ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ КОННОТАЦИЯНЫҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
А. КӘРІПЖАНОВА
ф.ғ.к., доцент, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ.
83
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
сыңарларының орын алмасып келуі оның
мағынасына нұқсан келтірмейді, қайта белгілі бір
стильдік мақсатты көздейді», -дейді [3, 60 б.].
Фразеологиялық тіркестер автордың ойын
мәнерлі түрде жеткізу үшін жұмсалатын әсерлі,
бейнелі сөздер жиынтығы. ФТ-ның нормадан
ауытқуының бәрі бірдей сәтсіз, теріс әрекет бола
бермейді. Керісінше нормадан белгілі бір қарым-
қатынастық мақсатта ауытқудың оқырманға
тигізер ықпалы зор. Осы тұста Н.Уәлиев: «Белгілі
бір мақсатты көздеп, нормадан ауытқуды
прагматикалық ауытқу деп атаймыз [4, 108 б.].
Демек, фразеологизмдердің әлеуетін,
окказионалды өзектіленуін мәтінде қалыптасуындағы,
лингвистикалық тұрғыдағы мүмкіндіктерін зерттеу
сөйлеудің адресатқа жиі әсер етететін сұрақтарымен
айналысатын прагматикамен тығыз байланысты.
Өйткені көркем әдебиетте фразеологизмдер
көріктеуші бейнелі тәсіл, көркемдік нәр беру,
эмоциялық уыттылық таныту үшін алынатыны
әсерлі ой, сезімге бөленуді көрсетеді, олардың
әрқайсысының астарында жасырын қосымша мағына
және прагматикалық бағдар жатады.
Мәнмәтіндегі окказионалды фразеологиялық
тіркестердің стилистикалық тиімділігі әр ұлттың
өзіне тән фразеологиялық тіркестің мәнерлілік
қызметімен анықталады. Фразеологизмдердің
қалыптасуындағы ұлттық сипат туралы айтқанда
ұлттық дүниетаныммен өзін қоршаған әлемге
көзқарасы ретінде туып дамыған салты мен
дәстүрінің де рөлі болғанын айта кеткен жөн.
Ал шығарма авторы өз халқының ғасырлар бойы
ұлттық санасында жинақталған, сақталған тұрақты
сөз орамдарын еркін игеріп, соның негізінде
өзіндік дүниетанымы мен стиліне сай авторлық
фразеологизмдерді жасайды.
Бейнелі тілдік бірліктер ретіндегі
фразеологизмдердің мағына тұтастығы,
құрылымының тұрақтылығы және қолданылу
тиянақтылығы болатыны белгілі. Алайда сөйлеу
тілінде тұрақты тіркестердің мағынасы мен сыртқы
түріне жаңарулар енгізіліп жатады. Бұл өзгеріс
фразеологизмдердің функционалды-семантикалық
қасиеттеріне ерекше экспрессивті сипат береді.
Фразеологизмдердің эспрессивтілігін күшейту
мақсатында қолданылатын стилистикалық тәсілдер
олардың ұғымдық мазмұнын өзгерте отырып,
тұрақты тіркестердің семантикалық құрылымының
окказионалды тұрғыда қайта жаңаруына әкеледі
[5, 36 б.]. Авторлық өзгеріске түскен
фразеологизмдер кейде қалыптасқан тұрақты
мағынасынан басқа ауыспалы мағынада да
келіп тұрады. Фразеологизмдердің осындай
өзгерістерге түсіп, мағына жағынан дамуы,
лексика-грамматикалық жағынан өзгерістерге түсуі
жазушының стиліне, сөз құбылту шеберлігіне де
байланысты. С.Исаев: «Көркем шығармада белгілі
дәрежеде жазушы интеллектісіне қарай кейбір
еркіндік, формальды түрде жалпы нормадан ауытқу,
аграмматикалық (жүйе, заңдылықтың бұзылуы),
аномалиялық (әдеттегіден тыс, қалыптасқаннан
өзгеше), метабазистік (сөз таптарының басқа
қызметте жұмсалуы) құбылыстар болып отырады»,
- деп көрсетеді [6, 69б.].
Фразеологизмдердің шығарма тілінде
өзгеріске ұшырауы автордың өзіне тән стилі
әрі көркем тілдің аясының емін-еркін екендігін
көрсетеді. Фразеологизмдердің өзгерісте
қолданудың мақсаты әр түрлі дәрежеде көрініс
табады, бірі стильдік мән арқаласа, екіншісі ұйқас
үшін бұзылу сипатын көрсетеді, үшіншісі үстеме
мағына беру мақсатын көздейді.
Ақын-жазушылардың халық тілінің дамуына
зор үлес қосатыны даусыз. Олар тілдің құрамына
жаңа сөз тіркестерін, керемет ұйқастарды әкеледі.
Мысалы, қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы
Абайдың тілін алатын болсақ, осы айтылғандарға
дәлел болады. Абайдың мақал-мәтелге, қанатты сөз
тіркестеріне айналып кеткен нақыл сөздері жалпы
халықтық мұраға айналды, әдеби тілімізді дамытты.
М ә ш һ ү р - Ж ү с і п К ө п е й ұ л ы н ы ң д а
шығармаларындағы бейнелеу тәсілдерінің ішінде
ерекше көзге түсетін тілдік амалдарының бірі
– оның қолданысындағы фразеологизмдері.
Оның фразеологизмдері өзінің коннотациясы,
стилистикалық сипаты жағынан сан алуан.
Автордың фразеологиялық бірліктерді сұрыптауы
шығарманың тақырыптық-идеялық бағытына
байланысты. Кейбір тұрақты тіркестерді ақын
бірнеше рет қайталайды. Бірақ бұл қайталау
әр жерде әр түрлі стильдік мақсатты көздейді
және басқаша сипат алатыны байқалады. Себебі
автор фразеологизмдерге үлкен шеберлікпен
жаңартулар жасап, өңдеп, құбылтып көрсетеді.
Осындай фразеологизмдер автордың әлемді тану,
қабылдау ерекшелігін, өзіндік тұжырымдарын,
ішкі жан-дүниесін көрсетеді, ешкімге ұқсамайтын
ерекшеліктерін байқатады.
ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
84
Достарыңызбен бөлісу: |