М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ сүресі). Сұлу мүсінді, түзу тұлғалы, жарқын
жүзді, гүл сөзді Адамды алмастың асылындай
ғып кемел артықша жаратқан Алла. Ендеше,
сен де тұтас болмысыңмен, жан-тәніңмен,
игілік пен ізгілік жолында жанқиярлықпен
қызмет ет. Оғаш қылықтарыңды, опасыздық
амалдарыңды, қорлық-зорлықтарыңды өзіңе
мойындататын абзал айғақтар жеткілікті дейді.
Бұл ретте Құран Кәрімнің 43-Зуһруф сүресінде:
«Қияметте сендердің қашып құтылатын жерлерің
табылмайды. (Күнәларың, амал-намаларың да
жазулы тұратындықтан, оған дене мүшелерінің
бәрі айғақ болатындықтан) сендер оны жоққа
шығара алмайсыңдар» делінген. Бойында, ойында,
болмысында пайым-парасаты, иман-ізгілігі жоқтар,
«жанын жамандық жайлағандар қор болады» (191 –
Шәмс сүресі). Немесе: «Тозаққа келгенде, олардың
құлақтары, көздері, тіпті терілері де өздерінің
қылмыстарына айғақ болады» (41 – Фуссилад
сүресі). Сондықтан да адамзат Жаратқан Иенің
ұшан-теңіз керемет жақсылықтарын, «Шындық
кітабының» «ең ұлы сыр-сипаттарын», сыңғырлап
құйылған қасиетті аяттарын, құштар жаныңмен,
сұлу көңілмен қабылдап, жадыңа әсемдік, сұлулық
суреттерін, құйқылжыған нақыстарын ұялатып,
ішкі дүниеңді нұрландырып, ардақтап аялауға,
Алланың мейірім-қайырымын ықыласпен ұғынып,
қастерлеуге міндеттісің.
Абайдың «Түбі терең сөзі артық, бір
байқарсыз» дегенінде тұңғиық сыр бар. Әр
ойдың, әр сөздің астарында таудай мағына барын
Мәшһүр Жүсіп толғаулары терең танытары,
баурап ынтықтырары хақ. Әрбір іс-әрекетіміз, ой
кешулеріміз ақиқат алдында, шындық айнасында
таразыға түседі. Арамдық, арсыздық әшкереленеді,
адалдық, тазалық жұлдыздай жарқырайды.
94 – Шарх сүресінде: «(Ей, Мұхаммед!)
Сенің кеудеңді ашпадық па? Сенің арқаңдағы жүк
болатын ауырлықты алып тастадық» делінген. Осы
бір аяттың мазмұны Мәшһүр Жүсіптің «Миғраж»
дастанында (Пайғамбарымыздың жеті қат көкке
көтерілуі жайлы) былайша өрнектелген:
Кеудем жарып, жүрегім суырып алды,
Бір алтын легенге оны малды.
Легеннің іші толған ғылым-хикмет,
Тазалап орны-орнына қайта салды.
«Егер жер бетіндегі ағаштың барлығын қалам,
теңізді (сия) етіп, оған тағы жеті теңіздей (сия)
қосып жазса да, Алланың сөзін тауысу мүмкін
емес» - делінген «күллі жиһан халқы үшін ақыл-
кеңес» кітабында. (Құран Кәрім. Алматы, 2002. 317,
431, 178 беттер). Шындығында, Мәшһүр Жүсіптің
ұшан-теңіз тарау-тарау қара сөздері мен поэзиялық
мұраларының өзекті жемісі, ой қазығы – Алланың
сөзі мен Мұхаммед пайғамбардың ғибратнамалары.
Және де кемелдікке жеткен Адам болмысы Алланың
ұлы шаруасы былайша өрнектеген:
Құдайым жексенбі күн жер жаратты,
Жер-суды әуел бастан бір – жаратты.
Тау мен тас, ағаш пен шөп, көл мен өзен
Түріндей текеметтің түр жаратты.
(«Құдайым жексенбі күн жер жаратты»)
«Кісінің кісілігі – тіл мен жүрек» және
дегдарлық, мәрттік екендігін үлгілеп айтады.
Қылыңдар сақилықты жастан машық,
Жомартқа сегіз ұжмақ есігі ашық.
Сахи адам – бір Алланың сүйген құлы,
Болса да бөгеті жоқ қандай пасық!
(«Ағашсыз жапырақ»)
«Оқылған уақытымен бес намазың, Болатын
көрде жолдас қасыңдағы!» немесе «Дініңмен
(денеңмен) аянбастан қылып ғамал» дегені де
адамды ойға қалдырады.
«Көңілім – дария болғанда, қолым – қайық,
Өз-өзімнен боламын Еділ-Жайық», - деп Мәшһүр
Жүсіптің өзі айтқанындай, қалам, сия, қағазды
қолына алса, ғайып пірі қоршап-қолдап сөз
теңізінде, ой телегейінде дауылша үдеп, небір
«Аят, хадис – саулаған кеңесінде» пікір-зікірлерді
меруертше тізіп отырады. Атап айтқанда, «Ай –
кірсіз, Құдай – мінсіз», «Дүние – ақырет егіні»,
«Құдай сөзі – Құран, пайғамбар сөзі – Хадис»,
«Егер қанағат байлығы берілсе, сол байлықтың
арқасымен пенде Құдайды табады.
Ол ой-пікірін түрлендіріп, көркемдеп жеткізу,
еске сақтау мақсатында дін ғұламаларының терең
мағыналы, шырынды, жанды сөздерін ретімен
қолданады. Мәселен: «Ақыл өссе, ол түпсіз терең
жақсылықты сүймектіктен өсер» (Наршахи).
Дін – шырағдан. Діліңді дұрыстайды, рухыңды
қуаттандырады, жүрегіңді, көңіліңді тазартады,
жолыңды, жаныңды нұрландырады, ұят-иманыңды,
қадір-қасиетіңді, ар-біліміңді сәулеттендіреді,
береке-бірлікке, дегдарлыққа жеткізеді.
«Құдайдың қолдап-қуаттауымен, пірлердің дұға-