М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет11/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Бұл өлеңнің оқиғасындағы негізгі тартыс адамның 
өзінде екенін білдіреді. Себебі адам қашанда өзінің 
ішкі шайтанын жеңіп жүруі керек. Ал шайтаннның 
адамның ішінде қалай қалып қойғаны туралы 
«Адам ата мен шайтан» өлеңінде баяндалады. 
Бұл өлеңнің сюжеті бойынша Адам ата мен Хауа 
ананың жұмақтан қуылып жерге түскенінде 
шайтанның да бірге түсіп адам баласына қастық 
жасауға көшкенімен оқиға басталады. Адам ата 
біржақтан куелсе үйде хайуан кейпінде шайтанның 
баласы Ханнас жүеді. Шайтан Хауа ананы алдап 
балам осында тұра тұрсын деп тастап кеткен екен. 
Адам ата ашуланып оны қылышпен турап тастайды. 
Адам ата кеткен соң шайтан келіп баласын сұайды 
, жоқ екенін көріп, атын атап шақырғанда қайта 
тіріліп кетеді. Адам ата осылайша шайтанның 
баласын бірнеше рет өлтіреді, бірақ ол қайта –қайта 
тіріліп келе береді. Соңында Адам ата мен Хауа ана 
амалдары таусылып оны қылышпен турап қазанға 
қайнатып жеп қояды. Шайтан келіп баласының 
атын атап шақырғанда ол Хауа ананың ішінде 
жатқанын айтады. 
Шайтан сонда: 
Жайғастың балам! - дейді,
Сен іштен мен тыстан шалам!-дейді.
Адамды жан –жағынан біз азғырсақ,
Жанбай ма жаһаннамға олар?! – дейді. 
Осылайша адамның жауы өз ішінде, өз пиғылында 
екенін ақын бейнелі түрде жеткізеді. 
Әдебиет адам болмысын танытып қана 
қоймайды оның дұрыс жолын да көрсетеді. Дінді 
жақсы білетін философ ақын өзінің бар білгенін 
қазақ халқына қазақи таным-түсінікке сай беру 
арқылы адамзаттың дұрыс жолын көрсеткен. 
Себебі барлық халықтардың оқымысты , білгірлері 
кезінде адам деген кім, не үшін тіршілік етеді, оның 
өмір жолындағы идеал не деген сияқты сұрақтарға 
жауап іздеген, Мәшһүр –Жүсіп осы сұрақтарға 
жауап ретінде құран хикаяларындағы оқиғаларды 
пайдалана отырып, сюжетті өлеңдер тудырды. 
Белгі философ Ғарифолла Есім өзінің «Адам-зат» 
атты эсселер жинағында: «Адам болмысы туралы 
мәдениет тарихында қандай ілім, концепциялар 
болмады десеңізші. Ежелгі Үнді, Қытай, Грек 
фалсафасында кешегі әлемнің жартысына үстемдік 
етіп, жаңа «дінге» айналған маркстік-лениндік ілім 
ауқымында замынына орай адам туралы көптеген 
ойлар айтылды» -деп, адам болмысы тарихына 
тоқталады. 
О л а й б о л с а , М ә ш һ ү р – Ж ү с і п 
шығармаларындағы діни философиялық ұғым-
түсініктерді оқырманға түсіндіру де бүгінгі күн 
талабы. Өкінішке орай ақынның мұраларының 
ішіндегі діни философиялық сарындағы 
шығармалары әлі де жеріне жете насихатталмай 
отыр. Бұл алдымен дінді де әдебиетті де жеріне 
жетіп түсіндіре алатын әмбебап мамандардың 
аздығы болса керек. Ақын шығармалаындағы 
адамгершілік тұжырымдамасымен түйінделетін 
ойларды тек әдеби, тек діни тұрғыдан қарамай 
оларды тұтастықта талдау жағы жеткіліксіз болып 
отыр. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қуандық Мәшһүр Жүсіп «Абай және Мәшһүр Жүсіп: көркемдік үндестік» // «Қазақ тілі мен 
әдебиет», 2005 ж., №10. 
2 Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1-том. - Павлодар, 2010. - 308б.
3 Ғ.Есім Адам-зат. Философиялық эсселер кітабы –Астана, 2008. - 381б. 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
12


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет