Мәшһүр Жүсіп Көпеев және дін. Көрнекті
ақын, тарихшы-этнограф, ағартушы, жиһангез-
99
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
саяхатшы, дала данасы, көріпкел, публицист,
табиғаттанушы, фольклор жинаушысы, ғұлама-
хакім Мәшһүр Жүсіп 9 жасында толқынды топтың
алдында «Қозы Көрпеш – Бая сұлу», «Ер Тарғын»,
«4 жігіттің өлеңі» жырларын көсемше толғап
мәнісімен жатқа заулатып айтқан. Тіл білімінің
негіздерін, атап айтқанда, грамматика, морфология,
синтаксис, логика тармақтары бойынша жүйелі
білім алған. «Толғадым тоғызымда толағайдай»
деуі тұп-тура шындық. «Мәшһүрде тоқтау,
жалығу, еріну, мүдіру, кідіру болмайды. Жарық
шамдай жайнап, мөлдіреп аққан бұлақтай қайнап,
тасыған судай төгілдіріп, маржандай тізілдіріп,
бұлбұлдай сайрап, тыңдаушылардың көңілі әбден
жайрап, таңырқантып, тамсантып, мейірлерін
қандырады». (Мәшһүр Жүсіп. Шығармалары. Т.8.
Павлодар, 2006, 309-бет).
Мәшһүр Жүсіптің атағын естіп, сонан соң
өнерпаздығына куәгер болған ел ұстарлық өнер-
білімі мен ақыл айласы асқан дуанбасы Мұса
Шорманұлы: «Өз заманында адамзаттың сырттаны,
жігіттің сұлтаны атанып, халыққа мәшһүр болатын
жан екен» - деп, ілтипат көрсеткен екен.
Қамар хазіреттің Бибісі Мария мүбарак
қолымен қызының басындағы бөркінің қадаған
үкісінен бір шоқ үкі алып таққан екен. Ел аузында
«Көпейдің бір баласы – сайрап тұрған бұлбұл.
Ағып тұрған бұлақ, жанып тұрған шырақ» деген
қанатты оралым сақталған.
Мәшһүр Жүсіп 1863-1868 жылдарда Баянауыл
медресесінде Нәжметдин молдадан, 1868-1872
жылдарда Хамерреддин (Қамар) хазіреттен оқып,
араб, парсы, шағатай және түркі тілдерін үйренеді.
Шығыс елінің мәдениеті мен ғылымына қанығып
сусындайды. Қазақтың ескілікті ауыз әдебиеті
нұсқаларын жинақтап, жүйеге түсіріп, хатқа
түсіреді.
Шүкірлік бергеніңе, Құдай патша,
Он бесте шаптым жеке жүйрік атша!
Бір күндер ұйқтап жатқан мезгілімде,
Кеудеме өлең толды сызған хатша!
– дегенінен оның ақындық серпін-тегеурінін,
рухани кемел қабілетін, дүниетану даралығын
көруге болады.
1872-1874 жылдарда Бұқарадағы Көкілташ
медресесінде жан-жақты білім алады. Көрегендік,
болжампаздық қасиеттерге ие бола бастайды.
Ой-пікірлерімізді тұздықтай түсу үшін, Мәшһүр
Жүсіптің адами болмысына, өміртарихына
қатысты мынадай деректерді келтіргеніміз дұрыс
болар.
– Жұма намазы күні үстінде қара шапаны,
қолында аса таяғы бар ақ сақалды адам алдымнан
кес-кестей береді. Сәлем бердім. Сәлемімді аларда
аса таяғын жерге шанша салды. Ұшында еш темірі
жоқ таяқ жерге қадалып, сәл дірілдегендей болды.
Іле таяғын қолына алып, өзімді үш айналып,
таяғымен әр жерімнен түрткіледі де: «72, 73» - деп,
кері айналып жүре берді, – дейді.
Тағы да мына бір Мәшһүр Жүсіптің басынан
өткен тосын жайды айтпасқа болмас.
– Бір күні монша іздеп келе жатыр ем, бір ақ
сақалды адам кез бола кетіп: «Жүр, балам, мына
жерде монша бар» - деп ерте жөнелді. Көп ұзамай-
ақ кешірек, көзге қораштау бір моншаға әкеліп,
мені шомылдыра бастады. Арқа – басымды ысып,
кәнігі бір моншашы іспеттес қимыл жасайды.
Ойладым, осыны кәсіп еткен бір пақыр болар деп.
Ақша ұсынып едім. Алмады. Құдайы шайхы адам
болды ғой деп, киініп алып біраз жүріп барып
артыма қарасам, әлгі жерде тұрған не монша жоқ,
қария да көз алдымда ғайып болған.
Сөйтіп таңғажайып оқиғаны ұстазыма
таңырқана отырып баяндаған едім, о кісі былай деді:
«Құдай жарылқаған екен. Ол Қожабауеһдиннің
моншасының ескі орны еді. Сені шомылдырған сол
адамның өзі болар. Бұдан былай аузыңнан шыққан
сөздің бәрі лепес, қабыл болады».
Мәшһүр Жүсіптің өзі де:
Аузына кейбір жанның қыдыр дарып,
Ие бар тұратұғын кеңес салып.
Атқанда тигіземін оғымды ақтан,
Оғым көп жанып жатқан тіл мен жақтан
– деп толғанады.
Мәшһүр Жүсіп Көкілпаш медресесін
тәмамдап елге қайтарда сабақтастары, ұстаздары
Балқаш көліне дейін жеткізіпті. Сонда олар: «Бізге
Сарыарқадан енді Мәшһүрдей шәкірт келіп дәріс
алмас» – дейді екен. (Бұл деректер Сүйіндік
Шәрәпиденұлы Көпеевтің «Мәшһүр Жүсіп өмірі»
кітабынан (Павлодар, 2000) алынды).
Ол 1874-1876 жылдарда ұстаздықпен
шұғылданады. 1880 жылдардан бастап Мәшһүр
Жүсіптің шежірелік деректерді, ұлт тарихына
қатысты мәліметтерді тиянақты түрде жинауға
кіріседі. Көсем сөздер туындатады. 1880-1885 «Дала
уалаяты» газетіне, 1887 жылы Ташкент қаласынан
шығатын газеттерге, 1911-1912 жылдарда «Айқап»
ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
100
Достарыңызбен бөлісу: |