М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет65/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
көрсетілген:”Жатқызды қырық жыл жерде дене 
қылып,//Пісірді дене қылып құмға орап“.Осылай 
қырық жыл дайындалған денеге жан кіруі де тым 
ұзаққа, екі жүз жылға, созылады: “Желкесінен екі жүз 
жыл айналып,// Сонда жан қиналумен кетті кіріп“.
Алла тағаланың алдымен: ақыл, иман, ұятты 
қатар ұсынып, қайсысын бірінші таңдауды 
Адамның өзіне беруі көңіл бөлерлік:
Құдайым Жебірейілге: “Барсын!“-депті,
Ғақыл, иман, ұятты алсын!-депті.
-“Үштің бірі қанға жарар”,-деген мақал,
Адам таңдап біреуін алсын!-депті.
Осы орайда көне Грек мифологиясында Приам 
патша баласы Паристің жеңіс даңқын бермекші 
болған Гера сыйлығына қарамай, әйелдердің ең 
сұлуын уәде еткен Афродитаға алма ұсынғаны, сол 
арқылы көрікті әйелді, жоғары бағалағаны еске 
түседі. Ал, Абайдың “Масғұт“ поэмасында таңдау 
мүмкіндігі берілгенде, Масғұттың ақыл, дәулетті 
алмай, махаббат символы қызыл жемісті қалауы да 
сұлу әйелді махаббатты жоғары бағалаудың көне 
аңыздарда орын алғанын көрсетеді. Демек көне Грек 
аңызында, сондай-ақ Шығыс аңызына негізделген 
Абай дастанында жеке бір адамның алдымен 
махаббатқа ойысуы сөз болса, Мәшһүр-Жүсіпте 
ең алғаш жаралған Адам-атаның ақыл, иман, ұят 
ішінен алдымен ақылды қалағаны көрсетілген:
Адам таңдап бәрінен ақылды алған,
Ақыл барған жеріне иман барған.
Сол иманның соңынан ұят еріп,
Үшеуі бір арадан орын алған.
Алла тағаланың Адам атаға кигізген киімінің, 
алғашқы киімнің жібектен болуы да көңіл бөлерлік:
Түзетіп сонда көңілін сүйіндірді,
Тап-таза өңшең жібек киіндірді,
Ұжмаққа періштелер алып келіп,
Әр нәрсенің аттарын біліндірді.
Жібек киімнің Құран Кәримде де орын 
алғанына назар аудартқымыз келеді. Онда жібек 
киімнің жұмаққа кіргендерге арналғандығы 
бірнеше жерде айтылады:1.”Күдіксіз Алла иман 
келтіріп, ізгі іс істегендерді астарынан өзендер 
ағатын бақшаларға кіргізеді… Ондағы киімдері де 
жібек болады“ /334 б./ 2.”Олар Ғадын жаннаттарына 
кіреді… Олардың онда киімдері жібектен болады“. 
/438 б./ 3.”Шын мәнінде тақуалар аман бір орында 
болады. Бақшаларда, бұлақтарда жұқа қалың 
жібектер киіп, ерсілі-қарсылы отырады“. /498 б./
Біз өткен ғасырлардағы белгілі бір ақындар 
шығармашылығын сөз еткенде, ондағы ақыл 
айтуларды т.б. бөліп қарастырып, соның бастау 
көзі қайда жатқанына көңіл бөле бермейміз. 
Осы орайда Мәшһүр-Жүсіп дастанының көне 
аңыздарға сүйеніп жазылғанын еске алсақ, ондағы 
Адам-атаның балаларына айтқан ақылы соңғы 
2-3 ғасырда көзге түскен ойларға негіз болу 
мүмкіндігіне ден қоямыз:
Бірі – бұл дүниеге көңіл қойма,
Болдым деп құмар болғанмен де ойла.
Жаннатта тұрамын деп ойланам деп,
Ақырында түсіп кеттім терең ойға!
Екінші, қатындардың алма тілін,
Мен алам деп тәркі қылдым ұжмақ төрін.
Үшінші не іс қылсаң ойла соңын,
Мен ойламай іс соңын көрдім мұңын,
Төртінші, жөнін білмей істі қылма,
Білмей бір іс қылам деп әуре болма.
Бесінші, біреуменен ақылдас бол,
Кеңессем, маған мұндай бала бар ма?
Шығармада одан әрі Адамнан тараған 
ұрпақтар шежіресі, кімнен кім өрбігені беріледі. 
Бұл тұста тарих ғылымы үшін құнды мәліметтер 
баршылық екеніне көңіл бөлу керек. Шығарма соңы 
Мұхаммед пайғамбар өмірін жеке бөліп бейнелеуге 
арналған. Осы орайда Мәшһүр-Жүсіптің кейінірек 
жазылған “Хаятбақшы“ дастаны мен осы поэманың 
соңғы бөлімінде тақырып ұқсастығы, үндестігі 
бар екеніне назар аударамыз. “Жер мен көк“ 
қиссасының соңғы бөлімі де, “Хаятбақшы“ да 
Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келуі, бала 
кезінде көрген қиындықтарын көрсетуге арналған. 
Тек “Хаятбақшыда“ Мұхаммедтің ерекше екенін 
дәлелдеу бірден-бір негізгі арна болса, “Жер мен 
көк“ қиссасында пайғамбар жеке алынбай әлем, 
жер жаратылуының заңды жалғасы, соның бір 
мәнді бөлшегі ретінде беріледі.“Хаятбақшы“ 
тәрізді бұл шығарманың соңғы бөлімінде де 
пайғамбар шеккен қиындықтар нақты көрсетілген:
Он екі жасқа жетті Мұхамедім,
Болғанда өзі нашар, өзі – жетім.
Беруге бұған қалың малым жоқ деп,
Ойланды Әбутәліп іші ниетін.
К е й і н ж а з ы л ғ а н “ Х а я т б а қ ш ы “ 
дастанындағыдай мұнда да Әбутәліптің өтінішімен 
бай әйел Хадишаның жас жігіт Мұхаммедті сауда 
керуеніне қызметке алғаны баяндалады. Дастанда 
Әбутәліп, Мұхаммед, Әбубәкір, Хадиша бейнелері 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет