М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ бірер қырымен ашылған. Шығармадағы орталық
бейне Мұхаммедке келсек, автор қаһарманның
сырт әрекетін тамашалап кетпей, көбіне ішкі
сезімін, психологиясын нақты ашуға ден қойған.
Мәселен, сауда керуеніне ілесіп, алғашқы сапарға
шыққан кездегі Мұхаммедтің ішкі сезімі, мұңы
шынайы берілген:
-Жалшылық шын болды ма киген киім,
Балалар үйінде жүр менің теңім.
Қарайды өзге жұрттың ата-анасы,
Артымнан қалар менің қарап кімім?!
Мұхаммедтің осылай мұңаюы автордың
ауыз әдебиетіндегі батырлар жырындағыдай
ерекше кесек әрекетті, күштілікті, ерлікті емес,
қарапайым адамға /ерекше емес/ тән әдеттегі
сезімді тереңдеп жырлауын танытады. Мұның бәрі
ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі реализм әдісінің
кемелдену, толысу жолын айқындай түседі десек,
болашақ пайғамбарға осы сапардың өзінде-ақ
бұлт еріп жүруі қарапайымдылық пен ерекшелік
астасуын, ерекшеліктің оқшау өмір сүрмей, сол
қарапайыммен қанаттас өрілуін, демек шындықты
күрделі қалпында бейнелеу үлгісін көреміз:
Дүние –ай, сондай сенің күнің бар-ды,
Әрқашан ғаріплерге құдай жар-ды.
Басына бір ақ бұлт сая болып,
Жебірейіл өзін түзу жолға салды.
Мәшһүр-Жүсіп шығармасында берілген ақ
бұлт /одан кейінгі “Хаятбақшы“ дастанында да ақ
бұлт бар/ ақынның ойдан қосқаны емес, сол кезең
туралы айтылған әңгімелердің бәрінде кездесетіне,
демек тарихи шындық деуге боларлық көрініс
екеніне көңіл бөлген жөн. Мәселен, Мұхаммед
өміріне арналған, арнайы тарихи деректерге
сүйенген кітапта христиан діні уағызшысы Баһира
сауда керуені ішіндегі Мұхаммед басына үйірілген
бұлтты байқайды:”Баһира керуенімен бірге жалғыз
ғана Мұхаммедке көлеңкесін түсіріп, аспанда бір
шөкім бұлттың ілесіп келе жатқанын көрген.“ Осы
орайда пайғамбар өміріне арналып, 1914 жылы
кітап болып басылған Шәді төре Жәңгірұлының
“Назым Сияр Шәриф “дастанында: “Үстіне
Мұхаммедтің бір ақ бұлт// Жүреді күн тигізбей сая
етіп,“-делінгенін еске алу орынды.
Мұхаммедтің ерекшелігін танып, жолшыбай
қонақ қылушы Раһыптың көрегендігі де жас
жігіт сипатын ашумен бірге қоршаған ортада
жаралған адамдар бар екенін әйгілей түседі. Сый
көрсетуші Мұхаммед ерекшелігін байқаумен бірге
ол келешек қиындықтарды да алдын ала біліп
ескертеді:”Егер де сіздер барсаң, Шам шаһарға,//
Осының Жүһүдтерден жасыр,-депті“.
Мұхаммед ілескен керуен бір шаһарға
кіргенде, теміршінің темірі өзінен-өзі балқып
кетуі де жолаушы жігіт ерекшелігіне меңзейді.
Бұл жаңалық сырын жиналған ғалымдар пікірі
арқылы білген патшаның қуғын салуы тұсында
Әбубәкірдің Мұхаммедті қапқа салып алып қашуы
да назар аударарлық жәйт. Мұхаммедтің қап ішінде
жатуы оның қарапайым пендеге тән сипатын
танытады. Батырлар жырында ерекше адамның,
батырдың, қашуы, жасырынуы мүлде болмаса,
мұнда ерекшенің де әдеттегі пендеге тән іс-әрекеті
шынайы бейнеленген.
Шығармада одан әрі арық қатпа түйенің
Мұхаммед мінгеннен кейін семіз, жарау түйеге
айналуы да /Бұл да кейін “Хаятбақшыда“
қайталанады /-қаһарман ерекшелігін дамытып
бейнелеу үлгісі. Соншалық керемет қолдау,
қамқорлыққа ие болса да, түнде адаса жаздаған
кезде /”Батырлар жырында” батыр адасуы
ұшыраспайтынын да еске алайық-Г.Ж./ кезіккен
Жебірейілден Мұхаммедтің қорқуы да онда
әдеттегі адамға тән сипат басым екенін дәлелдейді.
Сөйтіп бұл дастанда орталық бейне Мұхаммедтің
әрі қарапайым пендеге, әрі ерекше қаһарманға
лайық сипаттармен мүсінделіп, күрделі тұлғаға
айналғанын көреміз.
Дастанда Мұхаммед жұбайы Хадиша
да өз ерекшеліктерімен біршама танылған.
Шығармада Қабыл деген байдың жалғыз қызы
Хадишаның Мұхаммедті түсінде көріп:/Бұл түс
көру де “Хаятбақшыда “ бар/ “Мұхаммед туса,
соған тиемін“,-деп шешкені айтылады. Бірде
інісін жұмысқа алуды өтініп Әбутәліп келгенде,
Хадиша оны бірден жақсы қабылдап, Мұхаммедті
орналастыратынын, жас жігітке басқадан екі
есе артық ақы төлемек екенін айтады. Ішінде
Мұхаммед бар сауда керуені аттанарда да Хадиша
қамқорлық танытады:
Жүк қойды өңшең таза қара нарға,
-Жекіріп Мұхаммедке ашуланба!
Қайтқанда сүйіншіге мұны жібер,
Солай!-деп, тапсырады барша жанға.
Сүйінші сұрайтын адамның тап қай күні, қай
сағатта келетіні белгісіздігін, ол кезде телефон,
телеграмма жоқтығын салмақтасақ , Мұхаммед
оралғанда, Хадишаның тысқа шығып, күтіп