М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ Сөз мағынасы мен ұғымға тән мәселелерді
анықтау адам ойы, таным, қиял шарықтау
деңгейімен байланысты екенін қазіргі когнитивті
лингвистика дәлелдесе, стилистика оны танымдық-
көркемдік тұрғыдан әсерлеп жеткізе білуді
көрсетеді. Стилистика өзінің зерттеу саласында
белгілі шекаралы деңгей ұстамайды, басқа
ғылымдармен өзара байланысып жатады.
Стилистика ғылымын зерттеу объектісінің көп
қырлы аспектісіне байланысты прагматика,
коммуникативтік лингвистика, сөйлеу
қызметінің теориясы, психолингвистика, мәтін
лингвистикасы, лингвистикалық поэтика, логика,
мәтін интерпретациясы, когнитивтік лингвистика
т.б. байланыстыра зерттеу мәселесі көтерілді.
Фразеологизмдердің негізгі және орныққан,
жүйеге енген қасиеттері – бейнелілік болуы
немесе стилистикалық коннотация құрауы
прагмастилистикалық мақсатқа сай үйлестірілуінде.
Фразеологияның даму тарихы зерттеушілердің
көркем мәтіндердегі фразеологизмдерді зерттеуге
қызығушылықтарының тұрақты әрі үздіксіз
болуымен сипатталады. Себебі коммуникативтік
және прагматикалық тұрғыдан көркем әдебиеттегі
фразеологизмдер зерттеудің бай және таусылмас көзі
болып табылады. Бұл туралы Р.А.Будагов: «... здесь
речь должна идти не об изучении языковой структуры
ради самой этой структуры, а о том, как с помощью
подобной структуры писатель воздействует на своих
читателей, то что им показывает, в чем их убеждает
или разубеждает» [1, 7 б.].
Автор стилистикалық амал-тәсілдерді таңдап
алғанда, оқырманына әсер ету мақсатын көздейді.
Автордың тілдік бірліктерді таңдап алуы, оның
ақыл-ойы, санасындағы белгілі прагматикалық
мақсатты нәтижелі ұйымдастыра білуіне тікелей
байланысты. Прагматикада стилистика, мәтін
лингвистикасы, коммуникативтік синтаксис
міндетті түрде басшылыққа алынады.
Прагматиканың басты мақсаттарының бірі – сөздің
қолданылу ерекшелігін түсіндіру болып табылады.
Прагматикалық мағына коммуниканттар әлемі мен
солардың қызметін анықтайды.
Ғалым Д.Әлкебаева: «Прагматика адамның
белгілі жағдайда қандай мақсатпен сөйлеп
тұрғанын қоса қарастырады. Адресант пен адресат
арасындағы қарым-қатынас аясындағы тілдік
бірліктердің ықпал ету және әсер ету мақсатымен
пайда болған туынды мәтін прагмастилистика деп
аталады»,-дей келе, прагмастилистика ғылымының
пайда болуына когнитивті лингвистика,
психолингвистика ықпал еткенін айтады [2, 24 б.].
Демек, прагмастилистика тілдің сөйлесім
тәжірибесін халық өмірімен байланыстырып,
адамның әлемді қабылдау ерекшеліктерінің
когнитивтік базасын, ұлттық-мәдени дәстүрлерін,
танымын стилистикалық амал-тәсілдермен үйретеді.
Көркем әдебиеттегі фразеологизмдердің
қолданысы жағынан өзгешелікті байқауға
болады. Фразеологизмдерді стильдік мақсатта
қолдану әр ақын-жазушының халықтық тіл
байлығын пайдаланудағы өзіндік қолтаңбасына
байланысты болса, екіншіден, сол дәуір, қоғам,
қоғамдық орта, адамдардың әлеуметтік жағдайына
үйлестіре, соның әлеуметтік тынысын көрсетуімен
жиі қолданысқа түседі. Көркем әдебиет – өз
дәуірінің айнасы, сол дәуір тынысын адамдардың
жан-дүниесінің нәзік қатарларын беруде
фразеологизмдер ерекше рөл атқарады. Көркем
шығарма майталмандары тұрақты тіркестерді
қолдануда олардың құрамын қысқарту, арасына
басқа сөз енгізуді, ұйқас, ырғақ, дыбыс үндестігін
қудалауды әдейі жасайды. Ондағы мақсаттары сөз
қолданыстарын айрықша стильдік реңкке бояу.
Бұл – өз алдына прагматикалық міндеттер болып
табылады. Жалпы көркем әдебиет тілі көркем
сөздің ұлтқа тән нормаларына жүгінеді. Ал ұлттық
нормалар – сонау халық ауыз әдебиетінен бастау
алатын бейнелі, синонимдік жарыспа қатарлары
мол көркем тіл.
Осыған байланысты профессор Г.Қосымова:
«Фразеологизмдердің дәстүрлі қалпы бұзылып,
ӘОЖ 81.371