М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ Қазақ әдебиеті тарихында ерекше орыны
бар, ақын, фольклортанушы, дінтанушы, ғалым
Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығы сан қырлы.
Әдебиет қашанда адамзат проблемасын ашуға,
адам деген кім, не үшін жаратылған деген
мәселелерді шешуге ұмтылады. Дінді терең
білген ғұлама ақын құан хикаяларындағы әр
тұрлі оқиғаларға құрылған әңгімелер арқылы
осы мәселеніә ашуға тырысқан. Олай дейтініміз
әрі ақын, әрі ғалым адам ретінде Мәшһүр-Жүсіп
өз шығармашылығында қазақ әдебиетіне жаңа
түр, жаңа бағыт әкелген ақын. Ғұлама ақынның
бүкіл шығармашылығының бір қырын ғана алып
қарастырсақ, бұған көзіміз әбден жетеді. Мәселен
ақынның сюжетке құрылған өлеңдері қазақ
әдебиеті балладаларының қалыптасуының басы
деуге болады. Ақын өлеңдеріндегі шағын ғана
сюжеттің өткір динамикасы мен терең мағыналы
тартысқа құрылуы да осыны айғақтайды.
Баллада сөзі қазақ әдебиеті теориясына
кейіннен кіргенімен қазақ әдебиетінде өткір
сюжетке, оқиғаның динамикалы өтетін оқиғалы
өлеңдер ертеректе де болған.
Мәшһүр-Жүсіп дінтанушы ретінде қазақ
даласында құран хикаяларын халыққа түснікті тілде
түсіндіруді мақсат еткен сияқты. Ақынның сюжетті
өлеңдерінің көбі діни тақырыпта. «Құдайым
жексенбі күн жер жаратты», «Адам ата мен
шайтан», «Сүлеймен мен Ібіліс», «Абыраһа мен
Мұтылаб», «Мұхамедке пайғамбарлық келгені»,
«Ғалының ниеті», «Жаппардың әңгімесі» тағы
да басқа көптеген өлеңдеріндегі сюжеттік желі
құран хикаяларымен сабақтас. Ақын адамгершілік,
тазалық, адалдық, ішкі жан дүниенің ізгілігі
сияқты мәселелерді қарапайым тілмен түсіндіреді.
Мәселен, «Жаппардың әңгімесі» деген өлеңде
Жаппар деген адам Расулымызды қой сойып
қонақ еткен екен. Сол кезде далада ойнап жүрген
екі ұлының үлкені кішісін «қойша соямын»деп
ойнап отырып өлтіріп алады. Артыныан іздеп
барған шешесінен қашамын деп ұлкен ұл да құлап
өледі. Пайғамбар ренжиді деген оймен екі баланың
қазасын ешкімге айтпай беттерін жауып тығып
қояды. Пайғамбардың алдына ас келгенде оның
қасына келген Жебірейіл періште екі бала келмей
тамақ жеме дейді. Жаппар амалсыздан екі баланың
өлгенін хабарлайды. Сол кезде пайғамбар қолын
жайып дұға етеді:
Иа Рабха, ниетімді қабыл қылсаң,
Жаппардың екі ұғлына жан бер! –дейді.
Дұғасын Хақ тағала қылды ажайт,
Сол сағатта екі бала тірілді енді.
Балалар тірілген соң жанындағылар қайда
болғанын сұрайды. Сол кезде екі бала жұмаққа
кіргендерін, жәннат тағамынан жегенін айтады.
Мұны естіген көп жөһит иман етіп дінге кірді
деп өлең оқиғасы аяқталады. Өлеңнің шағын ғана
оқиғасының мақсаты ислам дінінің шын адал дін
екенін насихаттаудан шыққан. Адам баласы ғажайп
нәрсені көзімен көрмей сенбейтіні үшін осындай
оқиғалар арқылы дәләлді түрде айту Аллаға деген
сенімді нығайтатына анық. Сол себепті де ақын
өз шығармаларында шағын болса да динамикалы
тартысқа толы сюжеттерді пайдаланған. Сондай-
ақ, ақын өз өлеңдерінде тыңдаушыға барынша
түсінікті болуы үшін арап сөздерін азырық
қолдануға тырысқан, қазақи дүниетанымға сай
сөздерді пайдаланған. Қазақ даласында ислам
дінінің дұрыс түсіндіріліп, таралуына зор үлес
қосқан ақын шағын сюжетке құрылған өлеңдерінде
діни хикаяларды қолданады. Сондай-ақ, ақынның
логикалық жұмбақ өлеңдерге де шебер екені
белгілі. Осындай жұмбақ өлеңдерінде ақын діни
аңыздардың оқиғасын арқау етеді. Мәселен
«Қанағат туралы жұмбақ өлең»атты шығармасында
адамның бойындағы асыл сезімдердің бірі қанағатты
ӘОЖ 821.512.122.+821.512.161