ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
32
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Қас пен көздің, кірпіктің арасында
Талайсызға тікен боп тіл қадалар[2. 80]. Сол
сияқты
Ол молда бұрынғыдай бола алмады,
Көңіліне күндегі сөз қона алмады. [2.123].
Әр жерде жұрт аузында әңгіме боп,
Құлақтың, естігенде, құрышы қансын
[2.33].
Мысалдардан байқағанымыздай, автор
өлеңнің үйлесімді ұйқасын бұзбау мақсатында
фразеологизмдердің
арасына сыналап сөз
ендіреді. Дистант құбылысы тұрақты тіркестердің
мағынасына ешбір нұқсан келтірмейді, керісінше
өзара жымдасып, үндестік табады.
Болмаса жақсылықтан еш нәрсеміз, Сорымыз
сонда біздің қайнайды екен; Шаһар жаққа түзейді
енді бетті; Қай жеріңнен келмей тұр, айтшы,
күйің; Тұзағына бір жұрттың түсіп торлы;
Делебем айқай шықса, кетер қозып; Ілінсем
жақсылықпен ел аузына; Ақынның шек келтірме
тіл жағына, Ілінсең сау қалмайсың тырнағына.
Мәшһүр Жүсіп – сөз шебері, фразеологизмдерді
тиісті орында тиімді қолдана біледі.
Берілген
мәнмәтіндерде ақын компоненттері дистант
орналасқан фразеологизмдерді инверсияға
ұшыратып та пайдаланады.
Олар мазмұн
тұтастығын бұзбайды. Фразеологизм құрамында
кездескен сөздер ешбір стильдік мақсатты
көздемесе де, экспрессивтілік үстеп, мағынаны
кеңейтуге қатысады. Сондай-ақ, дистант құбылысы
фразеологиялық варианттарды жасайтынын айта
кетуге болады.
4.
Фразеологизмдердің орнын алмастырып
қолдану.
Мәшһүр Жүсіп тілінде ең бір өнімді жұмсалған
құбылыс – фразеологизм сыңарларының дағдылы
орнын
алмастырып,
инверсия жасау тәсілі
екені көзге түседі. Көбіне еркін тіркестерге тән
болып келетін мұндай тәсілді фразеологиялық
оралымдарда қолданудың
өзіндік мәні бары
байқалады. Синтаксистік инверсия тәсілі М-Ж.
Көпеев қолданысында экспрессивтілікті күшейту
және компоненттерді мағыналық жағынан ерекшелеп
көрсету құралы ретінде жұмсалғаны анықталды.
Дүниеден қалған жан жоқ аяп күшін,
Достарыңызбен бөлісу: