М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет100/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
екен. Мен жердің кеңінде тұрмай кім тұрады? 
Менің сендей құдайым бар болғаны үшін, жердің 
кеңінде тұрамын. Сенің ар жағыңда сүйенетұғын 
құдайың жоқ, жердің тарында тұрғаның сол емес 
пе» - дегенде, «Рас айтасың, құлым. Сөзің – хақ 
сөз!» - деген екен. Сол айтқандай, сендей төрем 
бар, не ғамым бар, тақсыр»?!
Алшынбайдың жесіріне Торайғыр би: 
«Алшынбайдың ажалы жетті де, менің ақ найзамның 
ұшының абиыры кетті де?!» – дегенде, ол: «Байым 
өзінен кемнен өлмей, өзімен теңнен өлген екен. 
Қараңғының көзі бола ма, тиіп кетсе сөзі бола ма! 
Құдайға разымын, байыма да разымын, өлтірген 
жаным, саған да разымын. Мен байымның құнын 
кештім» - деген екен.
Торайғыр бидің тастүйін толғамдары, 
билік-кесімдері даналық мектебі, көркемдік қазына 
деуге болады. 
«Торыайғырды тоқтату» - Торыайғыр би 
Шоң биге өкпелеп Жиделібайсынға бет түзеп 
кетіп бара жатқанда Қобының құмында Қарауыл 
Мүсет би басу айтып, елге қайтарғанда айтқаны: 
«Шоң, Торайғыр, сенбісің мақтап жүрген, Бар 
өнерің осы ма сақтап жүрген?! Елден кетіп 
барасың, Мамыр менен Сабырға. Барғаннан соң 
сен жерсің, Жал-жая жоқ, қабырға. Жүйрік атың 
бар болса, Барымтаға шабарсың. Сұлу қызың бар 
болса, Бозбалаға жағарсың. «Ауыл қашан көшед?» 
-деп, Түндігіне қарасаң, Төрешіге барғанда, Төмен 
қарап, жарарсың, Асыл туған затыңды! Шоң, 
Торайғыр атанған, Егіз шыққан атыңды, Қайдан 
іздеп табарсың?! Ұқсаң, айтқаным осы! Босат 
атымның басын! – депті.»
«Тіл мен көз» - Шоң би мен Торыайғыр 
би Қаракесек еліне бітімге бара жатып, жол 
бойында тұп-тура кісінің басындай ақ тасты көріп, 
тамашалап, таңданысып кете барады. Ауылға 
байдың үйіне ат басын тіреп, тағы да екі ала бас 
ботасы мен екі аққара бас марқасын қызықтапты. 
Бұлар аттанғанша, бұлар да пышаққа ілініпті. 
Олар өзара шүйіркелесіп: «Мына боталар мен 
марқаларға біздің көзіміз тиді. Кешегі біз сұқтанған 
тас қайтті екен? – десіп, әдейі бұрылып, тасты 
көрсе ортасынан қақ жарылған екен дейді.
«Байдалы мен Айғаным» – Қуандық Байдалы 
би Бекшеұлы (1727-1822) Абылай хан ілтипатына 
ие болған атақты ділмар-шешен. Хан оны «сегіз 
биім, сегіз биімнің ішіндегі семіз биім» деп атаған. 
Уәлихан дүниеден озғанда Айғаным ханымға 
былайша көңіл айтқан: «Ер қартайды, мал қайтты, 
Екеуледің Айғаным. Қатын шайпау, ұл тентек, 
Төртеуледің Айғаным. Ат арыды, мал тозды
Жұрт билеген жақсыдан Жұртқа қайтқан ит озды, 
Алтауладың, Айғаным. Етік тозды, ұлтан жоқ, Қадір 
білер сұлтан жоқ, Сегіз болдың, Айғаным. – Ғаріплік 
қатты, жан тәтті, Дәл он болдың, Айғаным!».
«Ақтайлақ би» – ата-бабасы азуы алты қарыс, 
қара сөзді орып айтқан, тілге даңғыл дүлдүлдер 
болыпты. Ақтайлақ XVII ғасырдың аяғында 
Ташкентте бек болған «Нар дауысты Нарынбайдың» 
шөбересі, даусы аққудай саңқылдаған «қу дауысты 
Құттыбайдың» немересі. Бұған: «Қу дауысты 
Құттыбай, Қазақ туын көтерді. Даналықпен 
айырды, Келер менен кетерді» деген XVIII-XIX 
ғасырдағы қазақ ақынының сөзі айғақ. Ақтайлақ 
биден Сабырбай ақын туған. Халық ақыны Төлеу 
Көбдіковтың шешесі Қуандық Ақтайлақ бидің 
немересі екен. Ел аузында «Сыбаннан шыққан 17 
ақын» деген аңыз-әңгіме бар.
«Абылайдың Қалдан Шерінге елші жіберуі» 
(1-2 нұсқалар) – тұлғатануға қатысты тарихи-
әдеби деректерімен, тағдыранықтағыштық сипат-
белгілерімен ерекшеленеді. Қарабас ханымның 
қазақ елшілеріне деген бірегей сыншылық қабілеті, 
болжампаз көрегендігі тәнті етеді. «Бітім алып 
қайтуға тұрарлық үздіктерін таңдап, өрі-қыры 
бірдей көзге түсерлік төртеуін жоңғар қонтайшысы 
Қалдан Шерінге келіп, Қарабас ханым мынандай 
даналық ойларын жайып салады: «Мынау отырған 
Қазыбек ұйықтағанда екі қолын екі жаққа, екі аяғын 
екі жаққа жіберіп, керген төстіктей жатады екен. 
Оның мәнісі: «Дүниенің төрт бұрышын тіреп туған 
ұлмын!» - дегені. Қара бақайына шейін құт екен! 
Өлгенде арулаған жерін басып өткен ел бай болар! 
– дейді. Мынау отырған Тайкелтір - кішкене тілінің 
ұшы екі айырыла біткен екен. Өнері қара санынан 
келеді екен. Ер көмей, темір жақтың барып тұрған 
өзі екен. Балтакерей – Тұрсынбай «құлағы жоқ, 
шұнақ; құйрығы жоқ, шолақ» екен. Ерлігінен де 
міні жоқ. Жалғыз-ақ айыбы – жауы желкесінде екен. 
Онан басқа қорқар нәрсесі болмаса керек, - дейді. 
Мынау отырған Жәнібек: екі аяқты бір бастының 
сырттаны екен, өзінің оққағары бар екен. Күнінде 
ыңыршағыңды отқа жағып, бақайшағыңның майын 
шағатұғын осы екен!»
«Басқа да бұрынғы шешендік үлгілері» - Мәшһүр 
Жүсіп қолжазбаларында молынан көрініс тапқан. 
Төле би, Жобалай – Жаңабатыр би, Күнтубаласы 


97


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет