М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
журналына материалдар ұсынады. «Дала уалаяты»
газеті Мәшһүр Жүсіптің шығармашылық өнері
жөнінде мынадай пікір білдірген: «Сөзі қара сөзбен
болса да, өлеңмен болса да дәмді болып көрінеді.
Көпеевтің сөзінен сөз танушыларға ғибрат көп
табылып тұр» (1890, №19).
Мәшһүр Жүсіп 1881 жылы Мейрам қажы
Жанайдарұлымен танысады. Ол өз заманының
айтулы білімпазы болған. Орыс тілін жетік білген.
Шығыс халықтарының және қазақ халқының
атақты би-шешендерін, ақындарын, батырларын,
хандарын, тарихи-әдеби жәдігерлерін жиып,
жүйелеп, зерделеген. Мейрам қажы Жанайдарұлына
өз заманында Мекке, Мәдина, араб жұртының
жиһангездері, Ташкент, Түркістан, Бұхара
шаһарларынан шыққан ғұламалары арнайы
келіп, тарих пен әдебиет мұраларын жинаған.
В.В.Радловтың жиған-терген дүниелерін қадірлеген.
Мәшһүр Жүсіп Шығыстың ұлы ойшылдары,
оқымыстылары, сөз зергерлері, әсіресе, Авиценна,
Сократ, Әбілғазы, Фирдоуси, Науаи, Сағди,
Низами, Таптазани, Ғазали, Нақшыбанди
шығармашылығын зерделеп, зерттеп оқыған.
Елдің «Бәрекелді-ай, туысымыздай бар екен!»
деуінде ақиқат шындық бар.
Мейрам Жанайдарұлының кітапханасында
1870 жылы Петербургте жарық көрген
В.В.Радловтың кітабын көріп, көшірмесін алады.
Ол әйгілі Саққұлақ шешен шежіреші Қаракесек
Бердалы қожв, Аққошқар Сайдалы, Абылай
хан әулеттерінің, Қоңырқұлжа Құдаймендин
ұрпақтарының аузынан жазып алады.
«Болат майрылмайды, асыл жасымайды,
қайратты қажымайды» деген сөз асылы, ой
асылы бар. Ендеше Мәшһүр Жүсіп те таным-
пайымын, білім-білігін тереңдету мақсатында 2
рет 1887 жылы Бұқара қаласына келеді. Осынау
сапары Қожа Ахмет Йасауи кесенесін көріп,
тарихына үңіледі. Ташкент шаһарында Сыздық
Кенесарыұлымен дидарласып, Хана Кененің
жорықтары жайындағы мәліметтерді хатқа
түсіреді. Сонымен қатар Майлықожа , Күдеріқожа,
Ақмолда, Дайыр, Молдағали ақындармен жүздесіп,
кейбіреулерімен айтысады да.
1889-1891 жылдарда Кіші жүз елінде Жәңгір
төремен, атақты батыр Науша Қаржауұлының
шөбересі Қадырмен сұхбаттасады. Науша,
Жәңгірхан, Исатай-Махамбет, Шернияз, Тама
Сарыбас мерген турасында яки тұлғатануға
қатысты мағлұматтарды, ру-тайпа таңбаларын,
ұрандарын, шежірелік-жылнамалық жүйесін
сипаттап, ол 1895, 1907 жылдарда Бұқара,
Самарқанд, Түркістан, Ташкент қалаларына
келіп, әдеби-ғылыми шығармашылығын одан әрі
өркендету, толықтыру, көркейту мақсатында білім,
ырыс, игілік кәусарынан сусындайды.
1907 жылы Қазан қаласындағы Хұсайыновтар
баспаханасынан «Хал-ахуал», «Тірлікке көп
жасағандықтан көрген бір тамашамыз»,
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» дейтін кітаптары
жарияланады.
«Дінтағылымы» атты жазбаларында «мидың
бес қызметкері» яғни бес сезім мүшесі («Хауас
хамса»), жігіттік және кәрілік жас уақыты яки
иненің жасуындай міні жоқ Құдайдың шеберлігі
білімпаздықпен сөйленеді. Көңіл, нәпсі, қанағат,
дене, көз, мұрын, құлақ, ауыз, қол, аяқ тәрізді дене
мүшелеріне лайықты сипаттама береді. Мысалы,
дене – шаһар, құлақ – телеграф, ауыз – телефон,
аяқ – пароход...
«Егер қанағат байлығы берілсе, сол байлықтың
арқасымен пенде Құдайды табады» - дейді.
Я болмаса «Жеті семіз сиыр мен жеті жасыл
бидай – жігіттің жас уақыты», «Жеті арық сиыр
мен жеті қуарған бидай – кәрілік уақыты» дейтін
ұғымдарды ғылыми айналымға қосады. Кәрілік
дегеніміз таршылық, қоршылық, жарлылық,
зарлылық. Оның көріністері: 1) ашу, 2) шаһуат,
3) тәкаппарлық, 4) күншілдік, 5) хырыс дүние,
6) өтегендік, 7) кекшіл, кінәшіл. Ал адамның
болмысында 1) хикмет, 2) ғылым, 3) қанағат, 4)
сабыр, 5) руза, 6) шажағат, 7) тағат болса, онда
жақсы мінездердің арқасында «денесі Мысыр
шаһары» іспеттес. Мәшһүр Жүсіптің көрсетуінше,
«айтушы Құдайдың өзі де, не сөйлесем, соның
сөзі» дейді.
Мәшһүр Жүсіптің діни-сопылық дүниетанымы
мейлінше терең. «Ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең»
таусылмайтын сөз бар. «Ақырет жабдығы»
толғамында сөйлеуші мен тыңдарман арасындағы
өзара қарым-қатысты Шайхы Әбілхасымның уағыз
айту үстіндегі күйіне орай ойлар өрбітуі, яғни «жан
ділмен, шын көңілмен» сөйленуі қажеттігі айтылады.
Түркілік сопылық мәдениетті жетік меңгерген
Мәшһүр Жүсіптің: «Көңіл деген үй сықылды
нәрсе. Оның ішіне кіретұғын иесі – Жаратушы
Құдай һәм Құдайдың пікір-зікірі» – дегенінде,
діл, ождан, рухани тазалық жайын, әсіресе,
101
Достарыңызбен бөлісу: |