Сөзі алтыннан Құранның жарық жүзі,


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
102


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет