МӘШҺҮР - ЖҮСІПТІҢ СЮЖЕТТІ ӨЛЕҢДЕРІНІНІҢ
КӨРКЕМДІК ҚҰРЫЛЫМЫ
А.С. АҚТАНОВА
ф.ғ.к., доцент, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қ.
Ш.С. АҚТАНОВА
магистрант, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қ.
ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
10
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
жұмбақтайды. Мұнда да шебер ақын адамның ішкі
жан дүниесіндегі асқақ сезімді жандандырып,
тірі бейнеге айналдыра отырып суреттейді.
Мәшһүр –Жүсіптің суреткерліәк шеберлігі туралы
Қуандық Жүсіп : «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының
әлем жаратылысы, жер мен көк сыры, ислам
діні тарихы, ізгілік, хақ жолын іздеген адамдар
өнегесіне арналған аңыздарға негіздеп біраз
дастандар жазғаны белгілі. Біздің қоса айтарымыз:
ақын тек хикаялар емес, өлеңдердің біразын да
сол тақырыпқа арнаған. Соның бірі- «Мәшһүр-
Жүсіптің тырнамен айтысы», «Мәшһүр-Жүсіптің
ала қарғамен айтысы» өлеңдері. Мұнда да ақынмен
сұхбаттасушы болып адам емес, шартты бейнелер:
тырна, қарға алынған. Шартты дейтініміз: сөзбе-
сөз ұғынсақ, тырнаның да, қарғаның да тіл қатуы,
көне тарихты баяндауы мүмкін емес. Әйтсе де
сол шарттылық арқасында адамдар арасындағы
келіссіздік сыры, жер бетіндегі тіршілік тарихы
соншалық әсерлі де, шынайы жеткізілген.
Түйіп айтқанда, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы ХІХ
ғасырдың соңғы ширегінде-ақ суреттеудің бай
амалдарын: көркем жинақтау, шартты әрекетті
қолдану, дерексіз ұғымды заттандыру, т.т. шебер
пайдалану арқасында шағын жанр лирикаға эпос
мүмкіндігіндегі жүк артып, шындықты кең қамту
шеберлігін көрсетті.» -деген сөздерін назарда
ұстай отырып, діни тақырыпты арқау ете отырып,
адамды, биік идеал тұлға мәселесін ақынның
алдыңғы кезекке шығарғанын байқауға болады.
«Қанағат туралы жұмбақ өлең» шығамасының
шағын сюжеті соғықа шыққан мол шерудің далада
сусыз қалып, шөл қысқаны туралы. Сол шөл далада
кездескен судан шыдап ішпей өту керек болады. Ал
шыламай су ішіп қойғандары кеседге шалдығып,
қырыла бастайды. Жұмбақтың шешуінде ақын :
Ұлығы патшалардың - патша Құдай,
Дүниені бір дария ғып қойған солай!
Бұ жалғанның жүзіне келіп, кеткен –
Өтпекші бұл дариядан шулай-шулай! -
деп өмірдің өзін жұмбақтағанын білдіреді.
Өмір дарияның қызығына тоймай жүріп жетер
мақсатыңнан, бағытыңнан айрылып қалма,
қанағатшыл бол деген ойды білдіреді. Өлең
соңындағы оқиғаны қорытындылай келе ақын:
Есті адам - қанағатты,
Қанағатты адам тиянақты.
Тиянақты адам көнтерілі,
Көнтерілі адам қайғысыз.
Қайғысыз адам бақытты.
Ендеше есті адам баққытты болады.
Жақсылар қорғасындай ауыр келер,
Көзі –соқыр, құлағы сәуәр келер.
Жарлының жаздай мінген шолағындай,
Аяғы –ақсақ, арқасы жауыр келер. – деп
аяқтайды. Мұндағы негізгі ой қанағаттылық
адам баласының барлық жақсылықтарының
бастауы екенінде. Адам баласының бар бақыты
шыдамды болу қазақ тіліндегі қазақ ұғымына
сай «көнтері» деген сөзбен берілген. Көнтері
деген әбден иі қанып иленген, жұмсақ тері деген
алғашқы мағынасынан төзімді, сабырлы адам деген
метафоралық мағынаға ауысқан. Жақсы адамның
көп нәрсеге көзін жұма қарап, естіген дүниелерге
де сабырмен қарап тарзылап отыратынын қиындық
көре жүріп өзін бақытты санайтынын айтады. Бұл
Абайдың толық адамы болса, Шәкәрімдегі арлы,
таза адам. Олай болса, қазақтың ұлы, данышпан,
ғұлама ақындардың адам қандай болу керек деген
сөздеріне берген жауабы осылар. Мәшһүр-Жүсіп
қазақ танымына сай сөздер арқылы шынайы таза
жүректі адам бейнесін жасайды.
Ақынның тағы бір назар аудартып отырған
өлеңіндегі сюжет те құран әңгімелерінен алынған.
Ол «Сүлеймен мен Ібіліс» атты шығармасы.
Сүлеймен пайғамбар Аллаға тілек айтып адамдарды
дұрыс жолдан азғыратын шайтанды байлап қоюға
рұқсат алады.
Жараттың оны неге әуел бастан,
Атамыз адамзатқа қылып қастан?!
Сенен бір сұрағым бар - билігін бер,
Қояйын байлап соны, өлсем де аштан! – деп
Алладан ризлығын алған Сүлеймен пайғамбар
шайтанды байлап тастайды. Өзі де патшалықтан
тамақтанбай, өз еңбегімен талдан зәнбіл тоқып
сатып қоектенеді екен. Ағаштан тоқыған заттарын
базарға апарып сатып тамақ алмақшы болып
базарға барса, тірі жан жоқ екен. Бұл қалай десе,
жұрттың бәрі мешітке барып Хаққа жалып тілек
тілеп отыр екен дейді. Ешкімнің дүние тірлігімен
ісі жоқ оларға Сүлеймен қайран қалады. Сонда
Алла :
Отырған бір орыннан бұлар тұрмас,
Бас қосып бір бірімен кеңес құрмас.
Себепсіз ешбір нәрсе жаратпадым,
Шайтансыз үшбу дүние дүние болмас! –деп
өзінің шайтанды жаратқандағы мақсатын айтады.
|