31
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Шайтан тұрар: «Берме!» - деп жағаласып,
Оның айтқан тіліне ерме! – дейді [1. 11].
Осы жолдардан ақынның халық қазынасындағы
мақал-мәтелдердің құрылымына, мазмұнына ешбір
нұқсан келтірмей өзгертіп, шеберлікпен түрлендіре
ажарландырғанын, мағыналылығын арттырғанын
байқаймыз. Тұрақты тіркестердің құрылысы
өзгертіліп қолданылады:
«Бұл күнде алтын азып, жез болыпты,
Дүниеде жақсы-жаман сөз болыпты»
[1. 45]. Осы жерде «Бұл күнде алтын азып жез
болыпты» деген тіркес «сөздің қадірі кетті» дегенді
білдіреді. Өйткені жұртқа белгілі нұсқасында
«Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір» деп айтылады.
Мәшһүр Жүсіп оны қайталап жатпай, бірден
метонимиялық тәсілді қолданған.
«Түлкінің қызылдығы өзіне сор» (Түлкінің
қызылы өзіне сор); «Алтынды пұлын білмей
жерге шашқан» (Қолда барда алтынның қадірі
жоқ); «Жақсыны өзі болған көре алмаған, Біреуді
күндемесе жүре алмаған» (Өз жұртың жақсы
болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді); «Түзу
ағаш болады үйге тіреу» (Түзу ағаш үйге тіреу,
түзу жігіт елге тіреу); «Адамға пәле – тілден,
бейнет – көзден» (Басқа пәле - тілден) және т.б.
Мұнда тұрақты тіркестердің эмоционалдығы артып,
олардың бұрынғы мағыналары толықтырылып
дамытылады және ақынның өзіндік қолтаңбасы
байқалады. Осы мысалдардағы «Адамға пәле
– тілден, бейнет –көзден» тіркесіндегі «бейнет –
көзден» қазір қолданылмайды. Мәшһүр Жүсіп
өлеңінде: «Жаяу қыл, нәпсіңді атқа мінгізбей
бақ, Көз соңынан көңілді тізгіндеп бақ»,-деп,
«бейнет-көзден» деген тіркестің мағынасын аша
түседі. Демек, адамның көзінен көп күнәнің
шығатынын, адамның байқамай шариғатқа қайшы
іс істеп қоюы мүмкіндігін ескертеді. Мәшһүр
Жүсіп өлеңдерінде Құран мен хадистерді көп
қолданатынын ескерсек, «Көз зинасы» ұғымына
байланысты хадистың мазмұнын алғанын аңғаруға
болады. Ал лингвистикалық тұрғыдан алғанда, екі
бөлек айтуға болатын сөз тіркесін ақын біріктіріп,
Достарыңызбен бөлісу: