М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады



Pdf көрінісі
бет32/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

контаминация тәсілін қолданған.
2. «Көңіл кірі» фразеологизмінің (қайғы-мұң 
мағынасында) қолданысына назар аударайық:
Көңілде жатқан кіріңді 
Оттай ыстық сөз жояр (Мақал).
Аспанда ай болмаса, адасады
Көңілді көтермесе, кір басады (Халық әні).
Дүние кірін жуынып
Көрініп ойға көз салар (Абай).
-Кәпір-антқа, мұсылман тілге нансын,
Көңіл кірі айтумен кетсін, барсын! [2. 22]. 
Жүргенмен не бітірдім тірі болып,
Көңілдің тазармаған кірі болып [2. 149].
-Жүйріктің алу үшін ащы терін,
Тер шыққан соң тарқатар іштің шерін.
Гүл жүзді, шырын сөзді наз ниннан,
Сөз қозғап, кетірейік көңіл кірді. [2.23]. 
«Көңіл кірі» тұрақты тіркесі Абайдың өлеңінде 
«Дүние кірі» болып, жаңа өмірді аңсау мағынасында 
қолданылса, Мәшһүр Жүсіпте халықтық қолдану 
үлгісімен үндес келеді. Осы жерде де Мәшһүр 
Жүсіптің халықтан алшақ кетпейтінін, сөйтсе де 
өзіндік ерекшелігі бар екенін байқаймыз. «Көңіл 
кірі» тіркесі арқылы ақын бірде іштегі мұңды, 
назды қалай шығару керектігін айтса, бірде өз ісіне 
көңілі толмайтынын білдіріп, бір тіркесті түрлі 
стильдік мақсатта пайдаланады. Мұнда ақын өзін 
көңілдің кіріне балап, метафоралық тіркес жасаған, 
яғни перифраздар жасаған.
3. Фразеологизм сыңарларының арасынан 
сыналап сөз ендіру. Фразеологизмдер құрылымы 
тұрақты болғандықтан да сырттан сыналап сөз қосуға 
көне бермейді. Ал поэзиялық шығармаларда мұндай 
құбылыс өте жиі ұшырасады және өлең тілінің әр 
түрлі қажеттілігін өтеу үшін осылайша ұшырасуы 
заңды да. І.Кеңесбаев: «Көркем әдебиетте, оның 
ауызша, жазбаша түрлерінде, халық тіліндегі белгілі 
бір фразеологизмді сәл ұлғайтып, немесе ықшамдап, 
өлең өлшеміне не көркем текске ұштастыра өріп 
қолдану сәттері болып тұрады... бұл секілді саналы 
әрекет жолымен болған өзгерістер арасына бөгде 
сөздер енсе, дистант құбылыс деп аталады»,-дейді 
[5.593]. «Сыналап енгізілген сөздер тұрақты сөз 
орамының мағына тұтастығына нұқсан келтірмей 
жымдасып, үндестік тапса, нормадан жөнсіз ауытқу 
емес» [6 . 54].
Фразеологизмдерді қолдану барысында 
кездесетін дистант құбылысын барлық сөз 
табы жасай алады және олар фразеологиялық 
варианттарды жасайтын тәсіл болып табылады. 
Осындай дистант құбылысы Мәшһүр Жүсіп 
шығармаларындағы фразеологизмдерде де 
кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет