М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет14/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   190
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
иесі әулие данышпан Мәшһүр Жүсіп Көпеев 
болып табылады. Оның бұл шығармасын көз 
жұмарының аз-ақ алдында белгілі Мәшһүр 
танушы Төлепберген Алдабергенов ақсақал 
«жиенге аманат» деген тілекпен менің қолыма 
тигізіп еді. Енді соны аз-маз түзетумен сіздердің 
назарларыңызға отырмын оқырман.
«Тәубә» сүресінің 4-8-27 аяттарында: 
«Оқымайсыңдар, құдайдан қорықпайсыңдар. Оқып 
білсеңдер де Алланың бұйрығын орындамайсыңдар. 
Алла қайтып ондырады. Ақыры кесірлерің халыққа 
тиетін болыда»,- деп жазған хикімет бар. Осыған 
орай менің айтарым.
1. Ақыр заман деген сөз азу. Хайуан молдай 
дінінен, тілінен, әдет-ғұрып, салтынан безу, әлсіз 
халық әлді халықтың ықпалына еніп, тіл, дін, 
салтынан айырылып азуы. Бұл азу әрбір ғасырда 
болуы мүмкін. Бірақ жан иелері құрымайды.
2. Ал қиямет-қайым елу мың жылда бір рет 
болады. Ол кезде жер бетінде ешқандай тіршілік 
қалмайды. Қалай болатыны құранда жазулы.
3. Сондықтан бұл заман құритын заман емес. 
Озатын заман. ХХ ғасыр ғылым мен білімнің заманы.
4. Тағы бір болжау. Қытай, шүршіт улап 
құртады деген. Бірақ 2021 жылы өздері де құриды. 
Шүршіт шығып Ташкентті алады, 
Қоқан менен Қожазанды да алады.
Ұлыһ ғайбат приод болса керекті.
Шүршіт шығып жүріс қылып,
Самарқандта ұрыс қылып,
Шаһизанда шатақ шығып,
Шүршіттердің бәрін қырып,
Апат қылса керекті.
Иман Мұхамед әл Мағди келіп,
Бүкіл дүнижүзіне ислам дінін таратып,
Мұсылмандар дәуірлеп өссе керекті.
5. Орыс арамза, ойшыл халық кендір арқан. 
Қазақ күншіл, тойшыл, есер халық. Осы арамзалар 
кендір арқандарымен буып-матап дінінен, тілінен 
бездіріп, аздырып мәңгүрт қылады.
6. Бірақ осы кендір арқан 70 жылда бір шіриді 
екен. толып жатқан ұйымы боп, пайдасыз жиыны 
боп, ақыры бұ да құриды деген. Осындай азудан 
қалған қазақ түбі бір күні оңалып, өз алдында ел 
болады дегенді менен де бұрын әулие әз Тәйтеке 
би мен көнекей әулие Бұқар жырау да біліп, болжап 
айтып кеткен екен.
7. Осы оңалу 2015-2016 жылдан басталмақ. 
Қай күні өзіңнен ұл туады, сол күні басыңа күн 
туады. Қазағым, қашан басыңа осы күнің туғанша 
көретін қиыншылығың да жеткілікті болар. 
Алайда, түбі бір қайыр болатындығына сеніп
үміттен күдер үзбеңдер.
8. Уақыт хабарым бойынша сол алда болатын 
1916-2016 жылдар аралығын баяндап берейін.
Әуелгі атым еді Адам Жүсіп, 
Сүйгеннен халқым кетті Мәшһүр десіп. 
Петрбур, Лондонға атым мәлім,
Мен сендерге айтайын көңіл түсіп.
Шешендер шыға алмайды тұнығынан,
Баса алмаймын батпақтап ұйығымнан.
Баяғыңды ойлама енді қазақ,
Бақытыңды тайдырған шығыңнан.
Жақсы болсаң жау болар өз ауылың,
Жаман болсаң жат болар өз бауырың.
Әртүрлі сөзге еріп, жала жауып,
Шірітер түрмесінде мұжық бауырың.
Тұрарда таң намазына кер боларсың,
Шығарда шыбын жаның тер боларсың.
Кеудеңе ала ботан жусан шығып,
Бір кезде аяқ басар жер боларсың.
Қалған жоқ Сарыарқа сенде қызық,
Сандалатын Сарыарқаны алды мұжық.
Қолыңнан келер де жоқ, өнер де жоқ,
Баласы сорлы қазақ қалдың мыып.
Таптайды Сарыарқаны қаншама жыл,
Байың жоқ, батырың жоқ, қалғаның тұл.
Ерініп, еңбек етіп, егін салмай,
Мұжыққа қала салып, боларсың құл.
Байлар-ау, бердің зекет атаң басы,
Жинаған сол байлығың жанның қасы.
Ішпей-жемей жинаған бар малдарың,
Жоқ-жітік кедейлердің сыбағасы.
Отыз екінші жыл болар сондай ауыр,
Адамдар аш-жалаңаш болып жауыр.
Кетеді айдалаға есі шығып
Ағайын, туған-туыс суып бауыр.
Адыра тұл қалады, құлап шаңырақ,
Кетеді айдалаға иесі аңырап.


15


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет