М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет106/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Балдан тәтті Расулдың айтқан сөзі.
Намазға таһарат алып отырғанда, 
Жіңішке қылдан нәзік көңілім өзі!»
Ғалы арыстан:
Көңілім намаздағы қылдай еді,
Соғысып кәпірлермен жүргенімде 
– деп түйіндейді.
Алтын табақ Расул пайғамбардың қасына 
үкідей ұшып жетіп келгенде:
- Алтын толса дүниеге, керегі жоқ
Нұрын абзал көремін бір Алланың! 
– деп Расул пайғамбар жүрек сөзін жайып тастайды.
Мұхаммед пайғамбардың хадисінде 
«Дүниеқоңыз болмасаң – жүрегің де, денең де 
дем алады» делінген. Түркі жұртының пірі Қожа 
Ахмет Яссауи «Таңдап тәтті жегендер де, атлас-
қамқа кигендер де, алтын таққа мінгендер де бір 
күні жермен-жексен болады» дейді. Алланың ақ 
жолын ұстанған Мәшһүр Жүсіп: 
«Еңбекпен табылған нан, ол – бір шекер,
Ер-жігіт адам болар ақыл-оймен.
Жақсыда майда мінез әдеп болар,
Ол әдеп дін иманға себеп болар»
- деген түйінді философиялық ойларды әсерлі, 
иманға мәнерлі тізбелейді.
Ұлттық-рухани болмысымызды түлету, 
жаңарту, жетілдіру жолында осындай қағидаттарды 
көкейге мықтап ұялатуымыз қажет.
Бұл күнде тіл сөйлемес, ақша – шешен,
Жүгірем бай жұмсаса, не мен, не сен.
Дүниеге дінін сатқан адамдардан
Алыс жүр, бой суытып аман-есен.
Алтын боп бізге дүние жарқылдайды,
Көп тойған өгіз көті тарқылдайды.
«Қанағат туралы жұмбақ өлең» деген жырында:
«Тоям,» - десең, боласың жаманатты,
Тойған тоқтық бұзады адамзатты.
«Бұл дүние көп жиылса шаян?» дедім,
«Шаяндығы білгенге аян – дедім,»
дегенінде қаншама сыр, ғибрат бар-ау!
Түркі мәдениеті мен ислам өркениетін шебер 
ұштастырған Мәшһүр Жүсіп бекзат адамның 
мөлдір қасиеттерін (рух, сана тазалығы, әділдігі, 
қайырым-мейірімі, ғылым-білімге құштарлығы) 
«Жұмбақ» ұғымымен, «Қаһарға ұшырағандарды», 
күнәға белшесінен батқандарды «Тозақ» ұғымымен 
байланыстыра баяндайды. «Жетпіс бап» дейтін 
діни дастанында. Тозақ қандай? Тозақ ішінде от бір 
мың, екі мың, үш мың жылдан бері лаулап жанып, 
жаһанды аппақ қорғасындай күйге жеткізеді. 
Тегінде отыз мың басты жылан, шаяндары бықып 
жүр. Шақса 40 жылға дейін уы тарамайды. Екі 
аяққа ып-ыстық екі башмақ кигізеді. Содан ми 
бұрқылдап қайнайды.
Оның ішінде бөтен еркекпен жүріс қылған 
қатынның табыты оттан бұйырған. Аяғы – көкте, 
басы – жерде. Астында жалаңдаған от. Тағы бір 
ойнасқор әйел ит боп үріп, аузынан от, бүйірінен 
от шашыраған. Тілі салбырап кеудесіне түскен. 
Тілін аузымен қыршып шайнайды. Төменгі ерні 
салбырап жерге түскен. Мойнына оттан жіп 
тағылған. Ал еріне тіл тигізген залым қатынның 
тілі желкесінен салаңдап шығып кеткен. Жанған 
оттан кебіс киеді. Аузына зәр құйылады. Емшегін 
жылан сорады. Миы бұрқылдап қайнайды. Маңдай 
шаштан сүйретіледі.
Жұмақтың сипаты ше? Иә, ол гауһардан, 
зүбіржаттан, ақ күмістен, сары маржаннан, 
жақұттан, ақ інжуден, лағылдан жаратылған. 
Мәшһүр Жүсіптің сипаттауы осылай. Терең 
ойға қалдырады. Алланың құдіретін, кереметін 
біліктілікпен түсіндіреді. Жалған дүниеде 
жамандық жасамауға, әділдіктен аттамауға, 
обал, сауап, борышты ұмытпауға, ар-ождан, рух 
тазалығын ардақтауға толық адам дәрежесіне 
жетуге ұмтыласың...
«Иман келтіріп, ізгілік істегендерге таусылмас 
сыйлық бар» (95 – Тин сүресі). Ал ішмерез, 
өзімшіл қарабеттердің, бақай есеп мысықтілеу қара 
ниетшілдердің жосықсыз іс-әрекеттері Махтарда 
тергелгенде оған жеті нәрсе айғақ болатындығын 
былайша сипаттайды:
Жер айтар:
- Маған келіп күнә қылған!
Екінші – Күн, үшінші – Заман айтар:
- Пәлен сағат, пәлен уақыт, мойында! – деп.
Төртінші – куә болар барлық тәнің: 
Көзбен көріп, қолменен ұстағаның.
Бесінші – басыңдағы үйің (ойың) айтар: 
- Мен де қылған күнәсының көрдім бәрін!
Алтыншы куә болар Жаратқан Хақ:
- Сен күнәһи менен қылдың қорықпай, бетпақ!
Жетінші – екі періште куә болып, 
Кетеді бар күнәңді мойныңа сап!
Мәшһүр Жүсіпті түйінді ойларында, түйдекті 
толғаныстарында айрықша ұлағатты тағылым, 
даналық тәлім бар. «Аспандағы және жердегі 
барлық нәрсе – Алланың мүлкі» (34 – Саба 


103


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет