М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет102/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
«Абылай аспаған сары бел» аталған мәнісі», 
(1-6 нұсқалар) - мұны қанатты сөз ретінде 
қабылдаған дұрыс. Абылай хан халықтың қуатын, 
құдіретін сұңғылалықпен түсінгендіктен туған 
даналық тағылым. Хан қара бұқарамен есептесіп, 
санасып «Бес Мейрам» деген елден аса алмадым!» 
деп мойындаған екен. Бұл уақиғаның тарихы былай: 
Абылай хан Қаздауысты Қазыбек бидің еліндегі 
бір асқа қатынасқан. Сонда Шаншардың желбас 
бозбалалары: «Анау тұрған ханның басындағы 
бөркін қағып түсірсе, не қаһар қылар?» − деп, 
Қаздауысты Қазыбек бидің інісі, «Мөртаңдайлы 
Балапан» ханның ту сыртынан барып, шыбықпен 
бөркін қағып түсірген. Бұған хан міз қақпаған. 
Бөрік жерге домалаған күйде қала берген. 
Ай алмасып, сынаптай жылжып жылдар 
өткенде, Қызылжар жәрмеңкесінде Абылай хан 
Қаздауысты Қазыбектің немересі Жанайды
Төртуылдан Ботақанды байлап−матап ұстайды. 
Абылай хан тірідей көрге түсіреді. Ол «көрге 
кірген тірі шықпайды» деп, өзінен өзі долданып, 
жүрегі жарылып өледі. Қаздауысты Қазыбектің 
ұлы Бекболат би мен Едіге би атқа қонып, Бес 
Мейрамның баласына, Орта жүзге ат шаптырып, 
«Абылайды шабамыз!» деп, жар салады.
Бекболат би: «Абылайдың басын алмасам
не қара қазанын қақ айырмасам, әкем Қазыбектің 
аруағы ұрсын!» − дейді. Күлік: Шобалай баласы 
Жаңабатыр би баласы Жанақ арқылы сәлем 
айтыпты: «Бекболат пен Едігеге сәлем де! Ханын 
жаулаған халық оңбаған. «Ханын жаулаған қара 
оңбайды, Хан қисайса, бәрі оңбайды!» − деген. 
«Халық қадірін білмесе, хан тартпақшы жазасын!! 
Хан қадірін білмесе, халық тартпақшы сазасын!» 
− деген. «Абылаймен ұрыс, соғыс қыламын!» − 
демесін. Бітім сөйлесіп, жарассын! Арашашы бол!» 
– деп жіберді. 
Жасанған қол ханның Көкшетаудағы қоймасын 
тарыдай ақтарып−төңкеріп, сиыр атаулысын 
сойып, туларын қандасып, мәре−сәре болып 
жатқанда Бекболат би мен Едіге би Орманшы 
Ақсарының Шотанасын Абылай ханға елшілікке 
жібереді, ол былайша сөйлейді: «Мейрам болып 
атқа қонды, үш мың кісі қол келді! Бақ деген бір қу 
таяқ. Оған сүйеніш болуға ырыс керек, құт керек. 
Көдедей көп сарттың ортасында, хан болатұғын 
болсаң, көзің көрмеді ме, қолың тимеді ме? Дүние 
бұзылса, Бұхараға сияды, Бұхара бұзылса, дүниеге 
сыймайды» − деп еді. Бұхараға сыймай, жалаң аяқ, 
жалаң бұт қашып келіп едің! Қара басың қаңғып 
жүріп, Сарыарқаға сыймағаның ба? «Ер толқыса, 
ел сүйейді, су толқыса, жар сүйейді!» − деген. 
«Ел толқыған су емес пе?! Лақтың ойнақтағанына 
құлаған жар суға сүйеу болуға жарай ма? Байлауда 
өлген Ботақанның құнын берсін, Жанайды босатсын! 
Мың кісінің жолына бас−басына «жетім» бастатқан 
«тоғыз» және мың кісінің жолына бас−басына түйе 
бастатқан «тоғыз» берсін! Қалған мың кісіге мың 
ат, мың шапан берсін! Бұған көнбесе, тұрысатұғын 
жерін айтсын!» – деген. 
Сонымен желкілдеген ту да, жер қайысқан қол 
да жоқ. Абылай хан мен Балтакерей Тұрсынбай 
батыр, Бекболат, Едіге билер, атақты Бекше 
мерген, Жаңабатыр бидің баласы Жанақ, бір 
жақтан жас Көтеш ақын бір−бірлерін ұшырасып 
бітімге келіп, тыныш тауыпты. Хан қарашасымен 
қауышып, масайрап табысқан. Ел аузында 
«Абылай аспаған сарт бел» − деп атанған мәнісі 
осылай еді, − дейді. Бұған Абылай ханның Орта 
жүз туралы лебізі айғақ.
Мәшһүр Жүсіп билік-шешендік сөздерді хатқа 
түсірумен бірге, өзі де асқан шешен болған. «Болды 
екен Мәшһүр шешен қандайында, Басылған 
құдірет мөрі таңдайында», «Аузымнан шыққан 
сөзім таңдай атқан, Сондықтан талай жанды 
таңырқатқан» деген лебіздері айғақ. Ол – шешен 
сөздің тек-төркініне де барлау жасаған. Ол былай 
деп жазды: «Әр адам сөйлеген сөзін – арамын алып 
тастап, адалын сөйлеуге тырысу керек. Сөйлеген 
сөздің де қаны, жыны аралас болса, тыңдаушының 
мейірі қанбайды. Егер де қаннан, жыннан айырып, 
сап сүттей қылып сөйлесе, ол сөзге құлақтың 
құрышы қанады». Немесе: «Адамда ауыз тілі бар: 
«Қал тілі» - дейді. Көңіл тілі бар: «Хал тілі» - дейді. 
Оның ар жағында рух тілі бар: «Жан тілі» - дейді. 
Оның ар жағында сыр тілі бар: «Сапар тілі» - 
дейді». Тегінде, Мәшһүр Жүсіп сөз өнерінің киесі 
мен қасиетін терең түсінген. Оның «біздің қазақ 
тілінің ішінде періштелердің бір сөйлеген сөзі жүр» 
деген пікірінде ғаламат сыр бар. Сайып келгенде, 
Мәшһүр Жүсіптің шешендік өнердің тарихы мен 
теориясы хақындағы ой-толғамдары өзектілігімен, 
көкейкестілігімен, тереңдігімен өзгешеленеді.
*******************


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет